Инфоурок / Русский язык / Другие методич. материалы / "Наурыз думан" (5-6 классы) внеклассная работа
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Наурыз думан" (5-6 классы) внеклассная работа

библиотека
материалов

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Токтаубаева Асия Сериковна

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік шараның сценариі

Мақсаты: қазақ халқының Наурыз мерекесі туралы толық білуге талпындырып, ұлттық салт-дәстүрлерді, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Балалардың жеке ән салу, тақпақтарды мәнерлеп айта білу қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: өрнектелген көк панно, шарлар, көктем суреті, гүлдер, домбыра, қамшы, ұлттық тағамдар т.б.

Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы аламыз!

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Келе жатқан Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Көктем мен жаңа күн мерекесі – наурызды кеңінен атап өту дәстүрі бүгінде қайта оралды. Игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халықтық мерекеге қазір үлкен мән берілуде, өнер мен еңбектің өрлеу жағдайында атап өтілуде. Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның біз үшін маңызы өте зор.

1-бала: Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Шашу шашып жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

«Кел, билейік!» әні орындалады

2-бала: Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

3-бала: Алақай,ауылда Наурыз!

Күлімдеп келіп тұр

Бәріне базарлық беріп тұр,

Бақшаға береке еніп тұр.

Ән: «Наурыз тойы».

Жүргізуші: балалар, қазір сендерге мақал-мәтелдердің басын айтамын, ал сендер жалғастыру керексіңдер. Мақал-мәтел сайысы.

Еңбек түбі береке ……

Атаңның баласы болма ……

Оқу білім бұлағы ………

Әдептілік белгісі…..

Өнер алды ……

Жүргізуші: балалар, қар еріп, жер көгерді. Күн жылынып, мал төлдеп, жер көгерді. Кәне, балалар, көктем туралы қандай ән, тақпақ білесіңдер?

Балалар тақпақтарын айтады.

Ән: «Көктем».

Вальс ырғағымен құшағын гүлге толтырған «Көктем» келеді.

Көктем: Армысыңдар, қырмызы гүлдей,

Жайнаған менің берекелі елім.

Армысыңдар, балалар!

Тағы келдім сендерге,

Наурыз тойын тойлайтын,

Келіп жеттім елдерге.

Гүлге толы құшағым,

Құлпырады кең далам.

Тіршіліктің бастауы

Гүл көктемің мен болам.

Жүргізуші: Бәрекелді, көңілімізге гүл сыйлаған, жарқұыратып күн сыйлаған, аманбысың, ару Көктем! Қош келіпсің! Төрлет, төріміздің сәні бол, Ару Көктем.

Көктем: Мына құшағымдағы гүлдерді қызғалдақтай жайнаған қыздарға әкелдім. (гүлдерді таратады).

«Гүлдер» биі.

Ұлттық ойын: «Қыз қуу»

Ата-аналарға арналған викториналық сұрақтар.

Наурыз тойы 62 жыл тойланған жоқ. Бұл қай кезең?

Наурыз парсы тілінен қандай мағына береді?

Ұлттық ойындарды атаңыз

Жеті атаңызды атаңыз

Ұлттық тағамдарды атаңыз

Ең ұзақ сақталатын қазақтың ұлттық тағамы

Жеті қазынаға не кіреді?

Наурыз бата немесе тілек айтыңыз.

Би: «Түрік биі».

«Қожанасыр» кіреді.

Қожанасыр: Амансыңдар ма, балалар!

Амансыңдар халайық!

Мен Қожанасырмын

Шегі жоқ бұл даңқымның,

Өмірімді арнаймын

Бақыты үшін халқымның.

Ақпейілмен дос болам,

Жамандарға қаспын.

Құтты болсын жаңа жыл

Құтты болсын Наурызым!

Жүргізуші: Бірге болсын! Қожеке, біздің балаларға әкелеген қандай сыйыңыз бар? (қалтасынан тақия алады).

«Тақия тастамақ» ойыны.

Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл»

Жүргізуші:қ ұрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Наурыз мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағаныңызға рахмет! Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.

































Тақырыбы: «Қош келдің-Наурыз» мерекелік қойылымы.

Мақсаты: Мектеп оқушыларына ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзі ұстауға дағдыландыру.

Көрнекіліктері: Әр сынып, пән бірлестіктер ауыл -ауыл болып дастархан жайған, көрпе, жастық, қамшы, ұршық, бесік, үйшік, қамыс, кілемше, шырақтар т. б.

Барысы: мереке өтетін жер әсем шаңырақпен безендірілген, Р. Рымбаеваның «Наурыз – думан» әні әуелеп тұрады.

1 - Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Қош келдің –Наурыз!» мерекесін бастауға рұхсат етіңіздер!

2 - Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22-сі. Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.

1 - Жүргізуші: Кеңінен елге таралған,

Негізі ерте қаланған.

Еңбек шаттық жыл басы,

Наурыздан бастап саналған.

2 - Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

Олай болса,

Ауылымыздың қариясын қарсы алайық

( Көрермендерге шашу шашылады )

1 - Жүргізуші: Ұлы халқымыздың, әлімсақтан тұрмыстық мерекесі болып келген, жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын халайық.

2 - Жүргізуші: Досым - ау, жаңа жыл әлі келе қойған жоқ, осы әредікте, ескі жылды есте қаларлықтай етіп, жақсылығын марапаттап, табыстарын құрттай санап, асылдарын жүктей қаптап, моншақтай тізіп алайық та, бір мақтап, мадақтап.

1 - Жүргізуші: Құрбым – ай! Сіздің өткен жылды қимайтындай сыршыл екеніңізді білсемші. Өткен жылда еліміздің іргесі аман, қазанымыз бүтін болды. Біреуміз екеу болып, басымызға бас қосылды, жаңа шаңырақтар көтерілді. Өмірге жас нәрестелер келіп, ұрпақ өсті.

2 - Жүргізуші: Иә, еліміздің егемендігі нығайып, халқымыздың тәуелсіздігі артты. Газет, журналдар, теледидар қазақ тіліне көшіп болды. Басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлейтін болды. Тіліміздің мәртебесі артты деген осы емес пе құрбым.

1 - Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, құрбым! Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін. (Бұрылып қарап) Оу, бізге қонақ келе жатқан сияқты.

(Сахнаға Қыдыр баба шығады. Ұл балалар тізерлеп бата тілеп отырады.)

Қыдыр бабаның батасы:

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын,

Қыруар малың өріске толсын,

Елдеріңнің іргесі берік болсын,

Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,

Сөздерің серттей берік болсын,

Еккендерің өнімді болсын,

Өмірлерің көңілді болсын,

Төрт - түлік төлді болсын,

Баққандарың шөлді болсын,

Ақ көп болсын,

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Сапарларың оң болсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаныңды басырсын.

Әумин!



( Сахнаға Жер ана шығады. Қыз балалар тізерлеп отырады.) Аластау рәсімі, бесік жыры Ақ жаулықты әжелер ауылы(әжелер кеңесі)

Жер ананың аластау рәсімі:

Алас, алас пәледен алас,

Алас, алас баладан алас,

Алас, алас жаманнан алас,

Көзі жаманның көзінен алас

Тілі жаманның тілінен алас,

Елімнен алас, жерімнен алас,

Алас, алас! Алас, алас!



2 - Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып басып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Музыкалық нөмір: Қыздар тобы «Қазақ биі»



Сахналық көрініс. Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе. - сынып

Шығайбай: - Алла-ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбайға ас беріп жатыр дей ме екен? Шығайбайдың малын шашпақ қой, ойлары. Тағы да демеуші бол, көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей көздеріне.

Алдар көсе: Оу, Шәке қайда бара жатырсыз, қайдан келе жатырсыз?(- деп төс қағыстырмақ болады.) Оу, оу Шәке қайда бара жатырсыз жылыстап. Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі. Көппен бірге болмайсыз ба?

Шығайбай: Бұл, Алдар пәле, қайдан тап болды екен - а. Алдаржан, шеттен әкелген тауарларым бар еді, өтпей жатқаны. Шай-пай, бұл-пұл дегендей. Сонда бармасам болмас. Он табын жылқының құны еді.

Алдар көсе: Бүгінгі мерекенің құрметіне тауар 50 % - ға арзанға, сатылсын деген жарлық болғанын естіп пе едіңіз?

Шығайбай: Тек, оның бетін аулақ қылсын, құдайым – ай! Бір пәлеге кіріп кетпей тұрғанда жөніме кетейін.(деп ақырын жылыстап шығып кетеді)

Алдар көсе: Оу, Шәке елмен бірге болыңыз Шәке!(жүгіріп кетеді)

1 - Жүргізуші: Наурыз тойым!

Құтты болсын халайық!

Қане достар

Шырқап әнге салайық

2 - Жүргізуші: 2013 жылғы әнімен ортаға шақырамыз.

1 - Жүргізуші: 2013жылғы биімен ортаға шақырамыз.

Ортаға Құт-береке ауылы/Политехникалық бірлестік/ шақырамыз /Шілдехана,

тұсау кесер/

2 Жүргізуші: Кеңінен елге таралған,

Негізі ерте қаланған.

Көнермей салт – дәстүріміз

Көп елдерге таралған.

/ Думан-той ауылы/5-6-7 сыныптар Атқа міңгізу, тілашар, тоқым қағар

1 - Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.



әнімен ортаға шақырамыз.

2 - Жүргізуші: 2013 жылғы «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.



1 - Жүргізуші: Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз. Құда-құдағилар ауылы.Гуманитарлық бірлестік Құдаласу,қоржын той,құйрық бауыр асату

Сахналық көрініс. ( Сахнаға қарт әже мен немересі шығады. Немересі екпетінен еркелеп жатады.)

Немересі: Әже, әже, маған ертегі айтып беріңізші.

Әжесі: Е, балам қазақтың ертегі айт десең ертегі айтайын, жыр айт десең жыр айтайын, мысал айт десең мысал айтайын. Әлди, әлди. Ұйықтай ғой, ұйықтай ғой.(деп бесікті тербетеді.) Е, қазақтың ертегілерінде көптеген тәрбие мен білім жатыр ғой. Мұқият тыңдасаң көптеген білім мен тәрбие алуға болады, балам. Мен саған қазыр тамаша бір ертегі айтып берейін. Ол ертегі «Жақсылыққа жақсылық» деп аталады. Ерте, ерте, ертеде бір кербез жолбарыс шүйгін шөптің үстінде дем алып жатады.



Ертегі қойылымы: «Жақсылыққа жақсылық» Әжесі: Сөйтіп кішкентай тышқан мен жолбарыс дос болыпты. Міне балам біреуге жақсылық жасасаң өзіңе қайтады деген осы.

Әжесі: Құдайға тәубә! Қазыр ел іргесі тыныш, аман есен өмір сүріп жатырмыз. Еліміз жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді.



Немересі: Әже осы ертегілерді кімдер жазады - а? Әлде өзімен-өзі шыға ма?

Әжесі: Жоқ балам, ертегі өзімен-өзі қалай шығады. Ертегілерді ақын жазушылар жазады. Ақындар ертегіні жыр, өлең түрінде жазса, жазушылар әңгіме түрінде жазады. Әр елдің өз ақын, жазушылары болады.

1 - Жүргізуші: сынып оқушысы әнімен ортаға шақырамыз.



1 - Жүргізуші: Ертегі аңыздарды айтар атаң,

Келіндер сырмақ сырып жүгіреді.

Түскиіз оң қапталға ілінеді.

Есікті суағарға дейін түріп,

Жылқышы бал қымызын сіміреді.

Ару қыздар ауылы/8-9-11 сыныптар/ Сыңсу, қыз ұзату

2 - Жүргізуші: Іргеден маңдай төсеп екпе желге

Қымыз іш қарыс қылмас еш денеңе,

Кесе қап, аяқ қап, әбдіре сандық.

Болмаған артық мүлік көшпелі елде

Сал серілер ауылы Эстетикалық бірлестік./Ән, би, айтыс,жарапазан









Ән «Қазақтың дастарханы» Орындайтындар.

Ән айтылып болған соң, жақсы тілектер шашылады (айтылады): Жаңа жыл құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын. Ұлыс бақты болсын! Төрт-түлік ақты болсын! Бәле-жала жерге енсін! Ұлыс береке берсін! Жұрт аман-есен болсын!


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-288886

Похожие материалы