Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 8 - наурыз тәрбие сағаты

8 - наурыз тәрбие сағаты

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


Тақырыбы: Арулар, аналар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар

Мақсаты: Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көріністер, әндер, оқушылар әңгімелері, суреттер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздер, оқушылар суреттері.

Барысы: І бөлім.

Кіріспе әңгіме
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Өздеріңізге арналған «Арулар, аналар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

1-жүргізуші: Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық

2-жүргізуші

Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді. Ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойлананды. Біздің оқушылар да құр алақан емес. Оқушылар өз аналарына арнап шығарған жыр шумақтарын немесе жаттаған тақпақтарына кезек берсек.

1Нұрасыл:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2.Темірлан:Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Анаға айтар лебізі.
3. Фархат: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай

4. Бекнұр: Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме Ертеңіңіз тұр күліп.
5
. Аяла:Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
6.Диана: Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.дей келе Сайлауғазы Бекнұр мен Зарлықанова Аяланың орындауындағы «Ертегілер елінде»әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «өзбек биін»деп келесі кезекті Ерназарқызы Мәриямның орындауындағы «Өзбек» биін тамашалаңыздар.
7. Әділжан С. Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-
8.Әділжан Б: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

9.Ерасыл: Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана –күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын
10.Бекзат: Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

11.Мәриям:Анам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа анам ертеің - ақ

Отын болып шабам ғой

12.Аяжан.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп Маратбеков Нұрасылдың орындауында аналардың мерекесіне арнап «мерекем» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 8 наурызға арналған мерекелік іс шарамызда би де биленіп жатыр, ән де шырқалып жатыр, ендігі кезекті сіздерге арналған «Үш ана» көрінісін тамашалаңыздар. Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
13.Ернар: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
14.Бауыржан: Аман бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегімде баулыған
Тілегім де мархабат
Анамызға мың алғыс!
15.Бақытбек:Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

16.Жібек:Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.
17.Нұрсұлтан :

18.Альбина: Апатайым анашым,

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

2 – жүргізуші:

Мен өнерліге қайран қалам,

Халық десе алаулап жайрандаған.

Сахнаның төрінде тамсандырып,

Ән салады Айзат жайраңдаған.

1 – жүргізуші:

Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама
Мың бұралып билеген,

Жалқаубек биімен ортада

19.Дарина:

20.Айзат: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз!

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

21.Дина :    Бұл мереке жаны нәзік жандардың,

Көңіліне сыйлайтын күн – гүл көктем.

Жүрек жарды құттықтауды жолдаймын,

Өздеріңе деген сондай үлкен құрметпен.

22.Сара Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп, ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз!

23.Мирас: Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қашанда.

24.Ерлен: Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам берекең

Құтты болсын аруларым

Қуанышты мерекең

Хор: Ақ мамам

2-жүргізуші: Аналар, қалқап бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі « Аналар, асыл жандар» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емес пе?
Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-345544
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>