Инфоурок Информатика Другие методич. материалы8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі

Скачать материал

7 «Б» сынып оқушыларының

8-наурыз – Халықаралық аналар мерекесіне арнап, даярлаған

«Ал, қанекей, қыздар!» сайысының жүргізілу

с ценариі

Тәрбиелік шара тақырыбы: «Ал, қанекей, қыздар!»

Мақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы «Ал қанеки қыздар» сайысының жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді.

1-Жүргізуші:Қош келдіңіздер,аяулы аналар,құрметті апайлар, ару қыздар! 8-Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
2-Жүргізуші:Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.Арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де барша аналар қауымына арналады.1-Жүргізуші:.Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым
2-Жүргізуші:.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,Қайратыңнан қайта көрме, анашым
1-Жүргізуші: Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Құрметті қонақтар, бүгінгі 7 «Б» сынып оқушыларының даярлаған «Ал, қанекей, қыздар!» сайысымызға хош келдіңіздер!

Олай болса, бүгінгі сайысымызға қатысушы қыздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
2-Жүргізуші:Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру(Төсбелгі)2. Би өнері(қазақша би)
3. Әп-сәтте (қол өнер)
4. «Қонақ жайлық - ата дәстүріміз» (үйден көктем салатын жасап әкелу)
1-Жүргізуші:Әділ-қазы береді
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар! (әділ-қазылар таныстырылады)

Ендеше, сайысымызға кезек береміз. Қыздар орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
2-Жүргізуші:

Ғажаптың бәрі өзінде,

Көзінде сұлу әлемі.

Әдебі әрбір сөзінде,

Жан емі- оның сәлемі.

Ал, енді қымбатты сұлу қыздарға қойылатын сайыстың бірінші шарты. 1.Таныстыру. Ортаға «Бәйшешек»тобын шақырамыз.Ендігі кезек «Қызғалдақ» тобында(әр топ өздерін таныстырады)1-Жүргізуші:Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар

Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша Тұрсынбай Жасұлан мен Серік Темірланның орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:Қыз  сұлу көрінеді білімімен

Қыз  сұлу  көрінеді  қылығымен, Жарыса  төгілген  қос бұрымымен Бұл  күнде  сұлулықтың  үлкені  осы, Қыз  сұлу  көрінеді  білімімен Қыз  сұлу  көрінеді  шашыменен, Ай  қабақ , қиғаш  қара  қасыменен Қыз  сұлу  көрінеді  толған  айдай, Он  бес  пен  он  сегізде  жасыменен Қыз  сұлу  көрінеді  өрмегімен, Тізіліп  сөз маржанын  тергенімен Майыса  бұратылып, майда  басып, Жаныңа наз  қылықпен  келгенімен Дарытқан  бар  асылды  өз  елінен, Қыз  сұлу  көрінеді өнерімендегендейкелесі сайысымыз 2.Би өнері: Аруларымыздың мың бұрала билеген билерін тамашалайық(би биленеді)1-Жүргізуші: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. 
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса ару қыздарымыз келесі сайысқа дайын болғанша
Тоқтасын Дәуреннің орындауындаТөлеген Айбергеновтің Ана өлеңіоқылады.
2-Жүргізуші: 3-кезең.Келесі сайыс 3.Әп-сәттедеп аталады. Қыздардарымыз аз уақыттың ішінде өз қол өнерлерін көрсетеді(10 мин)Ару қыздарымыз жұмыстарын аяқтап болғанша мына видеороликті көріп, постер қорғайық(ер балалар қорғайды)
(аруларымыз жұмыстарын әділ қазылардың алдына қойып, келесі сайысқа дайындалады)1-Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Жақсыбай Ақжолдың орындауында «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын- дегендей, келесі сайысымыздың шарты 3.Қонақжайлылық:«Қонақжайлық - ата дәстүріміз» деп аталады. Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен үйде дайындалған мерекелік салаттары. (Арулар өз салаттарын таныстырады)1-Жүргізуші:Әділ-қазыларәділ шешімін шығарғанша Ақжол мен Бауыржанның орындауындағы «Қазақ қыздары» әнін тыңдайық
2-Жүргізуші:Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
1-Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, аяулы ұстаздар, ару да әдемі қыздар тағыда мерекелріңіз құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 350 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 1200
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухит Колканат Бекболатович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухит Колканат Бекболатович
    Мухит Колканат Бекболатович
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10834
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 377 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек