Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Өнеге сағаты. Тақырыбы: "Киелі сан –7"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Өнеге сағаты. Тақырыбы: "Киелі сан –7"

библиотека
материалов

Киелі сан – 7

Өнеге сағатының мақсаты:

Табиғаттың тылсым сырына үңіле білуге баулу;

Қазақтыңқасиетті деп санап, кие тұтқан 7 санының құпиясын ашу;

Ұлттық тәрбиенегізін бойға сіңіру.

Жүрісі:

1 – жүргізуші: Біз халықтың кие тұтқан сандарының, оның ішінде 7 санының құпиясын ашуға жиналып отырмыз. Бүгінгі сабағымыздың бір мақсаты – кие тұтқан 7 санына қатысты тылсым сырларды меңгерту болып табылады.

Адам бойындағы бұлжымас баянды нәрсесі өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі. Ыдысқа о баста сіңген иіс қирап қалса да кетпейді.

2 – жүргізуші: Өсіп келе жатқан жас ағаш та әуел баста бұтақтарын жан-жаққа қалай жайып, таратқан болса, жүздеген жылдар бойы, қашан оны шауып құлатқанша, солай тұра береді.

1 – жүргізуші: Ендеше, адам бойында да алғашқы әсерлер тап солай берік орнап қалады, ал егер өзгеріп жатас, бұл бір керемет болар еді. Сондықтан, даналықтың шынайыталаптарына сәйке ақылға қонымды нәрсеніңбәрін жас бүлдіршіндердің балғыншағында бойына дарыту керек.

2 – жүргізуші: Бүгінгі сабағымыз табиғаттың тылсым сырына арналады. Бойымызға сіңіріп, алдағы үлкен өмірімізде жүзеге асыра алатындай жақсы жақтарынан тәлім алып жатсақ, нұр үстіне нұр болар еді депесептейміз.

1 – жүргізуші: Жетілік ұғым. Табиғаттың біз білмейтін құпиясы көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді.

2 – жүргізуші: Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері.

Қазаққа 3,5,7 сандары киелі сан болып есептеледі.

1 – жүргізуші: Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7 – күні беріледі.

2 – жүргізуші: Қайтыс болған адамның 7– сі беріледі.

1 – жүргізуші: Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді.

2 – жүргізуші: Көкті 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіреді ата-абалар.

1 – жүргізуші: Тіпті жұт жеті ағайынды деген сөздің де тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтыны байқалады.

2 – жүргізуші: Әз Тәукенің жеті жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның тектен-тек тумағандығы айқын.

1 – жүргізуші: Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін 7шелпек, не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен тумаған құбылыс.

2 – жүргізуші: «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырым, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгіниеттен шыққан.

1 – жүргізуші: «7-ге келгенше таяқ жейсің»

2 – жүргізуші: Тіршілік көзі саналатын заттардың негізгіқұраушысы саналатын азот Менделеев кестесіндегі жетінші элемент.

1 – жүргізуші: Күннен тараған жарықтың шұғыласы да жетеу.

2 – жүргізуші: Адамның денесі мен басын қосатын ең мүше – мойын омыртқа буындары да жетеу.

1 – жүргізуші: Қазақ жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспейді.

1 – оқушы:

Тыңдалмаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысыз қалған ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

2 – оқушы: Жан жүйені жақсартатын 7 жәйт:

1. Әкімдердің шарапаты

2. Ғұламалардың шариғаты

3. Байлардың салауаты

4. Даналардың ұлағаты

5. Жастардың инабаты

6. Азаматтың ар-ұяты

7. Осыларды азық ететін асыл жандар жұрағаты.

3 – оқушы: Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7 нәрсе:

1. Еңбексіз тегін нан

2. Дімәдал болған жан

3. Боямалы тән

4. Нашадан бұзылған қан

5. Темекі түтіні

6. Арақтың жұтымы

7. Ақшалы ойынның ұтымы.

4 – оқушы: 7 нәрсеге асығу керек. Олар:

1. Қонаққа дастархан жаюға

2. Қателігіңе кешірім сұрауға

3. Борышыңды өтеуге

4. Бойжеткенді ұзатуға

5. Қазалы жанды көмуге

6. Егінді егуге

7. Оның өнімін теруге асығу керек.

5 – оқушы: Жеті түрлі дәм қосылады. Бұл өздеріңіз білетін Наурыз көжені дайындаудың бірден-бір жолы.

6 – оқушы: Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, жайсыз жатып қорқынышты түс көрсе, 7 нан, 7 шелпек деп атайды. 7 нанды қасиетті жұмада пісіріп, 7 үйге таратады.

1 – жүргізуші: Сосын 7 нан әрқашан желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді дейді. Бұл да жеті санының қасиеттілігінен болса керек.

Халқымыздың көнеден кележатқан аталы сөздері, мақал-мәтелдері, қанатты сөздері, жалпы тұрақты сөз оралымдарының көбі осы жеті саны атауымен байланысты. Ол өзге халықтар мәдениетінде де жиі ұшырасады.

Жеті сөзі тек қана қазақ халқында емес, басқа елдердің көпшілігінде киелі, қасиетті екені белгілі.

7 – оқушы: Қытай мәдениетінде жетіге байланысты адам қайтыс болғаннан кейін жетінші, жиырма бірінші, қырық тоғызыншы күндері оған арналған аза тұту салты бар. Жапондықтар да жеті саны адамға жақсылық әкеледідеп түсінген.

8 – оқушы: Татар тілінде жеті рет өлшеп, бір рет піш – жети кат улче, бер кат кис түрінде кездеседі.

9 – оқушы: Үнді мәдениетінде де жеті саны киелі сипат алған. Жеті мүше, жеті нан үнділерден тараған, ал ежелгі Вавилон жұртына жеті күн өткен соң мереке күні болып отырады.

1 – жүргізуші: Міне, бұлардың барлығы жеті санын тек қазақ халқығанаемес, басқа да елдер қасиетті, киелі деп санайтындығының дәлелі.

Жеті санын музыкамен байланыстырып көрелікші. Анау музыка тілі саналатын ноталарда жетеу. Кәне, кім атап бере алады?

До, ре, ми, фа, соль, ля, си

Қазақтың жеті ішекті ұлттық музыкалық аспабы бар. Қалай аталатынын кім біледі? «Жетіген»

10 –оқушы:

Қолға алайын аспабым, желігенім,

Бізге ғасыр қойнынан жетіп едің.

Елді жаудан қорғамақ болған кезде,

Қапылыста қиылған жеті ұл едің.

Бөлшегісің баба айтқан шежіренің,

Тыңдапкүнде аңызды көз ілемін.

Жетігенді ойнасам, жеті ерді,

Жіберердей оятып сезінемін.

Дәл осылай жырлаған жетіген аспабы туралы тарих қойнауынан келіп жеткен мынадай аңыз бар:

Ертеде бір шалдың жеті ұлы болыпты. Бір жылғы жұтта әлгі шалдың қолындағы бар малы қырылады. Суық үйдің берекесі кетеді. Киіз үйдің шаңырағына бақытсыздық орнап, жеті ұлы бірінен соң бірі өледі. Өлгеннің артынан жоқтау айтып, ас беруге қаражаты болмаған шал кепкен ағаштан ойып «жет»ген» аспабын жасайды. Үлкен ұлы өлгенде оған бір ішек тартып, тиек орнатады. «Қарағым» деп жоқтау күйін тартады.Екінші ұлы өлгенде, екінші ішек тағып, «Қанат сынар» күйін орындайды.Осылайша бірінен соң бірі өлген балаларына ішек тағып, «От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «Жеті баламнан айырылып құса болдым» деген жаңа күйлер шығарып орындаған. Міне, орны толмас қазаның үстінде де жүрек тереңінен жарып шығып, жоқтау күйлерін тартып, көңіл жұбатқан көңілсіз шал өз қайғы шерін жетіген ішектеріне артқан дейді.

Ал Адайдың жеті қайқысы ше?Медет Жылгелді бастаған, Өскінбай, Әділ Өтеғұлұлы, Шолтаман Байсары ұлы, Тастемір Шыршығұлұлы, Тұрсын Алдашұлы,Досат Бәймембетұлы бастаған өнерпаздарды да тегіннен-тегін жеті қайқы деп атамаған шығар.

Ертеректе дүниеге ұл бала келсе «Атқа мінер», қыз бала келсе «Қырық жеті» келді дейтін болған үлкендер. Бұл да қырық пен жеті санының қасиеттілігінен болса керек.

Енді бүгінгі сағатымызды жеті қайқының шығармасымен аяқтаймыз.

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 22.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров430
Номер материала 403782
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх