Инфоурок / Информатика / Статьи / Өндірістік - педагогикалық практика әдістемелік кешенін құру
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Өндірістік - педагогикалық практика әдістемелік кешенін құру

библиотека
материалов

ӨНДІРІСТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР КЕШЕНІН ҚҰРУ

Ә.Бозаева 5В011100- Информатика мамандығының 4-курс студенті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ, Ақтөбе қ.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушысы Байғанова А.М.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс[1]. Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие. Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық;  тәрбиелiк;  диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi  бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін  сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде қалыптастырудың жаңа  тәсілінің дәріптелуін,  кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін,  тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. Осы мәселелердің іске асуы жоғары оқу орындарында кәсіптік мектептерде педагогикалық практиканы өткізудің дұрыс жолға қойылуына тәуелді.  Әзірге, жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде педагогикалық практика білім беру процесімен, оның мазмұнымен, жаңа бағдарламалармен, оқулықтармен, оқыту технологияларымен шектеліп отыр[2]. Тәрбие мәселесінің кәсіптік жоғары оқу орындарында көлеңкеде қалып қойғаны жөнінде айта кеткен жөн. Қазіргі қалыптасқан жағдай екі әртүрлі, бірақ өзара байланысқан оқыту мен тәрбиелеу процесін бір «білім беру» терминіне біріктіреді. Соның нәтижесінде жалпы тәрбие процесі, оның ішінде педагогикалық практика барысындағы тәрбие мәселесі назардан тыс қалып қойды. Егер білім берудің құраушылары үнемі жаңаланып отыратын білім беру жүйесімен байланысты мазмұнды танымдық контекске бағытталған болса, онда тәрбие құраушылары жеке тұлғаның құндылық құрамына, оның адамгершілік, рухани мәдениетіне бағытталған кәсіптік мектеп тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық деп есептеуге болмайды, ол кәсіптік мектеп оқушыларына  тәрбиенің жеткіліксіздігімен тікелей байланысты[3]. Осы айтылған мәселелердің өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Өндірістік- педагогикалық практиканың әдістемелік нұсқаулар кешенін құру» деп таңдауымызға негiз болды.

Әдістемелік кешенді жасау үшін зерттеу пәнін, нысанын анықтай отырып төмендегі міндеттерді анықтадым.Ол:

1.Педагогикалық практиканының әдістемелік нұсқаулар кешенін құру арқылы жетілдірудің теориялық негіздерін айқындау;

2. Кешендi тапсырмаларды жүзеге асыруда педагогикалық практиканың тиімділігін қамтамасыз ететін шарттарды анықтау;

3. Тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететін педагогикалық мәселелер жүйесін шешуге бағытталған іс-әрекет жиынтығы ретінде кешеннің моделін жасау;

4. Педагогикалық практиканының әдістемелік нұсқаулар кешенін жетілдірудің әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда дәлелдеу.

Кешенді құру үшін MacromediaFlash ортасын таңдадым. Жеке модульдерді iSpring өнімін[4] қолданып құрылды. Кешеннің құрылымы мынадай бөлімдерді қамтыды (сурет 2). Сонымен қатар кешен 3d кітап түрінде дайындалған портфолио құрылымынан (сурет3), анықтамалықтан (сурет4), тест тапсырмаларынан (сурет 5) тұрады.


hello_html_26f954b6.png


1-сурет. Титулдық беті



hello_html_48d4f6a.png



2-сурет. Мазмұны



hello_html_4883987c.png

3-сурет. iSpring Suite бағдарламасында дайындалған портфолио құрылымы



hello_html_6b3a0ae1.png

4-сурет. Анықтамалық



hello_html_444829dc.png

5-сурет. Тест тапсырмасы



Қорыта келгенде, бүгінгі заман талабына сай, жоғары білімді маманды дайындауда тек озық технологияларды ғана меңгеру емес, сонымен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін, ойын анық жеткізе алу, іскерлік қарым-қатынаста белсенділік танытып, жұмысты ұйымдастыра білу қабілетін шыңдай түсу басты мақсат болмақ. Маманның жан-жақты қалыптасуы үшін, маңызды педагогикалық білімдерді пайдалану арқылы, оның кәсіптік іс-әрекетпен байланысын тиімді ұйымдастыра білу қажет.

Әдебиеттер тізімі:

1. Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы жаңа технологиялардың ролі // Білім кілті. – Алматы, 2008. - №5. - Б. 42-43.

2. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері // Ғылыми-практикалық конференция.- Семей, 2009., II том,- Б.39-41.

3. Қалыбекова, Ә.А., Ысқақов, Ж.Ы., Әлсатов, Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалары / Ә.А. Қалыбекова, Ж.Ы. Ысқақов, Т.М. Әлсатов. – Алматы, 2002. – 25-27б.

4. www.iSpring.ru





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-046576

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"