Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / "Наурыз" мейрамы және оның тарихына шолу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

"Наурыз" мейрамы және оның тарихына шолу

библиотека
материалов

Наурыз мейрамының тарихи түп-тамырына үңілсек...

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы негізінде туындаған халықтық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және отбасылық той –томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет-ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым-сырым, наным-сенімдермен бірге зороастризм, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар- жыл басы тойы-Наурыз, жаз тойы- Қымызмұрындық, күз мейрамы- Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы-Соғым енеді.

Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным-сенімі, таным –түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болады.

«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден ұлттың мінез –құлқы, үлгі-өнегесі, зейін-зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл-ойы, сондай-ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді, яғни, салт-дәстүр дегеніміз- халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі болып саналады.

Наурыз- өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.

Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», « ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан- «жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан «жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті «Авеста» кітабында, ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің энциклопедиясы- «Диуани лұғат –ат-түрк» сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдылықтар жақсылыққа «Ахуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған. Қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5(6) күн- «бес қонақ» деп аталады. Бұны фарсылар «фэнджи», сотистік күнтізбеде «эпагоменай» (шолақ ай) дейді. Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп өмір үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкес келеді. Осы бір «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар» қиын, қысталаң кездері халық тілінде «өліара» деп аталады. Қазақтар осы бір 5 (6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын-той жасамайды, мал сойып, қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада «апыр-ай, қайтер екен» деп ауыл иттерін де үргізбеген.

Қыс пен жаздың халық санасындағы осы бір көрінісі кейбір ғалымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік түсініктен іздеп, Жақсылық пен Жамандықтың, Қыс пен Жаздың, Суық пен Жылының, Қайырымдылық пен Қатыгездіктің күресінен туған деген ой қорытындылауына себеп болды. Алайда, «Екі жарты-бір бүтін», «бірлік болмай, тірлік болмас», «тіршілік көзі-бірлікте» деген халық даналығына үңілсек, ата-бабаларымыздың жаратылыс жайындағы түсінігі басқаша болғандығын байқаймыз. Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі алмастырып отыратын тіршіліктің құралым бөлшектерінің үйлесімді бірлігінен бір тұтас жаратылыс, тіршілік туса керек. Көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды.

Бұл күн аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні-Ұлыс күн» деп атаған. Тарихта Григориан күнтізбесі бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.

Наурыз сөзі иран тілінің ноу- «жаңа», руз- «күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі- біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтына бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдылықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетті. Иран тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже- «сумалак» ұсынады; ағаш соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады; көнетоз киімдерін тастап, үйдегі ескі шыны-аяқты сындырады; бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою- «күн символын» салады; үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге- жамбы атып жарысады. Кімде-кім бірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Бұған тағы бір дәлел «Наурыз» жырында: «Құл құтылар құрықтан, Күн тұтылар сырықтан»,-деп жырланғандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған. Наурыз күні ертедегі Иран патшасы қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «құлға да бір күн азаттық», «құлдан да бір тілек бар» деген мәтелдер осы бір көне рәсімдерге қатысты болса керек.

Христиан дінін қабылдағанға дейін ежелгі Русьте Жаңа жылды 1 наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған. Олар мейрам күндері Құт құдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағаштарына ілген. «Түрлі аурулар мен пәле-жаладан сақтайды» деген сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, үстелдің қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қояды екен.

Ағылшындар ХVІІІ ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 наурызда тойлап келді.

Біздің заманымыздың VІІ-VІІІ ғасырларында Иран мемлекетімен, қазіргі Өзбекстан жерімен, Қазақстанның оңтүстік аймағын арабтар жаулап алады да, оларды мұсылман дініне енгізеді. Ата салт, әдет-ғұрыптан айырылған жұрт езгіге көнгіш, дінге де құлай сенгіш болатынын жақсы ұққан шапқыншылар қол астындағы халықтардың көне салт-дәстүрлерін жоғалтып, жойып жіберуге, жер атаулары мен адам аттарын өзгертуге, мәдени мұраларын талқандауға барынша күш салды. Олар, әсіресе, халықтық мейрам –Наурызды тұншықтыруға көп күш-қайраттарын жұмсады. Мәселен, ұлы Абайдың: «... Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады»,-деуінің астарына тереңірек үңілсек, осы бір идеологиялық күрес тартысынан хабардар боламыз. Өйткені, күн күнтізбесі бойынша қалыптасқан Наурыз мейрамы барлық тұрмыс-тіршілігі ай күнтізбесіне сай келетін мұсылмандық идеологияға мүлде қайшы келетін еді.

Арабтар жаулап алғанға дейін Күнге табынған Иран елдері наурыз күні күн сөзінің бас әрпі- «шин»- мен басталатын 7 затты дастарқанға қоятын: 1. шарап; 2. шир (сүт); 3.шырын (тәттілер); 4.шекер (қант); 5. шербет; 6.шам;7.шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап-тірілу, сүт-пәктік, тәттілер-шаттық, шекер-ризалық, шербет-демалыс пен қоңыржайлық, шам-отқа табыну, тарақ-әйел затының сұлулық нышаны. Ал араб идеологтары мейрам салтын өзгерту үшін бас әрпі ай сөзінің басқы әрпі- «син»-нен басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: «сир»-сарымсақ, «сабзи»-бидай, «чанчид»- жиде, «себ»-сірке суы, «сипанд»-рут шөбі және «сухон» егеу. Осылайша араб шапқыншыларының қол астында қалған Орта Азия халықтары Наурыз тойын бір ғасыр шамасында бүкіл халық болып тойлай алмай қалды. Бірақ көне мейрам халықтар жадынан ешқашан шығып та қалмады. Кейде жасырын, кейде ашық бұл мейрамды әркім ошақ басында, өз үйінде тойлай берді. Халықтық мейрамды ел санасынан өшіріп, жойып жібере алмаған отаршылар күрес тәсілін өзгертіп, Наурызды ислам дінінің беделін арттыру үшін пайдалануға тырысты. Сондықтан Наурыз мерекесі халифатты басқарып отырған Әли иманның құрметіне тойланатын той, ал наурызкөже-22 наурызда туған Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті тағам деп жарияланды. Осылайша арабтар наурыз мерекесіне ислам дінінің кейбір элементтерін енгізгенімен, бұл халықтық мереке халықтық мейрам болып қала берді.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, 1920 жылы жас Кеңес өкіметі Наурызды халыққа қайта тарту етті. Мәселен, 1925 жылы 22 наурыз күні «Еңбекші қазақ» газеті бұқара халықты наурыз мерекесімен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен: «Мейрамы ежелден құтты болсын, бұл Наурыз!»,-деп жазды. Осылайша Қазақстанда тойланып келген Ұлыс күні асыра сілтеушіліктің салдарынан 1926 жылы күрт тоқтатылды. Одан кейінгі жылдарда Наурыз мерекесінің бағы ашылды деп айту қиын. Ол бірде «діни мейрам», бірде «ескіліктің сарқыншағы» деген жалған жаламен қуғынға ұшырады. Халық жадында еміс-еміс, үзік-үзік болып сақталған Наурыз Қазақстанның кейбір өңірлерінде ошақ басында тойланып келсе, кейбір аймақтарда мүлдем ұмытылған. Бір халыққа тиесілі ұлттық мереке ғана емес, жалпыхалықтық ұлтаралық мейрам- Наурыздың қайта тіріліп, жаңғырып, халқымен қайта қауышуына бүгінгі уақыт, демократия, жариялылық мүмкіндік алып берді. Қоғамдық пікірге көңіл қойған үкімет орындарының басшылығымен 1988 жылы көктемде Алматы қаласы мен астаналық облыстардың кейбір аудандарында 62 жылдан соң тұңғыш рет Наурыз тойы тойланды. Сол жылдан бастап ежелгі Күн мейрамы- Жыл басы тойын жалпыхалық болып қарсы алып келеді. Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды.


Асанбекова Г.С-№159 гимназияның

тарих және құқық пәндерінің мұғалімі


4



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.10.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров816
Номер материала ДВ-084763
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх