Инфоурок Другое Конспекты"Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!!!" тәрбие сағаты

"Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!!!" тәрбие сағаты

Скачать материал

Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектебі













Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!!!

\тәрбие сағаты\





Сынып жетекші: Ахметбекова Г.Х.

Өткізген: Шакирова У.С.

6 «А» – сынып






















Боровской селосы

Наурыз– Ұлыстың Ұлы күні!!!


Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, видео, суреттер.

Кіріспе

Мұғалім:Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаттының мақсаты Наурыз мерекесі туралы білімдерімізді ортаға салу. Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не "Гүлнавруз", татарлар "Нардуган", бирмалықтар "Су мейрамы", хорезмдіктер "Наусарджи", буряттар "Сагаан сара", армяндар "Навасарди", чуваштар "Норис ояхе" деп атаған.

«Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.

Наурыз мерекесіне қандай дайындықтар жүргізілетінің атайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3-оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіс судан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

6-оқушы: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

7-оқушы:Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

8-оқушы: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.


Мұғалім:Өз арамызда Наурыз мейрамына орай кішігірім жарыс өткізейік. 22 наурыз кун мен түннің теңелуі. Соған байланысты топ аттарын «Күн» және «Түн» деп атадық.

1-тур. Плакатқа қазақтың ұлттық тағамдарын іліңдер! Әр дұрыс тапқан тағамға 2 ұпайдан беріледі.

2-тур. Әр топқа Наурыз мейрамына байланысты 6 сұрақтан қоямын. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. 2 минуттан уақыт беріледі.

«Күн»:

  1. Қазақтың салт-дәстүрлерің атаңдар.

  2. Наурызға байланысты ұл-қыздардың есімдерің атаңдар.

  3. Төрт-түліктің аталарың атаңдар.

  4. Ырым-тыйымдарды атаңдар.

  5. Наурызнама – деген не?

  6. Ер жігіттің өмірімен байланыстыратын Жеті қазынаны атаңдар.

«Түн»:

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар.

  2. Саусақтардың атауларың атаңдар.

  3. Наурыз тойында ойналатын ойындарды атаңдар.

  4. Қазақ батырларын атаңдар.

  5. Қазақтың ұлттық киімдерің атаңдар.

  6. Наурыз мейрамына бата беріңдер.


3-тур. Ұлдар арасында өткіземіз.

Енді жарысты қортындылау үшін әділ-қазыларға сөз береміз. Эльмира Дүйсенбайқызын ортаға шақырамыз.

Марапаттау.

Мұғалім: Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!!!" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 969 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.03.2016 719
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакирова Ултуган Сақтаганқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакирова Ултуган Сақтаганқызы
    Шакирова Ултуган Сақтаганқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8106
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой