Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨндірістік оқыту сабағының тақырыбы: «Малды сыртқы пішініне қарап бағалау»

Өндірістік оқыту сабағының тақырыбы: «Малды сыртқы пішініне қарап бағалау»

Скачать материал

Тақырыбы: «Малды сыртқы пішініне қарап бағалау»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды малдың сыртқы пішініне қарап балауды үйрету

Дамытушылық: теориялық білімін бекіту

Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәрбиелеу

Пайдаланған көрнекілігі: Ірі қара мал, плакат, дидактикалық материал, оқулық, өлшеуіш таяқ, өлшеуіш циркуль

Пәнаралық байланыс: «Мал ауру негіздері», «Мал шаруашылық кешендерін залалсыздандыру және ұйымдастыру негізі», «Еңбек қауіпсіздігі», «Мал шаруашылық негізі»

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақ өтетін жер: мал алаңы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин): оқушылардың қатысуын, дайындығын тексеру. Оқушылар екі топқа 6 кісіден бөлінді.

Кіріспе нұсқау (25 мин):

Сырт пішіні. Сырт пішін малдың сыртқы дене құрылысы, ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Ірі қараның сырт пішінін зерттеу арңылы, оның денсаулығы жөнінде және тұқымы жөнінде мәліметтер аламыз. Сүтті және етті ірі қараларды сыртқы дене құрылысына қарап айырады. Малдың сырт пішіні оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып-күтуіне байланысты. Малды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімдік бағытына, сүйегінің мықтылығына және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.

Ірі караның сырт пішінін бағалау тәсілдері. Ірі қара малының сырт пішінін бағалау арқылы, одан алынатын өнім көлемін жобалауға және сапасын анықтауға болады. Малдың сырт пішінін бағалаудың төмендегідей бірнеше тәсілдері бар: көзбен (әр мүшені жеке-жеке және баллмен бағалау), әр мүшені өлшеу, дене пішінінің индексін анықтау; графикалық және фотосуретімен анықтау.

Ірі қараны көзбен бағалау тәсілі малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгі тәсіл болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін (тұрпатын), әрі дене саулығын, малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін баллмен бағалап, жалпы қосындысын шығарады.

Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшеп бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, ал мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін — 5 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін — 11; орташа дене өлшемі — 18. Бірақ дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.

Индекс тәсілі. Индекс дегеніміз — екі дене өлшемінің бір-біріне пайыздың байланыс қатынасын айтамыз. Мысалы, кеуде енінің кеуде тереңдігіне пайыздың қатынасы — кеуделігінің индексі. Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек бір белгіні ғана анықтамай, қатарынан екі-үш белгіні анықтайды. Иңдекстің, әсіресе малдардың тобын бір-бірімен салыстырғанда маңызы зор, ол үшін 10 — шақты индексті қолданады. Малдың дұрыс өсіп жетілгенін анықтау, дене құрылысының сыртқы сымбатын бағалау, әрі малдың конституциялық типін білу үшін дене құрылысының индексін есептейді. Әрине екі мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы бірімен-бірі байланысты болады.

Дене құрылысы индексін есептеу арқылы малдың түріне толық сипаттама беріледі. Етті ірі қаралардың дене құрылысының ұзындық индексі сүтті ірі қара тұқымдарымен салыстырғанда көбірек болса, ал дене құрылысының сирақтылық индексі керісінше сүтті ірі қара тұқымында көбірек болады. Мал жасының оны барып-күтудің жеке азықтандырудың өзгеруіне байланысты малдың дене құрылысының индексі де өзгеріп отырады.

Ағымды нұсқау (300 мин):

Өзіндік жұмысы:

Малдың сыртқы пішінін көзбен бағалауды баллдық жүйе арқылы бағалаумен толықтырып, дәлдігін арттырады. Бұл жүйе бойынша малдың жекелеген немесе бір топ дене мүшелеріне жекелеген баллдар беріледі де, соларды қосумен қорытынды баға шығарылады. Мал түлігінің тұқымына, жынысына, жасына байланысты 5,10,100-баллдық жүйелер колданылады. Баллдық бағаның басым үлесі малдың негізгі өнімділігін айғақтайтын белгілеріне тиеді (1,2,3,4 кестелер).

Тапсырмалар:

1.     Өлшеу құралдарымен танысып, оларды жұмысқа пайдалану тәсілдерін игеру (1,2,3,4 -кестелердегі талаптарға)

2.     Жұмыс дәптеріне әр түрлі түліктер бойының негізгі өлшеулері әдістерін көшіріп жазу (Рис №1)

3.     Өткен сабақта өздері алған мал бойының өлшемдерін пайдаланып, сол малдың тұлға индекстерін есептеп, жұмыс дәптеріне жазу керек.

4.     Ірі қара малдың сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалаңдар; олардың дене мүшелерінің кемістігіне көңіл аударыңдар (Рис № 3)

5.     Сүтті сиыр мен бұқаның сыртқы пішіні мен дене бітімінің 1,2,3,4 -кестелердегі талаптарға сәйкестігін балл беру аркылы бағалаңдар.

1-    Кесте. Әр түрлі өнімдік бағыттағы ірі қараның тұлға индекстері

 
 

 

 


Индекстер

Дене өлшемдерінің

ара қатынасы

Ірі қараның өнімділік

бағыты

Сүтті

Сүтті

етті

Етті

Сирақтылығы

(Шоқтығының биіктігі – кеудесінің тереңдігі) х100

46

46-47

42-43

Шоқтығының биіктігі

Тұрқы сипаты

Тұрқының қиғаш ұзындығы х 100

120

119-120

122-123

Шоқтығының биіктігі

Кеуделілігі

Кеудесінің ені х 100

61

63-66

73-74

Кеудесінің тереңдігі

Кеуде-бөксе

сәйкестігі

Кеудесінің жауырын сыртынан енділігі х 100

85

94-96

88-89

Сербегі аралық енділігі

Дене

жұмырлығы

Кеудесінің орамы х 100

118

123-126

132-133

Тұрқының қиғаш ұзындығы

Дене

еңселілігі

Құймышағының биіктігі х100

101

102-104

101-102

Шоқтығының биіктігі

Сүйектілігі

Жіліншігінің орамы х 100

14.6

14.7

14.0

 

 

2-кесте. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырдың сырқы пішінін бағалау жүйесі

 

Дене мүшелері

Бағаланатын көрсеткіштері

Балдар

Жалпы түр-тұлғасы мен жетілуі

Дене мүшелерінің үйлесімділігі, жалпы келбетінің келістілігі, дене бітімінің мықтылығы,тұқымына тән пішін ұқсастығы

3

Желін

Көлемі, бөлімдерінің біркелкілігі, денеге бекіген аумағының көлемі, сүт бездерінің жетілуі, емшектерінің жетілуі мен орналасуы

5

Аяқтары

Алдыңғы жене артқы аяқтарының жетілу дережесі, орналасуы және тұяқтарының пішіні мен жетілуі

2

Жалпы балл саны

10

 


 

3-кесте. Сиыр дене бітімін бағалау жүйесі

Мал денесі

мен мүшесі

Жоғары балл беру талаптары

Берілетін балл

негіз. балл

коэффицент

жалпы балл

1. Жалпы дамуы

а) дене құрылымынын үйлесімділігі

5

1

5

бтұқым бағытының айқындылығы

5

1

5

в) бұлшық еттері нығыз, ортша дамыған

5

1

5

г) қаңқасы берік бірақ дөрекі ірі емес.

5

1

5

2. Дене мүшелерінің дамуы

1. Басы мен мойны

басы жұмсақ, тұқымдікіне үйлесімді; мойны ұзын,түзу,мойын терісі жұка, қатпарлы

5

1

5

2. Кеудесі

а) кең, жауырын арты жолсыз, ойықсыз,

қабырғалары ұзын, дөңгелектелген

5

1

5

б)терең

5

1

5

3. Шоқтығы, арқасы, белі

шоқтығы - кең, түзу; арқасы - кең, ұзын түзу; белі - кең, түзу, ауқымды

5

2

10

4. Ортасы

жақсы дамыған, аумақты

5. Арты

а)кең

5

1

5

б) ұзын

5

1

5

в)түзу

5

1

5

6. Сүттік белгілері

а)желін көлемі үлкен, аумақты. безді

5

2

10

б) желін беліктері біркелкі дамыған, сүт тамырлары білеуленген

5

2

10

в) алдыңғы жене артқы емшектері жақсы дамыған, салалы

5

2

10

7. Аяқтары

иығы дұрыс қойылған. берік

5

2

10

 

4-кестеСүтті және сүтті-етті бағыттағы бұқаның сырқы пішінін бағалау жүйесі

Дене мүшелері

Бағаланатын көрсеткіштері

Баллдар

Жалпы түр-тұлғасы мен жетілуі

дене мүшелерінің үйлесімділігі, дене бітімінің мықтылығы, тұқымына тән пішін ұқсастығы бұқаға тән қайраттылығы, бұлшық еттері мен сүйегінің жетілуі)

4

Дене мүшелері

а) бас пен мойын, кеудесі мен иығы, арқасы мен белі, бөксесі;

4

б) алдыңғы жене артқы аяқтарының мықтылығы мен орналасуы, тұяқтарының пішіні мен жетілуі

2

Жалпы балл саны

10

 


 

Бақылау сұрақтары:

1. Малдың негізгі сыртқы дене мүшелерін атаңыз?

2. Малдың сыртқы дене пішініне, түр-тұлғасына баға берудің қандай әдістерін білесіз? Олардың бір-бірінен қандай артықшылығы, кемшіліктері бар?

3. Әр түрлі түліктердің дене пішінін сипаттайтын негізгі бой өлшемдерін атап, оларды өлшеу жолдарын көрсетіңіз?

4. Мал бойын өлшегенде қандай ережелерді сақтау қажет? Тұлға индексін анықтаудың қандай маңызы бар?

5. Сүтті және етті бағыттағы малға тән дене пішінінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз?

n  Қорытынды нұсқау (30 мин):

Білім алушылар  сабақ  процесі кезінде өзіндік жұмыстанғанда көптеген  мәліметтер, дағдылар  алды  және  білімдерін жүйелеп, нығайтты.

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды.

n  Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. “Ветеринария негіздері” 224-240 б.

 

 

 

ө/оқыту шебері:                     Д.И. Орманова


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


                                           

 

 

Рис № 2

 

Рис № 3

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өндірістік оқыту сабағының тақырыбы: «Малды сыртқы пішініне қарап бағалау»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.06.2017 3770
    • DOCX 951.9 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орманова Дарига Изимгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орманова Дарига Изимгалиевна
    Орманова Дарига Изимгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25317
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек