Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Өнегелі отбасы» дөңгелек үстел

«Өнегелі отбасы» дөңгелек үстел

Скачать материал

Тақырыбы: Өнегелі отбасы

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», кестелер, т.б.

Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)

   Кіріспе сөз:

Мұғалім: — Құрметті ата-аналар!Бүгінгі «Өнегелі отбасы» атты дөңгелек үстелге  хош келіпсіздер! Бүгінгі дөңгелек үстеліміз 2 бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Өнегелі отбасы» деп атадым.

2 бөлім. «Адамның бақыты балада» деп атадым.

І.  Бөлім. «Өнегелі отбасы»

- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

ІІ. Бөлім. «Адамның бақыты балада».

-  Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.

1. Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз?

(әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)

  1. «Ассоциация» жазу.

Сіздер әр отбастарыңыздың ұйытқысыздарысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?

(үш топқа бірдей)

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Әр топтың бір мүшесі қорғайды.

І топ. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.

ІІ топ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.

ІІІ топ. Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы бола алады.

     2. Педагогикалық ойын

- Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасыз?

Мақтау

Ұрсу

 

 

(Әр ата-ана өз баласына  мақтау немесе ұрысқанда айтатын өз сөздерін жазады.)

 

        Түйін сөз:

- Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.

- Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

        3. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»

І топ

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)

ІІ топ

1) Бала қамқорлықта өссе .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)

ІІІ топ

1) Бала кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе ...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)

(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)

 4. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі

«Біреулер құдайдан бала тілейді». Баланы не үшін өмірге әкеледі?

(ата-ана ойы)

— Өлсем орнымды бассын, — дейді.

— Артымнан құран оқысын, — дейді

— Қартайғанда асырасын, — дейді.

Осыдан басқа бар ма?

— Сіз қалай ойлайсыз?

— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.

— Қандай білім алғанын қалайсыз?

— Сапалы білім

— Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?

Ата-ана

Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

     6. Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі  болу міндеті тұр деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағым келеді.

     7. Жүректен жүрекке    -Барлығымыз қосыла ән  шырқайық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өнегелі отбасы» дөңгелек үстел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.,баламен дұрыс тіл табысуға,сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.Екі бөлімнен тұрады.1.«Өнегелі отбасы»2.бөлім «Адамның бақыты балада»Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі таба алмай жүрген мәселерді ортаға салу.Ассоциация жазу 3-топқа бірдей тапсырма беріледі.Педагогикалық ойын.Сөйлемді аяқтау.«Ой-өрісіңді тексер»Білім сапасын көтереудегі ата-ана рөлі.Қорытынды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 475 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2015 4146
    • DOCX 38.3 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маликова Кугаршин Бексултановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31930
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 793 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 965 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе