Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Наурыз жыл басы" 22 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Наурыз жыл басы" 22 сынып

библиотека
материалов

Наурыз –жыл басы

Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе:

Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Бүгін ұлыстың ұлы күні.Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күні.Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез. Ендеше Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Хор: «Келді көктем»

Жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.

Келін: Үлкендерге,бәріңе

           Сәлем берем иіле

           Орындалсын ойларың

           Құтты болсын тойларың.

Әже: Кел,кел, келінжан!

Қонақтарың келіп жатыр.

« Жаңа жылдағы дастархандарың бай болсын,

Қазан – ошақтарың май болсын дегендей, 7 түрлі дәміңді салып, наурыз көжелеріңді пісіріп, «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын,жауын-шашын көп болсын », деген ырыммен, ыдыстарыңды дәнге, аққа, суға толтырып қоя бер, келінжан.

Музыка ойналып наурыз биі биленеді.

Тазша бала келеді.

Тазша бала: Ассалаумағалейкум, халайық!

                     Наурыз мерекелерің құтты болсын!

     Ата: Е, шырақтарым, өздеріңмен орта толсын.кім боласыңдар?!

Тазша бала: Мен халқыма қылығыммен жаққан, Тазша баламынғой.Мынау Наурыз Аруымен бірге той тойлап жүрмін.

Наурыз Аруы: Уа, халқым!

Жаңа жылымызда халқымыздың несібесі көп болсын.Даламызға бұл Жаңа жылым құт болсын.Ауылдарыңызда наурыз тойы болып жатыр деген соң, тойда ойын-сауыққа қатысайық,айтыскерлеріміздің айтысын тыңдайық, үлкендермен көрісейік деп келіп қалдық.

Әже: Бәрекелді, көп жасаңдар,Тазша бала, Наурыз аруы!Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер.

Ата: Өркендерің өссін! Көп жасаңдар!Кәне,дастарханға төрлетіңдер.Астан алып отырыңыздар, зарыға күткен жаңа жылымыз-Наурыз да келді – ау.

Алихан: Ата,ата! Жұрттың бәрі Наурыз, Наурыз дейді.Ол қандай мереке өзі ? Бәрі Жаңа жыл дейді, Жаңа жыл қыста болмай ма?

Ата: Ой,балам – ай! 22наурыз күні, күн мен түн теңеледі.Табиғаттың бәрі жаңа өмірге келеді,жер көгеріп,ағаштар бүршік жарады.Сондықтан да Наурызды Жаңа Жыл деп атайды.Шығыс халықтарының Жаңа Жылы Наурыз болып саналады. Наурыз күні салт-дәстүрлер жасалып, ұлттық ойындар ойналады.

Күн мен түн ортаға шығып билейді..

Күн: Сәулесі мол Күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі бірге: Біздер бүгін бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн: Ал, ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңіздер бірақ.

Ақнұр: Ата, ата қонақтарға тақпақ айтып берейікші                                                                                                             Наурыз келді-жыл келді.

             Наурыз келді-нұр келді.

             Бақшадағы балалар,

             Шаттанып тойға қуанды.

Жүргізуші: Салтымен ата-бабаның

                   Жаңғырды қайта заманым

                   Тіршілік басы, О, Наурыз!

                   Қайырлы болсын қадамың

Ән: « Қазақтың дастарханы »

Жүргізуші:   Ақ көжеден дәм татып,

                     Күшейтейік бірлікті,

                     Еңбек пенен тірлікті

                     Салт дәстүрмен жараса,

                     Қайта құрып жаңаша

                     Жарыса өнер көрсетіп,

                     Той тойлайық тамаша.

Айтыс:

Алихан: Айналайын халқым – ай

Болсын жүзің жарқын –ай.

Ата салтын сақта деп,

Ұран етем баршаңа – ай.

Айзере:Құтты болсын айтамын,

Наурыз тойға халқым- ай

Шықтық біздер жырлауға,

Қазағымның салтын-ай.

Алихан:Тойға тарту етердей

Не сыйың бар еркем-ай

Жұмбақ, тақпақ, жаңылтпаш,

Айтасың ба ертегі –ай.

Айзере:Айтсам егер жаңылтпаш,

Жаңыласың қалқам – ай,

Жұмбағымды шеше алмай

Қиналарсың батырым.

Алихан:Қына тасқа бітеді

Ақыл басқа бітеді.

Жұмбағыңды шешердей,

Білім бізде жетеді.

Екеуі бірге: Наурыз тойың бүгінгі,

Құтты болсын халқым –ай.

Отанымның тұғыры

Мықты болсын халқым-ай.

Мықты болсын халқым-ай.

Жүргізуші: Алтын қақпа ашылып,

                   Наурыз келді, жыл келді,

                   Жылмен бірге жыр келді.

                   Жер бусанып,құс келіп,

                   Жеріме әсем нұр берді,-дей келе балалардың жыр шумақтарына кезек берейік.

Зарима:Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы,

Дастарханына елімнің,

Береке – ырыс сыйлашы.

Ясина:Әнімде саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде,

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде наурыз күлімде.

Жүргізуші: Салтымен ата- бабаның

                   Жаңғырды қайта заманым.

                     Тіршілік басы, О, Наурыз!

                     Қайырлы болсын қадамың!

Ән: « Ақ көгершін »

Ұлзада: Хош келдің Наурызым,ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты.

Нұрай:Келді Наурыз, жар салып.

             Би билейік ән салып.

             Жылда келсін Ұлыс күн,

             Тұрайық есен қарсы алып.

Жүргізуші:Камзол киген қынай бел,

                   Толған ою, өрнекке.

                   Билесін деп сұрайды ел,

                   Өнерлерін көрмекке

Қазақ биі орындайтын Қибат Марина

Аяулым: Армысың Наурыз,

Қуаныш боп кір төрлет.

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый құрмет.

Нұрхан:Наурыз – бабамның сөзі.

Наурыз – анамның сөзі

Ғасырдан ғасырға жеткен

Даламның сөзі.

Жүргізуші:

Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық

Айтыс:

Марина: Меніменен айтысар

Қыз құрбылар қайсың бар

Қолдан келсе әзілдеп

Маған сынды айтыңдар.

Ұлзада: Айтысуға өзіңмен,

Шығыптұрмын алдыңа.

Күн аттарын білмеуші едің,

Жаттап оны алдыңба ?

Марина: Құрбым кімге күлесің,

Өзің нені білесің.

Оңға дейін қиналып,

Санай да алмай жүресің.

Ұлзада: Бәтеңкеңнің бауында,

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе,жейдеңді,

Теріс қарай киюші едің.

Марина:Олпы-солпы кейгенің,

Ойыңда не түйгенің,

Намысыма құрбы жан,

Наурыз күні тимегін.

Екеуі бірге: Ұлы Наурыз бәріңді,

Татулыққа шақырған.

Тоқтатпасақ айтысты,

Сөз қалғанба ақыннан.

Аружан:Уа, ағайын туысқан,

               Наурыз күн туды шығыстан.

               Сол тойға келдім шақырып,

               Ат терлетіп алыстан.

Жүргізуші: Ақ түйе қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Асыққын сенде сол тойға,

Барлық жұрт мұнда ағылды.

Айтыс:

Екеуі бірге: Армысыздар халайық!

                     Амандасып алайық!

                     Наурыз тойын тойлайық!

                     Құтты болсын айтайық!

Зарима:Ал кәнекей құрбыжан.

               Әзіліңді бастаған.

               Өнеріңді көрсетіп,

               Айтысқа түс құрбыжан.

Нұрхан: Ау демейтін қазақ жоқ.

Шығамын менде айтысқа,

Әзілімді көтермей,

Жылап жүрме құрбым-ай.

Зарима : Жазуыңды жазалмай

               Қиналып сен жүрушең.

               Сабақта тыныш отырмай,

               Аузыңа тыным болмаушы-ед.

Нұрхан:Қаламсаппен жазуды,

Үйрендім деп мақтанба.

Буындап сен оқи алмай,

Ежіктеп сен жүруші-ең.

Екеуі бірге: Оқу менен жазуды,

Өнер менен тәртіпті,

Үйретті бізге апайлар,

Үйретті бізге ағайлар.

Осыменен айтысты,

Біз доғарып,қоялық,

Наурыз тойын тойлайық.2

Айзере:Құтты болсын Наурыз.

               Арманымыз, әніміз.

               Наурызды қарсы алып,

               Қуанамыз бәріміз.

Марина: Мерекені байырғы,

Алды халқым қабылдап.

                 Ақ дастархан жайылды,

                 Ошақта от жалындап.

Жүргізуші: Қыздарым сұлу өнері асқан,

Ән шырқап сәби жастан.

                       Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

                     Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

Хор» « Наурыз –жыл басы »

Батамен ел көгерер,

Жауынмен жер көгерер-деген екен ата-бабамыз,олай болса қол жайып үлкеннен бата сұрайық.

Ата бата береді.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

                           Деніміз сау, мықты болсын.

                         Еліміздің несібесі мол болып!

                       Ұрпағымыз көбейіп, тоқ болсын.

                        Қолдасын Қыдыр атам.Міне батам.Әумин.

Жүргізуші: Наурыз көже – тағамның ең үлкені

Жадыратып, жаныңды семіртеді.

Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,

Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі. – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында

баршаңызды дәм татуға шақырамыз.



Автор
Дата добавления 08.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров88
Номер материала ДБ-017851
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх