204285
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДошкольное образованиеДругие методич. материалы22-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

22-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік «Жауқазын гүлі – Наурыз мерекесінің белгісі»
Мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту мақсатында халқымыздың салт-дәстүрін балалардың бойына сіңіру.
Әуен залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары кіреді.
1-бала: Армысыңдар ағайын,
Бармысыңдар, ағайын.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын!
2-бала: Наурыз келді, нұр келді
Түгел аймақ түрленді,
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
3-бала: Басталды міне тойымыз
Ұнады әнмен ойымыз
Наурыз бақыт әкелсін
Тойға ұлассын тойымыз.
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші:

Міне, көктем келді,
Жер құлпырып көгерді.
Дала қысқы ұйқыдан оянып,
Бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады.
Би: «Жауқазын».
(Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген жауқазынды Қара дауыл ұрлап әкетеді).
Жауқазындар:

Біздің жауқазын гүліміз қайда? Қара дауыл біздің мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді біздің әсем жауқазынымызды Қара дауылдан құтқарады?
(Ортаға батырлар шығады).
- Мен Ер Төстікпін – ең батылмын, батырмын!
- Мен Тазша баламын – ең айлакермін!
- Мен Желаяқпын – ең шапшаңмын!
- Мен Саққұлақпын – жердің асты-үстіндегінің бәрін естимін!
- Мен Таусоғармын – тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын!
Бәрі бірге: - Біз жігіттер – ең тапқырмыз!
(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын құрып отырып, ақылдасады).
Ер Төстік: - Әрқайсымыздың өз басымыз бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынбыз ба?
Батырлар: - Ия, дайынбыз!!!
Ер Төстікпін: - Мен Қаратаудың бойымен жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол бізге көмектесер.
Батырлар: - Аттанайық!!!
Жүргізуші:

Олар аттарына мініп Қаратау жаққа жол тартты.
Біздің батырлар данагөй Жамал әжеге жеткенше, біздер көңілімізді көтеріп ән салайық, Наурызға арнап, жыр арнайық.
4-бала: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Дархан - дала қарлы шың.
5-бала: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке - ырыс сыйлашы.
6-бала: Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір, төрлет!
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр, сый-құрмет.
(Батырлар Жамал әжені кездестіреді, амандасады)
Тазша бала: - О, Жамал әже, сіз естіген шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін Қара дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Бізге қандай ақыл бересіз?
Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады) – Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын. ...Сендердің гүлдерің аман-сау! Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің түспесін. Мен сендерге көмектесемін, мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы түйір жіп сендерге жол көрсетеді.
Батырлар: - Рахмет, әже!! Біз аттанайық!
(Залды бір айналып шығып кетеді).
Жүргізуші:

Салт-дәстүрімізді сақтаған,
Қазағымнан айналдым.
Батырларымызға сәт-сапар деп,
«Домбыра» ойынын бастадым.
Ойын «Домбыра».
Жүргізуші:

Батырлар бірнеше күн, бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан ошақ басында отырған Мыстан кемпір кездеседі. Батырлардың алдарында домалап келе жатырған ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып, тығып тастайды.
Мыстан: - Әй, сендер мұнда неғып жүрсіңдер?
Саққұлақ: - Біздер Қара дауыл патшалығын іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің ғажайып түйір жіпті!
Мыстан: - Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын да, әрі өткізбеймін. Қара дауыл менің досым ғой. Мен неге сендерге болысу керекпін? Ал егерде сендер менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, сонда ғана мүмкін ойланып қарармын. Жұмбақтар болса, өте күрделі, оның жауабын ешкім таба алмаған.
Желаяқ: - Саспа Мыстан әже, сенің жұмбақтарыңды шешеміз!
Мыстан: - Олай болса, тыңдаңдар:
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
2. Құлағын бұрап тартқаны не? (Домбыра)
3. Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар. (Ұршық).
Мыстан: - Сендер расында тапқыр екенсіңдер. Сонда да мен сендерге ғажайып түйір жіпті қайтармаймын. Ол мүмкін өзіме де керек болып қалар. Мен одан да өзіме тамаша жемпір тоқырмын, мүмкін.
Жүргізуші:

Ой, мыстан әже, мүмкін сіздің қатып қалған жүрегіңізді біздің балалардың өлең-жыры жібітер.
7-бала: Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік, ән салып.
Жылда келсін, ұлы күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Ән: «Наурыз»
Мыстан: - Қалай тамаша әндетесіңдер?! Менің жүрегім жылыды, тұла бойыма қан жүгіріп, сендермен бірге би билегім келді ғой. Рахмет, сендердің тамаша әндеріңе! Мә, міне, ұстаңдар, ғажайып түйір жіптерің! Мен домбыра сатып алып, ән айтуға үйренбесем. Жолдарың болсын!
(Батырлар бастарын иіп Мыстан кемпірмен қоштасады).
Жүргізуші:

Көп пе, аз ба, батырлар ұзақ жол жүріп шөлдеп, шалдығып келе жатырса, алдарынан Айдаһарды кездестіреді.
Айдаһар: - Кімсіңдер?
Желаяқ: - Біздер батырлармыз, жауқазын гүлін іздеп келеміз.
Таусоғар: - Әй, Айдаһар, сенің құдығыңнан су ішуге бол ма?
Айдаһар: - Бұл не деген сұрақ? Әрине болмайды! Бұл құдықтан бір тамшы суды да татпайсыңдар! Бұл құдыққа жүз жыл, сонша маған да. Жүз жыл бойы бұл жерден қанша тірі жан өткен, бірақ та ешқайсысы менің құдығымнан су ішіп көрмеген. Сондықтан да аман-сау тұрғандарыңда бұл жерден кетуге тырысыңдар!
(Батырлар ақылдасады).

Ер Төстік: - Айдаһар сен бізбен бірге ойын ойнауға келісесің бе?
Айдаһар: - Ол не, ойын деген?
Жүргізуші:

Қазір біз көрсетеміз. Ойынымыздың аты «Қыз қуу».
(Ойын шарты түсіндіріледі).
Ойын: «Қыз Қуу»
Айдаһар: - Менің көңілімді көтердіңдер. Жарайды, құдығымнан су ішіңдер.
(құдығынан су алып береді).
Батырлар: - Рахмет, саған, Айдаһар!
Жүргізуші:

Батырлар әрі қарай жол тартты.
(Батырлар жолға шығады).
Жүргізуші:

Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Қазақ биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
Би: «Жігіттер биі».
Жүргізуші:

Батырлар жолда келе жатады. Бір кезде шаршап-шалдығып құлап, ұйқыға батады. Батырлар жауқазын гүлінің жұпар иісін сезеді.
Тазша бала: - Батырлар-ау, жауқазын гүлінің иісін сеземісіңдер? Бірақ, гүліміз әлі Қара дауылдың қолында.
(Осы кезде Қара дауыл ұшып келіп, батырлармен шайқасады. Батырлар жеңіп, Қара дауыл құлайды).
Батырлар: - Қайда, біздің жауқазын?
Қара дауыл: - Айтамын, айтамын, жауқазынның қайда екенін, тек қана мені жіберіңдерші?
Ер Төстік: - Жібереміз, егерде зұлымдықты қойсаң.
Қара дауыл: - Қоямын, зұлымдығымды қоямын. Мені кешіріңдерші. Мен жалғыз болдым, менің қара үңгірімде мұнайлы болды. Сосын жауқазын менің көңілімді көтерер деп ойладым. Мен қатемді түсіндім, мені жіберіңдер, мен сендерге жауқазынды қайтарамын.
(Қара дауыл жауқазынды алып келеді).
Жүргізуші:

Барлық ертегідей, жақсылық зұлымдықты жеңеді. Бүгін де біздің батырлар гүлді құтқарып, мерекеміздің сәнін ашты.
Батырлар: - Біз туған жерімізге мерекені қайтардық!!!
Ән: «Жауқазын»
Би «Наурыз».
Жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз – ендеше, қыз бен жігіт айтысын тамашалайық.
Айтыс.
- Наурыз көже – тағамның ең үлкені
Жадыратып, жаныңды семіртеді.
Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,
Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі, – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында
баршаңызды дәм татуға шақырамыз.
Ән: «Наурыз-думан»
Соңы.

Общая информация

Номер материала: ДВ-375800

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.