«ДҮМБІРЛЕ, ДАЛАМ,
ДҮМБІРЛЕ...»
Мақсаты: Наурыз мейрамы
туралы түсінік беру, салт-дәстүр, ұлттық ойындар мен тағамдарды қайта жаңғырту.
Сахна мерекеге
сай безендірілген. Залда Р.Рымбаеваның орындауындағы
«Наурыз» әні ойнап тұрады. Сахнаға қазақ көйлек киген 6 қыз шығады.
1.
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
2. Наурыздың жанға жайлы самалы
есіп,
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.
Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы,
сана өсіп.
3. Кең жайып қазақы үйдің керегесін,
Көрсетіп қадір-қасиет негесін,
Мерейі қазағмның өсе
берсін,
Көгертіп мәңгі бақи көсегесін.
4. Наурызда жарқылдаған жасын от бар,
Адамдар құлай сүйген қасиет бар.
Ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.
5. Тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы бал,
наурыздың құшағында шуағы бар.
Сән беріп шаттығым ақ шұғыла,
Мерейін елдің асқақ куә қылар.
6. Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын,
туған елім!
1- жүргізуші:
Салтымен
ата-бабаның
Жаңғырды қайта заманым
Тіршілік басы, о, Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
2- жүргізуші:
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
1-жүргізуші: Ассалаумалейкум, аяулы ұстаздар, ардақты аналар,
қадірлі қонақтар, құрметті студент достар, бүгінгі Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың
Ұлы күніне арналған мерекелік кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
2- жүргізуші: Наурыз парсы тілінен «нау» - жаңа және
«руз» күн – жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Қазақтар
бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде
наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше гуіл естіледі. Мұны
тек қана қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл
табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет
нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген екен.
1-жүргізуші: Наурыз — барша қазақстандықтардың
ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз —
қаңкылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана
гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың
қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол
ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа
бөленетін шақ.
2- жүргізуші:
Ән қосылған әніне,
Сән қосылған сәніне
Ырысты боп бұл наурыз
Бақ дарысын бәріңе.
1-жүргізуші: Ұлыс күні «Қазан толса, ол жылы – ақ мол болар,
үлкеннен бата алса – ел олжалы болар»,-деп ел арасын бірлікке, татулыққа,
ынтымаққа шақырған, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі
Наурыз тойы тағы да жыл басы болып колледжіміздің ақ босағасын аттады. Семей
көп салалы колледжінің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызына құттықтау
сөз береміз.
Сәуле апай:
Алас, алас, алас!
Әр пәлеңнен қалас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Уы жаманның уынан алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас,
алас, алас!
Қыла гөр Алла мың пәлеңнен қалас!
Жанат Советовна:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің,
Теріп ал бұл шашудың кәмпиттерін,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін!
Сәуле апай:
Халқымыздың
мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол
себепті осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып,
бақ кондырады. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қыдыр ата
даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа
түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Дана халқымыздың «Батамен ел,
жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанеки, Қыдыр атадан Наурыз тойының ақ батасын
сұрайық.
(Бір баладан бата сұратамыз)
Қыдыр ата:
Ассалаум уағалейкүм, халқым менің!
Ұлыстың ұлы күні шаттан елім!
Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын
Қабыл ал жаратқаным батамды менің!
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,
Топастықты кешпеңдер,
Ананың сүтін ақтаңдар,
Арларыңды сақтаңдар!
Жалқаулық жаудан жаман-ды,
Жеңіңдер оны күреспен:
Жеңіске жетер бірлескен.
Кең пейіл, дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз;
Дәстүрін елдің сыйлаңдар
Дүстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
1-жүргізуші:
Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
2-жүргізуші: Ұлттық ойындар - ата-
бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес
байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа
пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
1-жүргізуші:
Ал, балалар, ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Ұлыстың ұлы күні
Наурыз тойын тойлайық!
2-жүргізуші: Наруыз күнi думан-тойды аталарымыз
наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би,
ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Қазақтың ойын-сауығы достық пен
қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлі. «Көп салалы»
ауылымызда ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту мақсатында
бүгін сіздерге әр курс студенттері жеребе арқылы түскен ойындарын көрсетіп,
ұлттық тағамдардан дәм ұсынады. Ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді. Олай
болса, ойынымызды бастайық, Ақсүйекті тастайық!
1. «Ақсүйек» (БС-21, ДШ-21)
2. «Орамал тастау» (ҚТӘ-21, ЕТЖ-21, ҚТ-21)
3. «Соқыртеке» (ҚТӘ-31, БС-31, ДШ-31)
4. «Тасымақ» (ПР-22, БС-22, УА-22)
1-жүргізуші:
Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
2-жүргізуші:
Салауатты өмірдің салтанаты, күн
мен түн теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен
татулық сыйлаған НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын! Дендеріңізге амандық-саулык,
шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Аман-есен тойдан
тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылмен кетсін! Алла тағалам Жаңа
жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен қауышуға жазсын! Наурыз құтты болсын!
2-жүргізуші:
а) Дәмді – дәмді
тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
( Дастархан)
ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.
( Сандық)
б) Шыр көбелек айланар
Беліне жіп байланар.
( Ұршық)
в) Арқауы бар қос қалта,
Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.
( Қоржын)
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.