Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Название разработки: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Название разработки: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен студенттер!

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мерекемен құттықтаймыз.

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

(Музыка жүріп түрады) Слайдтар жүріп тұрады.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті студенттер!

Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,

Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.

Қазағымның әні болған, жыры болған,

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі-бақи шырқалады.

Республикам әнұраным.

Барлығымыз орнымыздан тұрып, Мемлекеттік Әнұранды бірге шырқайық.

1 - жүргізуші:

Құрметті студенттер! Сіздердің назарларыңызға «» бейнебаянды тамашалау ұсынылады.

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 23 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

Тәуелсіздік тұғырым (хронологиялық кесте). Сөз 1пКДО тобының студенттеріне беріледі.


1 студент: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

2 студент: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

3 студент: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

4 студент: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

5 студент: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

6 студент: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

1 студент: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

2 студент: 2010 жылы 1-2 желтоқсан Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалатын болды. Дәл осы күні тәуелсіздік сарайында 56 елдің басын қосқан ЕҚЫҰ саммитінің өткізілуі шын мәнінде теңдесі жоқ тарихи оқиға.

3 студент: 30 қаңтар 2011 жылы Қазақстанда VІІ Қысқы Азия ойындары болып өтті. 27 мемлекеттен спортшылар мен делегация қатысты. Қазақстан 70 медаль иеленді. 32 алтын, 17 қола, 21 күміс.

4 студент: 2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб пәтері орналасқан Париж қаласында осы бір беделді халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 100-ден астамы дауыс беріп, Қазақстан елордасы – Астана қаласы 2017 жылғы Бүкіләлемдік көрмесін өткізетін орталық құрметін жеңіп алды. 017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымнан 5 миллионға тарта турист келмек. станада 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу елорданың, жалпы бүкіл еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді.

5 студент: ХХХ Жазғы Лондон Олимпиадасында Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 115 спортшымен Тұманды Альбионға аттанды. Байрақты бәсекеде ел спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен 12-нші жалпыкомандалық орынға көтерілді.

6 студент: 2014ж.17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.

1 студент 2014ж. 11 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» жолдауы жариялады.


2-жүргізуші: Біз небәрі 23 жыл ішінде аяғымызды нық бастық. Еліміздің тарихындағы барлық жетістіктері, ерекше өрлеуі, рухани эканомикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы-біздің мемлекеттің тәуелсіздігінде.

1-жүргізуші: Ұлан байтақ Қазақстан елі көп ұлтты, көп конфессиялы, әлденеше мәдениеттер тоғысқан мемлекет екені баршаға мәлім. Алла тағаланың жақсылығы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш салиқалы саясаты, парасатты басшылығы арқасында мемлекетімізде жүзден астам алуан тіл мен дінді, түрлі діл мен мәдениетті ұлттар мен ұлыстар өзара ауыз бірлік пен ынтымақта тату – тәтті өмір сүріп келеді. Осының ұйытқысы болған Қазақ халқы.

Сіздің назарларыңызда «Қазақтың ұлттық биі». Орындайтын 1пКДО тобының студенті Онғарова Назерке.

2-жүргізуші: Қазақстанның осындай жетістіктерге жетуі елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - әлем мойындаған бүгінгі заман лидері тұлғасында көруге мүмкіндік аламыз. Еліміздің қалыптасу және даму тарихы Мемлекет басшысының қызметімен тікелей байланысты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде дамыған нарықтық экономикасы және азаматтық қоғамы бар өркендеген мемлекетке, халықаралық сахнада өз орны бар салмақты және жауапты елге Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

1-жүргізуші: Көрермендерге сұрақ: Елбасымыздың мұраты не деп ойлайсыңдар?

1.Елбасы мұраты не?

2.Елбасы мұратын қалай түсінеміз?

3.Еліміздің одан әрі көркейуіне қандай үлес қосар едің.

2-жүргізуші: Елбасына арналған өлең-шумақтарға кезек береміз.

1студенті С.Шадиярова.

2 студенті Ж.Худжанова.

1-жүргізуші: Көрермендерге сұрақ. Сен білесің бе...?»

1.Н.Назарбаев өз халқына ең алғаш жолдауды қай жылы жолдады? (1997 жылы)

2.Саммит қай жылы өтті және оған неше елдің басшылары қатысты? (2011 ж.56 елдің)

3.Тәуелсіздікке неше жыл толып отыр? (20 жыл толды)

4.Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан нешінші орында? (50-ші орында)

5.Н.Назарбаев қай жылғы жолдауында «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын» жасады? (2010 ж.қаңтарында)

6.Қазақстан алғаш рет қандай заң қабылдады? («Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы»заң)

7.Осы заңның аясында үкімет немен күрес жүргізіп жатыр? (Сыбайлас жемқорлықпен)

8.«Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы»- деп қай жылы айтылды? (2010 ж)

9.Елбасымыздың жолдауының басты мақсаты не? (халықтың әл-ауқатын нығайту)

2-жүргізуші: 2014 жыл 11 қараша күні Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын жолдады. Бұл Жолдау қысқа әрі нақты болғанын атап өту қажет Сөйтіп, халықты өзіне қарашада қаратқан биылғы Жолдау – «Нұрлы жол» деп аталды. Жаңа экономикалық саясат - жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұра алатын ауқымды бағдарлама болмақ.

Енді кезекті Елбасы Жолдауының бағыттарына туралы 3пк және 3кКДО топтарынын студенттеріне сөз берейік.


Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

Жолдар салуға 70 млрд. теңге бөлінетіні нақ осындай ойларға жетелейді емес пе? Астанадан тарам-тарам жолдардың басталуы – жүректен шыққан тамырларының бейнесіндей болады деген образ да маған жақсы әсер етті. Халық арасында «жол – өмір» деген сөз де бар ғой. Және бұл жол шын мәнінде бәріне өмір беретін, жақсы тұрмысқа жеткізетін жолдар болмақ. Оған жолдарды салу барысында жаңадан 200 мыңдай жұмыс орындары ашылады деген сөз де дәлел емес пе?

Екінші. Индустриялық инфрақұрылы.

Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.


Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Елбасы қолдан келетін мақсаттарды алға қойды. Мемлекетіміздің әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнеске ерекше маңыз беріледі.


1 жүргізуші:

Жолдауда басты орын адамдарға жан-жақты қамқорлық жасауға, өмір сапасын жақсартуға, тұтастай алғанда, қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайтуға беріліп отыр.

Бүгінгі күні әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелердің бірі – мектептердің жаңадан салынуы. Апаттық жағдайдағы, үш ауысымды мектептердің орнына жаңасын салу өте маңызды жұмыс.

Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа Жолдауға сәйкес, тек білім саласына 100 млрд теңге қосымша бөлінеді. Бұл деген – балалардың жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы.

1 жүргізуші:

Осыған орай, Жолдаудағы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйді дамыту туралы ережені айрықша атап өткім келеді. Бұл қадам бүгінде ел халқының ширегінен астамын құрайтын Қазақстанның болашағы - жастарға деген қамқорлыққа бағытталған.

2 жүргізуші:

Жас отбасылардың баспаналы болуына жәрдем ететін бағдарлама қабылдауды тапсырғанын да айтуымыз керек. Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты бірнеше Үкіметтің бағдарламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған.

1 жүргізуші:

Келесі кезекті «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» атты ойынына берейік.

Жүргізетін С.Какимова 4аКШО тобының студенті.

Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

2 жүргізуші:

Сіздің назарларыңызға 3пк және 3кКДО топтарынын студенттерінін орындауында патриоттық би флеш-моб ұсынылады.


Қорытынды.

1 жүргізуші:

Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға талай алаш азаматтары қарапайым халықтың өзі де жан­да­рын пи­да ет­кен. Тәуелсіздік де­ген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Ата – бабамыздың егемендік үшін за­рдап ше­гу­ге дай­ын екендігін көрсете білуі бар­ша халыққа сенім мен жігер бер­ген бо­ла­тын.

Құрметті студенттер қазір «Тәуелсіздік саған не берді, Сен тәуелсіздікке не бердің?»… сұрақтарға жауап беруінізді,  ой­ла­рынызды тыңдасақ.

  • Сан ғасырлар бойы армандаған биыл тәуелсіздігімізге 23 жыл толып отыр. Тарих таразысынан өлшесек бұл аз да емес, көп те емес. Біз өмірге тәуелсіздік алғаннан кейін келдік. Қазіргі уақытта жастарға барлық жағдай жасалған. Жастарға берілген мүмкіндікті пайдаланып, оқып, білім алуымыз керек. Қолдағы бар алтынды бағалауымыз қажет. Ендігі кезекте барлық қазақстандықтар үш тілді еркін меңгеріп, бірлікте, татулықта өмір сүруі қажет. Сонда ғана біздерді ешқандай жау ала алмайды. Болашақтағы арманым ұстаз болып, халқыма қызмет ету.

  • Мен тәуелсіздікке бер­ген­нен қарағанда, тәуелсіздік маған көп нәрсе берді. Ең ба­с­ты­сы  ата — анам мені бейбітшілік за­ман­да дүниеге әкелді. Мен тәуелсіздіктің жарқыраған таңында жарық дүниенің есігін ашқаным үшін бақытты ұрпақ екенімді түсінемін. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда біз не ішеміз, не киеміз, қайда ба­ра­мыз деп бас қатырмаймыз. Өйткені демократиялық қоғамда барлық жағдай жа­са­лып отыр.

  • Иә, Күнсұлу сенің айтқан пікіріне  қосыламын. Тәуелсіздік бізше еркіндігімен қымбат. Би­ыл менің қатарластарым ал­тын ұя колледжімізбен қоштасып, үлкен өмірге қадам ба­са­ды.  Ал­ды­мыз­да сан та­рау жол мен өткел тұр. Біздердің деніміз сау, білімді  болсақ, барлық қамалды бұзып, биік мақсатқа же­тіп, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімізді аянбай қосамыз.

  • Дария сенің ой­ын­ды әрі қарай жалғастырғым келіп отыр. Біз небәрі жи­ыр­ма үш жастағы жас мем­ле­кет болсақтағы осы 23 жыл ішінде Азияның жол­ба­рыс­та­ры, Еуроодақ елдері, әлемнің дамыған азу­лы, ал­па­у­ыт елдері там­са­нып, қызыға қарайтындай біраз  ізгі істер атқардық. Әрине, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, елімде Тәуелсіздіктің ту­ын желбіреткен ел бастаған, ел қостаған, ел қалаған ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз тол­ты­рып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Ендігі ке­зек­те  бостандықтың қадірін түсініп,  еліміздің еңсесін тік көтеріп, игі істерге жол бастайық.

  • Жоғарыда құрбыларым тәуелсіздік бізге не бергенін айтып жатыр. Ал мен бол­сам өзім 4 жыл бойы білім алған ал­тын ұям колледжімнің жетістіктерін айтқым келедіОсы­дан 20 жыл бұрын педучилище бол­ды. Кейінен колледж бо­лып ауы­с­ты­рыл­ды. Қазіргі таңда 100 жылдық тарихы бар оқу орнында ана тілімде білім алып жатқаныма мақтанамын. Осы рет­те ұстаздар қауымына барлық  биылғы колледж бітірушілердің аты­нан  рахметімді ай­та­мын. Әсіресе, педагогика ғылымдарының докторы, академик Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина, топ жетекшіміз Райса Қасымқызы, пән мұғалімдері Гүлнар Сырымқызына, Ақкүміс Аманбаеваға, Асима Мұратқызы секілді ұстаздарға ерек­ше алғыс білдіреміз.

  • Иә, ра­сын­да да тәуелсіздік бізге Отан, Жер, Тіл, Еркіндік берді. Жақында Орал­хан Бөкей көркемсөз оқу қалалық сай­ы­сын­да бірінші орын­ды жеңіп ал­дым. Жас­тай­мы­нан  өнерді сүйемін.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін қызығып оқимын. Ке­ле­шек­те өнер жо­лын таңдап, ше­тел­ге қазақ өнері арқылы танытқым келеді. Әри­не ай­та бер­сек тәуелсіздіктің бізге бергені көп, қайта керісінше біз аз бер­ген сияқтымыз. Алай­да біз әлі жас­пыз, сондықтан алдағы уақытта еліміздің да­му­ы­на үлес қосамыз. Біздер -егеменді еліміздің тізгінін ұстайтын жас­тар­мыз. Сондықтан жастарға өздерін нащақорлықтан, маскүнемдіктен бой­ла­рын аулақ ұстағандары дұрыс деп ой­лай­мын. Мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік бол­сын деймін, туған елім.

  • Қазақстанның әлемдегі ба­рын­ша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ой­лар мен жос­пар­лар­ды қисынды қорытындысына жеткізетін де жас­тар болмақ. Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенімім мол. Еркін ел­де өскен ұрпақтың ру­хы әрдайым биік бо­луы тиіс. Жас­та­ры жа­лын жүректі, өршіл на­мы­с­ты, биік рух­ты бол­са – ол елдің еңсесі де биік бо­ла­ды. Әр сабағымызда міндетті түрде тәуелсіздік ту­ра­лы ай­тып өтеміз. Ұстаз ретінде  ұлтжанды, елім деп еңіреп тұрған жас­тар­ды тәрбиелеу міндетіміз. Мен де, Мағжан Жұмабаев секілді, жастарға сенемін.

2 жүргізуші: Ел бақытының белгілеріне не жатады? Тақтаға шығып жазу ұсынылады.

-Білімді ұрпақ

-Тәрбиелі ұл-қыз

-Салт –сананы ұстанған ұрпақ

-Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ

-Отанын шын сүйетін патриоттар

Біздің Қазқастан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Үлкендерден ақ тілек тілейік! Құрметті ұстаздарға сөз беріледі.

2 жүргізуші:

Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз. Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда. Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер. Жарқын болашаққа  қадам ба­сып ке­ле жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жа­сай берсін!

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАСАЙ БЕРСІН!

Ән «Атамекен».

1 жүргізуші:

Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан

болсын дей отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен студенттер!

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі  бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мерекемен құттықтаймыз.

 «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

 (Музыка жүріп түрады) Слайдтар жүріп тұрады.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті студенттер!

Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,

Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.

Қазағымның әні болған, жыры болған,

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі-бақи шырқалады.

Республикам әнұраным.

 

Барлығымыз  орнымыздан тұрып, Мемлекеттік Әнұранды бірге шырқайық.

Общая информация

Номер материала: 333618
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>