113099
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокИнформатикаКонспектыӨндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

БҚО. Жалпақтал ауылы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі

Өндірістік оқыту шебері: Каримова Аксамал Жакиповна


Сабақтың тақырыбы: «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері


Сабақтың мақсаты


Білімділік: Оқушыларға Visual Basic терезесінің басқару элементтері туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Microsoft PowerPoint презентациясы. Компьютер, интерактивті тақта, технологиялық - нұсқама карта.

Оқыту түрі: Жеке, топтық

Пәнаралық байланыс: Информатика, Қазақ тілі, Орыс тілі, Агылшын тілі.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сәлемдесу

- оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

- сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау:

2.1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру

а. Жұмысқа кірісер алдында

- жермен өткізілуді тексеру, жұмыс кимін ретке келтіру.

-компьютерді іске қосу, ақауларын тексеру.

- су киіммен немесе су қолмен компьютерге жақындамау

б. Жұмыс жасау кезінде

- өндіріс шебері берген тапсырманы орындау

- компьютердегі басқа программаларды қопармау

- компьютер айналасынан артық заттарды жинап тастау

- тапсырманы орындағанын өндіріс шеберіне айту және көрсету

-басқа тапсырма алу

в. Жұмысты аяқтау кезінде

- тапсырманы көрсету

- компьютердің барлық бағдарламаларын жабу

- ережеге сай компьютердің жұмысын аяқтау

- өндіріс шеберіне көрсету.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру


Басқару элементтерінің панелі

1-суретте бейнеленген, көрсеткіштен басқа барлық батырмалар, объектілер деп аталады. Оларды біз формада орналастыра аламыз. Бұл объектілер басқарушы элементтер деп те аталады. Олардың көбі VB-тің ажырамас бөлігі болып, стандартты элементтер қатарына жатады. Мысалы: командалық батырма немесе мәтін (мәтіндік) алады. Бұл жерде одан басқа қосымша элементтер де болуы мүмкін. Оларды қосу үшін панельдің бос жерінен жүгіртпенің оң жақ батырмасына басу керек. Пайда болған контекстік менюден Компаненты бөліміне таңбасын қою арқылы қажетті объектілерімізді таңдап аламыз.

hello_html_m1c86f89d.png

  1. Сурет

Басқару элементтері панеліндегі объектілердің атқаратын негізгі қызметтері

Әрбір объектінің өзіне тән қасиеттерінің тобы болады. Командалық батырма жасау үшін, оның суретіне көрсеткішті орналастырып, жүгіртпенің сол жақ батырмасын басып жібереміз де, онан соң формаға орналастырамыз. Осы әдіспен қажетінше батырма жасап алуға болады. Бірінші батырманың аты Command 1,екінші Command 2 ,т.с.с. болады. Батырманың атауын қасиеттер терезесінен Caption мәні арқылы алуға болады.

Мәтін терезесінің мазмұны text қасиеті арқылы анықталады, ал форматы BorderStyle және ScrollBars.

Экранда жылжыту батырмасын көрсету үшін MultiLine (көп жолды мәтін) қасиетіне true мәнін қою керек. Мәтін терезесіне пароль қою үшін жоба жасаушыға Pass Word Char қасиетін беріп, белгілі бір символды қоюымыз керек. Мысалы, «*» символы.

Қолданушы терезеге мәтін енгізсен, онда «**» таңбалары пайда болады. Бағдарламаны ашу үшін алғашқы мәтін пароль болып табылады.

Батырманың атауын қасиеттер терезесінен Caption мәні арқылы алуға болады

hello_html_m77416c64.png - Көрсеткіш стрелка (Pointer). Формада орналасқан ағымдағы объектімен жұмысты тоқтату үшін қолданылады.

hello_html_m33c25fc6.png - Сурет (PictureBox). Бұл обекъті графикалық бейнені көрсетеді және графикпен жұмыс істеу кезінде контейнер (жинақтаушы) ролін атқарады.

hello_html_m7d076458.png - Таңба (Label). Қолданушыға өзгертуге болмайтын мәтінді көрсетеді. Жай есептеулердің нәтижесі көрсету үшін де қолданылады.

hello_html_21d3596b.png - Қоршау (Frame). Объектілерді топтауға мүмкіндік береді.

hello_html_1079d02a.png - Мәтін терезесі (TextBox). Мәтін жазуға арналған терезе, қалауымызша мәтін жазуымызға болады. Оған 32000 символ сыяды. Бұл терезе мәтінді өзгертуге болады. Ол үшін терезенің Enabled қасиеті қойылу керке.

hello_html_67910153.png - Командалық батырма (Command Button). Қолданушыға арналған батырма. Ол бағдарламаны және әр түрлі әрекеттерді орындау үшін қолданылады.

hello_html_m78c8997b.png - Ауыстырып қосқыш-индикаторы (CheckBox). «Иә» және «жоқ»,«қосылған-ажыратылған» мәндерін көрсетеді де, қолданушының қажеттісін таңдап алуына мүмкіндік береді. Ауыстырып қосқыш квадрат түрінде бейнеленеді де онда «v»белгісі оның іске қосылғанын, ал сұр түске енуі оны пайдалану мүмкіндігі жоқ екендігін көрсетеді.

hello_html_m112179dc.png- Таңдау батырмасы (Option Button). Бірнеше варианттың ішінен біреуін ғана таңдап алуға мүмкіндік береді.

Ол Option1 деген атпен формода орналасады. Бірнеше таңдау батырмаларын қолдану үшін оларды топтау керек.

hello_html_m7edd8ded.png- Тізімдер жиынтығы (комбинированный список) (Combo Box). Мәтін түрінде жазылған тізімді көрсетеді. Ол тізімнің қажетті элементін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Оның үш түрі болады:

  1. жай тізімдер жиынтығы

  2. жол бойынша ауысатын тізімдер жиынтығы

  3. ауысатын тізім

Олардың қасиеттері Style (стиль) көмегімен анықталады да, формада Combo1, Combo2, т.с.с. атпен орналасады.

hello_html_2ea192cd.png- Тізім (List Box). Қолданушы берілген тізімнен қажеттісін таңдап алуға мүмкіндік береді. Тізім мен комбинацияланған тізім сырттай ұқсас, айырмашылығы олардың іс-әрекеттерінде болады. Тізім көптеген файлдар мен каталогтардан тұруы мүмкін. Оның қажетті элементін жүгіртпе немесе пернелер көмегімен таңдап алуға болады. Тізім элементтері индикатор арқылы көрсетіледі. Мысалы: тізімдегі үшінші элемент – MyList.List

hello_html_22e07783.png- Горизонталь және вертикаль бағытта (Hscrollbar және VScrollbar) бағытта жылжыту элементі. Олар белгілі бір мәндерді көрнекі түрде қоюға мүмкіндік береді. Онда ең кіші элемент сол жақта (жоғары), ал ең үлкен элемент оң жақта (төмен) деп есептеледі.

hello_html_m56dcc9e.png- Таймер (Timer). Оқиғаларға белгілі бір уақыт бойынша шектеу қою үшін қолданылады. Таймердің ең үлкен саны 16, бағдарламаның орындалуы кезінде Таймер жасырын тұрады. Оның қасиеті Interval милисекундпен анықталады, ең үлкен мәні 65535-ке тең.

hello_html_4a79003b.png- Дискқозғағыш (DriveList Box) тізімі. Қолдануға мүмкін дискі қозғағыштардың тізімін көрсетеді.

hello_html_1493b624.png- Каталогтар (DirList Box) тізімі. Каталогтардың орналасуы структурасын көрсетеді.

hello_html_m27ae19c8.png- Файлдар (FileList Box) тізімі. Файылдар тізімін береді.

hello_html_m4260e383.png- Фигура (Shape). Жоба жасауда қолданылатын сызықтар мен фигураларды бейнелейді.

hello_html_751c7aa.png- Бейне (Image) (көрініс) форманы безендіруге арналған графикалық бейнелерді береді.

Берілген шамалар (DataControl) түріндегі объект берілгендер базасын алу үшін қолданылады.

Тор (Grid) информацияны кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады.

hello_html_31dc847.png- OLE объектісі басқа объектілермен байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы сұхбат (CommonDialog) объектісі диалогтік терезе жасау үшін қолданылады

.

ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

Дербес компьютермен тапсырмалар орындау.

1 Visual Basic бағдарламасында «Сәлеметсіз бе» бағдарламасын құру.

№2 Visual Basic бағдарламасында «Өлен жазу» бағдарламасын құру.

№3 Visual Basic бағдарламасында «Калькулятор» бағдарламасын құру.










Технологиялық-нұсқама картаның көмегімен тапсырмалар орындау.

Тапсырма: «Калькулятор» бағдарламасын құру.

Жұмыстын мақсаты: Басқару элементтерінің қасиеттерін және қолданылуын үйрену.

Өткізілетін орны: Компьютер кабинеті

Жұмыстың орындалу реті

Жұмыстың орындалу көрсетілімі

Құрал - жабдықтар

1

Frame1 командасын таңдап, бұл команданың ішіне 4 – Option командасын енгізіп, бұл 4 команданың Caption (атауларын) беру әдістері.

  1. Қосу

  2. Алу

  3. Көбейту

  4. Бөлу

hello_html_m5381bf8.png

hello_html_1794467e.png













hello_html_44b220b5.png












Компьютер Visual Basic бағдарламасы 6.0

2

Тext 1

Тext 2

мәтін терезелерінің Тext қасиеттеріне

« » мәндерін қоямыз.

hello_html_m46d6c934.png

















3

Label 1

Label 2

Label 3 элементтерінің Caption қасиеттеріне

1 – сан

2 – сан

3 - нәтиже мәндерін беру

әдістері

hello_html_m7077231b.png























4



Command Button элементін таңдап, Caption қасиеттеріне «Шығу»

мәндерін беру








hello_html_m3413399e.png







5

Command Button элементтерін екі рет шертіп, бағдарламалық код жазу.



Private Sub Option1_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) + Val(Text2.Text)

End Sub

Private Sub Option2_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) - Val(Text2.Text)

End Sub

Private Sub Option3_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) * Val(Text2.Text)

End Sub

Private Sub Option4_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) / Val(Text2.Text)

End Sub



6

Орындалған жұмыстын нәтижесі:

Қандай сан жазсақта, сол сандардың математикалық амалдарын калькулятор түрінде есептейді.
















hello_html_m5af5497d.png



  • Оқушының жұмыс орнын аралау

  • Кез келген құрылғылармен жұмыс (пернетақта, тышқан, сканер, принтер, әртүрлі бағдарламалар) жасауды дағдыландыру.

  • Жаңа тақырыпты қабылдау мүмкіндіктерін бақылау.

Сұрақтар қойып оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгеріп отырғандарын тексеру, әртүрлі тапсырмалар беру.

  • Тапсырманы орындау кезінде қалып қойған оқушыларға жеке көмек көрсете отырып, тапсырмаларды қайта түсіндіру.

V. Қорытынды нұсқау

- Дайын жұмыстарды қабылдау

  • Сабақ соңында оқушыларға жұмыс орындарын, яғни компьютер жанын және сыныпты жинақтау.

Бағалау. Оқушыларды орындаған тапсырмалары мен сабаққа қатысуларына қарай бағалау.


VІ.Үй тапсырмасын беру. Берілген тапсырмалар бойынша технологиялық-нұсқама карта құрастыру.


Краткое описание документа:

Басқару элементтерінің панелі

 

1-суретте бейнеленген, көрсеткіштен басқа барлық батырмалар, объектілер деп аталады. Оларды біз формада орналастыра аламыз. Бұл объектілер басқарушы элементтер деп те аталады. Олардың көбі VB-тің ажырамас бөлігі болып, стандартты элементтер қатарына жатады. Мысалы: командалық батырма немесе мәтін (мәтіндік) алады. Бұл жерде одан басқа қосымша элементтер де болуы мүмкін. Оларды қосу үшін панельдің бос жерінен жүгіртпенің оң жақ батырмасына басу керек. Пайда болған контекстік менюден Компаненты бөліміне таңбасын қою арқылы қажетті объектілерімізді таңдап аламыз.

Общая информация

Номер материала: 288659

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Современные информационные технологии и их использование в работе преподавателей. Системы автоматизированного проектирования одежды и организация технологического процесса»
Курс повышения квалификации «Основы создания интерактивного урока: от презентации до видеоурока»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация работы по формированию медиаграмотности и повышению уровня информационных компетенций всех участников образовательного процесса»
Курс повышения квалификации «Облачные технологии в образовании»
Курс «Фирменный стиль» (Corel Draw, Photoshop)
Курс «1С: Предприятие 7.7»
Курс «WEB-ВЕРСТКА (HTML, CSS)»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование компьютерных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление в сфере информационных технологий в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышение квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.