Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік "Айналайын анашым"

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік "Айналайын анашым"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Айналайын анашым»

Залда жасырын қол өнермен кәмтиттермен безендірілген Кәмпит ағашы. Балалар әуенмен залға кіріп, жарты дөңгелек болып тұрады.
  

Жүргізуші:- Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Сәлеметсіздер ме қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын деп

«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз. Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Наз:- Анам-жұмақ, мен-шуақ, саябағы

Анам-шырақ, мен-сұрақ, санадағы,

Анам-теңіз, мен-қайық, тербетілген,

Анам-бұлақ, мен құрақ, жағадағы.

Бекарыс: Айналдым ана деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге жарқыратқан

Ойнап жүрген құлынын даладағы

Үйде отырып даусынан ажыратқан,

Нұрайдын:- Анамызға еркелеп

Қуантуды қалаймыз

Өссек егер ертерек,

Мен тігінші анамның

Өнегесін аламын

Ертең мендей анамдай

Тігінші боламын.

Әділет: - Анамды жақсы көремін,

Айтқаныңнан шықпаймын.

Ол көзімнің қарасы болса егер

Мен оның жанарының ағынанмын.

Айым:- Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар,

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін.

Ән « Құттықтаймын мама»

(балалар орындыққа отырады.)

Жүргізуші:- Өмірде таң ғажайып сәт көп,

Аралап дүниенің жер шарын,

Мұндай қызықты,

Таппайсың сен еш жерден.

Құпиясын айтайын,

Мұны жасаған балалардың өздері.

Жылы сөзбен өсірген сыйымыз бар...

(Сахна ашылып ортада ағаш кәмпит тұрады.)

Мейірімі төгілген

Әсем, әдемі таң ғажайып сыйымыз мінекей.

Айару: Ағаштың әр бұтағында

Әжелермен аналарға

Тәтті кәмпит сыйға тұр.

Ұнадыма сіздерге

Сыйлығымыз біздердің? (қонақтар жауабы.)

Ж: -Бізге де қатты ұнады! Бірақ ойлаймын, бұл жәй кәмпит емес. Мүмкін онда мармелад бар шығар?

Б: - Жоқ

Ж: - Мүмкін онда шоколад?

Б: - Жоқ

Ж: - Мүмкін жаңғақ пен қалуа болар?

Б: -Жоқ

Ж: - Ал балалар, тездетіп

Құпияны ашайық.

Не жасырынған онда деп,

Білгісі келеді бәріде.

Ибрахим: Біз балалар мен келісіп,

Таңқалдырмақ оймен.

Барлық ертеңгілік барысын

Осы кәмпитке сыйғыздық.

Ж: - Ендеше, басташы өзің, қайсысынан бастайық.

(Жүргізуші бала суырған кәмпитті ашып оқиды)

Ж:- Жасыл көктем, сен көктем.

Гүлді гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мейірлі,

Балалары әндеткен.

Төрлет көктем жоғары.

( Көктем кіреді) (сөзі)

Ж: -Көктем, ендігі сенің кезегің болсын қайсысын таңдайсың?

Ән «Көктем әні»

Би «Гүлдер»

(Келесі кәмпитті таңдалады)

Ж: -Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті.

Баға жетпес ақ әжем.

Тәтті лебізіміз сіздерге арналады.

Исмаил:- Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Расул:- Мейірімі жел жібек

Күндей ыстық құшағы

Ет жүрегі елжіреп

Құлыным деп құшады.

Ибрахим:- Әже деген көп шығар

Әжедейі жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Би «Жұптасу»

 (Келесі кәмпитті таңдалады)

Ж: -Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет,-деп келесі кезекті аналарға арналған тақпақтарға береміз.


Елдос: - Ана біздің гүліміз,

Ана біздің күніміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Мақсат: Еркелеттің асырадың,

Мойыныңа кеп асыламын,

Аман болшы асыл-анам,

Мен әрқашан қасыңдаын.

Ақжан:-Анам менің аялаған,

Құшағынан сая табам.

Қанша жақсы болса дағы,

Сендей ана қайда маған.

Гүлсезім: - Ананың біз гүліміз,

Ана- біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ағатай:-Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз,

Анамыздың мамасын

Нұрдаулет:- Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Айқын: -Мені жақсы көреді

Күнде күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Ойын «Жылы лебіз»

Би «Вальс»

  (Келесі кәмпитті қонақтар таңдайды)

Ж:- Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-дегендей балаларымыздың орысша, ағылшынша өнерлерін тамашалаңыздар.

Кирилл:- Я умылся, причесался,

Сам убрал свою кровать,

Три минуты одевался и пошел

Но не гулять!

Багдан:- В магазин сходил за хлебом,

И еще за молоком

Поиграл с трекхлетним Глебом,

Выбил коврик кулаком.

Асем: - 8 марта-празник мам,

Тук-тук- стучится в двери к нам,

Он только в тот приходит дом,

Где помогают маме.

Гүлнұр: -Мы пол для мамы подметаем,

На стол накроем сами.

Поможем ей сварит обедь

И подарю

Я маме свой цветок.

Ильяс: с праздником весеним

Светлый этот час

Мамочки родные

поздравляем вас

Айкөркем:-Что же за праздник

Готовится тут?

Видно, почетные

Гости придут!

Может, придут генарали?

Нет

Может, придут адмирали?

Нет

Может, герой,

Облетевший весь свет?

Нет, нет, нет!


Айару:- Годать понапрасну бросьте,

Смотите, вот они- гости.

Почетные самые:

Здравствуйте, мамы!

Ән « Мы запели песенку»

Би «Матрюшки»
(Келесі кәмпитті таңдалады)

«Үш ана» көрінісі.

Ойын «Түсін тап»

(Келесі кәмпит таңдалады)

«Вальс»

Ж: -Әр зат болды құпия.

Би биледік ән салып,

Асыр салып ойнадық,  

Көңілдеріңізді көтердік.

Соңғы біздің сыйымыз

Бұл әдемі вальс.

Би: «Вальс»

Ән «Анашым»          

  Ж:- Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

           

















Ертеңгілік жүру барысы.



  1. Ән « Құттықтаймын мама»

  2. Тосын сый

  3. Көктем кіреді

4. Ән «Көктем әні»

5. Би «Гүлдер»

6. Би «Жұптасу»

7. Ойын «Жылы лебіз»

8. Ән « Мы запели песенку»

9. Би «Матрюшки»
10. «Үш ана» көрінісі.

11. Ойын «Түсін тап»

12. Би: «Вальс»

13. Ән «Анашым»          

           



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1590
Номер материала ДВ-396261
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх