Инфоурок Начальные классы Рабочие программыНаурыз мерекесінің сценариі ( бастауыш сыныптар)

Наурыз мерекесінің сценариі ( бастауыш сыныптар)

Скачать материал

( музыка)   Алақай, біздің ауылда той болады!- Ғалия

Ау, халайық , тезірек жиналыңыздар! -Т. Аружан

Наурыз думан , Наурыз думан басталды!- Айдана

 Амина

Бірінші сәлем бердік бәріңізге

Үлкен-жас, бала-шаға кәріңізге

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын

Шаттық өмір әкелсін бәріңізге

Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Айнұр Тоқтарқызына береміз.

( «Көктем гүлдері»  би )

Томирис

Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы

Келіп қалды Әз Наурыз!

Қарсы алайық бәрімі3!

Наурыз:

Жақсы ма бала халіңіз,

Менің атым –Наурыз

Наурыз көже , сары уыз

Алып келдім татыңыз

Қыр астында қыс қалды

Қар еріді ,су ақты

Алып келдім құстарды

Қой жылы құт әкеліп,

Аман болсын басымыз!

Қарсы алайық қой жылын

Келіп қалды ол дағы!

Амина

Қой жылымыз, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.

Қой:

Ән қосылсын әніңе

Сән қосылсын сәніңе

Ырысты боп осы жыл

Бақ дарысын бәріңе

Ой қосылып ойыңа

Бой қосылып бойыңа

Аман есен жетейік

Келер Наурыз тойына

(тақпақтар мен би)

Томирис

Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық. Әжелер тойға шашу алып келіпті
(әжелер шашу шашады )

Амина

 Ұлы күні ұлыстың

 Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Татайық наурыз көжеден

Томирис

Ашық болсын қос қабақ

Тас атқанды аспен ат

Бейтаныс та таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Наурыз көжеден дәм татыңыздар!

(наурызкөже таратылады )

«Қара жорға» би

Амина

Бүгінгі күн кенелді

Жер шуаққа кенелді

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді

Томирис

Наурыз , саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.

 

Б. Томирис: Қой жылы құт әкелсін!

Жазира:  Молшылық болсын!

Исмаил: Тыныштық болсын!

3б   Халқым аман болсын!

3б   Ақ мол болсын!

3б  Ұлыс оң болсын!

 ( жас талды егу , ырым-тілек айтып жіп байлау)

(Тақпақ тар мен ән)

Амина
Наурыз тойың, ұлыс тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгіліп, жыр төгілсін,

Әсем әуен тыңдайық,


Нағыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ- домбыра

(домбыра)

 

( Музыка--Мыстан кемпір келеді)

Томирис

Қош келіпсіз сіздер біздің ауылымызға

Көріңіздер ауылдың ойын –сауығын да

Мән қойып мына бізді тыңдаңыздар

Төрге шықсын қонақтар осы тойда

 

Мыстан

Қайдағы қонақ? Бұл не жиналыс? Қайдағы той?

 

Амина

Әже ,сәл сабыр етіңіз. Сіз бірдеңені шатастырып тұрған сияқтысыз. Бізде Наурыз тойы өтіп жатыр. Қазір ертегілер елінен қонақтар келеді. Төрге өтіңіздер, дәм татыңыздар!

Мыстан : Наурызы несі ! Әй, балалар, тараңдар! Қазір қатты жел болады, тез үйлеріңе қайтыңдар.

(музыка ) 

Қаңбақ шал: Желді кім шақырып жатыр екен ?

Амансыздар ма , халайық

Иә, Мысеке , сіз де келіп қалғансыз ба? Мен \наурыз тойға шақырылған бір топ жолдастарымды ертіп шығып едім, қатты жел тұрып мені ұшырып әкетіп, енді олар да келіп қалар..

Мыстан: Қаңбақ шал, неғып жүрсің сен мында? Сенің достарың ба? Енді олар келе қоймас мен оларды қамап кеттім.

Қаңбақ шал

Не дейді мына мыстан? неге олай жасадың?

Мыстан: Себебі олар мені жек көреді. Мына балалар да мені жек көріп отыр.

Қаңбақ шал: Әй, мыстан, балалар бүгін көңілді екен. Әне , қарашы өзің! Қожанасыр да келе жатыр екен

Қожанасыр:

Оу , халайық қараса ,

Әжем қандай тамаша

Ақ тістері маржандай

Тізіліп тұр жараса

Келбетіне қарасам,

Наурыздың аппақ қарындай

Оймақ ауыз күлім көз

Кім жек көрер осындай

Өзі сұлу ақылды

Менің Мыстан әжемді-ай!

 

Мыстан : Рас-ау , бүгін бәрі неге көңілді?

Маған да бәрі ұнап тұр . Қой, барып оларды қамаудан босатайын! (би)

 Амина:  Қонақтар келіп қалды: Төрге шығыңыздар!

  (Шықбермес Шығайбай және оның бәйбішесі келеді)

Шығайбай:  Мыстанды ғана емес олар мені де жек көреді, солай ғой , кемпірім?

Кемпірі: Солай ,солай.. бірақ, .Шығайбай –ау , бүгін бәрі ерекше болып тұр ғой өзі , отыра тұрайықшы ...Маған бұл жердің ұнап тұрғаны ...Әне , тағы біреулер келе жатыр

 

Амина

Күй нөсерін төгейік

 Жырдан моншақ өрейік

Уа, халайық ал енді

Наурыз айтысты көрейік

 

(айтыс  )

 

Амина:  Алдаушыны атақты

                тыңдайықшы бәріміз

Алдар:

Алда десе алдаймын

Сайтанды да арбаймын

Сараңдарға қаттымын

Кедейлерге балдаймын

Мен Алдармын ,Алдармын

Шегі жоқ бұл даңқымның

Өмірімді арнармын

Бақыты үшін халқымның

Шығайбайдың кемпірі:

Әй, шығайбай, мынау Алдар ғой,  қап , мына нанды қайда тықсам екен, жаңа ғана оттан алып шығып едім?

Шығайбай:  Ойбай , тез тық , Маған бер, мен білем қайда тығатынымды  

Алдар:

Ассалаумағалейкум , Шығайбай!

Наурызың құтты болсын! Осы күні ойдағы –қырдағы барлық ел құшақтасып көрісуші еді. Кел, байеке біз де құшақтасып ,табысайық.

Шығайбай: Ойбай, ойбай күйдім ғой . Мә , алшы. Саған –ақ берейін осы нанды

Томирис:

Наурыз күні араз ағайын-туыс татуласып, ренжіскендер күліспей ме?  Ендеше сіздер де татуласып қадірлі қонақ болыңыздар!

 

Ал, халайық тұрмайық,

 әндетейік , жырлайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Інжу-маржан шашайық

(би  )

Амина

Тазша бала келіп қалды

Жоғары шығыңыз !

Ойдағың мен қырдағың

Құлақ салып тыңдағын

Тазша бала бастасын

Наурыз тойдың жұмбағын

Тазша бала:

Балалар, кәне айта қойыңдар,сыйлықтарыңды ала қойыңдар!

 Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурызкөже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек-бәйшешек)

Ұлттық ойындарды атаңдар

Ырым –тиымдарды білесіңдер ме?

Тойда жастар неде тербеледі?

Тазша бала:

Бәрекелді жарадың!

Таудай болсын талабың

Көріп құтты қадамын

Мен де өсіп қаламын

Жұмбақшылар ауылына

Мақтай,мақтай барамын

Амина

Жайнап өскен гүлдердей

Мың бұрала билеген

Өнерлі ұл-қыздарын

Әрқашан да сүйген ел.

 (Би )

Амина:

 Наурыз мерекесінде далаға шығып, қуанып , көрісіп бір-біріне жақсы  тілектер айтады екен. Саумалық деген сол екен.

Дина

Саумалық, саумалық,

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы,

Жібіді ме, көрдің бе?

Саумалық, саумалық,

Қап тауының көк құсы,

Жүгірді ме, көрдің бе?

 

Томирис

Қазақ халқы Жаңа жылды 22

              наурыз күні таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте 

              даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе

              керек.

 

Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр

Қызыр бабаны қарсы алайық!

Қызыр баба

Баста десең бастайын

Той пердесін ашайын

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлысымыз оң болсын

Бақ –береке мол болсын

(ән )

Амина: Мереке алдында әр  үйді  пәле-жаладан арылту үшін отпен, адыраспан шөбімен аластайды.

Айғаным: Алас, алас, әр пәледен қалас

Асқар ,асқар таумен кет

Ағыны қатты сумен кет

Ильназ: Тастай қараңғы түнмен кет

Ұйытқып соққан желмен кет

Алас, алас!

Амина

Туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп

Томирис

Кең даламның ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

 

 

 

Амина

Кім әдет-ғұрып, салт-дәстүрді көп біледі екен?

Мына сөздердің мағынасы немесе айырмашылығын қандай?

Сыйлықтан құр қалмайық!

Томирис

Байғазы. Көрімдік ( жаңа заттарға берілетін ақшалай немесе заттай сый, көрімдік –жаңа туған балаға, жас келінге, күйеу балаға, құдаға берілетін сый)

Бастаңғы  Қызойнақ (Бастаңғы- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, ойын –сауық құруы. Қызойнақ- қыздардың бас қосуы)

Жасау Енші ( Жасау- қыз ұзатылғанда ,Енші-ұл бала үйленіп жеке отау боп шыққанда берілетін заттар, жиһаз-бұйымдар)

Ерулік –(көшіп келген жаңа көршілермен танысу ретінде дәмге шақыру )

Амина

Ашамай ( жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келгенде тайға отырғызу үшін қолданылатын кішкентай ертоқым )

Бәсіре ( балаға кішкентай кезінде сыйланған тай)

Айдар- Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қоюы )

Тұлым -Баланың шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қоюы)

Кекіл-баланың шашын ұстарамен алып маңдайына бір шөкім шаш қалдыру)

Ұйқыашар-Той-мереке алдында қыз-келіншектердің жігіттер ұйықтап қалмауы үшін дәмді тамақ жасап, ойын-сауық құруы.

 

Селтеткізер- ұйқыашар жасап жүрген қыздарға жігіттердің жасайтын сыйлықтары

Амина

Таңдайынан бал тама

Жырлап берер алқаға

Әншілерді құрметпен

Шақырайық ортаға 

Томирис:

Жаңбырмен жер көгерер

Батамен ел көгерер

Келді кезек енді ғой

Атамызға сөз берер

Қуаныш: Ата, бата беріңіз. Иллай , аумин!

Қария:

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!

Бестік баға мол болсын

Қайда барсаң жол болсын,

Денсаулықтарың зор болсын

Көйлектерің көк болсын!

Қарындарың тоқ болсын!

Қуаныш шаттық көп болсын

Қайғы-уайым жоқ болсын Әумин!

Амина

Сіз боп біз боп жалпымен

Қадырымен, парқымен

Наурыз тойын өткердік

Ата дәстүр -салтымен

 

Томирис

Жалғасумен жылға жыл

Шабыт берсін жырға жыр

Өнер сүйер өрендер

Рахмет сізге мың да бір!

Ән

Амина

 Қош, сау болыңыздар,қонақтар! Ал өнерлі өрендерге мектеп атынан сыйлықтар ұсынылады

Қара жорға биі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз айтыс

Наурыз деп ей, қыздар-ай

Кел шырқайық бәріміз

Наурыз тойға арналсын

Осы жыр мен әніміз

 

Көптен күткен айымыз

Наурыз көже,бал уыз

Наурыз әнін бастасын

Қоштауға біз дайынбыз

 

 

Қыздарға бұл не болған

Тоймаған ба көжеге

Сөйлегенде шиқылдап

Ұқсайды екен шөжеге

 

 

Жамыраған қозыдай

Маңыраған қозыдай

Көже көрсе мәз болып

Бас салатын ұлдар-ай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Наурыз мерекесінің сценариі ( бастауыш сыныптар)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сценарий бастауыш мектепте өткізілетін Наурыз мейрамына арналып құрылған. Сценарийде мерекелік шараның басталуынан аяқталуына дейін барлық жағдайлар ескерілген.

Бұл бағдарламада әр сынып оқушылардың  тақпақ, ән-жырлары ,би, күйлері, ертегі кейіпкерлерінің- Қызыр баба, Қаңбақ шал, Тазша бала, Шықбермес Шығайбай мен оның кемпірі, Қожанасыр мен Алдаркөсе, Мыстан кемпір көріністері берілген. Ең бастысы, жыл басы- Наурызға арналған -Наурыз нақыштары, дәстүр, ырым-тиымдар қамтылған.Бұл бағдарламаның ұлттық құндылықтарды дәріптеуде тәрбиелік мәні өте зор.

Әр мұғалім өз қалауы бойынша сценариді толықтыра да, өзгерте де алады деген сенімдемін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2015 11698
    • DOCX 29.9 кбайт
    • 411 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсенбаева Нуржанат Есеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсенбаева Нуржанат Есеновна
    Бейсенбаева Нуржанат Есеновна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30343
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе