Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Наурыз келді алақай ! ( мерекелік кеш)

Наурыз келді алақай ! ( мерекелік кеш)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_746310c.jpg



МКҚК «Балдырған» МдҰ










«Наурыз келді алақай»













Тәрбиеші: Г.С.Сакпаева

Саз жетекшісі: А.Н.Саймова




















Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, және маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: Шығарма жемісі бойынша шығармашылық белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін дамыту. Ертегі кейіпкерлерін сомдап үйрету.

Білімділік: Қазақтың Ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын.

Тәрбиелік: Ұлттық мәдениетке деген қызығушылыққа тәрбиелеу.


Сахна ашылады. Сахнада жартылай ашық, киіз үй жасау жабдығымен жасақталған. Күмбірлеген күй төгіліп тұрады. Ортада жазы онда тостаған, зерең әр түрлі ыдыстар бар. Зал іші мерекеге сай безендірілген.


Хор: «Наурыз».

Ішке ақ кимешекті ақ әже келеді.

Ақ әже: Наурызым әкелсін береке ырыс.

Дәніме талап тұрсын барлық ыдыс

Жаңадан келе жатқан жылдың басын

Берекең осылайша ортаймасын.

Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын

Босағама О, наурыз құт боп кіріп

Елімнің ырысты ет кәрі жасын- деп

Әже балаларға көжеден дәм татқызады.

Сахнада Қожанасыр бір нәрсені іздеген болып жүреді.

Сахнаның екінші жағынан ат жетектеген бала мен қыз келеді.

Бала: Ата не іздеп жүрсіз?

Қожанасыр: Ой, кемпір құрғырдын алып кел деген затын ұмытып қалдым.

Бала: Оданда біздің балабақшадағы наурыз тойына жүріңіз.

Қыз: Қап, кешігетін болдық - ау.

Қожанасыр:Уа, таптым-таптым

Қап-Қап, (Жүгіріп сахнадан шығып кетеді)



Қыз: Уа, ағайын туысқан

Наурыз күні туды шығыстан

Сол тойғын келдім шақырып

Ат терлетіп алыстан


Бала: Ақ түйе қарны жарылды

Наурызды халқым сағынды

Асыққан сен де сол тойға

Барлық жұрт мұнда ағылды.

Екеуі де сахнадан шығып кетеді.


Тәрбиеші: Қашанда той айтыссыз өйтпейді ғой,енді балалар айтыскерлерді тыңдасақ қайтеді.Ортаға айтыскерлерімізді шақырайық.


Бала: Осы наурыз тойында

Кім айтыскер менімен

Айтыс, айтыс болады

Айтысқанда теңімен


Қыз: Айтыс, айтыс болады

Шықса ақын теңімен

Шешен болсаң көрейін

Айтысып көр менімен


Бала: Бармаймын деп бақшаға

Жылауыңды қойдыңба

Көтерші деп арқаға

Сұрауыңды қойдың ба?


Қыз: Ерке қызбын білесің

Бірақ кімге күлесің

Кәмпит сұрап өзің де

Күнде жылап жүресің


Бала: Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Қоса алдың ба мән беріп

Қанша нәрсе болды сол.


Қыз: Бес қосу бес болады.

Он деген сан білемін

Сен дейсің бе саусағын

Санай алмай жүретін


Бала: Әділ сөзді жақтаймын

Ойдан шықса мақтаймын

Лағындай еліктің

Сандай құрбы таппаймын


Қыз: Мен де әдептен аспаймын

Достығыңнан қашпаймын

Қанша ақын болсаң да

Жеңілем деп саспаймын


Ақ әже: Ой, айналайындар, екеуің де мықты ақын екенсіңдер, өнерлеріңмен тең түстіңдер.


Ән: «Домбыра»

Қаракөз: Мен Қаракөз сұлумен өнері асқан

Биледім мың бұралып бала жастан

Қайда менің өнерпаз сіңлілерім

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.


Ән: «Дастархан».

Би: «Қазақ даласы»

Барыс жылы келеді


І-бала: Мен келдім міне ортаңызға

Амандық тілеп баршаңызға

Саулығын берсін деймін бәрімізге

Жеткенше қарындасым қоян жылға


ІІ-бала: Наурызға бүгін міне ағылды жұрт

Күттіріп бар жұртымды сағындырып

Аттаған есігімді жаңа ғана

О, Барыс құтты келдің жоғары шық



ІІІ-бала: Бас қонақ өзіңсің ғой осы тойда

Отыршы төрімізге көрпе жайда

Барысты бірінші рет қарсы алған

Бүлдіршін көрсет өнер осындайда


Ән: «Алатау»


IV-бала: Құстар ұшып келеді

Бізге ән сап береді

Қарлығаштар ұя сап

Торғай жемін тереді


V-бала: Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзің


VI-бала: Наурыз тойын тойлайық

Жалқау бала болмайық

Бөбектерді жұбатып

Үлкендерді сыйлайық


Ән: «Сылдырмақ».

VII-бала: Қарада қой төлдейді

Қошақандар маңырап

Ауылды сәнге бөлейді

Қозы - лақтар маңырап


VIII-бала: Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады.

Бар жақсылық болады.


IX-бала: Үлкендердің соңынан

Қалып қоймай ерелік

Наурыздың тойынан

Талай қызық көрелік


Ән: «Қуыршақ»

X-бала: Әз наурыз үйге енді

Жазда келер жылыстап

Тоңы кеткен түрленді

Туған дала тыныстап


XI-бала: Құтты болсын наурыз той

Құтты болсын мереке

Наурызбенен басталсын

Аулымызда береке


XII-бала: Беріледі әр үйде

Наурыздың көжесі

Жаңа жылдан жарылқа

Бәрі айтар сөз осы


XIII-бала: Тырна келді тыраулап

Тілеп өтіп аспанды

Қаздар көлді жүр ойнап

Көктем тойы басталды

Хор: «Көктем».

Би: «Құстар».

Шағын көрініс: «Алдар көсе мен Шығайбай».

Сахнаға асығыс Шығайбай шығады, артынан қабына кемпір, оған ере Алдаркөсе ортаға шығады.

Шығайбай: Әй кемпір мынаған бізді берде жіберші мен тойға кеттім (жинала бастайды)

Кемпір: Ойбай –ау шалым, мына тоқашты берейін жолда жерсің- деп.

(ыстық тоқашты қойнына салады Алдар аңдып тұрады)

Алдар: Ойбай-ау Шығеке, енді қайтіп көріскенше кім бар, кім жоқ. (құшақтайды)

Шығайбай: Ой атауың құрығыр мә сен - ақ ал осы тоқашты.

(ренжіп алдарға береді) Тазша келеді.



Тазша бала: Өтірік өлең айтып ханға барған

Мен тазша шешендікпен топты жарған

Қу баста той дегенде домалаған

Асығыс келе жатсам алдымды орап

Шығайбек Алдарменен келдің қайдан

Ой, Шығеке , Алдеке ұлыстың ұлы күні бұл ренжігендеріңе жол болсын ұлыстың ұлы күні адамдар реніштерін ұмытып достасады.

Достасып, ән айтайық.

Хор: Уа бүлдіршіндер, уа халайық, тойларың тойға ұлассын.

Ән: «Тойға шашу».

XIV-бала: Жатырқау жөнбе жаңаны

Тапшылық есік қақса да

Бүлдіршін жайраң қағады

Бөбекжай бала бақшада

Мезгілде келер тарықпас

Үмітсіз тірлік болама.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға

Мейрімге толсын бар құшақ

Жақсы істер жайып жемісін

Сәбиді дұрыс баулысау

Тәрбие берер жемісін.


hello_html_136fe501.jpghello_html_m18940852.jpg

hello_html_29a9c182.jpg

hello_html_mfd54133.jpg



hello_html_814c6de.jpg


Автор
Дата добавления 15.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров109
Номер материала ДБ-033871
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх