Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Негізгі және туынды зат есім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Негізгі және туынды зат есім

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:
Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:

1 Сөз таптарының ішіндегі негізгі және туынды зат есіммен таныстыра отырып, зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.

2. Қазақ тілінің тіл байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

3.Табиғат-анаға, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

  • Сабақтың типі: Жаңа сабақ .
    Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық- ертегі сабақ.

  • Сабақтағы көрнекі құралдар: Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет. Жасалған құстардың суреті. Жеке оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер.

  • Сабақтағы жаңа технологиялар:

  • Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

  • Қызығушылықты ояту

  • Мағынаны тану

  • Ой толғаныс

  • Венн диаграммасы

  • Сабақтың өтілу барысы:

  • 1.Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар қазір бізге қандай сабақ?

  • «Қазақ тілім -өз тілім, ана тілім,

  • Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

  • Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

  • Болашағым, бақытым, дара тілім.

  • Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақын, жазушыларымыздың тілі-қазақ тілі сабағы. Ал ендеше біз қазақ тілі оқулығын алайық.

  • 2.Үй тапсырмасын тексеру


Сұрақтар қоя отырып үй тапсырмасын пысықтау .

1.Сөз құрамына не жатады?

2.Түбір сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөз дегеніміз не?

4. Түбірлес сөздер дегеніміз не?

5. Сөз таптарын ата:

Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді – негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді- туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

3. Жаңа сабақ.
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы – Негізгі және туынды зат есім.


Күй - күйші

Балық – балықшы Сый – сыйлық

Көл - көлшік

Оқу - оқушы

Орын - орындық

Қызығушылықты ояту:


Балалар бүгін біз қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабағын өтеміз.

Бүгінгі өткен сабақты тиянақтаймыз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Иә.

Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да айналаны қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге бүгін біз де сөйлейміз, пікірлесеміз, бір- бірімізге көмектесеміз.

Ерте - ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті.

20-жасында ер жетіпті

30-ында бұғанасы бекіпті

40-та кемеліне келіпті

50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.

Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап,ауырған соң амал бар ма?

Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым.Тесіп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды , жәрдем ете көріңдер деп, терек күндіз- түні зарлап көмек сұрайды.

Оның даусын естіп, бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.
-Терек, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін іздеп көрейін, деп көгершін ұша жөнеледі.

Балалар көгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігерді іздеп біз де жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

1-тапсырма 299- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Әкем менің-қауыншы,

Апам менің- сауыншы,

Ағам менің-егінші,

Жеңгем менің- тігінші,

Атам менің ол- ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

Өлеңнің алғашқы төрт жолын көшіріп жаз.

Туынды зат есімдердің астын сыз, сөз құрамына талда.

Мағынаны тану кезеңі:

  • Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жәйді баяндайды. «Терекке жақсылық жасай көр!», -деп өтінеді.

«Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ»,-дейді.
Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп мына тапсырманы орындап жіберейік.

2-тапсырма 300-жаттығу (жазбаша )
Негізгі зат есімге –шы , - ші жұрнақтарын жалғап, туынды зат есім жаса.

Күй, өрмек, жылқы, егін, балық, ән, сурет,ойын,бас.


Күй-күйші, балық-балықшы,

өрмек-өрмекші, ән-әнші,

жылқы-жылқышы сурет-суретші,,

егін-егінші, бас-басшы,

ойын-ойыншы.

Біз балалар, тапсырманы дұрыс орындап, теректің бір
жарасы болса да жаздық.

Көгершін ұшып келе жатып балаларына ұрысып жатқан бір құсқа кездесіпті.


2-екі

Баласына ж2-ріп,

Ұрысып жатыр к2-лік,

2-леніп, с2-ріп

«Алып қапсың 2-лік»,

2-нші рет 2-іңді,

Көрсетпе деп ж2-рді.

3-тапсырма: Қай құспен Ақ көгершін кездесті? (КЕКІЛІК)
Ол ұрысты естіп, араласпай-ақ қояйын деп, көгершін ары қарай ұшып кетеді.

Балалар, құс екеш құста баласына екілік алғаны үшін ұрсады екен. Сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді. Сондықтан бүгін жақсы баға алуға тырысыңдар.

Көгершін одан әрі ұшып кетіпті.

Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған Бұлбұлдың үнін естиді.Ол Бұлбұлға да Теректі емдеу керек екенін айтады.

Кешір Көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой.

Менің әнімді ормандағы аңдар мен құстар түгіл адамдар да жақсы көреді.Мен үшін адамдардан көмек сұра дейді. Кәне бұлбұлдың тілегін орындап мына тапсырманы орындайық.

4-тапсырма 301-жаттығуды орындап жіберейік.

Сөздерді көшіріп жазып, түбір сөз бен жұрнақты тиісті белгімен белгіле.

Ботақан, сусын, кітапхана, астық, ойпат, аспаз,құлыншақ, ауылдас.

- Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындап теректің тағыда бір жарасын жаздыңдар.

Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға кездеседі. Оған да теректі емдей көр деп өтініш айтады.

  • Аққу: Мен қасиетті құспын ғой. Мына айдын көлдің ластануына байланысты Аққулар айдын көлден ұшып кетіп оралмайтын болып жүр. Соған байланысты басқа құстарға ақыл-кеңес беретін Аққулар азайып барады. Мен бұл жерден кете алмаймын. Мен саған ақыл айтайын. Мына тоғайда үйсіз - күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп Теректі емдеп қалар,- дейді.


  • Құс патшасы Аққу бізге ақыл сөздер айтты, енді олардың ешқайсысы айдын көлден ұшып кетпей, бізге ақыл айтып жүрсін деп Аққулардың көлден ұшып кетпеуіне көмектесейік.


  • «Аққуды қондыру ойыны»

  • Үлестірмелерді тарату

Көгершін Аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.
Ол құс Көгершіннің тілегін орындап , онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауруын жазған екен.

Проблемелық сұрақ:

  • Олай болса, ол қандай құс деп ойлайсыңдар?


  • Тоқылдақ ,Тоқылдақ.



  • Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді .

  • Олай болса бүгінгі ертегіміздің тақырыбын қалай деп атасақ болады?

  • Тоқылдақ - орман дәрігері”.

  • Балалар Ақ көгершін қандай құстарға жолықты?

  • Сауысқан, кекілік, бұлбұл, аққу .

  • Қандай құстардың жауабы ұнады?

  • Қандай құстардың жауабы ұнамады?

  • Міне , балалар біз де табиғатты, қоршаған ортаны қорғауымыз керек. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды. Жасыл желек біздің денсаулығымызға пайдалы.

  • Сол үшін біз де табиғатты аялап, қорғайық.

Жұмбақ шешу арқылы сабақты қорыту:

  • Білесіңдер түбір сөзден тұрамын,

  • Қосымшамен көркейемін толамын,

  • Айтыңдаршы, қандай

  • Зат есімнің түрлері боламын?

  • Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?

  • Олар қандай сұрақтарға жауып береді?

  • Үйге: 302- жаттығу.

  • Оқушылардың білімін бағалау




Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:
Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:

1 Сөз таптарының ішіндегі негізгі және туынды зат есіммен таныстыра отырып, зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.

 2. Қазақ тілінің тіл байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

 3.Табиғат-анаға, ондағы өсімдіктер дүниесіне,  құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

         Сабақтың типі:  Жаңа сабақ .
Сабақтың түрі:  Дәстүрлі емес, экологиялық- ертегі сабақ.

 

         Сабақтағы көрнекі құралдар: Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық                    мазмұнды сурет. Жасалған құстардың суреті. Жеке оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер.

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров360
Номер материала 384699
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх