Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Наурызым берекем,Наурызым мерекем" 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілік

"Наурызым берекем,Наурызым мерекем" 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілік

Скачать материал

                                Наурызым берекем, Наурызым мерекем!

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Сахнаға дастархан жайылып, ажелер мен балалар отыр.Көңілді әуен ойнап тұр.

Алмас:   Уа, халайық,  халайық                   

                 Мұнда назар салайық                                     

                 Мерекесі халкымның,                                     

                Наурыз тойын бастайық                                 

                Құтты болсын мереке                        .

                Болсын думан береке.   

Қолына шашуын ұстап, ортаға Аяулым шығады.  

Аяулым:   Ал, қанекей ағайын,

                   Шашуымды шашайын

                   Басы болсын бұл тойдың,

                  Теруге кәне кім дайын?

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар! Бүгін ұлы істің ұлы күні. Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күні»  Наурыз салтанаты, Наурыз мейрамы.Бұл күні өкпе ренішті ұмытып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.Ұлттық ойындар ойналып, ырымдап түрлі рәсімдер жасайды. Бүгін  «Балбұлақ» тобының «Наурызым берекем, Наурызым мерекем» атты наурыз тойымызға қош келдіңіздер.

Ән:   «Наурыз көктем»

Жүргізуші: -Бүгінгі тойымыздың басты себебі кішкентай бүлдіршініміз, тобымыздағы Гүлханымның   інісінің  тұсау кесу рәсімін жасағалы отырмыз.Тұсау кесу рәсімі жайында бізге  әжеміз айтып берсе

«Тұсау кесу» рәсімін орындау.

Жүргізуші:-Бұл күні түрлі рәсімдер орындалып,ұлттық ойындар ойналады және түрлі тағамдар әзірленеді. Ал әжелер, наурыз мерекесінде дастарханда қандай тағамдар болатынын және қандай тамақ пісіретіні жөнінде балаларға, келген қонақтарға айта отырсаңыздар.

Әже:  -Бұл күні дастарханда ақ мол болады, бауырсақ болады және ең басты тағам наурыз көжені молынан пісіреді. Наурыз көжеге 7 түрлі ас салынып дайындайды. Егер бұл күні наурыз көжені тойып ішсеңдер жыл бойына тоқ жүресіңдер деген сөз бар.

Жүргізуші: -Ендігі кезекте наурыз мерекесіне арналған орыс тіліндегі  жыр шумақтарын қарсы алыңыздар. 

Ерасыл:

Пришла весна,настал Наурыз,

Все будут пить шубат,кумыс,

Желаем,чтоб мечты сбылись,

Пусть будет радостной жизнь!

Даниял:

Ручьи шумят,сверкают,

Звенят и тут, и там.

Наурыз идет и это,

Приятно очень нам.

Шұғыла:

Расцвела страна родная,

Песни звонкие слышны.

Здраствуй,праздник Наурыз.

Праздник солнца и весны.

Гүлханым:

В марте праздник наступает,

Новый день обозначает,

Новый день и Новый год,

Хоть во всю весна идет

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар біздің бүлдіршіндерімізді «Наурыз тойын тойлайық» әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: -Алдарыңызда біздің сұлу қыздарымыз «Үкілі ару» биімен, қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: -Наурыз жыр шумақтарымен ортада бүлдіршіндерді қарсы алыңыздар.

            Диас

Армысыздар   халайық

Әркез  аман  болайық

Наурыз  тойын  қуанып

Жылда  қарсы  алайық

       Бақдәулет

Наурыз   келді  құт болып

Мына  бізге  нұр болып

Аққа  аузымыз  толады

Бар  жақсылық  болады

        Бексұлтан

Наурыз күні той думан

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгіп

Інжу маржан шашайық        

             Асылжан

Наурыз-гул көктем

Сәнді ай арайлы

Күлімдеп күн көктен

Нұр шашып қарайды.

           Алихан

Әнім де саған биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Куаныш әкеліп еліме

Күлімде Наурыз,күлімде .      

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар енді тобымыздың бүлдіршіндерінің орындауындағы «Қасықтар оркестірін» қабыл алыңыздар

  Рәбия Сұлтан

Ұлы күні ұлыстың,

Күн мен түнді теңеген.

Тәтті дәмін ырыстың,

Таптым наурыз көжеден.

    Айзере

Наурыз тойы әдемі

Әжемді еске түсірді

Біздерге  арнап  әдейі

Наурыз көже пісірді

         Әли

Осылайша жақсылық

Алып келген наурызым

Төрлет бізге нұр болып

Шуақ  шашып  ақ   жүзің

               Дильназ

Құрт-бауырсақ шашылсын

Наурыз тойы ашылсын

Бір бірінен мынау жұрт

Өнерерін  асырсын   

Алдар көсе: -Сәлеметсіңдер ме, балалар.Мені таныдыңдар ма? Мен Алдар көсемін. Менің әнімді білесіңдер ме?

Мен Алдармын,Алдармын.

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Мен өзіңді алдармын.

Мен байдың ауылынан келе жатырмын. Байдың мына екі атын алдап алып кеттім.

Жүргізуші: -Алдар аға неге алдап біреудің жануарын аласыз? Біздің балалар әдепті, бір-бірін алдамайды.

Алдар көсе: -Балалар мен бұл аттарды сендерге берейін,сендер наурыз тойын тойлап жатырсыңдар ғой.Бұл күні «Қыз қуусыз» той өтеді ма екен?

Жүргізуші: -Балалар бұл күні қазақтың ұлттық ойындары ойналатынын айтқан болатынмын.Қазір сол ойындардың бірі «Қыз қуу» ойынын ойнайық.Ол үшін ортаға бір қыз бен бір жігіт шығады.Олардың астына ат береміз.Жігіт қызды қуады, егер жетсе бетінен сүйеді, ал жетпесе қыз қолындағы қамшысымен жігітті ұрады.

Ойын: «Қыз қуу»

Жүргізуші: -Алдар аға сіз алдауыңызды қойыңыз, біздің балалардан ұят болады,оданда біздің тойымыздың қонағы болып, төрге шығыңыз.Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: -Бұл күні жан-жақтан қыз жігіттер жиналып айтысатын болған екен. Біздің тобымыздағы Райан мен Айарудыңда айтысын тамашалаңыздар.

 

Қыз:  Қайдан келдің қарағым,

Кезбе атанып ел кезіп.

Шаршап қалды ау пырағың.

Ұл:     Кезбе деген мен емес,

Атымның жегені жем емес.

Айттырып келдім өзіңді,

Мен ешкімнен кем емес.

Қыз:  Қай өнегең асып тұр?

Қай тәртібің тасып тұр?

Сендей жаман балаға,

Келісім бермеймін әрі жүр.

Ұл:     Сөзді тыңда қарағым,

Мендей жақсы баланың

Ата-анаңа қөрсетпей,

Сені алып қашамын.

Жүргізуші: -Ендігі кезекте ұлдарымыздың «Жорға» биін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: -Ағылшын тіліндегі Наурыз жыр шумақтарына кезек берейік      

          Аяулым

Ит из зэ сприңтайм,

Уинтэ хәз ган.

Саммэ тайм из камиң

Ит уонт би лоң.

Алмас:

Сприң из хиә,

Из зэ эйә

Ю кән смел ит камиң

Он зэ триз

Ливс а грин

Катепиллас санниң.

Райан:

Ай си робинс,Ай си бөрде несте,

Баттефлайз ту, Флауест ту.

Эврисиң из грауиң.

Зэ уинд из джентли бләуиң,

Сприң из хиә, сприң из хиә.

Ж.Айару:

Уот э лавели тайм оф е,

Тайм оф е, тайм оф е.

Уот э лавели тайм оф е.

Ин ауе сприңтайм гадн

Алдар көсе: -Мен жігіттердің күшін сынап көргім келіп тұр.Менде мынадай арқан бар. Ұлттық ойындардың бірі «Арқан тартыс» ойынын ойнатайын.Ол үшін жігіттеріміз екі топқа бөлініп арқанның екі шетінен ұстап тартасыңдар.Егер қай топ мына белгіні өздеріне қарай тартса, сол топ жеңімпаз болады.

Ойын: «Арқан тартыс»    

Жүргізуші: -Алдар аға менің қыздарым өнерлі болса, жігіттерімнің барлығы мықты.Сіз енді менің бүлдіршіндерімнің орындауындағы «Наурыз көктем» әнін қабыл алыңыз.

Жүргізуші: -Балалар көктем мезгілінде не жауады?

Балалар: -Жаңбыр жауады.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар,жаңбыр жауады. Ендігі кезекті «Жау жаңбыр» әніне берейік.   

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, бүлдіршіндердің жыр шумақтарын қарсы алыңыздар.

      Сәбинұр

Ата –бабам тойлаған

Наурызым,армысың

Қызығына тоймаған

Дарқан дала ,қарлы шың

         Балауса

Наурыз келді,балалар

Көктеді қыр,жағалар

Наурыз тойын тойлайық

Жаңа жылды қарсы алайық.  

           Айбын

Әрқашанда жақсылық

Алып келген Наурызым

Төрлет бізге нұр болып ,

Шуақ шашып ақ жүзің.         

           Радэль

Наурыз тойы-береке

Наурыз тойы –жыр аңыз

Қызып ұлы мереке,

Қызық думан құрамыз.

          П.Айару:

Арпа бидай бастаған,

Жеті дәмнен аспаған.

Наурыз көже ежелден

Бұл тойдағы бас тағам  

Жүргізуші: -«Наурыз келді » әнімен Балбұлақ тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар,ақ жаулықты әжелер наурыз мерекесін «Наурыз батасыз» елестету мүмкін емес.Ортадан ақ жаулықты әже шығып, «Наурыз бата» берсе.

Жүргізуші:    Ән қосылсын әніңе,

                      Сән қосылсын сәңіне!

                      Ырысты боп жаңа жыл,

                          Бақ дарысын бәріңе!

                      Ой қосылып ойыңа,

                   Бой қосылсын бойыңа!

                        Аман - есен жетейік.

                            Келер Наурыз тойына! - дей отырып, құрметті қонақтар, тағы да     Наурыз тойы құтты болсынБалбұлақ  тобының "Наурызым берекем, Наурызым мерекем!" атты ертеңгілігі аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.

 

         

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Наурызым берекем,Наурызым мерекем" 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2016 1175
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуржауова Эльвира Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуржауова Эльвира Жумабековна
    Нуржауова Эльвира Жумабековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74975
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 928 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 677 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организационно-педагогическое обеспечение деятельности педагога-организатора образовательного учреждения

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 332 человека

Курс повышения квалификации

ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 601 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек