ІІІ тарау Тригонометрия
элементтері
№54-сабақ. Бұрыш пен
доғаның градустық және радиандық өлшемдері
Пән: алгебра Сынып:
9 Күні: 11.01.2016жыл
Сабақтың тақырыбы:
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері
Сабақтың мақсаттары:
1.Білім берушілік: Бұрыштың
радиандық өлшемін табуды, бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерінің
арасындағы қатынастарды есеп шығаруда қолдануын үйрету
2.Дамытушылық: Логикалық
ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру,
пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа,
ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ.
Сабқтың барысы:
1) І Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ Жаңа сабақ
Бұрыштың радиандық
өлшемі деп бұрышты құрайтын шеңбер доғасының ұзындығының оның радиусына
қатынасын айтады.
-шеңбер доғасының ұзындығы;
R-шеңбер радиусы;
-шеңбер доғасына сәйкес бұрыш
Анықтама. Ұзындығы шеңбер радиусының ұзындығына тең,
доғаға сәйкес келетін центрлік бұрыш 1 радиандық бұрыш деп аталады.
ІІІ Дамыту кезеңі.
Есептер шығару:
Тақтада
орындалатын тапсырмалар: №260, №261, №262
Орындарында
орындалатын тапсырмалар: №263, №264, №265
Сабақты бекіту
кезеңі:
-
Толық бұрыш жалпы түрде
қалай беріледі?
-
Бұрыштың өлшемнің екі
түрін де қолданудың қажеттілігі неде?
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма:
№269, №270, №271
Бағалау
№55-56 –сабақ. Кез келген
бұрыштың тригонометриялық функциялары
Пән: алгебра
Сынып: 9
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы:
Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары.
Сабақтың мақсаты:
1.Білім берушілік:
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір
бұрышының синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі.
2.Дамытушылық:
Координаталар жазықтығының ширектері
3.Тәрбиелік: Оқушылардың
ойлау қабілетін жетілдіру, шыншылдыққа, жауапкершілікке, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі:
а)
Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін
тексеру
б) Сабақтың
мақсатын нұсқау
ІІ Жаңа сабақ
В нүктесінің
ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының синусы д.а.
В нүктесінің
абциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының косинусы д.а.
В нүктесінің
ординатасының абциссаға қатынасы α бұрышының тангенсі д.а.
В нүктесінің
абциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының котангенсі д.а.
sin, cos, tg,
ctg
ІІІ Дамыту кезеңі.
Есептер шығару:
Тақтада
орындалатын тапсырмалар: №274, №275, №278
Орындарында орындалатын
тапсырмалар: №276
Сабақты бекіту
кезеңі:
Тікбұрышты
үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі.
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма: § 17,
№277, №280
Бағалау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.