Наурыз мерекесіне арналған
Ересек топтарымен қойылған көрініс: «Бесікке салу
дәстүрі және ертегі үй жануарларының таласы»
1.вед.
Үйлесіп наурыз бен
көктем жетсін,
Көңілін үлкен- кіші
көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп
ер-азамат,
Ескі жылмен
реніш,өпке кетсін-дегендей,жаңа жыл
құтты болсын!
Наурыз тек қана
жақсылығын, жаңа жаңалығын әкелсін.
Ақ мол болсын, халық
тоқ болсын!
Дети:
Әнім де саған биім
де,
Құт қонақ өзім
үйімде.
Қуаныш сыйлап үйілме,
Күлімде, Наурыз,
күлімде.
Наурыз-бабамның сөзі,
Наурыз-анамның сөзі.
Ғасырдан ғасырға
жеткен
Даламның сөзі
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығыңа тоймаған.
Дархан дала, қарлы
шың.
Наурыз тойын
тойлайық,
Жалақау бала
болмайық.
Бөбекетерді жұбатып,
Үлкендерді сыйлайық.
Жинатамын гүл-гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мейірлі жұрт
тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді
Вед: Ребята я предлагаю вашему вниманию казахский
обряд «Бесікке салу»
Это обряд проводится
когда родится ребенок, приглашют бабушек, этот обряд проводит самая уважаемая
бабушка.
Проводится обряд «Бесікке
салу»
Ребенок: Шадарман -
Сүйінші!, Сүйінші! Сәуле әженің аулында бесікке салу тойы болады келіңіздер,
қонақ болыңыздар!
Әже: Сәлеметсіздер ме қонақтар, келіңіздер төрге
отырыңыздар!
Қонақтар: Сәлеметсіз
бе әже! Немере қызыңыздың бесікке салу тойы құтты болсын!
Әже: Рақмет! Енді, баланы бесікке бөлмей тұрып
шырақпен бесікті аластайық:
-Алас, алас, баладан
алас,
Үй иесі келді, пәледен
алас.
Көзі жаманның көзінен
алас,
Тілі жаманның тілінен
алас.
Отыз омыртқасынан
алас,
Бісміллә, келді,
міне, иесі,
Көш пәлесі –деп
баланы бірге бесікке бөлейік.
1.Қонақ:
Немере қызыңыздың шашаы ұзын болсын, мен тарақ сыйлаймын!
2. Қонақ: Немере
қызыңыз сұлу болсын айна сыйлаймын!
3.Қонақ:
Немере қызыңыздың қолы өнерлі болсын қайшы сйыламын!
Әже: Рақмет! Айтқандарың келсін! Бірге бесік
жырын айтайық:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат,
бөпем!
Жылама, бөпем,
жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
Әже: қонақтармен қоштасады.
Вед: это был
обряд «Бесікке салу»
Сказка: «Үй
жануарларының айтысы»
Ерте, ерте, ерте, де
ешкі жүні бөртеде. Үй жануарлары айтысыпты.
Жылқы: Ием мені жақсы көреді, маған мініп сендерді
бағады, қиналғанда жүгін тасимын, жесе еті боламын, шөлдесе сүтімнен қымыз
пісіреді деп-жылқы мақтанды.
Сиыр: Иеміз неге сені жақсы көреді? Менде жесе еті
боламын, ішсе сүті боламын, сүтімнен май, ірімшік, құрт, айран жасайды деп-
сиыр мақтанды.
Түйе: Жоқ, ием мені жақсы көреді. Мен алыс жолға
шыдйамын ,сусыз қырық күн жүре аламын, ауыр жүктерін тасимын және етімді жейді,
сүтімнен боза пісіреді, жүнімнен жылы көрпе, шұлық тоқиды деп-мақтанды.
Қой: сендер бос мақтанбаңдар, ием мені жақсы
көреді қойдан жуас мал жоқ, меніңде берер пайдам көп дейді.
Ешкі: Сендер бос мақтанбаңдар ием мені жақсы
көреді, мен болмасам сендер бастарың ауған жақа жүре бересіңдер. Көшті
бастайтын мен, жүнімнен түбіті төгілген орамал, шұлық тоқиды деп-мақтанды.
Мал иесі: Айналайын шырақтарым, төрт түлік малдарым
мен сендердің бәріңді жасқы көремін. Сендердің адамдарға беретін пайдаларың өте
зор деп- мал иесі барлық малдарын құшақтайды.
Вед: Все они
подружились и запели веселую песню
Песня «Қошақан»
В конце, слова
вед.
Наурыз құтты болсын!
Деніміз сау болсын!
Наурыз тойы
келеберсін!
Барлық халақ бақытты
болсын,
Қош, сау болыңыздар,
халайық!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.