Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Наурыз-думан" наурыз мерекесінің жүргізілу жоспары
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Наурыз-думан" наурыз мерекесінің жүргізілу жоспары

библиотека
материалов

«Наурыз-думан» мерекелік шараның жүргізілуі

(Күй ойнап тұрады. Хореографиялық толқынды қозғалыс- ерте көктемде дүр ете көтеріліп, беткейді жабар ақторғын бәйшешектер- бір топ қыздар музыка сазымен толқи ырғалады./3-4-сыныптар/

Осы хореографиялық композицияның фонында жүргізушілердің сөздері айтылып жатады.)

І жүргізуші.

Анамыз-қара жер, Атамыз- көк аспан, Адамзат ұрпағы, мына біз- осы екеуінің ортасында жаратылыппыз.

ІІ жүргізуші: жер- мәңгі! Ел де мәңгі! Кеудесі түкті жер-ана тартқан тіршілік жаңарады, жаңғырады, бірақ жоғалмайды.

І жүргізуші:

Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі,

Шел басқан сезімді де идіреді.

Келгенде ұлы наурыз мерекесі,

Гүл майысып, аспанымда күн күледі.


(Буырқанған күйдің ырғағымен сахнаның екі жағынан дүниенің жарығы Күн мен Ай бір-біріне қарама-қарсы қозғала бастайды да, тепе-теңдік белгісі ретінде бір-бірінің қолдарынан ұстап, айналады. Осы кезде өзінің кульминациясына жеткен әуен найзағайдың үнімен қосылып жарылыс береді. Сахнаның сыртынан хлопушка атылады) /Ақтолқын,Жания/

І Жүргізуші: Бүгін Ай мен Күн теңеліп, жер бетіне жақсылық ұялаған күн.

ІІ жүргізуші: Бүгін- көк құт көзін ашқан күн. Бүгін жаңа жылдың жерге түскен күні.

І жүргізуші: Бүгін береке мен бірліктің, игілік пен теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.

ІІ жүргізуші: Ендеше, наурыздың қадамы құтты болсын, Бейбітшілік жылы болсын.

(Әсерлі әуеннің фонында дарақ ағашының қасына мектеп директоры таянып, ақ орамал байлайды.)

І жүргізуші: (орамал байлап жатқанда)

Гүл мереке үйге толсын,

Сүт-береке, айран-құт,

«Наурызыңа құтты болсын!»

Деген сөзге байландық- демекші дарақ ағашына ақ байлап, өзінің ақ тілегін білдіру үшін ортаға шыққан мектеп директоры Айнұр Керімбекқызына құттықтау сөзді береміз.

ІІ жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

(Ортаға екі ана шығып шашу шашады) /Зәмзәгүл, Сауле/

І жүргізуші:

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық теріп ал, мәмпәсиді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.


ІІ жүргізуші:

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Ауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,

Ырыздығың болсын сенің көл-көсір.

(ортаға қарақазанды екі жігіт көтеріп шығады, да сахнаның төріне орналастырады.)/Нұрбол, Мұхтар/


І жүргізуші:

Қарақазан-қасиеті халқымның

Бір өзіңде құдіреті салтымның

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның


ІІ жүргізуші:

Қасиетті қарақазан-тіршіліктің тірегі,

Бір өзінен қуат алған барша жанның жүрегі.

Бір дастархан басында береке мол болсын деп,

Көп көжеден дәм татып, күшейтейік бірлікті.

(екі ана қонақтарға наурыз көже таратады)


І жүргізуші:

Адал аспан бұйырған,

Дәм татсын ел жиылған.

Бидай салдым көжеге,

Мол болсын деп биыл дән,

Тары салдым көжеге ,

Жентің көп болсын деп.

Күріш салдым көжеге,

Тойда палау болсын деп.

Сүт те қостым көжеге,

Ауыздан ақ кетпес деп

Аздап ет те қостым кеп,

Құтты қонақ болсын көп- деп арнайы дайындалған наурыз көжеден ауыз тиіңіздер.

(Ән 6-сынып қыздары)


ІІ жүргізуші: халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22-сі күні түнгі 3-те даланы Қызыр баба аралайды. Жаңа күн табалдырықтан аттап, үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас»- деп жеті шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды.

(ортаға қолдарына шырақ ұстаған жеті шырақшы,жеті анамен бірге шығады.)/ /Ерден, Әділет, Нұржан, Нариман, Нұрсұлтан, Бақытжан,Қуаныш/

Ана аластайды: «О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым да келді. Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке. Менің ұрпақтарымды аман ет, пәле-жаладан сақтай көр.жамандық әрі кет, кет»


Қызыр баба шығады. Жеті ана мен шырақшылар тізелерін бүгіп сәлем жасайды.

Қызыр баба /Оразбек/: Көсегелерің көгерсін, айналайындар, мың алғыс асыл аналар.(кеудесіне қолын қойып, ілтипат білдіреді)

-Ау, аман ба, жарандар!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап таң атты,

Естіліп тұр шаттық ән.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

(Қолын жайып, бата береді)

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс күні құтты болсын,

Ел іргесі мықты болсын

Баянды боп тыныштығың

Әнші құстар баққа қонсын,

Алтын табақ аққа толсын.

Көрсін ұрпақ қайырымды,

Бұлт шалмасын ай-күнімді,

Жаңа күнім жадырасын,

Төл көбейіп, жамырасын.

Бағы жанып кәрі-жастың

Басынан бақ арылмасын

Орындалып ойларымыз,

Тойға ұлассын тойларымыз! Әумин!

Ұлыстың ұлы күнін тойлауды жалғастыра беріңдер. Ал біз мына шырақшы жігіттер мен асыл аналар ұзақ жолға шығамыз. Келесі наурызда кездескенше!

(Алдымен Қызыр баба, артынан жеті ана, олардың соңынан жеті шырақшы кетеді)


І жүргізуші: наурыз күні атқа мінген жігіттер ел аралап жарапазан айтқан.Игі тілекпен індетіп келген жігіттерге шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан. Ендеше келесі кезекті жарапазан айтушы балаларға берейік.

1-бала:/Олжас, Төрехан, Бибарыс, Білімжан, Нұртас/

Айтамын жарапазан ел жағалай,

Көкала үйрек ұшар көл жағалай, ой- халқым-ай

Ұлдарың батыл болып өссін деймін,

Қыздарың мұратына жетсін деймін, ой-халқым-ай

Жай тұрған жан қалмасын, жас-кәріміз,

Ән айтып, күй шертілсін

Би билейік бәріміз,

Жарқыраған нұрлы наурыз, Нұрлы наурыз,Жаса, наурыз!

2-бала:

Айтамыз жарапазан есігіңе,

Ұл берсін пайғамбардай бесігіңе, ой, халқым-ай

Береке бірлік орнап отбасыңа,

Жыл болсын құтты сенің несібеңе, ой, халқым-ай

Жай тұрған жан қалмасын, жас-кәріміз,

Ән айтып, күй шертілсін

Би билейік бәріміз,

Жарқыраған нұрлы наурыз, Нұрлы наурыз,Жаса, наурыз!

3-бала:

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз парша орамал белімізге, ой, халқым-ай

Байланса парша орамал белімізге,

Қайтамыз мақтай, мақтай елімізге, ой, халқым-ай

Жай тұрған жан қалмасын, жас-кәріміз,

Ән айтып, күй шертілсін

Би билейік бәріміз,

Жарқыраған нұрлы наурыз, Нұрлы наурыз,Жаса, наурыз!

4-бала:

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Бақ қонсын бар мұсылман қауымына, ой, халқым-ай

Береке-құт әкелсін наурыз көктем,

Жаз жайлау қарық болсын сауыныңа, ой, халқым-ай

Жай тұрған жан қалмасын, жас-кәріміз,

Ән айтып, күй шертілсін

Би билейік бәріміз,

Жарқыраған нұрлы наурыз, Нұрлы наурыз,Жаса, наурыз!

5-бала:

Айтамыз жарапазан отбасыңа,

Тілейміз денсаулықты бас-басыңа, ой , халқым-ай

Тілесек денсаулықты бас-басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа, ой, халқым-ай

Жай тұрған жан қалмасын, жас-кәріміз,

Ән айтып, күй шертілсін

Би билейік бәріміз,

Жарқыраған нұрлы наурыз, Нұрлы наурыз,Жаса, наурыз!


ІІ жүргізуші:

Жүріңдер наурыз тойға басып аяқ

Қалыс адам болмасын некен саяқ.

Ән шырқап, би билейік, қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

(әр ұлт билерінен папурри)


І жүргізуші: Наурыз күні адамдар үй аралап, дастархандағы дәмді тағамдардан ауыз тиіп, ән салып, би билеп, көңіл көтерген. Біз де бүгін әр ауылдың өнерлерін тамашалап, наурызды тойлауға қандай дайындықпен келгендігін бақыламақпыз. Бүгінгі мерекеге «Біржан сал», «Ақан сері», «Болман ақын» ауылдарының өнерпаздары келіп отыр. Олар:

-Ән жарысы мен би жарысына қатысады;

-Салт-дәстүрден қойылым көрсетеді;

-Әр ауылдың палуандары кілемге шығып өнерін көрсетеді.

Олардың өнерлерін біздің қонақтарымыз саралап отырады.

ІІ жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой ұрпағына қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған- деп кезекті ұлттық ойындарға берейік берейік.

«Ақан сері» ауылына қонаққа барайық. Онда «Арқантартыс» ойыны өтіп жатыр екен.

( тамашалау)


І жүргізуші:

Енді ортаны баршаңызға ашайық,

Көрерменге жырдан шашу шашайық,

Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

Өнерлермен інжу-маржан шашайық

«Біржан сал» ауылынан келген әншіні ортаға шақырайық







ІІ жүргізуші:

Енді ортаны ашып көңілді биге кезек берейік. «Болман ақын» ауылынан келіп отырған бишілерді ортаға шақырайық. Ұлттық би- ұйғыр биі.


І жүргізуші:

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Ауылдың балалары қызықтайтын,

Қазақта «Аударыспақ» ойыны бар- деп «Біржан сал» ауылына «Аударыспақ » ойынын тамашалауға барайық .

(аударыспақ)


ІІ жүргізуші: наурыз-ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні- аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнайтын күн.Жер бетіне жақсылық ұялап, Самарқанның көк тасы еріген күн. Ендеше бұл қасиетті күні күңіл көтермей отырғанымыз жарамас. Енді алдарыңызға «Ақан сері» ауылының бишілерін түрік биімен шақырамыз. Қол соғып, қарсы алыңыздар!


І жүргізуші:балалар мен сіздерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Наурызды неге «Әз Наурыз» деп атайды. «Әз» деген не мағына беретінін білесіңдер ме?

(көрермендер жауап береді. Соңынан өзі айтады)

Халқымыздың ертедегі таным-нанымы бойынша күн мен түн тепе-теңдікке жеткен кезде аспанды жарып бір ғажайып гуіл естіледі. Сол үнді «әз» деп атаған. Наурыз біздің сағат бойынша түнгі үште келеді.


ІІ жүргізуші: енді не тұрыс? Ортаға келесі өнерпаздарымызды шақырайық. «Болман ақынның» ауылынан келген жезтаңдай әншіміз--------------------------------------------------------- ортаға шақырайық.


І жүргізуші:Наурызға қатысты ырым-тыйымдар да бар екен, балалар. Мен солардың бір екеуімен таныстырып өтейін.

Наурыз мейрамында мал сойылмайды, қан шығарылмайды. «Өсер төлге, көбейер малға кесірі тиеді, мал басы кемиді» деген тыйым бар. Сонымен бірге наурыз күні шаш, тырнақ алмайды, кір жумайды, жолға шықпайды, құрылыс бастамайды, мылтық атпайды, қақпан құрмайды, тұзақ салмайды. Бұл күн- тіршілік әлемінің тойы.Ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін күн.Ал балалар болса, асық ойынын қыздырады.Ендеше тойымызды әрі жалғастырайық. Алдарыңызда «ханталапай » ойынымен «Болман ақын» ауылының балаларын шақырамыз.


ІІ жүргізуші:

Наурыз қайта оралды, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй дастархан, даламыз, сахнамыз,

Ұлы мейрам наурызға шақырамыз.-деп әсем әнді тамашалауға шақырамыз. «Ақан сері» ауылының әншілері ортада.------------------------------------------------


І жүргізуші: Наурызға қатысты өсиеттер:

Наурызкөк- наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.Наурызкөкті көргенде шошытып,қумаңдар. «Наурызкөгім келдің бе?»- деп шақырып, жем шашыңдар.

Наурызшешек- өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік. «Биыл біреуін үзсең, келесі жылы он гүл шықпай қалады»- деседі. Ал бұлақтың көзін ашу-Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс.


ІІ жүргізуші: міне, осы айтылған өсиеттерді естеріңе сақтап жүріңдер деген тілекпен келесі биді тамашалауға шақырамыз. «Біржан сал» ауылының орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар.


І жүргізуші: Бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған өнер бәйгесінің қорытындысы шығарылғанша әсем биге кезек берейік




Қазыларға сөз беріледі.



ІІ жүргізуші:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім тасысын деп жасып өткен

Наурыз- сән- салтанат ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқы неткен.


І жүргізуші:

Наурыз құтты болсын,

Деніміз сау, мықты болсын.

Барлық халық бақытты болсын,

Көріскенше күн жақсы болсын!

























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-419972

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"