Ынталандыру сезімін ояту
|
Жылулық шеңбері.
Шаттанамын күлемін, Бақытты
боп
жүремін.
Қатар тұрар шеңберде, Досым көбін
білемін. Қайталау.Дыбыс,әріп түсінігін қайталатып өтеді.
|
-Дыбысты
айтамыз,естиміз.
-Әріпті
жасамыз,көреміз.
|
Іздену ұйымдастыру-шы
|
Хайуанаттар бағындағы торларда
тұрған аю,түлкі,арыстанның суреттерін көрсетеді. -Біз бүгін сендермен
хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз.Онда қандай аңдар бар
екен?
Хайуанаттар бағы туралы қысқаша айтып өтеді:-Хайуанаттар бағында біздің жақта
көп кездеспейтін жануарлар болады.Оларға бақ жұмысшылары қамқорлық
көрсетеді,күтеді. «Қандай
сөз?»дидактикалық ойын.Мақсаты:әртүрлі сөз өлшемдерін
қайталату.
-Балалар,торлардағы аңдардың аттары жазылған сөздер түсіп қалыпты.
Келіңдер,біз әр аңның атын айтып,өлшеп көрейік те,тиісті сөз белгісімен
белгілеп
қояйық. –Мына
аң қалай аталады? «Аю»сөзін айтып көрейік.Ұзақ айттық па,әлде қысқа айттық па?
Кейбір сөзді айтқызып көріп,ұзын, қысқа,орташа екенін ойша анықтатады.Кейбір
сөзді айту кезінде қолдарымен өлшетеді.(алақандарын бір-бірінен алыстату
арқылы) Әр аңның торына
сәйкес сөз белгісін жапсырады:аю,арыстан,түлкі.
Сергіту
жаттығуы Қорбаңдайды
аюым, Секеңдейді
қояным, Бәрінен
де жоғары, Керік
бойын созады.
«Сөйлемнің суреті»дидактикалық
ойын.Мақсаты:сөйлемді модельдеуге жаттықтыру. –Мен бір сөйлем айтамын.Сендер
мен айтқан сөйлемді суретке түсіріп алыңдар да,алдарыңдағы сөз белгілерін
пайдаланып,ол сөйлемнің суретін
шығарыңдар. Сөйлем: «Хайуанаттар
бағында қоян бар» Келесі сөйлемді балалар құрастырады. Дәптермен
жұмыс.Тапсырмаларды
орындатады. Саусақ
жаттығуы Ақ
қояным,аппағым, Сені
күтіп баптадым. Мазақтамай
«қорқақ» деп
«Сүйкімдім» деп мақтадым. Кел,жазайық.Жазуға берілген тапсырманы
қадағалап жүріп орындатады.
|
Хайуанаттар
бағындағы аңдардың суреттерін тамашалайды,аң-дарды атайды.
Аңдардың
атын атап,кейбір сөзді ойша,кейбір сөзді қолдарымен өлшейді.
Мазмұнына
сәйкес қимылдар жасайды.
Аңдар
туралы сөйлемдер құрастырады.
Жазу
жұмысын орындайды.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.