Инфоурок География СтатьиНаурызға арналған "Сыйынар ем ана деген тәңірге" атты тәрбие сағат

Наурызға арналған "Сыйынар ем ана деген тәңірге" атты тәрбие сағат

Скачать материал

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда

6 «г» сынып оқушыларының қыздарға және ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кеші ұсынамыз:

 

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.



Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады).


жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
– дей отырып тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 

( жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, квн ойыншылары секілді қысқа би билейді де, сахнадан шығып кетеді).  

жүргізуші:.  Ана десем шешек ашып жанары,
                      Өмірімнің бастау алар ажары.
                      Ана деген тіршілікке пана боп,
                      Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Күлмеханова Дина апайға береміз.
жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана туралы жыр» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

 

жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ер-азаматтарыңыздың жүрекжарды тілектерін ұсынады.

ДәуірбекАнасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Рахат: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

Нұрқадам: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ермұхан: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Досбол: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Алимбек: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

 

жүргізуші: 
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті 
«Флешмоб» сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

 

жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.  

1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  сыныптастарымыздың орындауында
«Жайдарманды» ұсынамыз.


жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабулова Азиза Айтбайқызына  береміз.

 

 

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

                                        

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Наурызға арналған "Сыйынар ем ана деген тәңірге" атты тәрбие сағат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 619 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 919
    • DOCX 825.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жұмабек Ұлболсын Жауымбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жұмабек Ұлболсын Жауымбайқызы
    Жұмабек Ұлболсын Жауымбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24915
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 729 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 209 человек

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека