Инфоурок Начальные классы Конспекты"Назар аударыңыз, бағдаршам!" онкүндігінде өткізілген "Абайлаңыз,жүргінші!" іс-шарасы

"Назар аударыңыз, бағдаршам!" онкүндігінде өткізілген "Абайлаңыз,жүргінші!" іс-шарасы

Скачать материал

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 («Назар аударыңыз, бағдаршам!» онкүндігінде өткізілген ашық тәрбиелік шара)

Абайлаңыз, жүргінші!

 

 

Өткізген: Дәрменқұлова Л.Ж.

4 В класс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Абайлаңыз,жүргінші!
Сабақтың мақсаты: Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды зейінді, епті болуға, сақтыққа, саналылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, қызыл, жасыл, сары түсті жетондар
Сабақтың түрі: кездесу, практикалық сабақ

Сабақтың барысы:
                     Мұғалім:
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта Республикамызда «Қауіпсіздік мектеп» акциясы өтуде. Сол акция барысында мектебімізде «Назар аударыңыз, бағдаршам!» онкүндігі өткізіліп жатыр. Бүгін біз де осы акцияға қатысып, өз үндеуімізді арнамақпыз.  Ендеше «Абайлаңыз,жүргінші!» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі шараның құрметті қонақтары Аудандық Ішкі істер бөлімінің жол патруль полиция қызметкері Сәрсенов Нұрлыбек Өміртайұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбарасы Нұрмашева Ж.Қ, мектеп медбикесі Кулимова С.А, ата-аналар, жоғары сынып оқушыларынан құрылған тәртіп сақшылары, 3-4 сынып оқушылары, мектебіміздің ұстаздар қауымы. Ендеше сөз кезегін балаларға береміз

                            

Қызыл түсті белгілері бар оқушылыр:

Өзгермейтін тұрағын

                                               Бір орында тұратын

                                               Қызыл шамы жанғанда

                                               Қадам баспа бір адым

                                               Бұл тоқтаудың белгісі

                                               Білу керек бар кісі

                                               Бас иеді тәртіпке

                                               Келмесе де көнгісі

Сары түсті белгілері бар оқушылар

                                    Сары көзін жаққанда

                                    Өтемін деп мақтанба

                                    Бұл дайындық белгісі

                                    Кідіре тұр аттанба

                                    Сары шамы жағылса

                                    Сақ, абай бол барынша

Жасыл түсті белгілері бар оқушылар

                                    Төксе жасыл шырағын

                                    Қауіптенбе, шырағым

                                    Жолың ашық, өте бер

                                    Жасап алға мың адым

                                    Жасыл жарық – жол ашық

                                    Зымырай бел, бел асып
Мұғалім: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Динара:Менің үш көзім бар.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап қалма маңайға дейді.
Аружан: Жолдар қиылысында,
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртектеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
Ақбота: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Динара Қ:Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!

                            
Мұғалім: Балалар жол белгілерін білеміз бе? Ендеше таныстырып өтейік.

1.      Тыйым салатын белгілер:

·         Мотоциклдердің қозғалысына тыйым салынады

·         Аялдауға тыйым салынады

·         Велосипедпен жүруге тыйым салынады

·         Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады

·         Қозғалысқа тыйым салынады

2.      Ақпараттық- көрсеткіш белгісі:

·         Автобус және троллейбус тоқтайтын жер

·         Трамвай тоқтайтын жер

·         Жаяулар өтпесі

·         Жер асты жаяулар өтпесі

·         Біржақты қозғалыстағы жол

·         Тұрақ орны

3.      Басымдылық белгісі

·         Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады

·         Басты жол

·         Жол беріңіз

·         Басты жолдың аяқталуы

4.      Нұсқау белгісі:

·         Велосипед жолы

·         Жаяу жүргінші жолы

·         Айналма жол

5.      Ескерту белгісі

·         Шлагбаумы жоқ темір жол өтпесі

·         Балалар

·         Шлагбаумы бар темір жол өтпесі

·         Екіжақты қозғалыс

·         Басқа қауіптіліктер

·         Тайғақ жол

·         Қиыршық тас шашырау

·         Жол жөндеу жұмыстары

(Әр оқушы жол белгілерін көрсетіп, таныстырады)

Мұғалім: Ал енді көшеде жүру ережесін қаншалықты білетіндіктерімізді тексерейік.

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)

8) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)

9) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?)

10) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)

11) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)

12) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)

13) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)

14) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)

15) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)

16) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)

17) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)

18) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)

19) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

20) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтеміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

21) Балаларға қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды? (балаларға арналған ойын алаңына ойнауға болады, көшеде, жолда ойнауға болмайды)

Мұғалім: Сонымен жол жүру ережесі бойынша өз пікірлерімізді ортаға салайық.

1 Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2 Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3 Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
4 Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.
5 Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
6 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
7 Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
8 Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла

            Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді балалар бүгінгі біздің шарамыздың құрметті қонағы Аудандық Ішкі істер бөлімінің жол патруль полиция қызметкері Сәрсенов Нұрлыбек Өміртайұлына сөз кезегін берейік.

(Жол патруль полиция қызметкері оқушыларға көшеде жүру, әсіресе тротуарлдарда жүру, көшені қиып өту туралы түсінік береді)

                                

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Абайлаңыз,жүргінші!» іс-шарамыз өз жалғасын Әйтеке би көшесінде жалғасын таппақ. Барлығыңызды практикалық сабаққа шақырамыз. Балалар сендерге айтарым  жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Назар аударыңыз, бағдаршам!" онкүндігінде өткізілген "Абайлаңыз,жүргінші!" іс-шарасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 832 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.09.2016 2350
    • DOCX 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46830
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе