Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Наурыз мерексіне сценарий "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз"

Наурыз мерексіне сценарий "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_f073e20.gif«Глазунов орта мпектебі» ММ





C:\Users\Администратор\Saved Games\Desktop\prazdnik.jpg


































2016 жыл


Ұлыстың ұлы күні -Наурыз


1-жүргізуші:

- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім.

Ата салтын бабамның

Алып келіп Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

Береке-бірлік болсын, - деп

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Еңбек пенен тірлікті.

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

2-жүргізуші:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер,

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңді

Ұлыстың ұлы күніне

Жиналыңдар алаңға,

Кешігіп одан қалмаңдар!

Күміс көмей әншілер,

Құдіретті күйшілер,

Мың бұралған бишілер,

Балтыры жуан палуандар,

Құралайды көзге атқан мергендер,

Күміс көмей, жез таңдай шешендер,

Қара қылды қақ жарған көсемдер,

Он саусағы алтын шеберлер,

Бәрің де сынға түсіңдер!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,

Озып шыққан дүлдүлге

Үлкен-үлкен сый бар!

(Наурыз келгенін білдіретін ән естіледі, қораз шақырады)

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

(Шашу шашылады)

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 4 киіз үй тігіліп, яғни, төрт ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы төрт ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Таныстыру

ІІ. Ең дәмді наурыз көже

ІІІ. Ұлттық киім

ІV. Ұлттық өнер

V. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

VІ. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.

2-жүргізуші: Сайысқа түскелі отырған аулдарға әділ бағасын беріп отыратын, әділ қазыларымызды таныстырып өтейік. Әр ауыл баллдық жүйемен бағаланып отырады. Ең төмен 2 балдан, жоғары 5 балдық жүйемен бағаланады.

1. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Берсүгірова Д.С.

2. Ағылшын пәнінің мұғалімі Абдибекова А.Б.

3. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Садыкова З.С.


Ауылдарымызға « Ынтымақ», « Мейрам», «Бірлік», «Береке» деген аттар бердік. Сайысымызды бастуға рұқсат етіңіздер. 1 кезең бойынша әр ауыл өздерін, ауыл басшыларын таныстырып өтсе.

1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын Қыдыр атадан бата сұрап алайық:

(Қыдыр ата келіп бата береді)

Қыдыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күні мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!
Жер – Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті - әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін. Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз – бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шпаттыққа бөлесін!

Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.
Сөздерің серттей берік болсын
Өмірлерің көңілді болсын
Қазақ елі атауы баршамызға
Мәңгілік ел болуға бастау болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Теңгеміз құнды болсын. 
Пейілдерің кең болсын,
Отбасына бақыт келсін,
Таудай талап берсін,
Бармақтай бақ берсін.
Ұлыс оң болсын!
Қайда жүрсеңде жол болсын!

(Ұлттық киім киген бала ортаға шығып Қыдыр атаға тостаған толы наурыз көже ұсынады.)

- Әп, бәрекелді, жасың ұзақ болғыр! – деп балаларға бата айтады. Балалар шетке тізерлеп отыра қалады

Мінгендерің балалар,

Жорға-жорға тай болсын!

Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!

Ай жағыңа қарасаң,

Алтыннан терек орнасын!

Айыңда келген мейманың,

Оған атын байласын!

Күн жағыңа қарасаң,

Күмістен терек орнасын!

Күнде келген мейманың,

Оған атын байласын!

Таң мезгілі болғанда,

Бозторғайдай шуылдап,

Бөденедей пырылдап,

Берекелі құт болып,

Қызыр келіп дарығай! – деп Қыдыр ата , ауылдарды аралап шығып кетеді.

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «_Наурыз__» әнімен __трио 4 сыныпты__ шақырамыз.

1-жүргізуші: Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас.Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Ендеше  сол 7 дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм алып, «Ең үздік наурыз көжені» таңдап алсақ. Ал қазылар алқасы дәм татып, бағаларын берегенше, өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық: « Қазақ», би орындалады.

2-жүргізуші:

Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезеңді бастайық. Әр ауыл өздеріне берілген киім үлгілерін таныстырмақ. Ал әділ қазылар өз бағаларын беріп отырады. (қазақ күйлері орындалады) 

1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым! 

2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері. 

1-жүргізуші. Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! (Төрт ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

2 сынып Көрініс.

(Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Әділ түрде әр ауыл басшыларына 5 сұрақ дайындау ұсынылған болатын. Бұл сұрақтарға қай ауыл басшысы жауап беруін білу үшін, жеребе тастаймыз. Қоржынның ішінен асықтарды таңдау арқылы, сұрақты кімге қоятындарынды біле аласыздар. Әділ қазылар өз шешімдерін шығарып отырады.

«Түрік биі»

2-жүргізуші: Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Ол әрине салт-дәстүр. Сондықтан ең соңғы шешуші сайысымыз «Салт-дәстүр» кезеңіне де жеттік. Әр ауыл дайындаған сал дәстүрлерін ортаға салсын.

1-жүргізуші: 

Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік. Әділ қазылар өз шешімін шығарғанша, әсем ән тыңдап отырайық ағайын.

Ән: « Наурыз думан »

(әділ қазылар өз шешімдерін айтып, әр ауыл өз жүлделерін алып, марапатталады)

1-жүргізуші: 

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер. 

2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

«Туған жер» әні

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров60
Номер материала ДВ-565384
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх