Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Статьи / "Наурыз той" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Наурыз той" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тақырыбы: « Қош келдің,НАУРЫЗ!» 
Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Балалардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Барысы: Жүргізуші:  Аманбысың ардақтыАрдақта Наурыз тойын салтыңды елім. 
Мереке басы болсын берекенің 
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін! 
Наурыз тойға жиналған халқым менің 
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім. 
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің, 
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің. 
1. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, 
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. 
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана, 
Алып келдің жер бетіне гүл көктем. 
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып, 
Қыс барады қиылып, жылап тұрып. 
Шатырында үйлердің Наурыз жүр, 
Мұз пердесін ақпанның лақтырып. 
2. Көргенде қуанасың таза ауаны, 
Құлаққа естілгендей жаз әуені. 
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи, 
Наурызың құтты болсын, қазақ елі. 
Жүргізуші: Мың бұрала би билеген қырмызы, 
Қызғалдақтай, алма мойын қыр қызы. 
Он саусақтан өнер тамған, бал тамған, 
Беу, қазақтың дара біткен бір қызы 
Би: «Қамажай» 
Жүргізуші: 
- Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан? 
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады. 
Алдар: 
- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға! 
Қожанасыр: - Нұрлы Наурыз тойына келіңдер! 
Тазша бала: - Уа, балалар! Жылқы жылының айтулы тойы, біздің балабақшаның мерекесіне келіңдер. 
Алдар көсе: - Әй, ағайын, ағайын!  Той деп жар салайын, 
Наурыз тойға келіңдер,  Мен де бірге барайын! 
Қожанасыр: - Ағайын тойға келіңдер,  Мерекені көріңдер. 
Жылқы жылы келді еліме, Той көрімдік беріңдер! 
Тазша бала: - Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда? 
Алдар көсе: - Биыл жылқы жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе? 
Қожанасыр: - Тотыша тақылдаған мұның кім? 
Алдар көсе: - Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой. 
Қожанасыр: - Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын. 
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды. 
Алдар көсе: - Наурыз құтты болсын! Жылқы жылы елімізге бақ - береке әкелсін! 
Қожанасыр: - Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген? 
Ассалаумағалейкум, халқым менің,  Ардақты Наурыз тойлы салтты елім. 
Мереке басы болсын берекенің,  Игі еңбектің жемісін бәрің жегін! 
Туа сала атандым Қожанасыр,  Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә. 
Наурыз тойы 2-ші класта болады деп,  Көк есекті желдірттім мен жетектеп. 
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын? Досымын адал жандардың. 
Жақсыларға серік боп, 
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді) 
Қожансыр: - Алдаркөсе келші күш сынасып көрейік? 
Ойын: «Күш сынасу» 
Алдаркөсе: - Енді, Қожеке балалардың өнерлерін тамашалайық. 
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: - Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ 
«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық. 
Наурыз келсе құт келгені халайық, 
Есік ашып шын жүректен, 
Ел болып қарсы алайық! 
Жүргізуші: - Қызыр атаны шақырып бата сұрайық! 
- Ата, бүгінгі думанға сонау алыстын ат арытып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңызда бар болар?! Мына отырған халқыңызға ақ батаңызды беріңіз! — Әумин! 
Қызыр ата: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! 
Қайда барсақ жол болсын! Төрт түлік ақты болсын! 
Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! 
Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын, 
Қайғы уайым жоқ болсын, 
Қуаныштарың көп болсын! 
Жүргізуші: - Қызыр атамның ақ батасына мың да бір алғыс! 
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
 
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
 
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған,
 
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
 
Наурызда әндер шырқайық,
 Өнер жасқа лайық. 
Өлеңдеткен балалардың, Әсем әнін тыңдайық! 
Ән: «Көктем келді» 
8. Ұлыстың ұлы күнінде, Оң болсын, - деп, - ұлысың. 
Төс түйісіп көрісер. Көжедегі ырысың 
Көпшілікпен бөлісер ,Төс түйісу дегені-тату болсын ел іші. 
Бөліп ішу көжені – 
Тоқшылықтың белгісі  Жүргізуші: - Жігіттердің биін тамашалайық. 
Би: «Жұмыр қылыш» 
Жүргізуші: - Наурыз мерекесі әр қайсыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үміт пен шексіз махаббат әкелсін! Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толсын! 
- Бұл жыл – баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын! 
Ой қосылып ойыңа,  Бой қосылсын бойыңа! 
Аман-есен жетейік,  Келесі Наурыз тойына! 
hello_html_eff9831.jpg hello_html_5ae39479.jpg





Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров202
Номер материала ДБ-091311
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх