Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыНаурыз мерекесіне арналған сценарий

Наурыз мерекесіне арналған сценарий

Скачать материал

Тақырыбы: «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

 

Мақсаты:

Балаларға мұсылман халықтарының жаңа жылы 22 наурыздан басталатынын, келер жылдан күтілетін мол үмітпен бөлісу және бұл той салт-дәстүр, әдет-ғұрып нанымдарын ұмытпай қайта жаңарту мейрамы екені туралы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері:

1.     Мектепалды даярлық тобындағы   балаларға өздерінің ән-күй, қойылымдары арқылы мереке екенін сездіру.

2.     Қазақтың ұлттық ойындарын ойнатуда оқушылардың таным қабілеттерін дамыту.

3.     Бірін-бірі сыйлауға, үлкенді құрмет тұтуға, қазақ халқының дәстүрлері мен салттарын білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ертеңгілік

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, талдау.

Көрнекілік: үнтаспа, күй, мерекелік сөздер жазылған плакаттар, мерекелік дастарқан.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

а) Оқушылармен ата-аналарды отырғызу;

ә) Оқушыларға бүгінгі кештің талаптарымен таныстыру;

б) Әр оқушының өзіне жауапты болуын ескертіп өту;

ІІ. Кіріспе сөз:

         Құрметті ата-аналар, оқушылар және кешке келіп отырған ұстаздар!

Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс-құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен-кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. «Наурыз»- парсы тілінен аударғанда –жаңа күн, жаңа жыл дегенді білдіреді. Жаңа күн дегеніміз-адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта бсатауы. Бұл күндері бар адамзатпен бірге табиғатта «наурыз» тойын тойлайды. Аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Осы қасиетті наурыз айында Күн мен түн теңеледі. Наурыз дастарқанын мол етіп жасаса, келер жыл ырысты, берекелі болады деп болжаған. Бұл мерекені ел болып, ауыл болып тойлаған. Бүгінгі «Наурыз» мерекелеріңіз құтты болсын, бүгінгі «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

 

Ал енді бірінші құттықтау сөзді мектептің тәрбие ісі бойынша меңгерушісі Д.Д.Карменоваға береміз.

 

Наурыз келсе, құт келгені халайық,

Есік ашып, шашу шашып ел боп қарсы алайық.

(шашу шашу)

Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде,

Гүл тереміз алуан,

Шығып алып көк белге- дегендей көктемдегі гүлдердей құлпырған біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

«Айгөлек» биі.

 «Салт-дәстүр» көрсету.

Дәстүрі бар халық еш сөнбейді,

Ол қайта дараланып көкке өрлейді.

Қазағымның тәрбиесі саналатын,

Біліп жүргін, бүлдіршін дәстүріңді.

Әлди, әлди, немерем,

Мен өзіңмен көгерем.

Жалықпаймын күн бойы,

Қызығыңа кенелем.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай! Деп біз ортаға «бесікке бөлеу» дәстүрін көрсету үшін Мөлдірді шақырамыз.

 

Келесі кезекте біздің балалардың дайындаған өлең-тақпақтары бар екен сон тамашалайық.

Аблайхан
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.

Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр.

Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.

Еркеназ
Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Наурыздың жанға жайлы самалы есіп,
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.
Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы, сана өсіп.

Аида
Көксеген қасиетті іңкәларын,
Ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын,
Ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп,
Наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім.

Амина
Кең жайып қазақы үйдің керегесін,
Көрсетіп қадір-қасиет негесін,
Мерейі қазағмның өсе берсін,
Көгертіп мәңгі бақи көсегесін.

Наурызда жарқылдаған жасын от бар,
Адамдар құлай сүйген қасиет бар.
Ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.

Алтайхан
Тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы бал,
наурыздың құшағында шуағы бар.
Сән беріп шаттығым ақ шұғыла,
Мерейін елдің асқақ куә қылар.

Қарақат

Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім!

 

Санжар

Қар еріді, су ақты,

Күндер туды шуақты.

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты.

 

Туаасар

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда

Құстар әні төгілді.

 

Сұлубай

Жаңбыр жауып, басылды,

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды,

Өрмегіндей көктемнің.

 

Мөлдір

Наурыз-ай, наурыз-ай

Тәтті көже бересің

Қарнымыздың тойғаны

Кетпейді әлі елесі

«Адай» күй (ұлдар)

Ал енді құрметті қонақтар біздің сіздерге арналған көрінісіміз бар соны тамашалаңыздар.

«Мақтақыз бен мысық» көрініс көрсету

Мақтақыз бен мысық екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді,  шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. Сосын Мақта қыз: «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді. Мысық сиырға барады. «Сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді. Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді. Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

 

Қазақтың ұлттық ойындарын әрдайым естен шығармау керек, соған орай біз де қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Арқан тартыс» ойынын сіздерге көрсетуге дайындадық. Олай болса біздің ойынымызды тамашалаңыздар.

«Арқан тартыс» ойыны

Ойын шарты: Ортаға тең болып ойыншылар шығады, арқанды ұстайды, белгі берілген уақытта арқанды тартады. Егер көрсетілген сызықтан асып кетсе, онда күші басым топтың жеңгені.

 

VІІ. «Қорытынды:»

Міне, көріп отырсыздар татулық білік, ынтымақ болса, ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болатыны сөзсіз. ҚР Президентінің әр жыл сайын Қазақстан Халқына жолдайтын Жолдауында басын ашып айта кететін басты мәселесі татулық пен достық. Екі көрші тату болса, тұтас бір мемелекет тату деген сөз. Әрқашанда тату болайық, дос болайық деген Елбасының алдына қойған бір мақсаты болса, ол мақсатты жүзеге асыратын мына сіз бен біз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын. Сәбидің жүрегінен шыққан сөз орындалады.Сәбиге шын жүректен тілеген ақ бата орындалады. Ендеше осы кішкентай сәбилерімізге арнап бата берейік.

Бата беріледі.

Осымен «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Барлық отбасыға көктемдей жылылықты, Наурыз қарындай тазалықпен шынайылықты тілеймін. Ел іргесі аман, бейбітшілік болсын. Мереке мерекеге ұлассын, елімізде әрқашан той, қызық думан болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Наурыз мерекесіне арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 619
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашимова Жанар Кадылгумаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашимова Жанар Кадылгумаровна
    Ашимова Жанар Кадылгумаровна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12870
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Ранняя диагностика, коррекция и предупреждение нарушения речи у детей дошкольного возраста

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 747 человек

Курс повышения квалификации

Федеральная адаптированная образовательная программа для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 681 человек

Курс повышения квалификации

Организация музыкального воспитания детей в дошкольной организации

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 709 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 296 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек