Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесі

8 наурыз Халықаралық аналар мерекесі

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

, «Жүректің нұрын сыйлайыншы анама»

Мақсаты: балаларға 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға болуға әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Асылбек Еңсеповтың «Балалық шақ » күйі қосылып тұрады.

Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Жылулық нұрын сыйлайыншы анама» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Ендеше ортамызға №7 «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілерін шақырайық!

Ержан: Мереке, мерекеде келіп қалды Бізде бәрі дайындық Қазір қыздар келеді Сазайыңызды береді

Мейіржан: Айттымғо мен сіздерге Үлгермейміз қазірде Бәріне қыздар кінәлі Өлең айтып болғаны

Ақниет: Ұлдар, ұлдар ұрыспаңдар Әне өздері де келіп қалды Көңілдірек қарсы алайық Біздің қыздар келіп тұр!

Залға қыздар кіреді

Жүргізуші: Қымбатты біздің аналарға, әжелерге Даналарға таңғажайып күндерінде Тақпақ айтыңдар балалар!

Мөлдір: Ай лайк зе вей ю лук Ай лайк зе вей ю кук Нов ай вант ту сэй Хэппи мазес дей

Руслан: . Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Перизат: Мамам, мамам, ақ мамам Мен өзіңдей ақ балаң Айтқан тіліңді аламын Жұмсағанда барамын

Жүргізуші: Аяулысың бұл өмірдің асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары дей отыра келесі кезекті інге береміз

Ән: «Әжетайым, әжешім!»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Келесі кезекті тағы да тақпақтарымызбен жалғастырамыз.

С.Мағжан: Әжем менің мейірімді Әлпештейді көңілді Әке-шешем анасы ол Әркез тілер өмірімді

Інжу: Менің әжем әлі де Ұқсамайды кәріге Шәй қайнатып береді Біздің үйдің бәріне

Мансұр: Біз доспыз гүлдермен Текке оны жұлмаймыз Той күні бір бірден Аналарға сыйлаймыз

Диалог: Ақниет:(галстугін дұрыстап) Ержан маған қарашы мен әдемімін бе? Ержан: И....и Ақниет саған не болған? Ақниет: Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші Ержан: Ия өмір зымырап бара жатыр, ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр Ақниет:Ия... (күрсініп) Ержан: И .... Ақниет күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз Бірге: Олай болса қыздардың орындауында Би: «Хатуба»

(Жексенбай Аяжан, Инирбай Перизат, Сарсен Анар, Сарсен Іңкәр, Руслан Мөлдір, Асылхан Мерей )

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда

Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.Балалар мен сендерге өзіммен бірге ойын алып келдім.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: балалар екі командаға бөлініп тұрады. Бірінші жердегі қоқыстарды жинайды. Келесі бала үстел үстіне дастархан жаяды. Келесі бала стол үстіне гүл қояды, ал келесі бала тәтті кәмпиттерді қояды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Өте тамаша! Келесі кезекті тағы да тақпақтарымызбен жалғастырамыз.

Назарбек: Шай ішетін қоюлап Жақсы көрем апамды Сырмақ сырған оюлап Жақсы көрем әжемді

Анар: Жарқын жүзді жан анам Сендей болсын бар адам Сендей болса бар адам Шаттық кетпес баладан

Игілік: Менің әжем, ақ әжем Ұл мен қыздың бағы әжем Ертегі айтып бер десем Айтып береді тағы әжем

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Ендеше келесі кезекті әнге береміз!

Ән: «Нұрын төккен маған»

Жүргізуші: ендеше тақпақтарымызбен жалғасытамыз

Мерей: Демалыста қыдырып Ата-әжеме барамын «Аман-есен жеттің бе?» Дейді олар «қарғым» Кезек-кезек бетімнен Шүлпілдетіп сүйеді Бір нәрсені бүлдірсем Аздап қабақ түйеді

Кәусар: Ақ анашым аппағым Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнім де Арнадым саған бәрін де

Бекжан: Әжем менің шежіре Көп ертегі біледі Сыртта жүрген кезінде Бізді ойлап жүресің

Диалог. Іңкәр: Перизат қарашы маған Диас сақина сыйлады. Перизат: Қойшы Іңкәр сақина сыйлағанша одан да неге би сыйламайды. Іңкәр:Әрине олардың биі де дайын Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауындауында би «Бабушки старушки».

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Өнерлерің өрге жүзсін!

Райана: Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін Аналарды құттықтап Жырдан шашу арнаймыз

Аяжан: Үн қатасың бал тілмен Еркелеймін әр күн мен Құттықтаймын анашым Сегізінші наурызбен

Ойын: Ата аналармен бірге ойналады. Шарты: ортаға екі ата ана шығады. Сол ата аналардың балалары киіндіреді сосын кішкентай бөпенің қимылын салу керек

Мөлдір: Әжем менің шежіре Көп ертегі біледі Сыртта жүрген кезінде Бізді ойлап жүреді Әрбір айтқан ақылын Жүрегіме сақтаймын Ертегісін тыңдамай Ұйқыға мен жатпаймын

Ертарғын: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

Алижан: Бүршік шашып, жапырақ ашып Даланы гүлдер басады Сұлу көктем есігін ашып Шуағын бізге шашады

Іңкәр: . Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай

Байұзақ: Ең қымбатты өмірде Ана екенін біліңіз Ана жанын түсініп Ойнаңыз да ,күліңіз



Би: «Попури»

Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!



































«Бекітемін»

МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасы
директоры__________Джаманшалова Г.Н. «___»______________2016 ж







Мерекелік іс шара

Тақырыбы: «Жүректің нұрын сыйлайыншы анама»













Дайындаған: тәрбиешісі: Чуйтанова Р.Е.













2016 ж

Автор
Дата добавления 06.07.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров24
Номер материала ДБ-139089
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх