Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Өнегелі отбасы" отбасылық сайыс
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

"Өнегелі отбасы" отбасылық сайыс

библиотека
материалов

hello_html_7d995fb3.gifТақырыбы: «Өнегелі отбасы» отбасылық сайысы.

Мақсаты: 1.Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту.

2.Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

3. Мектеп-отбасы-бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Көрнекілігі: Бейнесюжеттер,слайд-шоу отбасы туралы,мақал-мәтелдер.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналық насихаттауда,отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп,мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.Атамыз қазақ «Бала –адамның бауыр еті» «балалы үй базар» дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі.

Отбасы-бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы адамзат болып өсуі үшін,жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Өнегелі отбасы»сайысына қош келдіңіздер.Олай болса сайысқа қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

1а сыныбынан Қуат Мұхаммедали-анасы Саниямен

1б сыныбынан Нұрай Ерболқызы –анасы Светамен

2-сыныптан Жаннұр Жангелдіқызы-әжесі Ғайшамен

3-сыныптан Нұрзат Берікболұлы-анасы Сандуғашпен

4-сыныптан Диана Қанатқызы-анасы Жадырамен сайысқа қатысады.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып Бәйге үшін терлетіп шабыстырып

Әділдікті қолдайтын баға беріп

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстын әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп директоры: Акжунусова Г.Қ.

2. Оқу ісінің меңгерушісі : Махатов Қ.Б.

3. Тарих пәнінің мұғалімі: Ахметова А.Қ.

Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнен кейін бағалап отырасыздар.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық

Өнегелі тәлімді алған қанып

Ал ендеше таныстырып өтейін мен

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.

1 бөлім-Таныстыру.Мен және менің отбасым

2 бөлім-Өз өнерлерін көрсету( екеуі бірігіп)

3 бөлім- Ситуациялық сұрақтар.Бала тілі-бал

4- бөлім- Мақал-сөздің мәйегі мақалды жалғастыру.

5 бөлім- Қолөнер.( үйден тағам әзірлеп келу,сол жерде аналар ою ояды, балалары ермексаздан бір затты мүсіндейді)


Жүргізуші: асықта алу арқылы сайысты кім бірінші бастайтынын анықтайық.

Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға- әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

  • Әділқазылар таныстырудың бағасын беріңіздер.

Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында- демекші ана мен бала өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:

Ана-бала, бала-ана бір ұғым

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбну үшін жұлының

Екеуінің өтсін бірге уақыты-дей келе сайысымыздың келесі кезегін сұрақ –жауапқа береміз.

Аналарға ситуациялық сұрақтар қойылады.

1-Сұрақ. Балаңыз сыныпта үлгілі оқушы. Жыл сайын мақтау қағазын алады. Балаңыздың жақсы білім алуына бар жағдайды жасау мақсатында оған сыйға компьютер алып ғаламтор орнаттыңыз. Балаңыз сабақтан келгеннен кейін бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Кейінгі кезде сынып жетекшісі сабағының нашарлағанын, мінезінің қатты өзгергенін, сыныптастарымен мүлде қосылмайтынын ескертті. Сіз қандай шара қолданасыз.

2-СҰРАҚ. Сіздің балаңыз кішкентайынан дәрігер болғанды армандайды. Ал сіз балаңыздың өнер жолын таңдап танымал болғанын қалайсыз,сондықтан оны өнер үйірмесіне бердіңіз. Балаңыз сізді ренжітпеу үшін үйірмеге барады. Ол үйірме жетекшісіне өнерді ұнатпайтынындәрігер болғысы келетінін айтты және мұғалімі сізге баяндады.Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз.

3-СҰРАҚ. Сіздің балаңыз үйдің кенжесі ерке бала.Сабақ оқығаннан гөрі ойынды жақсы көреді.Ол математика пәнінен 1ай бойына үй жұмысын орындамай 2деген баға алды.Пән мұғаліміне өкпелеп қолын әдейі жарақаттап үйге барғансын ол қолын пән мұғалімінің жарақаттағанын айтты. Сіз ашуланып мектеп директорына бардыңыз. Бар жағдайға балаңыз кінәлі екенін білдіңіз. Сіздің іс- әрекетіңіз қандай?

4 сұрақ. Балаңыз телеарнадан мультфилм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

5 сұрақ. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

Бала тілі – бал- балаларға арналған сұрақтар:

1а сынып

  1. Еліміздің президенті кім?

  2. Жылқының төлі қалай аталады?

  3. «нағашы» деген кім?

  4. Балды жақсы көретін аң?

  5. Өзен сөзінде неше буын, неше әріп бар?

1б сынып

  1. Н.Ә.Назарбаев кім?

  2. Қойдың төлі қалай аталады?

  3. Қорқақ аңды ата.

  4. «көл» сөзінде неше буын, неше әріп бар?

  5. Бақа не істейді?



2 сынып

  1. «капуста» қазақша қалай аталады?

  2. Біздің ана тіліміз қандай тіл?

  3. Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген кім?

  4. Ірімшік неден жасалады ?

  5. Мұғалімді басқаша қалай атайды?

3-сынып

  1. Бір жылда неше мезгіл бар ?

  2. Үш биді ата

  3. «жиен» деген кім?

  4. «Әсемпаз болма әрнеге» кімнің өлеңі

  5. Қымыз неден жасалады?

4-сынып

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері

2.Бөле деген кім

3.Шұбат неден жасалады

4.Ана сөзі қандай сөз табы

5.1 см-де неше мм бар

Жүргізуші:4 кезең

Шебер болса тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал- мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті отбасылардың мақал-мәтел айту,яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

Жүргізуші: 5 кезең- Қолөнер

Ән: Қошақаным орындайтын 1 сынып оқушысы Амангелді Алтынбек

Қорытынды:

Ата-аналардың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

Тек қана ата –аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.Би:1а сынып оқушысы Сағыныш пен Инабат.



С. Мұқамеджанов атындағы орта мектеп





Сыныптан тыс жұмыс


( 1-4 сыныптар арасында)






Өткізген : Жумагельдина Ж.С.








2015-2016 оқу жылы


23 қараша 2015 жылы 1-4 сыныптар арасында аналарымен бірге «Өнегелі отбасы» сайысы болып өтті. Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейте отырып, ата- аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа да ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Сайысқа 1а сыныбынан – Мұхаммедәли анасы Саниямен

1б сыныптан- Нұрай анасы Светамен

2 сыныптан- Жаннұр әжесі Ғайшамен

3 сыныптан-



























ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін бері қара. Бүгін бізде Болмақ қандай шара? 2) Тағзым етем, тақсырым, Айтайын мен жан сырын Естідім ұзынқұлақтан 1 «В» сыныбынан. 3) Келеді бүгін ертекке, Ән салып, би билекке. Қоштасқалы отыр екен Сүйікті кітап Әліппемен. Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті. Құтты болсын білімі балалардың, Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік. 4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. 5) Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Ән:Біз өмірдің гүліміз (қыздар) Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл - ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! -Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе! Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе,Әліппе: Менің атым - Әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ер жеткен, Ағаң менен әпкең де. Армысыздар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар! Не үйреніп, не білдік Кәне ортаға салайық. Әліппе: - Осы сендер қандайсындар? -Талабы биік таудаймыз. -Мың бұралған бишіміз. -Біз шеберміз. -Ақылдымыз. -Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. -Көп оқимыз. Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз. Ән: Әліппе Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. 6) Алфавитті жатадық Онда жүйе, қалып бар, Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар. 7) Сан әріпті үйрендік, Бүгін бізге сеңіндер. Әріптер әлеміне, Саяхаттап көріңдер. Әріптердің атаманы қай әріп? 8) А дегенің Асия Асия деген мен бала. 9) А әрпінен есімім Айтсам сөздің кесімін. Аружан мен боламын, Айдай өсіп толамын. 10) Әбілмансұрды білесіз, Көңілге мені түйесіз. Ә әрпі де атымда Оқып – біліп жүресіз. 11) Дөңгелене доп келеді, Оны теуіп Даниал келеді. Мәз боламын шаттана Ойым мүлде басқада. 12) Ж дегенің Жанбота Жанбота деген мен бала. Жақсы оқысам сабақты Одан артық жоқ шара. 13) Азат деген есімді, Білдіңіздер кесімді. З әрпі бар ішінде, Тыңдасаныз шешімді. 14) Н әрпі Надиямын мен деген, Білім іздеп, оқу оқып терлеген. 15) Сая деген мен едім, Алсам білім тереңін, С әрпінен есімім, Аламын оқу білімін. 16) Т дегенің Төлегенұлы Төлеби Әріптерден қаламын ба мен, Достарыма тілейтінім алдымен Денсаулық пен зор байлық. 17) Х дегеніңіз Алихан, Х-ны білу керек бұл. Х деген де тамаша, Хат, хабарлар - деректер. 18) Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке, Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе. Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек? Қыздар: Балаларға ақ тілек, Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп. Хормен: Біздерге білім үйреткен, Әліппе, саған рахмет. Ән «Балдырғандар әні» Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар? Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу. Әліппе: Ретімен тізбелі Әрбір санды даралап, Қайсың барсың бізге енді Айтып берер санамақ? 19) 1 дегенім- бесік, Шықтың содан өсіп. 20) 2 дегенім – елім, Далам, тауым, көгім. 21) 3 дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. 22) 4 дегенім – төзім, Төзе білем өзім. 23) 5 дегенім – бақыт, Бағалайтын бақыт. 24) 6 дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұл. 25) 7 дегенім – жалау, Жүректегі алау. 26) 8 дегенім – сөзің, Серт беретін кезің. 27) 9 дегенім – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. 28) 10 дегенім – Отан, Қорға соңы, ботам. Әліппенің тапсырмалары. Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын Ән бимен шашу шашылсың Мың бұралған бишелер Бименен кешті жалғасын. Қыздардың орындауында «Кукарела» биі. Математика сабағында үйренген сергіту сәтін айтып көрсету. 29) Әліппені бітірдім, Жаза аламын атымды. Әліппені бітіріп, Бала болдым ақылды. 30) Қош бол, құтты Әліппем, Қош бол,құтты Әліппем! 1.Қош бол,құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырдың әріппен, 30) Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреткен! Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеткен. 31) Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз. Ата –ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! Әліппе: Балалар, рахмет сендерге. Енді қолға Ана тілін аламыз. Ата –ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! Әліппе: Балалар, рахмет сендерге. Ән «Ертегілер» 32) Баланың да тірегі, Дананың да тірегі. Шаншылмасын ешқашан, Аналардың жүрегі. 33) Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында. Күн-алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда. Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады. Ән «Ана» Көрініс «Бауырсақ» Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын. Кір шалмасын беттерін, Таза болсын оқулық пен дәптерің. Оқығандарын есте болсың, Күнделіктерің 5-ке толсын! Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен, Ұлдар: Балаларға үйреткен. Хормен.Әліппе мен ұстазға Бас иеміз құрметпен. Ән « Қош бол құтты әліппе!» Мектеп басшыларына сөз беріледі. Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар Сөз берейік әкелер мен аналарға. Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар, Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар. -Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет! -Қош сау болыңдар. Қош бол,құтты Әліппем! 1.Қош бол,құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырдың әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. А.Ә.Б.В.а.ә.б.в... 2.Өзім оқып кітапті, Жалынбадым ағама. Қуанды апам оқудан, Алған бестік бағама. А.Ә.Б.В.а.ә.б.в... 3.Қош бол,құтты Әліппем! Тіл тұсауын кестің сен. Аяулы апам болып сен, Айыбымды кештің сен. А.Ә.Б.В.а.ә.б.в...
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/112-lppemen-oshtasu.html











Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз – өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Мәди:
1. Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
Диляра:
2. Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «ә» сыныбынан.
Айым:
3. Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Алина:
4. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Рүстем:
5. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ақжол:
6. Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ән: «Әліппе!»
Болат:
Уа, халайық!
Ортаға шақырайық қол соға.
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкірттермен ортаға.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «ә» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар, сұраққа жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
Әліппе: - Сендер қандайсыңдар?
Шернияз:
10. Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз.
Барлығы хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Ән: «Балалар әлемі»
Ортаға Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек:
- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Болат: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Болат:
О: Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім – білімнің,
Әжесі осы - әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?
Хормен: Әрине.
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.
Гүлназ:
10. Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Дархан:
11. Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
Аружан:
13. А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
Әлішер:
14. Әлішерді білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
Аяна:
15. Ж дегенің Жанабаева,
Аяна деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
Рауан:
16. Рауан деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
У әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
Еркежан:
17. Е әрпі Еркежанмын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Рахат:
18. Т дегенің Толеуханов Рахатпын
Әріптерден қаламын ба мен дағы,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық алда да.
Еділ:
19. Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
О: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптерді барлығын Жалқаубекке береді)
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған мың рақмет!
Әліппе:
- Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Жалқаубек: Математика деген не?
Сандар шығады.
Әліппе:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
Мәди:
1) 1 дегенім – бесік,
Шықтың содан өсіп.
Рүстем:
2) 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Дархан:
3) 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Болат:
4) 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Әлішер:
5) 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
Рахат:
6) 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
А. Дамир:
7) 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Рауан:
8) 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
С. Дамир
9) 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Еділ:
10. 10 дегенім – Отан,
Қорға еліңді ботам.
О: Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)
Аяна:
11. Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Би «Полька»
Еркежан:
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Мирас:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Дильназ:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 – ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен: Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Көрініс: «Дос іздеген бота»
Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)
О: Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар – ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Ақерке: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.
С. Дамир: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
А. Дамир: Ия, өз тіліңмен ер жетіп,
Қол созасың күнге сен.
Өз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың күнде сен!
Ән: «Ана тілін сүйеміз!»
Мұғалім: Балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады. Бізге қонаққа кітапханашы Алтынжан апайымыз келіп отыр. Алтынжан апайымызға сөз берейік.
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет. Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада әдемі, балаларға арналған кітапшалар көп. Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады, «Ана тілі» таратуға көмектеседі).
Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Хормен: Оқимыз, «Ана тілі», оқимыз!
Мирас: Баланың да тірегі, Ақыл құйған санама,
Даланың да тірегі. Күннен де артық расында.
Шаншылмасын ешқашан, Күн – алыста, ал анам,
Аналардың жүрегі. Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән: «Айналайын ақ мамам!»
Мұғалім: Ата – ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Кері қайту















































Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған, Тәуелсіздік тандары Бақ береді баршаға Көк туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолыма Менің Қазақстаным! Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық. Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады. Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаған. Отан үшін олар шығып алаңға Қарсы ағып өзендей тасқындаған. Болмасам да сол кезде мен сеземін Жүректе намыс оты сөнбегенін, Ызғарына аяздың төзгендерін, Бұл күннің оңайлықпен келмегенін. Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі. Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын Желтоқсанда шықты алаңға жастарын Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?























«Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері

1 а сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
(Сахнаға 1 а сынып оқушылары шығады)
Мұғалім: Сөз кезегін оқушыларымыздың өздеріне береміз.
Жасмина:
Кең болсыншы еліміздің керегесі,
Тату болсын, болмағай ерегесі.
Таныстырсам өзімді, оу ағайын,
Жасминамын ата-әжемнің немересі
Алтынбек:
Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған.
Боламын дейді үлгілі
Алтынбек атты бір балаң.
Айханым:
А әріптің абыройы асқар ма?
Ай сәулесі жарқырайды аспанда.
Адам, ата, ана, менің де атым Айханым
А әрпінен басталар.
Са
ғыныш:
Ата-анамның ардақтаған
Сағыныш атты қызымын.
Әжем мені еркелетіп
Дейді «Алтын жүзігім»
Али:
Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты
Али атты баламын.
.

Гаухар:
Ай нұрынан жаралған,
Ай мен күні анамның,
Ақылдысы баланың,
Кілең бестік сабағы
Гаухар деген сұлуың
Мен боламын,ағайын .
Ерасыл:
Ерекше елге айтсам Е әрпін
Ерлікпен ел шығарар елдің атын
Асылы болсын ердің деп
Ерасыл әпкемнің қойған аты
Әсет:
Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын
Білімді де өнерлі
Әсет атты баламын.
Толғанай:
Толғанай деп қойыпты есімімді,
Бұл әрине ата-ана шешімі де.
Ақылды боп көп істер атқарамын,
Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.
Нұрғанат:
Жақсы әдепті, жақсы істі
Бойыма әркез термекпін.
Қиын-ау деп қайыспайтын,
Ер мінезді Нұрғанатпын.
Назым:
Баршаңызға иіліп, сәлем берем,
Мен қызымын Бөлегеннің Назым деген.
Оқуды да, жазуды тез меңгердім,
42 әріпті жатқа білем.
Інжу:
Мен де есті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Жұмсағанға барамын,
Жақсы менің сабағым.
Інжу деген ару қыз
Мен боламын ағайын
Нұралы:
Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма,жана ма?
Жеті өнер де жеткіліксіз
Нұралыдай балаңа.
Инабат:
Отбасының еркелеткен,
Жарқыраған жұлдызымын.
Сабақты жақсы оқитын
Инабат деген бір қызыңмын.
1-сынып жүргізушілері
Расул: Армысыздар, көрермендер, әз жандар!
Дильназ С: Бармысыздар, инемен құдық қазғандар!
Тамирлан: Әліппеге рахмет деп шырқайық!
Толғанай: Ал, қанеки енді тойды бастайық!
Найман: Не үйреніп, не білдік, жырдан шашу шашайық!
Бәрі бірге орындайтын ән: Әліппе
Әліппе

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.
1-сынып жүргізушілері
Алуа: Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
Диас: Ой! Не болды! Неге олай дейсің?
Асылжан: Ал мен жылағым кеп тұр.
Мадияр: О, несі, неге жылағың кеп тұр?
Жанат: Мен Асылжанның неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.
Мұғалім: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?
Алуа: Дұрыс айтасыз.
Жанат: Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.
Мадияр: Балалар Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді)
Ғалиябану:
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.
Гүлсезім:
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтын
Ұрпағымын,сәнімін.
Толғанай:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Тамирлан:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».
Найман:
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып,әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Әліппе: Ішім толы әріпке,
Менмін әйбат әліппе!
Барлық ілім -білімнің,
Бастауы мен –Әліппе!
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.
Мұғалім: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?
Әліппе: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең.
Мұғалім: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Мұғалім: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Ән: Ертегілер. Орындайтындар Шапағат пен Динара
Мұғалім: Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.
Бәрі бірге орындайтын би: Әліппе
(Билеп болғаннан кейін әріптер араласып тұра қалады.)
Жансая
В-дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар.
Мақсат
Б дегенім бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Ақбота
Г-әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат, тау.
Дильназ С
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй
Мейірхан
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар.
Ғалиябану
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары
Аружан
Ж дегенің- жөргегің
Туған-өскен жерлерің.
Али
З әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін.
Алуа
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
Шапағат
Ы дегенің-ырысың
Орман-тоғай өзенің.
Тамирлан
Ұ әрпі ұлысың
Ағайының өз елің.
Гүлсезім
О дегенің- отбасы
Отан деген ұғым бар.
Жанат
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау.
Найман
К дегенің- күй дарын
Домбыраның дастаны.
Гүлмарал
Х дегенің-сәлем хат
Қуанышың қаншама
Нұрзат
Я деген-Яссы
Қала болған бұрындар.
Диас
А деген ол ана ғой,
Ана деген дана ғой
Толғанай
Ө әрпімен өрістер
Өмір атты дүниең
Аида
Ш дегенің –шапағат
Тие берсін баршаға.
Расул
Р дегенің- рақым
Мейірің мен пейілің.
Асылжан
С әрпі сұлулықтың сымбаты
Сыпайылық сан- алуан сын тақты
Айгерім
І-ні көріп кітаптан
Шырағданға ұқсатам
Мадияр
Ал мында у тұр ғой,
Өзі айнымаған циркуль ғой
Динара
Әжем ойған оюды
Әкем қойды көрмеге
Ерасыл
Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды
Дильназ Ә
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойы тойлансын!
Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!
1-сынып жүргізушілері
Жансая:Айттың әділ бағаны
Ғалиябану:Әріпсіз сөз болмайды
Мақсат: Буын онсыз толмайды
Гүлсезім:Адам барлық әріпті
Ақбота:Ардақтайды, қолдайды.
Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық.
Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1. Біздің елбасымыз кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2. Президент күні қай күн?
(1 желтоқсан)
3. Біз қандай мемлекетпіз?
(Тәуелсіз, егеменді)
4. Еліміз қалай аталады?
(Қазақстан)
5. Ел ордамыз қалай аталады?
(Астана)
6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
(Ту, елтаңба, әнұран)
7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды?
(1 қыркүйек)
8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың?
(Әліппе)
9. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
(42)
10. У дыбысы қандай дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз да)
11. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата
(ю,я,ё)
12. Дыбыс бермейтін әріптер
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
13. Сөз неден құралады?
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
14. Сөйлем туралы не білесің?
(Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлемнің басы бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген тыныс белгілері қойылады)
15. Бір аптада неше күн бар? Ата
(7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
16. Жүзім, қарбыз, пияз деген сөздердегі ортақ әріпті табыңдар.
(з әрпі)
17. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Мұғалім: Математикадан не үйреніп жатқандықтарыңды жария етуге дайын болсаңдар, мен сынақ жүргізуге дайынмын.
- Жұмбақ есептер
5-тен 4-ті алайық
Қанша қалды санайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық (1)
Бесбайда бар 5 іні
Естайда бар 2 іні
Қоссақ 5 пен 2 ні
Қанша болар шешуі? (7)

Шығармақ боп кеше есеп
Жиналғанда 5 есек
3-еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек? (2)

Қазып жүр құмды 5 мысық
3-і жатыр күн ыстық
2-і жүр шомылып
Барлығы қанша санап шық? (10)

Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың! (9)

Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (5)

Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып. (5)

Әліппе: Жарайсыңдар,балалар математикадан да сауат алып қалыпсыңдар ғой.Енді айтыңдаршы кім сендерді сауатты оқып, жазуға үйреткен, көп еңбек сіңіріп, санауды үйреткен?
Бәрі бірге: Ол біздің мұғалім апай ғой
Жансая:
Қыркүйекке келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.
Әліппе: Ендеше барлығымыз мұғалімімізге арнап ән айтайық.
Бәрі бірге орындайтын ән: Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
«Шәкіртім» деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Мұғалім: Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да рахмет айтайық.
Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана!
Мұғалім: Расул біздің аналарымыздың құрметіне Анашым әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар!
Ән: Анашым Орындайтын Расул
Әліппе: Рахмет Расул. Осы ана сүтімен дарыған ана тіліміз біздің қай тіл?
Оқушылар: Қазақ тілі, Ана тілі
1-сынып жүргізушілері
Нұрзат:Біз Әліппені бітірген соң не істейміз?
Гүлмарал:Соны мен де ойлап тұрмын.
Мейірхан: Шынымен де не оқимыз?
Аида:Қиналатын түгі де жоқ
Шапағат:Достарым. Ана тілі деген досымыз бар.
Әліппе: Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсы алыңыздар.
Оқушылар: Қош келдің, ана тілі!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.
Мен де келдім дайындалып тойыңа,
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,
Таза ұста, оқы мені қастерлеп.
Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз.
Әліппе: Ал енді балалар мен кетейін. Алда қыс, көктем, жаз бар. Жақсылап демалып сен сияқты балаларды күзде қарсы алып әріптеріммен таныстырамын
Гүлмарал:
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс
Жанат:
Қош бол,құтты «Әліппе»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Нұрзат:
Қош бол құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестін сен.
Аяулы анам болып сен
Айыбыңды кештің сен.
Хор: Рахмет саған, Әліппе, қош сау бол!
1)Алғаш рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым.
Білім атты әлемге аштың жол,
Рахмет саған, Әліппе,
Қош сау бол.
Қайырмасы:
Әліппе, әліппе,
Арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе,
Алғысымыз шексіз бір саған.
2)Көмегіңнен өзіңнің, әліппем
Қырық екі таныстық әріппен.
Ең алғашқы білімді алдық мол,
Рахмет саған, Әліппе,
Қош сау бол.
Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз.
Ана тілдің қрметіне Айгерім бізге Үнді биін билеп беремін дейді. Қабыл алыңыздар!
Би: Үнді биі орындайтын Айгерім
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың досы кім?
-Балаңыз қандай?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Қали Раушан Досымқызын шақырамыз.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
Мұғалім: Ертеңгілігіміздің соңында балаларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар!
Би: Мектеп вальсі





































Жасмина:
Кең болсыншы еліміздің керегесі,
Тату болсын, болмағай ерегесі.
Таныстырсам өзімді, оу ағайын,
Жасминамын ата-әжемнің немересі


Алтынбек:
Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған.
Боламын дейді үлгілі
Алтынбек атты бір балаң.


Айханым:
А әріптің абыройы асқар ма?
Ай сәулесі жарқырайды аспанда.
Адам, ата, ана, менің де атым Айханым
А әрпінен басталар.


Сағыныш:
Ата-анамның ардақтаған
Сағыныш атты қызымын.
Әжем мені еркелетіп
Дейді «Алтын жүзігім»


Али:
Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты
Али атты баламын.
.

Гаухар:
Ай нұрынан жаралған,
Ай мен күні анамның,
Ақылдысы баланың,
Кілең бестік сабағы
Гаухар деген сұлуың
Мен боламын,ағайын .


Ерасыл:
Ерекше елге айтсам Е әрпін
Ерлікпен ел шығарар елдің атын
Асылы болсын ердің деп
Ерасыл әпкемнің қойған аты








Әсет:
Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын
Білімді де өнерлі
Әсет атты баламын.


Толғанай:
Толғанай деп қойыпты есімімді,
Бұл әрине ата-ана шешімі де.
Ақылды боп көп істер атқарамын,
Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.


Нұрғанат:
Жақсы әдепті, жақсы істі
Бойыма әркез термекпін.
Қиын-ау деп қайыспайтын,
Ер мінезді Нұрғанатпын.


Назым:
Баршаңызға иіліп, сәлем берем,
Мен қызымын Бөлегеннің Назым деген.
Оқуды да, жазуды тез меңгердім,
42 әріпті жатқа білем.


Інжу:
Мен де есті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Жұмсағанға барамын,
Жақсы менің сабағым.
Інжу деген ару қыз
Мен боламын ағайын
Нұралы:
Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма,жана ма?
Жеті өнер де жеткіліксіз
Нұралыдай балаңа.
Инабат:
Отбасының еркелеткен,
Жарқыраған жұлдызымын.
сабақты жақсы оқитын
Инабат деген бір қызыңмын

Тақырыбы: Кесінділер ұзындықтарының қосындысы мен айырмасы
Сабақтың мақсаты. Оқушылармен бірлесе отырып, екі кесіндінің, олардың ұзындықтырын пайдаланып, қосындысын және айырманы шығарып алу алгоритмін құру және практикада қолдануға үйрету.
Сабақтың міндеті:
1. Екі кесіндінің ұзындығын есептеп, оларды қосу және азайтуға үйрету
2. Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;
3. Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ.
I. Ұйымдастыру мезеті.
Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.
- Кім біледі? Кесіндінің ұзындығы немен және қалай өлшеуге болады.?
II. Білімді еске түсіру.
Мына теңдіктерге зер сала қараңдар. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше? Мәндері тең теңдіктер жұбын табыңдар.
3+2=5 1+8=9 6+3=9
2+3=5 8+1=9 3+6=9
Қосудың қандай қасиетін қолдандық. (Ауыстырымдылық).
Хормен ережені қайталайық.
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. Арифметикалық диктант (оқушылардың барлығы дәптерге тек қана жауапты жазады, ал бір оқушы құпия түрде тақтада жұмыс жасайды).
7және 9 сандарының арасында тұратын санды жаз.
4; 6 санының тікелей алдында келетін санды жаз.
5; 8 санынан тікелей кйеін келетін санды жаз.
2санының сол жағында тұратын санды жаз.
6санының оң жағында тұратын санды аз.
2және 4 сандарының қосындысын тап.
Бірінші қосылғыш 3, екінші қосылғыш 5. Қосындының мәнін тап.
6-ға 3-ті қос.
(Жауаптар:8; 3; 5; 6; 9; 1; 7; 6; 8, 9; 7).
Тексеру: (Тақтадағымен салыстырып тексеру).
3.Білімді жаңалық ретінде өздерінің ашуы.
Ұзындықтары мен түстері әр түрлі екі қосындыны пайдаланып, мұғалім практикалық жұмыс жүргізеді. Осы кесіндінің қосындысына тең болатын кесінді сызу мақсаты көзделеді. Ол үшін, оқулықтағы №1 тапсырмада көрсетілгендей.
1. Нүктеден бастап сәуле сызу керек.
2. Сәуленің басынан бастап бірінші кесіндіні өлшеп салып, оның ұшын екінші нүктемен белгілеп көрсету керек.
3. Екінші нүктеден бастап екінші кесіндіні өлшеп салып, оның ұшын үшінші нүктемен белгілеп көрсету керек.
4. Ұштары бірінші және екінші нүктелер болатын кесінді берілген кесінділердің қосындысы болып табылады.
Осыған ұқсас екі кесіндінің айырмасын табу алгоритмі құрылады. Ол үшін оқулықтағы №1 тапсырмада көрсетілгендей.
1. Нүктеден бастап сәуле сызу керке.
2. Сәуленің басынан бастап бірінші кесіндіні өлшеп салып, оның ұшын екінші нүктемен белгілеп көрсету керек.
3. Екінші нүктеден бастап екінші кесіндіні өлшеп салып, оның ұшын үшінші нүктемен белгілеп көрсету керек.
4. Ұштары бірінші және екінші нүктелер болатын кесінді берілген кесінділердің қосындысы болып табылады.
Екі кесіндінің қосындысы мен айырмасын, олардың ұзындықтарын өзшеу арқылы да табуға болады. Ол үшін оқулықтағы №1 тапсырмада көрсетілгендей:
1. Кесінділердің ұзындықтарын өлшеу керек.
2. Содан шыққан кесінділер ұзынықтары мәндерін қосу (азайту) керек.
3. Ұзындығы кесінділер ұзындықтарының қосындысы (айырмасы) мәніне тең болатын кесінді сызу керек.
№4, №5 тапсырмаларды оқушылар бұрын оқып үйренген материалды қайталау ретінде өз беттерінше орындайды.
Дәптермен жұмыс.
№2, №3 оқулықтағы сәйкес тапсырмаларды оқушылар орындайды, яғни кесінділер, кесінділердің айырмасы және қосындысы болатын кесінділерді сызады.
№1, №4, №5 тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
Рефлексия.
Сабақ сендерге ұнады ма?
Бүгін біз сабақта не үйрендік?





Тақырыбы: Көмектесе білейік

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының  адамгершілік құндылығы ретінде  маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

-          мейірімділік, адами қасиеттері мен  өзара  көмек әрекеттері туралы түсінік беру;

-          Қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

-          Қайырымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу; 

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, интерактивті әдіс, көрініс.

Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, кесте парағы, , плакат,.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері»

Балалар мұғаліммен бірге шеңберде тұрады.

Мұғалім: - балалар, міне «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағы да келді. Сіздерді осы сабақта көргеніме әрқашанда қуаныштымын. Осындай қуаныш сіздерде де болсын деп, көңілді сәлемдесуге шақырамын. Шеңбер бойынша мұғалім қасында отырған  оқушының алақандарына өзінің алақандарын қойып, оның атын және  бір сипатын айтады. Мысалы: әдемі – Айгүл. Енді  осы  оқушы келесі оқушының алақандарына өз алақандарын қойып, оның аты мен сипатын айтады. Осылай соңғы оқушыға дейін тапсырма орындалады. Соңында барлығы бірге ортаға қолдарын созып «Сәлем» - деп хормен айтады.

ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім:

-          Балалар, біз осы  уақытқа дейін «Өзін-өзі тану» сабағында қандай жақсылық, құнды қасиеттер туралы  өттік? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-          Жарайсыңдар, балалар!

-          Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз осы құнды қасиеттердің бірі.

-          Олай болса назарымызды телеэкранға аударып, мына мультфильмнен үзінді көрейік. (мультфилм біткен соң)

Мұғалім: Балалар, бұл жерден қандай құнды қасиеттерді  көрдік?

-          Балалар, балалар үйіне  неліктен ойыншықтарын жинап бергісі келді?

-          Сіздер көмек дегенді қалай түсінесіздер?

Мұғалім: Балалар, егерде  бір бала әженің ауыр сөмкесін көтеріссе, құлап қалған баланы демеп жіберсе, анасымен бірігіп еңбектенсе – осының барлығын не деп атайды?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

Ойын. «Көмектесе білейік»

Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша мұғалімнен допты қағып алған бала өзінің берген көмегі туралы (қолғабыс болсын, сөзбен көмек болсын, ақыл айту көмегі болсын) айтуы  қажет екенін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілген «көмек» туралы айтып, «Мен сіздерге оқуға көмектесемін» айтып бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып келесі балаға допты лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

      Келесі тапсырманы орындау үшін мұғалім балаларға «Жанұядағы көмек» «Дотық көмек», «Өз-өзіне көмек» деп жазылған карточкалар таратылады. Дәл осылай карточкалар үш партаның бетінде болады. Сонымен балалар карточкадағы жазумен өз парталарын тауып, үш топқа бөлінеді.

«Жанұядағы көмек» деген конвертте: өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды ойнатамын, анама көмектесемін, бос уақытымда кітап оқимын, ыдыс жуғанды жақсы көремін, гүлге су құямын, далада көп ойнаймын, сабақтан бестік баға алып ата-анамды қуантамын, ата-анамды тыңдаймын.

«Достық көмек» деген конвертте. Досыммен жиі ұрысамын, досым екеуміз қиын сабақты бірге оқимыз, достарыммен әрдайым тату жүремін, достарымды жақсы көріп, сыйлаймын, жалғыз ойнағанды жақсы көремін, достарым көп болғанын қалаймын, досыма қиындықта көмектесуге дайынмын.

«Өз-өзіне көмек» деген конвертте. Әрдайым дене шынықтырумен айналысамын, бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, азанда салқын сумен шайынып, тісімді жуамын, киімімді тазалаймын, өтірік көп айтамын. Кітапты көп оқимын.  Соңында әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды, талдау жасалады.

Сұрақтар:

-          айналаңыздарға көмек көрсеткенде сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай болды?

-          көмек алған адамдар не сезінеді?

(оқушылардың жауаптары)

Жүректен-жүрекке

Әр оқушының орындығында алдын-ала дайындалған газдалған шар ілініп тұрады. Алдарында қағаздар қиылған көбелектер мен көгершіндердің суреттері тұрады.

 оқушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрып, «Дос болайық бәріміз» атты өлең орынладалы.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-265869
2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"