Инфоурок Начальные классы Рабочие программыНаурыз мерекесі (2 сынып)

Наурыз мерекесі (2 сынып)

Скачать материал

2сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Наурыз мейрамы тақырыбын меңгертіп, қысқаша мазмұндауға үйрету 2.Дамытушылық: оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуін, тіл байлығын, еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, әдет-ғұрпын сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, жұмбақтар, өлеңдер
Сабақтың барысы: 
1.Психологиялық дайындық:
Құрт – майымыз көп болсын,
Қарнымыз тоқ болсын.
5-ке оқып сабақты
Нашар баға жоқ болсын.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Мәтіннің мазмұнын айту
2.Сұрақтар қою
3.Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін тақырыбымызбен танысу үшін мына сөзжұмбақты шешуіміз керек.
Сөзжұмбақ шешу «Наурыз»
Ас атасы --------- / нан/
Жемістің аты ------- / алма/
Сан---------/ елу/
Гүлдің аты -------- /раушан/
Құс ------ /тырна/
Балалар ойыншғы ------/ зырылдауық/
Осы сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? 
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «22наурыз» деп аталады.
Наурыз туралы мәлімет:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді.
21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. 
4.Оқулықпен жұмыс: Енді барлығымыз оқулығымыздың 155 бетін ашамыз
А) Өлеңді мәнерлеп оқып көрсету
Ә) Сөздікпен жұмыс: Көсегесі көгеру – өркені өсіп, дегеніне жету.
Б) Өлеңді оқушыларға оқыту.
- іштей оқыту
- мәнерлеп оқу
- тізбектей оқу
- в) өлеңді талдау
5.Сергіту сәті:
Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду
7.Бата туралы қысқаша мәлімет:
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдармен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.
Берілетін бата:
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!
Әумин!
8.Наурыз көже»
Енді осы 22 наурызда дайындалатын «Наурыз көже»туралы айтып өтейік.
Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.
Ең алдымен дәнді дақылдарды тез пісу қасиетіне қарай (бидай,жүгері,тары) бірінен соң бірін бір қазанда бірге қайнатып (тұз қосылады), пісуге шақ қалғанда судан сүзіп алынады және бірнеше сағатқа бүркетіліп бұқтырылса дәмдері сіңіседі. Кейінірек бөлек қазанда пісіп қалған қазы немесе қой етімен бірге жәй отта қайнатылады. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Пісуге 10-15 минут қалғанда езілген құрт суы немесе айран қосылады.
(Егер сұйықтау көже ұнатсаңыз, піскен соң қойылатын болса су құйып сұйылтуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтыңыз. Ең дұрысы қойылмаудың алдын алу : ) )
9.Кестемен жұмыс:дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазу
кесте бойынша әңгіме құрастыру
Көктемгі мерекелер Көктемгі 
ауа райы Наурыз
Наурыз көже Наурыз мерекесіне арналған тілектер
8-ші наурыз
22-ші наурыз Қар ериді,күн жылынады,көк шығады,күн мен түн теңеледі Ұлыстың ұлы күні,жылдың басы,парсы сөзі Жеті түрлі тағам «Ақ мол болсын!»
«Ұлыс береке берсін!»
«Ұлыс оң болсын!»

10.Шығармашылық тапсырма:
Өлеңнің жалғасын табу
Наурыз менің елімнің ------------ берекесі,
Жаңа жылы қазақтың ----------- мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге ---------- жақын,
Ұлаңғайыр керілсін ----------- керегесі.
11. Жұмбақтар «Ұйқасын тап»
1. Өзінше ноян, 
Қорқақ кім... (қоян) 
2. Алмастан тыным, 
Шабады ... (құлын) 
3. Бата алмас түлкі, 
Үсті тікен ... (кірпі) 
4. Айбат шегер алыстан, 
Аң патшасы ... (арыстан) 
12.Сабақты қорыту: Сұрақ – жауап арқылы
13.Үйге тапсырма беру: бата- тілек жаттау, өлеңді жаттау
14.Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Наурыз мерекесі (2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Алматы облысы
Талғар ауданы
Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Танкенова Шынар Танкенқызы

2сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Наурыз
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Наурыз мейрамы тақырыбын меңгертіп, қысқаша мазмұндауға үйрету 2.Дамытушылық: оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуін, тіл байлығын, еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, әдет-ғұрпын сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, жұмбақтар, өлеңдер
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық:
Құрт – майымыз көп болсын,
Қарнымыз тоқ болсын.
5-ке оқып сабақты
Нашар баға жоқ болсын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2015 5651
    • DOCX 19.5 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танкенова Шынар Танкеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танкенова Шынар Танкеновна
    Танкенова Шынар Танкеновна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16257
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек