Инфоурок Другое Конспекты"Наурыз- думан" атты ақпараттық- танымдық және мерекелік сазды бағдарламаның әзірлемесі

"Наурыз- думан" атты ақпараттық- танымдық және мерекелік сазды бағдарламаның әзірлемесі

Скачать материал

«НАУРЫЗ- ДУМАН»

атты ақпараттық- танымдық және мерекелік сазды бағдарлама

 

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, мультимедиялық проектор
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, мол болсын дәм тұз!»
1-жүргізуші:   Наурыз келді,Наурыз   келді   ағайын!

                           Құшырлана   құшағымды   жазайын.

                          Көктем   шыға  күлімсіреп   көк  аспан

                          Әнге  толды, күйге  толды  маңайым.

2 - жүргізуші:   Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар!

                           Той  дабылын  қағып  тұрған  мұнда   біз   бар

                           Наурыз  тойы   басталды.

2- жүргізуші:   Күлімдеген  шуақты  көктеммен бірге қазақ  даласына  жаңа жыл  келді.  Жаңа   жыл  бақыт  жылы,  бейбіт   жылы  болсын!

1-жүргізуші:  Ең бірінші құттықтау сөз ауылымыздың әкімі Гүлбану Сағатқызына беріледі.

2- жүргізуші:  Ендігі құттықтау сөз мектебіміздің директоры Бозгозина Нұрбану Тілеубекқызына беріледі.

1-жүргізуші.

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.
2-жүргізуші:

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Шашу!!!
шашу шашылсын!
Ел мерейін асырсын!!!

                                             (Шашу шашылып жатқанда оқылады.)

1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
                        Әндетейік жырлайық!
                        Ортамызды ашайық,
                        Ырыс тілеп бұл жылға,
                       Жырдан шашу -  дей отырып, ортамызға 2- сынып ұлдарынан құралган квартетті  шақырамыз, қарсы алыңыздар!

Ән: «Ән шашу»

2- жүргізуші: Құрметті халайық, Ұлыстың ұлы күні наурыз тойында көрермен болмайды, мұнда бәрі қатысушы, сонда ғана тілектер қабыл болып,  сода ғана наурыз молшылығын береді деп қазақ сенген. Ал енді сіздер болса бар ықыластарыңызды салып, өнерпаздарға шын қуанып, отырсаңыздар да болады.

 Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін

                        Аямас өнерпаздар ән мен жырын

                        Тойлайық Халық тойын наурызымның

                        Шуағын жерге төккен бақыт күнін- деп ортамызға шағын орталық пен даярлық тобының бүлдіршіндерін шақырамыз, қарсы алыңыздар!

Ән: «Көктем келді»

 2- жүргізуші:  өнерлерің өрге жүзсін балапандар! Сендерге үлкен рахмет!

1-жүргізуші:     Құрметті халайық, наурыз   күні  той  самалық  айтудан  басталған.Өйткені наурыз айында  бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып самалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады.

2- жүргізуші: Құрметті халайық, біз жыл сайын сіздердің алдарыңызга қазақтың конеден ұмыт болып, енді қайта жаңгыра бастаган дәстүрлерін корсетіп келеміз. Мысалы, былтыр «самалық» дәстүрін сахналап көрсеттік. Енді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың құлағына сіңіріп, санасында бекіту үшін сол рәсім туралы қысқаша әңгімелеп беру үшін ортаға  ұстазымыз- Гүлмира мұғалімді шақырайық.

  Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы 
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы 
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,- 
деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

(Көрініс «Самалық»)

2 жургізуші: Ия, шынында біздің сонау 3 мың жыл бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз қазіргі психология деген  сәнді  ұғымды білмесе де, осы әрекетерімен ескі , зиян энергетикадан арылып, ұлыстың ұлы күнінде үйіндегі ескі қоқыстан арылып отырған.

2 жургізуш: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
                     Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

                    Жарығыңмен шуағыңмен күн ана

                    Алып келді жер бетіне гүл көктем. Ортаға 2-сынып оқушысы Қалидоллин Жанасыл мен Манабаева Айгерімді  «Қош келдің, төрлет, наурызым!» әнімен шақырамыз. Әннің сөзін және әуенін жазған Бота Бейсенова. Жас  өнерпаздарыңызды қошеметпен қарсы алыңыздар!

«Қош келдің, төрлет, наурызым» әні

1-жүргізуші - Өркендерің өссін, Жанасыл, Айгерім! Көп рахмет сендерге!

1-жүргізуші: Енді ортаны баршаңызға ашайық
                       Көрермендерге биден шашу шашайық
                      Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
                      Өнерменен інжу - маржан шашайық деп, ортамызға  мың бұралған мектеп ордасының бүкіл ұжымын шақырайық. «Қаражорға» биі, флешмоб қабыл алыңыздар!
Би: «Қаражорга».

2-жүргізуші: Алас, алас
                       Алас, алас
                       Әр бәледен қалас
                       Ескі жыл кетті ,
                       Жаңа жыл жетті.
                      Айдан аман
                       Жылдан есен болайық!

 1– жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!
2– жүргізуші: Қымбатты іні-сіңлілер!
1– жүргізуші: Халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!
2 – жүргізуші: Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.

(Көрініс «Аластау рәсімі»)
1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі жақсы тілектерін білдіре отыруларына болады.

2- жүргізуші:  Ұлыстың Ұлы күні еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтілетін мереке. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнататын,  әнші құстарды сайрататын Наурыз тойын асыға күтетін халқымыз бүгінде отбасымен ақ дастархан жайып қарсы алуда.

1 – жүргізуші: Осы дәстүрге сай бүгін мектебімізде өтетін салттанаты кешіміздің ерекшелігі де сол бұл іс шарамызға ата- аналарымызды, ауыл тұрғындарын тарттық. Қарсы алыңыздар ортаға «Наурыз көктем» әнімен Маржан  апайымыз!

«Наурыз көктем» әні

2- жүргізуші: Наурыз күнінің бір ерекшелігі — «қауышу».
– Амансыз ба?
Ұлыс оң болсын,
Қайда барса жол болсын!
– Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
– Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге кірсін! – деп құшақта­сып көріседі. Енді осы бір озық дәстүрдің мән-мағынасын ашу үшін назарларыңызга бейнематериал ұсынамыз.

Экранда «Қауышу» бейнематериалы

1 – жүргізуші: Ал, енді халайық, наурыз мерекесіндегі  қауышу рәсімін өзіміз де қайталап, келер ұрпаққа онеге корсетейік. Бұл рәсім сонымен қатар, өзара тілек тілеуге арналған. Қазақтың үйге келген қонаққа құрмет көрсету үлгісі, қонақты сыйлап, ықылас танытуға адамды баулудың, дағдыландырудың жолы, тәсілі десек те болады. Адаммен жүздесіп, көрісу, алақанын ашып төс соғыстыруы «бұл өмірдегі тірлігі,  төсім тіршілік көзім, екі қолым ақ ниетім ашық алақаным деп ағынан жарылғаны , пәк пейілін танытқаны».

(Көрініс «Қауышу - амал»)

2- жүргізуші- Халайық сіздерге көп рахмет, наурыз молшылығын берсін!

1- жүргізуші: Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
                       Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
                       Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
                       Өнерлерін көрсетуге келді міне  дей отырып ортаға мектептің мұгалім қыздарын ортага «Наурыз көктем» әнімен  шақырамыз.

1- жүргізуші- Рахмет сіздерге, Наурыз берекесін берсін!

2– жүргізуші. – Көп рахмет, өнерлеріңіз өрге жүзсін, Наурыздың берері көп болсын !

1- жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін

                       Аямас өнерпаздар ән мен жырын

                       Тойлайық Халық тойын наурызымның

                       Шуағын жерге төккен бақыт күнін -  дей отырып, ендігі кезекті мектебіміздің болашақ мақтаныштары, серілеріміз «Қамшы » биімен. Қошеметпен қарсы алыңыздар дарярлық тобының және 1-2 сынып оқушылары.

«Қамшы » биі

1- жүргізуші: -Балапандарға үлкен рахмет. Қошеметтеріңізді аямаңыздар.

2-жүргізуші:Ілесіп наурызбенен көктем жетсін,

                     Көңілі үлкен кіші көкке өрлетсін.

                     Еңсесі көтеріліп ер азамат

                     Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін.

1-жүргізуші:Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Дәл осы Ұлыстың ұлы күнін бүкіл ауыл болып тойлап жатқанымыздың дәлелі ретінде ортаға мектебіміздің аяулы ұстазы бастауыш сыныбының мұғалімі Камал мұғалім мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жандос Еркінғазы ұлын шақырамыз.

2-жүргізуші: «Көзіңнің мөлдірін - ай» атты халық әні.Қарсы алып, қошемет білдіріңіздер!

(Ән: «Көзіңнің мөлдірін - ай».)

2-жүргізуші:

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлыс күні  бата алса,
Сонда олжалы жол болар.

1- жүргізуші: Бата  ұғымының  түп-  төркініне  барлау  жасар  болсақ,  құранның  1-сүресінің  аты  Фатихадан  туындаған   халықтың  бата  тілек   сөздері  жеткіншек  жас  ұрпақты   әдепті ,  сабырлы,  зерделі,  арды  болып  өсуіне  баулиды.   Мал-бастың аман болуын, дәулетті,  бақытты,  кекшіл  емес  кешірімді  болуын  тілейді.  Бата  қазақ  арасында адамдардың  бір-біріне деген ынта- ықыласын, адал  ниеті мен  жақсы  тілектерін  білдіретін  тәрбиелік  мәні  зор  рәсім. Ал енді рұқсат етсеңіздер, алдарыңызда 2- сынып ұландары! Болашақ иманды әкелер, болашақ абыз ақсақалдар! Қарсы алыңыздар!

Санжар Жаңбырсыз жаздан сақта,
жапа шеккен аздан сақта .
қасиетсіз кектен сақта,
кегін қуған көптен сақта
бұлттың аласынан сақта,
жаудың жаласынан сақта .
елдің бәлесінен сақта .
дос болып, қас болғаннан сақта,
күле кіріп, күңіренгеннен сақта .
береке дуа асыңнан кетпесін .
бақыт- дәулет басыңнан кетпесін .
қыдыр қасыңнан кетпесін .
жортқанда жолың болсын!
жолдасың қыдыр болсын!
аумин!
ЖанасылАумин десең, міне бата,
қолдасын қызыр ата .
Қыдырың қияласын,
періште ұяласын .
Ел шеті жаусыз болсын,
ел іші даусыз болсын!
өрісің көкті болсын!
қонысың құтты болсын!
алақаның берекелі болсын,
жүрген жерің мерекелі болсын!
артқаның түйе болсын!
сауғаның бие болсын!
кергенің көген болсын!
айтқаның өлең болсын!
мінгенің жылқы болсын!
ырысың тасып тұрсын,
абыройың асып тұрсын!
өркенді болыңдар,
өмірлі болыңдар!
өмір бақи осындай
көңілді болыңдар!
аумин

Мерхат Аумин десең, міне бата,
дарысын қыдыр ата!
қыдыр ата қияласын,
періште ұяласын!
бақ берсін,
бас берсін,
өміріңе ұзақ
жас берсін!
кетпес ырыс,
кең пейіл берсін!
бейнетін ақ қылсын,
мұраны асыл қылсын!
қаба жауған
қардан сақтасын!
ауызы қанды
бөріден сақтасын!
қолы қанды
ұрыдан сақтасын!
осы мектепке жамандық ойлаған
бұл дүниеде береке таппасын!
аумин!
МирасАбырой бер, аман сақта,
оттан, судан сақта .
тілсіз жаудан сақта .
күле кіріп,
күңірене шыққан дұшпаннан сақта .
нақақтан салған бәледен сақта,
дос болып, қас болғаннан сақта,
қыдыр қолдасын,
басыңа бақыт орнасын .
аумин!
АсхатАсың, асың, асыңа,
бақыт қонсын басыңа!
таң мезгілі болғанда,
бөденедей жорғалап,
қырғауылдай қорғалап,
адам,қызыр келсін қасыңа,
денсаулығың зор болсын,
дастарханың мол болсын!
қайда барсаң алдыңда,
жарқыраған жол болсын!
армандарың алдыңнан,
саған шығып қол берсін!
дұшпаның саған құл болсын,
үйің толған ұл болсын!
аумин

(Бата беру)

1-жүргізуші: Ұлыс күні бата алсаң сонда жолың болады- демекші, құрметті ауыл тұрғындары, ата-аналар, ұстаздар!  Ендігі батаны ауылдың ақсақалынан сұраймыз!

 Осымен Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз-думан» атты салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдап, тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Жақсы күнде жолыққанша ағайын!

2 жүргізуші:

Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді

(Барлық жиналған қауым мектеп ұжымы алдын ала дайындаған наурыз көжеден және мерекелік дастарханнан дәм татады. )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

«НАУРЫЗ- ДУМАН»

атты ақпараттық- танымдық

және

мерекелік сазды бағдарлама

әзірлемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Наурыз- думан" атты ақпараттық- танымдық және мерекелік сазды бағдарламаның әзірлемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 768 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.10.2016 717
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугмарова Марал Сайранбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нугмарова Марал Сайранбековна
    Нугмарова Марал Сайранбековна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23479
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой