Инфоурок Начальные классы ПрезентацииНаурыз мейрамына арналған сценарий

Наурыз мейрамына арналған сценарий

Скачать материал

Таырыбы: Наурыз – думан

Мақсаты: Оқушыларға мұсылман халықтарының жаңа жылы 22 наурыздан басталатынын, келер жылдан күтілетін мол үмітпен бөлісу және бұл той салт – дәстүр, әдет – ғұрып нанымдарын ұмытпай қайта жаңарту мейрамы екенін баса айту.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілік: үнтаспа, күй, мерекелік сөздер жазылған сөздер

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз:

Құрметті ата – аналар, оқушылар және кешке келіп отырған ұстаздар! Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс – құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен – кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. «Наурыз» – парсы тілінен аударғанда – жаңа күн, жаңа жыл дегенді білдіреді. Жаңа күн дегеніміз – адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші реніші басылып, жаңа күнді қайта бастауы. Бұл күндері бар адамзатпен бірге табиғатта «Наурыз» тойын тойлайды. Аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Осы қасиетті наурыз айында күн мен түн теңеледі. Наурыз дастарханын мол етіп жасаса, келер жыл ырысты, берекелі болады деп болжаған. Бұл мерекені ел болып, ауыл болып тойлаған қазақ елі екі екі ауыл жастары бір – бірімен айтысып жатса, балалары ұлттық ойындар ойнаған. Ендеше ағайын, бүгін «Наурыз» мерекелеріңіз құтты болсын, бүгінгі ашық «Наурыз - думан» атты тәрбие сағатымызға кош келіпсіздер. Бүгін ауыл арасында наурыз мерекесін қалай тойлайтынын тамашалап көрейік

І – ауыл «Абай ауылы»      ІІ – ауыл «Жамбыл ауылы»

Ауылдарға қойылатын талаптар:

Ауылын таныстыру      Салт – дәстүр көрсету

Өнер көрсету                 Сұрақ – жауап                Айтысу

І бөлім  «Ауылын таныстыру»

                       Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы»
                       Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

                       Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

                       Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп

«Ауылын таныстыру» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға әр ауылдан бір не екі адам шығып,ауылдарын таныстырады.

ІІ – бөлім «Салт – дәстүр көрсету»

Дәстүрі бар халық еш сөнбейді,

Ол қайта дараланып көкке өрлейді.

Қазағымның тәрбиесі саналатын,

Біліп жүргін, бүлдіршін дәстүріңді – демекші ортаға ауылдардың дәстүрді насихаттауы.  Әр ауыл өзідерінің салт – дәстүрлерін көрсетеді.

 

 

ІІІ бөлім «Өнер көрсету»

Өнер деген әр адамда бар қасиет,

Оны да біліп жүрген бір ғанибет.

Дүйім елге көрсетсең өнеріңді,

Шаттанып қол соғады бір бағалап. Әр ауыл өзідерінің өнерлерін көрсетеді.

 

ІҮ бөлім «Сұрақ – жауап»  

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен мына жұрт,
Сол себептен сіздерге қоятын сұрақтар бар.

Бұл бөлімде сайыскерлеріміз асықтарды алып, ондағы сұрақтарға жауап береді.

1 – сұрақ: "Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір! "Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы.

2 – сұрақ  Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар)

3 – сұрақ Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?

(наурызкөк)

4 – сұрақ  Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен?  (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған)

5 – сұрақ  Наурызнама – деген не? (шат – шадыман, ойын-сауық)

6 – сұрақ «Енші дегеніміз не?» (Енші — қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесі. Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бөледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады)

7 – сұрақ «Тоқымқағар дегеніміз не?»

Тоқымқағар - ауыл-үйдің қарттары жол жүрерде, сөйтіп жастар жағы бірыңғай болып ауылда қаларда немесе жас бала тұңғыш рет атқа мінерде «тоқымқағар» деп аталатын тамақ пісіріліп, дастарқан жайылады. Бір жағы жол жүрер үлкендердің жолының болуына тілектестік болса, екіншіден жас баланың азамат болғанына қуаныш білдіру белгісі болып табылады. Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып, сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

8 – сұрақ  «Сыбаға дегеніміз не?»

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқаларысияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрек, жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды.

9 – сұрақ «Ерулік дегеніміз не?»

Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды,

бөтенсіретпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.


Ү бөлім  Айтыс – қазақ  халқында ежелден келе жатқан сөз жарысы. Айтыстың көптеген түрлері бар. Олар «Қыз бен жігіт» айтысы, «Жұмбақ» айтысы т.б. Енді бүгін біз сіздерге осы айтыстардың ішіндегі көп таралғаны «Қыз бен жігіт» айтысын көрсетпекпіз. Қабыл алыңыздар.

 

Қорытынды: Жарыс деген аты болмаса, міне, көріп отырсыздар татулық бірлік, ынтымақ болса, ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болатыны сөзсіз. ҚР Президентінің әр жыл сайын Қазақстан Халқына жолдайтын Жолдауында басын ашып айта кететін басты мәселе татулық пен достық. Екі ауыл тату болса, тұтас мемлекет тату деген сөз. Әрқашанда таут болайық, дос болайық деген Елбасының алдына қойған бір мақсаты болса, ол мақсатты жүзеге асыратын мына сіз бен біз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын! Сәбидің жүрегінен шыққан сөз орындалады. Қазақта сәби айтты бітті, ол орындалуы керек деп есептелген. Ендеше осы кішкентай сәбилеріміздің осы өсіп келе жатқан мемлекетімізге және мына жаңа жыл мерекесіне қандай бата – тілек айтар екен. Оқушыларыдың бата – тілектері.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – сұрақ: "Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!

 

2 – сұрақ  Наурызша деген қандай мағына береді?

3 – сұрақ Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?

 

4 – сұрақ  Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? 

 

5 – сұрақ  Наурызнама – деген не?

 

6 – сұрақ «Енші дегеніміз не?»

 

7 – сұрақ Тоқымқағар дегеніміз не?

 

8 – сұрақ  «Сыбаға дегеніміз не?»

 

       

 

 

 

 

«Наурыз мерекесіне орай»

Ауылдар арасындағы жарыстан

Жүлделі   - орын иеленген

               Жамбыл ауылы

марапатталады
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мектеп директоры: __________ Ж. Құлахметова

 

    Сынып жетекші:__________  С. Смагулова

 

 

 

 

 

«Наурыз мерекесіне орай»

Ауылдар арасындағы жарыстан

Жүлделі   - орын иеленген

               Абай ауылы

марапатталады
 

 

 

 

 


              

            

 

 

 

 

Мектеп директоры: __________ Ж. Құлахметова

 

    Сынып жетекші:__________  С. Смагулова

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Наурыз мейрамына арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2017 4008
    • DOCX 361.8 кбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулова Самига Шариповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смагулова Самига Шариповна
    Смагулова Самига Шариповна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19892
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 058 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе