Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Өнеге отбасынан" ата-аналар жиналысы

"Өнеге отбасынан" ата-аналар жиналысы

библиотека
материалов

Ата-аналар жиналысының жоспары



Мектеп: 44 Сынып: 2 «Б» Мерзімі: 05.02.16 Ата-аналар саны:16 Мұғалім: Калменбаева К.М.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Өнеге-отбасынан».

Мақсаты: Ата-аналарға отбасылық тәрбиенің негізін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ашу.

Міндеттері:

1.Отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы түсіндіру;

2. Баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге үлес қосатын ата-ананың рөлінің дамуы;

3. Оқушыларды тәрбиелеуде ата - ананың үйлесімділікте, сүйіспеншілікте бірігіп жұмыс жасауы.

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

(Интерактивті тақта, бейнематериал, слайд, жүрекше, ыдыс, қағаздағы кірпіш, плакат).

Оңтайлы күйге келтіру сәті:

Табиғат дыбыстары.

1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері;

С.А.Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының авторы. «Рухани жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығады»,-деп С.А.Назарбаева айтқан.

Л.Тостой: «5 жастан үлкен болғанға дейінгі жасқа қарағанда, баланың ақылына, мінезіне,сезіміне қоршаған орта туғанынан 5 жасқа дейін қатты әсер етеді».

А.Макаренко: «Адам 5 жасқа дейін не көрсе, соны бойында сақтап, болашақта сондай адам болады».

А.В.Сухомлинский: «Бала әлемді адамды танудан бастайды, яғни алғашқы әке мен ананың бір-біріне деген қарым-қатынасынан, істеген істерінен барлығын көріп, жақсылық пен жамандықты көре білуге үйренеді».

А.Маслоу: «...Eгep бiз көмeкшi, кeңecшi, мұғaлiм, бacшы бoлғымыз кeлce, aдaмды қaндaй бoлca дa, oны coл күйiндe қaбылдaп, бaлaны қopқытпaй, oның қopқынышын бoлдыpмaйтын жaғдaй жacayымыз кepeк. Ocындaй қaтынac бaлaның қaтeлiктep жiбepe oтыpып, бeлceндiлiгiн жoғaлтпayынa, өзiн-өзi жeтiлдipyiнe, өзiндiк мүмкiндiктepiн aшyғa мүмкiндiк бepeдi. Бiз әpбip бiлiм aлyшының aлaтын «acyын» бaғaлaй бiлyгe, oның cүйiктi шұғылдaнaтын iciн дұpыc қaбылдayғa үйpeнгeнiмiз aбзaл»,- дeп aнықтaғaн.

«Ақ» нәрселер өте көп, біз өзіміздің қиыншылықтарымызға көңіл бөлеміз де, бізді қоршаған жағымды құбылыстарды және өзіміздің қиындықтан алатын пайдамызды байқамаймыз, балаларымызға да көп көңіл бөлмейміз, ал балалар біздерге еліктеп, бізден шыңдалып, өсетінін ұмытпайық. Сондықтан да барлық уақытта, барлық жерде жақсыны көре білуіміз керек. Өз санамызды тазарта білейік, сабырлылыққа шақырып, эмоцияларымызды жеңдіретін практикалық тәсілдерді қолданып, балаларымызға тек сүйіспеншілік Нұрын шашайық.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері;

Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. «Өзін-өзі тану»  бағдарламасының  авторы Сара Алпысқызы Назарбаева:  «« Өзін-өзі тану»  пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»,- деп атап айтқан.Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адам кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Ішкі рухани үйлесімділікке жету үшін әрбір адам өзінің ой, сөз, іс-әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуына тырысып, бірлікті тануы керек. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды мәуелі ағашқа теңеп  көрсек, мәуелі ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, мәуелі ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.Сүйіспеншілік-өзін-өзі танудың қағидасы. Барлық қасиеттерді біріктіреді.

  • Дұрыс әрекет-іс әрекеттегі сүйіспеншілік

  • Тыныштық-сезімдегі сүйіспеншілік

  • Ақиқат-ойдағы, сөздегі сүйіспеншілік

  • Қиянат жасамау-түсінісудегі сүйіспеншілік

Ақиқат-өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау. Дұрыс пен бұрыстың арасындағы шынайылықты ажырату. Ақиқаттың қасиеттері: шыншылдық, шындық,адалдық,өз-өзін сезіну, өзін-өзі тану,сенім,оптимизм,білімге ұмтылу, білімқұмарлық,іздену,зерттеу,ажырата білу,ғалам-адамзат-адам бірлігін тану,көкейкөздің ашылуы.

Дұрыс әрекет- бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық. Дұрыс әрекеттің қасиеттері:ізгілік, адамгершілік, үйлесімді қарым-қатынас, өзгелерді сыйлау, жағымды мінез-құлық;батылдық, табандылық, міндеттілік, ынталылық, дәйектілік, жауапкершілік;адалдық, қызмет, парыз, пайдалылық;гигиена; жан тазалығы, өзін-өзі толыққанды сезінушілік, шат көңіл; жасампаздық, үнемділік, өнімділік;

өз қалауларын шектеу, қанағатшылдық.

Сүйіспеншілік- дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.Сүйіспеншіліктің қасиеті: қамқорлық, аяушылық, түсінушілік, кешірімділік, жылы ықылас, мейірбандық, өзара тәуелділік, жанашу;адалдық, қызмет ету, жанкештік, құрбандық;жомарттық, кеңпейілдік;төзімділік, шыдамдылық, ұстамдық;ойлампаздық, адамгершілік;наз, мейірімділік, сыйластық, достық.

Ішкі тыныштық- эмоцияны тынышталдырып, жан дүниенің тынышталуы.Ішкі тыныштықтың қасиеті сабырлылық, концентрация, шыдамдылық, жан мен сана тазалығы, өз-өзін сыйлау, дербестік, түсінушілік, абырой, ықыластық, бақыт, өзіне-өзі сену, ішкі тыныштық, өз-өзін қабылдау, терең ойлау, өз-өзін бақылау, өз-өзін лайықты бағалау, тәубешілік, ризашылық, қанағаттану, өзіндік ішкі тәртіп, оптимизм, үйлесімдік, теңдік.

Қиянат жасамау-ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау. Сипаттамасы:бойына барлық жақсылықтарды кіріктіру,ғалам бірлігін сезініп, сүйіспеншілік таныту,табиғаттың бес элемент теңгерімінің, заңдылықтарының сақталуына ықпал тигізу,зиян келтірмеу ғана емес, олардың қайғы-қасіретін жеңілдету.

Адам үшін құндылықтар жүйесін таңдаудың маңыздылығы- ізгілікті сапасын қалыптастыруға ықпал етіп, адамның кемелденуіне бастайтын жол.

Баланы тәрбиелеу- ол жазалау, үрейлендіру, қорқыту емес, жүрек жылуы, қайырымдылық, аяушылық, көмектесу, ақыл беру, шындыққа көзін жеткізу, сендіру, салмақтылық, сүйіспеншілікпен тәрбиелеу маңызды.

Бейнематериал: «Сәби ойы».

Сұрақтар:

-Сәби ойы сіздерге қалай әсер етті?

- Бейнефильмдегі сәбидің ата-анасының жасаған қылықтары дұрыс болды деп ойлайсыз ба?

- Ата-анасының қылықтарын өзіңіз қалайша дұрыстар едіңіз?

hello_html_m2debb460.jpg

3.Бала тәрбиесіндегі ата-анасының рөлі (қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі).

«Сіздер балаңызды өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар»,-деп жазды А.С.Макаренко. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

«Ана – үйдің берекесі, 

Бала үйдің – мерекесі. 

Бұтағымен ағаш сымбатты, 

Ұрпағымен адам қымбатты. 

Бала болсаң балғындай бол. 

Айналаңа қорғандай бол» -деген 

қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. 

Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды. 

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам 

бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады. 

Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? 

Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. 

Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал ұл бала үшін әкесі жынысына байланысты жақын және олардың мінезі-құлықтары мен қарым-қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл баланың қабілеттілігі әкенің ықпалына байланысты деп айтып жататыны осыдан. 

Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек 

Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді. 

Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен нәр алады.

М.Горький

Үйдегі береке-бірлік, дастарқанның кең болуы, жақсылықтың нышаны ананың қолында, бала ананың мейірімділігімен, сүйіспеншілігімен тәрбиеленеді.

Әке-даналықтың, тәртіптің іске асырушысы, әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді.

«Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны.

 Шарты: «Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты» демекші, ата-аналарға жүректер таратылады. Сол жүректерге ата-аналар балаларына тілек, жақсы ойларын жазады. Берілген ыдысқа жабыстырады.

Қорытынды, ата-ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдер арқылы баланың өз орнын таба білуге үйрету.

hello_html_721a72f6.jpghello_html_4bd7d73f.jpg

«Отбасылық махаббат үйі» ойыны.

Мақсаты: Ата-аналардың балаларын тәрбиелеу жолдарын, оларға деген махаббаттарын анықтау.

Шарты:

Ата-аналарға құндылықтар бойынша сұрақтар беріледі, әрбір сұраққа жауап беру арқылы құндылық кірпішін қалау арқылы балаларына махаббат үйін салады. Үйдің төбесіне баласының көңіл-күйін жабыстырады.

Құндылықтар бойынша сұрақтар:

-Өзін-өзі танудың негізгі қағидасын көрсететін құндылық?

- Іс әрекеттегі сүйіспеншілікті білдіретін құндылықтың атауы?

-Сезімдегі сүйіспеншілікті білдіретін құндылықтың атауы?

-Ойдағы, сөздегі сүйіспеншілікті білдіретін құндылықтың атауы?

-Түсінісудегі сүйіспеншілікті білдіретін құндылықтың атауы?

Құндылықтардың атауларын жазып шығып, махаббат үйінің кірпішін қалап, үй салып, балаларының күлімдеп тұрған суретін салып қояды.

Қорытынды: Отбасындағы үйдің негізгі тірегі ол баланың бақыты екенін, бала ата-ананың осы құндылықтары арқылы бақытты болатынын түсіндіру.

hello_html_m74ceca46.jpghello_html_64dc7b9.jpg

Талдау

6. Үйге тапсырма: «Мен балама қандай жағымды қасиеттерді үйрете білдім». Балаларын бақылау арқылы олардың бойындағы ата-аналардың өздері бере алған жағымды қасиеттерді жазып әкелу.

7. Жиналыстың қорытынды сәті:

«Тілек шамы»
-Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.
Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, осы жерде айтуға болады.
 
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін, жалпыадамзаттық құндылықтарыңыз арқылы балаларыңыздың бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіре біліңіздер!






Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.