Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / 8-наурызға арналған ертеңгілік "Ардақтайық ананы!" (Ересек топ)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

8-наурызға арналған ертеңгілік "Ардақтайық ананы!" (Ересек топ)

библиотека
материалов

Ардақтайық ананы!!!

Аhello_html_m4810f442.pngқтөбе қаласы

30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі

Тогузбаева Гүлмира Жақсылыққызы









Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Төрге қабырғаға гүлдермен көз тартарлық әдемі жазулар.

Би: Вальс биі.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, аналар, апалар, әжелер, құрметті ұстаздар!

-Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерінен келетін 8-наурыз Халықараық аналар күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі- бұл.

Бәрі де,ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды дей келе,-құрметті аналар, әжелер келген қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған «Ардақтайық ананы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Құттықтау сөз мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі Капина Рабиға Кенжебекқызына беріледі.

Сабрина: Сырнай тартып, би билеп,

Тойларыңа балалар.

Бағалаймыз еңбегін

Бәрі: Аман болсын аналар!


Малика: Құтты болсын, ақ анам,

Сегізінші наурызың!

Қасымда бол әрқашан,

Жансын жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған,

Әлпештеген ұл-қызың!


Рахилла: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.



Ән: Құттықтаймын, мама туған күніңмен!

(Есіктен Шығайбай кіріп, көрпеге отырады)

Бай: - Көктем, көктем тіршіліктің көзі деген рас екен-ау, ал тіршілік – табыстың өзі екен. (Артынан әйел ана кіреді)

Ана: - Аман-есен келдің бе, әйтеуір. Ақша табамын деп жүріп, бала-шағаңды ұмытып кетпесең болғаны. (Сырттан көңілді ұл-қызы кіреді.)

Ұл: - Әке, ассалаумағалейкум! Маған бәтеңке әкелдіңіз бе, өткенде айтып едім ғой, қараңызшы жыртылып қалды. (Аяғын көрсетеді.)

Бай: - Көрдім, көрдім кішкене шыдай тұр, міне көктем шықты жазда жалаң аяқ жүруге болады. (Бала өкпелеп отырады.)

Қызы. - Әке, маған күртке керек.

Бай: Мектепке барғанда бір-ақ аласың, әйтпесе ескіріп не қысқарып қалады. (Қызы ренжіп теріс қарап отырады.)

Ана: - Қашан сенің бар дейтін кезің болады екен? (Үйден шыға бере жылап жібереді, алдынан Алдар шығады)

Алдар: - Ай, ақжеңеше, сізге не болды?

Ана: - Не болсын, әлгі Шықбермес басқаны қойғанда, өз балаларына да таттыратын емес. Байыған сайын пейілі тарылып барады.

Алдар: - Мерекенің алдында жарқылдап, жүрудің орнына бұл қалай, қой ренжіме, жүр үйге, мен қазір бәрін реттеймін. (Қайта кіреді.)

  • Ассалаумағалейкум, байеке!

Бай: - (көңілді құшақ жайып) Уағалейкумассалам!

Алдар: Көңіл-күйіңіз жақсы екен, табысыңыз да жаман болмас?

Бай: (Әрине, әрине деп жағасын көтеріп қойып, көңілді әнге салады.)

Менен асқан жұмыстың,

Көзін білер бай бар ма?

Мыңғырған мал корада

Дүниесі сай бар ма?


Алдар: Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Жайсаң мінез жайдары,

Жомарт байлар жоқ па?


Бай: Менен асқан пайдасын

Білетіндей бай бар ма,

Түрі-түсі, бой көркі,

Келбетіңе сай бар ма?!


Алдар Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Сенен өткен тұлғалы

Сұлу байлар жоқ па?





Бай: Теңге қалай жасаудың

Жолын өзім білемін,

Ақша толы қалтамда,

Көңілденіп жүремін.


Алдар: Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Бар болса да жоқ дейтін,

Сараңдығын жоқ па?

Бай: Жетер енді! Түріңе қарамай маған сын айтатын кімсің өзің?

Алдар: - Сен осы заманның шық бермес Шығайбайды болсаң мен айлакер Алдармын.

Бай. – Болсаң болыпсың да, неге мені сараң деп балаларымның алдында беделімді түсіресің, ел естісе сеніп қалмай, а?

Алдар: Сараң екенің, қатты екенің өтірік пе?

Бай: - Өтірік!

Алдар: - Бәстісейік.

Бай: - Қаншаға?

Алдар: - Бір теңге

Бай: Бір теңге? Келістік!

Алдар: - Сенің сараңдығың сонша, бір адамға қарыз бере алмайсың ғой.

Бай: - Кім айтты? Берем.

Алдар: - Олай болса маған келесі жылға дейін жүз теңге қарыз бере тұршы?

Бай: - 100 теңге-ақ па, мә 200 теңге.

Алдар: - Рақмет, байеке, артық айтсам кешіріңіз. Ал, енді кім жомарт, кім сараң оны сауда үстінде байқайық.

Бай: - Кеттік базарға.

Жүргізуші: - Балалар, сендердің араларыңда қызғаншақ, қатты, өзімшіл балалар бар ма?

Балалар: - Жоқ.

Жүргізуші: - Ия, балалар, мен де сендерді мырза, кішіпейіл, ақкөңіл, мейірімді деп ойлаймын. Аналарыңды, әпке-қарындастарыңды ренжітпей мереке күні көмектесесіңдер ғой?

Балалар: - Ия.

(Базардағы Шықбермес пен Алдар)


Сатушы: Келіңіздер, Келіңіздер,

Жаңа бұйым көріңіздер.

Пакістаннан, Үндістаннан,

Түркиядан, Кореядан

Жаңа заттар толып жатыр.

Бикештерге мырзалар

Қаптап сыйлық алып жатыр.

Келіңіздер, Келіңіздер

(Артынан ентігіп бай мен Алдар еріп кіреді.)

Алдар: - маған ана қаламсапты, қызыма қуыршақ, әйеліме орамал берші.

Сатушы. Міне кейіңіз ең әдемісі, ең жақсысы орап бере қояйын.

Бай. – Маған да, - деп басын қаси бергенде, Алдар: - Сенің балаларың осыны сұрап па еді? Оның үстіне Шығайбайдың әйелі шыт орамал тартып жүр деген ұят емес пе, дұрысын алсаңызшы, - дейді.

Бай: - Ұлым бәтеңке, қызым күртке деп еді.

Сатушы: - Бар, бар таза былғарыдан бәтеңке, әдемі күртке, жібек орамал, көйлек, оған түстес әйеліңізге туфли де бар. Сізге де орап берейін. Мінекейіңіз.

(Бай ақшасын төлеп алады.)

Сатушы: - Не деген мырза едіңіз.

Бай: - Естідің бе, Алдар? Енді ұтылғаныңды мойындайтын шығарсың, мені сақтап тұр, -дейді.

Алдар: -- Әрине, міне 1 теңге! Ал енді көріскенше күн жақсы .

(Алдар далаға, бай үйіне кетеді, ал сатушы Келіңіздер, Келіңіздер – деп ол шығып кетеді).

Бай: (Әкелген заттарды үйдің ортасына тастай салады. Балалары қарап мәз болады. Өзі ақшасын теріс айналып қайта санап,) Ой, масқара-ай, қалтада түк қалмапты ғой. Әй, Алдар, ақшамды тез қайтар, әйтпесе пайызымен аламын! – деп артынан жүгіріп кетеді.

Қыз: - Әкей кімді қуып кетті?

Ұл: - Алдар ағаны.

Ана: - Е, шырақтарым-ай, әкелерің дүниені де қанша қуғанымен жеткізбейтінін сезсе ғой шіркін.

Қыз: - Шеше, ренжімеңіз. Жүріңіз балабақшаға барайық.

Ұл: - Ия, онда сіздерге арналған ойын-сауық болады.Жүріңіз тезірек.


Карим: Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Бәрі: Құттықтаймыз бәріміз!


Ербол: Достарменен қарындасты,

Соныменен қыздарды

Мерекемен құттықтаймыз,

Бір ән сізге арнаймыз.

Ән: Ер балалардың әзіл әні

Алуа: Анамыздың мейрамы,

Не істеу керек білмейміз.

Қалай көңілін тапсақ деп,

Біз би билеп береміз

Би: «Цыған» биі

Мадина: Әлпештедің, аяладың

Ханшайымдай бағаладың.

Айналайын аппақ әжем

Күндей ыстық алақанын.

Карина: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.

Ән: «Ақ әжем»


Айжан: Өнегесін үйреніп

Көмекші боп жүрейік

Алдарында бас иіп,

Би де билеп берейік

Би: «Өзбек» биі


Данияр: Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.


С.Валерия: Мерекеңмен өзінді,

Құттықтайды балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл ал шы, анашым.

Ән: «Анаға сәлем!»


Иван: Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін

Бәрі: Ән салайық бәріміз



Лиза: Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат анамыз!


Би: «Робинзон» биі


Манас: Қыз болсам ғой қиналмай,

Кірін жуып берер ем.

Шәй қайнатып, бала ойнатып,

Үйін жинап жүрер ем.


Динара: Өлең айтып, би билеп,

Қуантамыз ананы,

Мерекеге арнап біз

Би билейміз тағыда.

Би: «Түрік» биі


Рината: Мамам мені «айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді

Мамам мені «күнім» дейді

Мен қуансам күлімдейді.

Темірлан: Келді көктем далаға,

Көктем қандай көңілді.

Мөлдір аспан ашылды,

Күннің көзі көрінді.



Ән: «Көктем» әні

«Немерем менің» 4 ұл баланың төрт әженің әңгімесі.

Бәрі:

Келіннен қорқып саспайық

Келіңдер, өсек бастайық

Немеренің әртүрлі,

Қылығын айтып тастайық..

Апыр-ай, белім-ай,

Қайда кетті келін-ай.


1 бала:

Немерем менің қазақша,

Таза сөйлей алмайды.

Орыс тілде сөйлесе,

Алдына жан салмайды.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!


2 бала:

Немерем менің компьютер

Ойына тоймайды.

Тамаққа да қарамайды.

Үзіліссіз ойнайды.

Ойпырым-ай, сұмдық- ай,

Бұл не деген масқара-ай!


3 бала:

Немерем менің сабақтан,

Екі алып келеді.

Жамандаса апайын

Келін соған сенеді.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

4 бала:

Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Он теңгені сағызға,

Аямай бере салыпты.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Бұл не деген масқара-ай!

Бәрі:

Келіндер келіп қалған ба,

Біз де үйге кетейік.

Немере тәтті жалғанда

Барына шүкір етейік.

Апыр-ай, белім-ай,

Шай қойдың ба , келін-ай?

hello_html_2e2c9c5d.jpg

Яна: Әлемдегі керемет,

Алақаны ананың

Ақын қосып өлеңге,

Суретін оның салады.

Өлең айтып, би билеп,

Қуантамыз ананы

Мерекеге арнап біз,

Сый тартамыз бағалы.

Сыйлықтарын беру

Жүргізуші: - Гүл қыздарымызды, аяулы аналарымызды, ардақты әжелерімізді тағы да, 8 наурыз төл мерекелерімен құттықтаймыз. Осымен мерекелік концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет! (ата-аналарға сөз беріледі).








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-104048

Похожие материалы