«Наурызым
ғажап туысың,
Ұлыстың
ұлы күнісің»
(Балдәурен тобының 22 наурыз мерекесіне
арналған ертеңгілік ценарий)
(13
бала қатысады) Тәрбиеші:
Балалардың «Жыл басы кім болады?» сахналық қойылымын қабыл алыңыздар!
(Перде ашылады)
(Орман
көрінісі. Сахна ортасына қоян әндетіп, билеп шығады.)
Қоян Ұлбибі: Қайшы
құлақ қоянмын,
Түрлі-түске бояндым.
Сытыр еткен дыбыстан,
Құлақ түріп ояндым.
Ау-ау достар бері келіңдер.Келе жатқан
жаңа жылды қарсы алайық.
(Бидің әуенін естіп, орманның түрлі
жануарлары шығады. Олар да қоянға қосылып билей кетеді.)
Сағат дыбысын естейді
(Бидің аяғында жануарлар сағаттың ұрған
дыбысын естиді де, тоқтап тұрып қалады.)
Ит Айбол:
Бұл не достар аф,
Сиыр Ақерке
Не болды екен?-му
Қой Айдана:
– Достар бұл не?-бә
Бәрі:
Білмейміз.
Мешін Тоты:
Иә, бұл келе жатқан Жаңа жыл ғой достар..Қоян бізді сол үшін шақырған екен
ғой.
(Әр жануарлар өз бетінше ойланып қалады)
Ормандағы ашық алаңға жайланып,
жануарлардың әрқайсысының жыл басы болуға ойы кетеді. Неге мен емес? Мен кімнен
кеммін?- деген өзара талас басталады.
(Асықпай маңғаздана басып ортаға
бірінші сиыр шығады.)
Сиыр Ақерке:
Мө, мө деп мөңіредім,
Молшылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім
Сүтіммен, айраныммен
Адамдарға ұнадым
Адам егін ексе менімен егеді. Сүтімді
ішеді. Құрт май жасайды. Жыл басы болу маған лайық.
Жылқы Арслан: -Неге
сен боласың?
Алысқа шауып барамын,
Адамның бабын табамын
Пайдасы мол жылқымын
Жыл басы мен боламын.
-Мен алысты жақын қыламын. Адам күшімді
көреді, сүтімді ішеді , қылымнан арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал
жоқ. Жыл басы мен боламын.
Түйе Мұхаммед: -Неге
сен боласың?
Түйе , түйе , түйемін
Жануармын киелі
Кім таласар бойыма.
Жыл басына иемін.
Мен сұлумын, бойым ұзын, ақылдымын , жыл
басы тек мен болуым керек- деп жан- жағына менсінбей кербездене қарайды.
Барыс Ержан:
Мен
барыспын, барыспын,
Бәріне мен таныспын, р-р-р
Күшіме мен сенемін, р-р-р
Бәрін де мен жеңемін,р-р-р
Мен бар жануардың патшасымын. Жыл басы мен
боламын.
-Барлығы қорыққаннан үнсіз қалады.
Барыстың айбарынан қорықпай өрмелеп ортаға кішкен ұлу шығады.
Ұлу Айсұлу:
Ұлу деген мықтымын,
Жарқын, жарқын шықты үнім
Үйім бірге өзіммен
Сабыр етем төзіммен
Ля, Ля Ля жыл басы мен боламын.
Ең бастысы қара күш емес, жануарларға
сыйластық пен жақсылық керек. Жыл басы мен боламын. Қанекей достар көңіл
көтерейік.
(Хайуанаттардың қайта көңіл- күйлері
көтеріліп, би билей бастайды. Бір мезетте ортаға маймыл секіріп шығып, шығып
бәрін келемеждеп мазақтайды.)
(Бәрінен бұрын салмақты, өзімен- өзі
жатқан жыланға келіп тиседі. Маймыл оның жанына секіріп барып, мақатанып
айтысқа шақырғандай болады. )
Мешін Тоты:
Орманда туып, жетілдім
Талдан, талға секірдім
Тамақ жеймін қос қолмен
Мен әдемі мешінмін
Жылан оны шағып алатындай кейіп білдіреді.
Басқа жануарлар олардың іс- әрекетін қызыға бақылап тұр.
Жылан Дильназ:
Сыртым жылтыр сұлумын,
Ирелеңдеп жүремін
Жылдың басы болуға
Мен лайықты екенмін.
Бәрі;мешін сенікі дұрыс емес.жыланнан
кешірім сұра.
Ақылды жылан маймылды тоқтатқаннан кейін
маймыл, дүниеде жақсы достықтан артық ештеңе жоқ екендігін түсінді. Барлық
жануарлар олардың бітімге келуін қолдады.
Мешін Тоты: Жылан
кешірші , дос болайықшы
Жылан Дильназ: Жарайды.
(Сөйтіп екеуі бірге полькаға билеп кетеді.)
Полька:
Жылан мен маймыл.
Қой Айдана:
Бә, бә мен қоймын
Көк шөптерге мен тойдым
Жылдың басы болуға
Кетіп тұрғой ойым
-Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді.
Жүнімді алып киіз басады, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады. Жыл басы
болуға мен лайықпын. Бә, бә, бә
Тауық Бибінұр:
Мен ақ тауық,ақ тауық.
Жүремін мен мақтанып
Құс болсамда ұшпаймын
Балапанды қорғаймын
Жұмыртқамды жегесін
Барлық барлық адам тоқ
Жылдың басы болуға мен лайықты екенмін.Қыт,
қыт
-Мен болмасам, адамдар ерте жұмысына
бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын.
Кеш болса жатар мезгіл болды деп тағы шақырамын.
Мен болмасам дәмді тоқаштар болмас еді.жыл
басына мен лайықтымын.
(Абалап ортаға ит шығады)
Ит Айбол:
Ав, ав, ав
Абалап мен үремін
Үйді қорып жүремін
Түні бойы жатпаймын
Тыныштықты сақтаймын
-Мен болмасам сендерге қиын болады.
Жыл басы болуға мен лайықтымын
Доңыз Қадір:
Тұмсығым менің дөңгелек
Денем менің он бөлек
Мойным менің тұтасқан
Торайлары жұптасқан.
Торайлары мен болам.
Жыл басына таласқан.
Тышқан Саят:
-Таласқаннан ешнәрсе өнбес
Жылды қарап тұралық та ,
Жылды кім бұрын көрсе,
Сол жыл басы болсын.
Сиыр Ақерке; Дұрыс
айтасың.
Жылқы;айтқаның жөн.
Түйе Мұхаммед;Менен
бұрын кім көреді дейсің. (Бәрі, мен
көремін деп таласып,тышқан үндемей жорғалап ,түйенің үстіне шығып , өркешінің
басына мінеді.
Сонан соң биікте отырған тышқан бұрын жылды көріп хабар беріп , қуанады.)
Тышқан Саят;
Көрдім, көрдім мен бірінші , алақай .
Тәрбиеші: Тышқан
көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Тәрбиеші: Жылды
Тышқаннан кейін Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Маймыл, Тауық, Ит,
Доңыз көрген екен.
Тәрбиеші: Ал
түйе болса аузы ашылып, таңырқап ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан
түйе құр қалыпты.
Паклон: Барлығы
(13 бала) Өз- өздерін таныстырады.
Тәрбиеші:
Осылайша жыл басы Наурыз мерекесі тойланыпты. Наурыз - жаңа күн. Бұл күн
біздің ата- бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойланып келе
жатқан жыл басы мерекесі.
(Перде жабылады көлеңке театр балалар
дайын тұрады.)
Тәрбиеші:
Балалардың көлеңке театрын қабыл алыңыздар!
Көлеңке театр: 11
бала қатысады
(Баласы әкесіне ертегі кітап береді)
Әкесі:
Наурыз – жыл басы. Күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн
ұзарып, түн қысқарады. Балам жүр Наурыз мерексін тойлауға барайық.
(Барлық балалар дайын тұрады биге,
орындықтар қойылады тез тез )
Салт-
дәстүр мұғалімдер қойылым көрсетеді
(Перде ашылады, концерттік бағдарлама
басталады жүргізушілер шығады.)
Жүргізуші
Ақерке: Арма,
ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүлдіршіндер! Жер
жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының
сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
Жүргізуші Дильназ: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы
күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ
даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз
тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ
мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Бірге: Ортаға «Балдәурен» тобын
шақырамыз.
Би: Выход Наурыз (барлығы) (Ұлдар
алдына, қыздар артына тұрады)
(Жүргізушілер жаңбыр
әнін 5 қыз айтатындар келеді )
Жүргізуші Дильназ: Ақерке жаңбырдың иісі шығатын
сияқты.
Жүргізуші Ақерке: Ия, ия жаңбардың иісі шығып
тұр
Бірге: Олай болса қыздардың
орындауында «Жаңбыр » әнін қабыл алыңыздар
Ән: Жаңбыр (Бегім, Іңкар, Айым,
Мейірім, Еркеназ)
(Өлең шумақ айтатын 6
бала келеді)
(Қара жорға айтатын 6
бала дайын тұрады)
Жүргізуші Ақерке: Балалардың жылы лебіздерін
қабыл алыңыздар!
Арслан: Қош келіпсің
Наурыз
Арман тойы
халықтың Қуанышы
халықтың
Құтты болсын қадамың.
Күттіріп келген жыл
басы
Бізбенен бірге
жырлашы
Дастарханына елімнің Береке,
ырыс сыйлашы
Еркеназ: Наурыз – ұлы
күн ұлысын
Көктемнің қызғалдақтай гүлісің жүректе Халқымның
түлеткен
дәстүрін
Тірліктің кеңейткен тынысын.
Айбол: Наурызды
тойлап қарсы
алып Бар
әлемге жар
салып.
Сәлем бердік біз сізге Наурыз
тойы -
береке
Наурыз тойы - жыр аңыз Қызып
дулы
мереке
Қызық думан құрамыз.
Жаннұр:
Наурыз көктем, наурыз жыр
Ана мейірім, шуақ
нұр
Жан иесін
жаңартқан
Аққан бұлақ, нәзік
сыр
Ата- бабам
тойлаған
Наурызым
армысың
Қызығына
тоймаған
Дархан дала қарлы шың.
Борис: Әнімде саған,
биімде
саған
Құт қонақ өзің
үйімде
Қуаныш сыйлап өзіңе Күлімде
Наурыз, күлімде
Іңкар: Өлкеме Наурыз
келді, көктем келді
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді Халқымның
салт- дәстүрін
аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі
Жүргізуші Ақерке: Дильназ жаңа мен жігіттерді
көрдім өздері билеп дайындалып жатыр екен.
Жүргізуші Дильназ: Олай болса өнерлі жігіттерді
ортамызға шақырайық.
Бірге: «Қара жорға» әнімен
жігіттерді шақырамыз.
Ән : Қара жорға (Қадір, Абзал,
Азамат, Ержан,Мұхаммед, Алихан,)
(Перде жабылады
артында ертегі шиырма қойылып дайын тұрады, алдына өлең шумақтар шығады,
қалған балалар қатарға тұрат хорға)
Жүргізуші Дильназ: Балалардың орыс тіліндегі
құттықтауларын қабыл алыңыздар!
Алихан: Открыта дверь для всех
гостей Для
пожелых и для
детей
Весна навстречу нам
идет Весна
на праздник всех
зовет
Народы самых разных
стран
Шлют поздравления в Казакстан
Ұлбибі: Праздник идет , праздник
идет
Все оживает поет и
цветет
Снова весна, снова
весна,
В свежую зелень одета она
Абзал: Пришел Наурыз, весна пришла
И сразу наша земля
расцвела
Все рады празнику
вокруг
И каждый здесь и брат и друг
Согретые солнцем и
теплом
О Наурызе песню мы поем
Жандос: Солнце
землю нагревая Гонит
с нашей горки
лед Тает
баба
снегавая
И ручьями слезы льет
Мұхаммед: Играй, баян, звени,
домбра Желаем
счастья и
добра,
Здоровья и
терпения
Отличного всем
настроения
Чтобы мечты у всех
сбылись
Здравтвуй праздник Наурыз
(Перде ашылады,
ертегі қойылады)
Жүргізуші Дильназ: «Көжектің үйшігі» ертегісін
тамашалаңыздар
Жүргізуші Ақерке: Балалардың қуыршақ театрын
Бірге: Қабыл алыңыздар
Автор Айдана: Ерте, ерте, ертеде түлкі мен
көжек болыпты. Түлкі үйшігін мұздан жасаса, көжек үйшігін ағаш
қабығынан жасапты. Күн жылып, түлкінің мұз үйшігі еріп кетеді. Ал
көжектің үйшігі сол қалпында тұрады.
Түлкі Тоты: Көжек, көжек үйіне бір түнеп
шықсам рұхсат па? Менің үйшігім күн жылып еріп кетті. Маған көмектесші.
Көжек Ұлбибі: Әрине кел, төрлет түлкі
Түлкі Тоты: Қазір бұл үй менікі болады,
Кәне көжек жан орманнан өзіңе әдемі үйшік жасап ал. Бұл үйшік менікі
болады. Шық үйден.
Автор Айдана: Көжек жылап бара жатып, бір
күшікті кездестіреді
Күшік Арслан: Әуп,әуп,әуп неге жылайсың
көжегім?
Көжек Ұлбибі: Қалай жыламайын. Мен
үйшігімді ағаш қабығынан жасаған едім, ал түлкінікі мұз үйшік болатын.
Бір түнеуге рұхсат сұрап үйіме кіріп алды да, өзімді қуып шықты.
Күшік Арслан: Жүр жылама бірге барайық қу
түлкіге.
Күшік Арслан: Әуп,әуп шық үйден, қу түлкі
Түлкі Тоты: Осыдан терезеден секіріп
шығамында , бәріңді быт- шыт етемін.
Күшік Арслан: Не дейді мына түлкі. Оданда
қашып құтылайын.
Автор Айдана: Көжек жылаған күйі жол
бойымен әрі қарай кетіп бара жатқанда алдынан аю шығады.
Аю Мұхаммед: Неге жылайсың көжек?
Көжек Ұлбибі: Қалай жыламайын. Мен
үйшігімді ағаш қабығынан жасаған едім, ал түлкінікі мұз үйшік болатын.
Бір түнеуге рұхсат сұрап үйіме кіріп алды да, өзімді қуып шықты.
Аю Мұхаммед: Жүр көжек менің көмегім тиер.
Аю Мұхаммед: Шық үйден қу түлкі.
Түлкі Тоты: Осыдан секіріп шығамында
бәріңнің быт-шыттарыңды шығарамын.
Аю Мұхаммед: Ой не дейт түлкіден қашып
құтылайын.
Автор Айдана: Көжек одан бетерр жылайды.
Алдынан әтеш шығады.
Әтеш Жаннұр: Көжек неге жылап тұрсың?
Көжек Ұлбибі: Қалай жыламайын. Түлкі үйімді
тартып алды, мен далада қалдым.
Әтеш Жаннұр: Жүр мен оның жазасын беремін
Көжек Ұлбибі: Жоқ әтеш күшік пен аюдың
шамасы келмеді, сен нестей аласың?
Әтеш Жаннұр: Қуып шығамын оны. Жүр!
Әтеш Жаннұр: Ку-ка-ре-ку бар күшімді жиып,
арқамдағы шалғымен сені шабайын деп келдім. Әй қу түлкі көзіңді
жоғалт.
Түлкі Тоты: Ойбай не дейт. Қашайын.
Әтеш Жаннұр: Ку-ка-ре-ку бар күшімді жиып,
арқамдағы шалғымен сені шабайын деп келдім. Әй қу түлкі көзіңді
жоғалт.
Түлкі Тоты: Киініп жа-тыр-мын.
Автор Айдана: Осылайша көжек пен әтеш
татуласыпты.Ұлыстың ұлы күнінде барша тіршілік иесі жаңарып татуласқан
емес пе?
Автор Айдана: Ертегіні сомдаған
кейіпкерлермен таныс болыңыздар! Түлкі рөлінде
Тоты; Көжек
рөлінде
Ұлбибі;
Күшік рөлінде
Арслан;
Аю рөлінде
Мұхаммед;
Әтеш рөлінде
Жаннұр;
Автор мен Айдана: паклон береді
Жүргізуші Ақерке: Дильназ саған ертегі ұнады
ма?
Жүргізуші Дильназ: Өте қатты ұнады.
Жүргізуші
Ақерке: Наурыз
мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі
бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп
сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан. Қәне бізде көрісейік
Жүргізуші Дильназ:
Бұл күні
аталарымыз бен әжелеріміз үй- үйді, ауыл- ауылдарды аралап, наурыз көжеден
дәм татады. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл
айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақырады.
Олай болса
достарымызды ортаға шақырайық.
Бірге: «Наурыз жыл басы» әнін қабыл
алыңыздар (3 қатарға тұрады)
(Ағылшын тіліндегі
өлең шумақ дайын тұрады 4 бала)
Хор: Наурыз жыл басы (барлығы)
(Гүл көбелек айтатын
4 қыздар көбелек киеді)
Жүргізуші Ақерке: Балалардың ағылшын тіліндегі
құттықтауларын қабыл алыңыздар!
Борис: What a happy day today Boys and girls are very day!
They dance and play
What a happy , happy day
Бегімсұлу: It is the springtime Winter has gone Summer time is coming
It wan’t be long
Ақерке:
Наурыз зис из зэ бегиниң оф
лайф Наурыз
из джой әнд
лафтэ
Наурыз из э холидей фо эвриуан Наурыз
из э соң оф сприң
Дильназ:
Уен Наурыз
камс
Зен сан райсес ирли ин зэ мониң Энд
лайк уан биг фамили Ауэ
пипл а селебрнейтиң зэ холедей
Жүргізуші Ақерке: «Гүл көбелек» әнін қабыл алыңыздар
(Ұлдар биі дайын
тұрады)
Ән: «Гүл көбелек» (Дильназ,
Бибінұр, Жаннұр,Ұлбибі,)
(Есіктен Қыдыр ата
келеді)
Қыдыр ата
Жандарбек: Бұл қай
ауылдағы той балалар? Бәрің жиналып қалыпсыңдар
Балалар: Балдәурен ата
Қыдыр ата
Жандарбек: Мына
ауылдың жігіттері қайда кеткен? Мен өз батамды берейін деп келіп едім.
(Өлең шумақтар дайын
тұрады 5 бала )
Би: Бүркітпен (барлық ұлдар)
Қыдыр ата
Жандарбек: Ау
балалар өздерің мерген, қырағы жігіттер екенсіңдер жарайсыңдар.
(Асатаяақ тарату 8
қызға)
Жүргізуші Ақерке: Қыдыр ата біздің балалардың құттықтауларын
қабыл алыңыз! Отырыңыз жайғасыңыз
Айым: Наурыз
келді, жайраң қақты
таң
Жап- жасыл болып кетті дүние
жаңғырып Жақсылыққа жаршы
болған
Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік
Қадір: Ертеден ерте
Наурыз жылдың басы Жарасқан
келбетіне нұр
тұлғасы
Сыр шертіп, шаттық құйып
жүректерге Сұлу
сыр, әсем ән боп сыңғырлашы.
Бибінұр: Келіңдер наурыз
күнін қарсы
алайық Билейік,
жыр жырлайық, ән
салайық Қаһарлы
қыстан өтіп наурыз
келді
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
Саят: Наурыз келді
еліме
Наурыз келді
жеріме
Байлық, бақыт
тілеймін
Бүкіл қазақ
еліне.
Наурыз тойым, Наурыз
тойым
Құтты болсын халайық Қане
достар, қане
достар
Шырқап әнге салайық.
Мейірім: Гүлге ороап
жасандырып жусан белін
Ақтарған арындатып думан
белін
Сіңірген халық салтын
қанымызға Мейрамың
құтты болсын -Туған елім!
(Жақсы
көрем әні дайын тұрады 5 бала)
Би: Асатаяқ (Тоты,
Ақерке, Дильназ, Айдана, Әсел, Мейірім, Айсұлу, Айым)
Қыдыр
ата Жандарбек: Жарайсыңдар қыздарым, Қазақ халқының аспаптарының бірі асатаяқпен
биледіңдер керемет. Ал балаларым қолдарыңды жайыңдар мен бір батамды
беріп кетейін.
Бата
береді
Қыдыр
ата Жандарбек: Сау болыңдар балалар
Балалар: Сау болыңыз
Жүргізуші
Ақерке: Дильназ сен ата- әженді, бауырларыңды, достарыңды жақсы
көремісің?
Жүргізуші
Дильназ: Арине қатты жақсы көремін.
Бірге:
Олай
болса жігіттердің орындауында «Жақсы көрем» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: Жақсы көрем
(Саят, Борис, Арслан, Айбол, Жандос, )
Жүргізуші
Ақерке: Балалардың құттықтауларын қабыл алыңыздар!
Айдана: Салт – дәстүрім
жарасса
Қайта түлеп
жаңаша
Жарыса өнер
көрсетіп
Той тойлайық
тамаша
Шаттығымыз жырымыз Жаңа
наурыз
жылымыз
Ақ тілеумен осындай Бақ
боп үйге кіріңіз
Ержан: Наурызда жарқылдаған жасын от
бар Адамдар құлай
сүйген қасиет бар Ұлтымның
дәстүр салтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар
Айсұлу: Наурызым шат- думан көңіл
тойы Жан
берген тіршілікке өмір
тойы
Кеңейіп құшағына нұрын
шашып
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы
Азамат: Наурыз құтты
болсын
Дендеріңіз сау мықты
болсын,
Наурыз тойы келе
берсін
Барлық халық бақытты болсын
(Билейтін кішкентай
қыздар 6 қыз дайын тұрады)
Ән: Қасиетті домбыра (Айсұлу, Тоты,
Ақерке, Айдана)
Би: Қыздар (Бегім, Ұлбибі,
Жаннұр,Іңкар, Бибінұр,Еркеназ,)
(Перде жабылады
балалар хорға тұрады артында)
Ойын: Теңге алу
Шарты: Ойынға 4 бала қатысады
Хор: Қош келдің төрлет Наурызым
(барлығы)
Салт –дәстүр:
Тұсау кесер
Хор: Наурыз келді (барлығы)
(Перде жабылады,
алдына Бибінұр шығып ән айтады)
(Оркестрге дайындау орындық қойып, аспаптар тарату)
Жеке ән: Бибінұр «Наурыз жыл басы»
Оркестр: Барлығы
Жүргізуші Ақерке: Наурыз мерекесі тағыда құтты
болсын!
Жүргізуші Дильназ: Ұлыс оң болсын!
Бірге: Ақ мол болсын! Біз сіздермен
қоштаспаймыз! Сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.