Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Негізгі және туынды сын есім 3 сынып

Негізгі және туынды сын есім 3 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.

Сабақтың мақсаты: SMART: негізгі және туынды сын есімдер туралы түсініктерін қалыптастырады; туынды сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйренеді.

Міндеті: -сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді үйрету;

- оқушылардың сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

- оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есімдер жасай біледі.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс, жұппен жұмыс

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Көрнекілік: карточкалар, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық:

Бағдарлау - мотивациялық кезең, музыка .

ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл» әдісі.

- Сын есім дегеніміз не?

- Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір.

- Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?

- Сын есім қандай сөз табымен байланысты айтылады?

- Сын есімнің қандай түрлері бар?

- Ал, енді балалар екі топқа бөлінеміз.

(Әр топтан көшбасшысын таңдап, бағалау парағын беремін)

Бағалау парағы


ІІІ. Көркем жазу.
- Олай болса, дәптерімізге
Т. т. әрпін әдемі етіп жазамыз.

Тілек сөзін жазу.

Терме диктант.
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық.
(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу)

- Екі топқа мынадай тапсырмалар:

1 топ: негізгі сын есім туралы жазады.

2 топ: туынды сын есім туралы.

(екі топ постерлерін шығып қорғайды)

ІV. Мағынаны тану.

- Енді, мына тақтадағы «Венн диаграммасын» толтырамыз.

«Венн диаграммасы» негізгі және туынды сын есімді салыстыру.

Оқулықпен және дәптермен жұмыс.

- 1-жаттығу. Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғап, туынды сын есім жаса. (1 топ орындайды)

- 2-жаттығу. Негізгі, туынды сын есімерді теріп жазыңдар. (2 топ орындайды)

V. Сергіту сәті.

- Карточкамен жұмыс. (әр топ оқушыларына карточкалар таратамын және екі топ орындарымен ауысып «Карусель» әдісі арқылы өзара тексеріп, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды)

- Ойын:«Тамшыларды көлшікке түсіру»
Бұлттан жауған тамшыларда сын есімдер жазылған, негізгі сын есім тамшыларын,
негізгі сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру, туынды сын есім тамшыларын, туынды сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру. (ойын барысында талдап отыру)

. Ойтолғаныс.

- «Эссе» жазу сын есімдерді қатыстырып «көктем» туралы.

Жазған эсселерін «Автор орындығы» әдісін қолдану арқылы оқыды.

VІІ. Үйге тапсырма:«Сын есім еліне саяхат» тақырыбына ертегі жазу.

VІІІ. Бағалау.

Сабақ басында топтың көшбасшыларына берілген парақшалар бойынша бағалайды.

ІХ. Рефлексия.

Тақтадағы гүлдерге екі тілек, бір ұсыныс жазылған көбелектерін апарып жабыстырады.




















Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров274
Номер материала ДБ-028968
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх