Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Неміс жастар слэнгінің ерекшеліктері

Неміс жастар слэнгінің ерекшеліктері

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

НЕМІС ЖАСТАР СЛЕНГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Салимова Меруерт Мағауияқызы

4 курс студенті, филология кафедрасы, Батыс қазақстан инженерлі к - гуманитарлық университеті, Орал қаласы

E-mail:  Salimova_m@list.ru

Сагингалиева Ардак Октябровна

Ғылыми жетекші, шет тілдер магистрі

Батыс қазақстан инженерлік - гуманитарлық университеті, Орал қаласы

Неміс жастарының сленгі - әдеби неміс тілінің немесе сол аядан шығатын қалыптан тыс лексика болып табылады. Сленгтің қалыптасуына неміс жастары бастау болып, жаңа лексикалық бірліктердің басым бөлігі жастар ортасында қалыптасып, кейіннен неміс слэнгтік қоры неміс тілі әдебиетінің дәстүрлі семантикасын кеңінен толықтыратындықтан, неміс тілінде жастар сленгінің тууына себеп болды.

Неміс сленгімен танысу неміс тілін меңгерушілерге белгілі бір кезеңде өте маңызды қадам болып табылады, өйткені ол ең алдымен немістің ауызекі тілін түсінуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда өзін сенімді ұстауға көмектеседі. Неміс жастарының сленгімен танысу оны өз сөздік қорымызға қосуды мақсат етпейді, өйткені ол өз алдында негативті және дөрекі мағынада ерекше дыбысталуымен белгілі бір жағдайларда немесе мәнмәтіндерде қолданылуымен ерекшеленеді. Сол себептен осындай сөздермен абай болып, аса қажет болғанда ғана қолдану керек. Дегенмен, айналадағы болып жатқан жағдайларды жақсырақ түсіну үшін неміс сленгін білу де өте пайдалы.

Сленг – қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым-қатынастарынан туындайтын, күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. Олар әсер қалдыру үшін, өзіне сенімділік сезімін беру, өзгеше болу, басқа біреу түсінбеу үшін, әзіл ретінде, белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, тілдік қорды байыту үшін жастар арасында кеңінен қолданылады.

Кейбір зерттеушілер сленгті жаргонмен байланыстырады. Жаргондар (франц. тілінен jargon) белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.

Неміс тілін меңгеруде үйренуші көптеген қиындықтарға тап болады, соның бірі ауызекі сөйлеуде сленгтерді түсінбеуі. Бұл мәселе көптеген тілдер арасында, соның ішінде қазіргі таңдағы неміс тілінде де өзекті. Өзектілігі  қазіргі таңда сленгтің ролі ұдайы өсуде, себебі сленгизмдер тілде жиі әрі көп қолданылатын сөздер болып табылады. Сленг тек халықтың түрлі топтарының өкілдері, әсіресе жастардың сөйлеу тілінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар ол көркем әдебиетте, мерзімді басылымдар беттерінде, газет-журналдарда және сахна мен тіпті жарнамаларда да пайдаланылады. Жаргондық лексика стилистикалық түрде төменгі орында болғанына қарамастан, ауызекі сөйлеуде де, көркем әдебиетте және публицистикалық стилде кеңінен қолданылады. Сленгті кең ауқымда қарастырған ғалым Т.Д. Ауэрбах. Одан басқа бұл проблеманы зерттеумен А.  Коломиец,  Хельмут  Глюк,  Дитер  Мён сияқты ғалымдар айналысқан. Неміс тілін меңгеру барысында бұл мәселе көкейкесті және сол ерекшеліктерді түсінбесек қазіргі таңдағы неміс тілін меңгеру мүмкін емес.

Бұл топтың сөздері әдетте көп емес және әлеуметтік топтың айрықша "тілін" құрайды, қолданылуына қарай оның мүшелері бір-бірін түсінеді, мысалы, мұндай рөлді жастар сленгі орындайды.  Кейде бұл сөздер терминдармен бірге белгілі бір ерекше тілмен өмір сүре алады. Сонымен, жаргонизмдер мен терминдердің белгілі бір арақатынасы кәсіби сөздерге тән. Одан басқа, олар өзгелерден тасалану жағдайында «құпия тіл» ретінде қолданылатын, мәселен арготизмдер, оның бір түрі «феня»  – ұрлықшылар қоғамының және тапсызданған элементтерді қолданатын тілді құрауы мүмкін. Әдебиеттерде жаргонизмдер осындай әлеуметтік топтың мүшелерін бейнелеуде ғана қолданылады.

Берілген мақалада біз жастар жаргонына айрықша көңіл бөлдік. Барлық тілдерде ер балалардың әйел адамдар мен қыздардың сырт бейнесін суреттеуге арналған әр түрлі қызықты мысалдар таба аламыз. Біздер әйел адамның белгілерін көрсететін ерекше мысалдарды айқындадық, мысалы, сары шашты — Blöndchen;  қыз;  дос қыз —  Torte,  син.  Braut,  Esche,  +Kirsche,  Mietze/Mieze;  тартымсыз қыз  —  Schabracke,  син.  Horrorbraut,  Zookrähe,  Spinatwachtel,  Motte,  Plomben,  Schreckselraube,  Dreitonner,  Bratze;  жезөкше  —  Parkdrossel,  син.  Straßenfegerin;  бойжеткен, қыз —  Girl,  син.  Schickse;  арық қыз —  Lüftchen;  әдемі емес қыз —  Trüdchen,  син.  Eule,  Besen,  Gans,  Schraube,  Schrulle;  төсі кішкентай қыз  —  BMW  (Brett  mit  Warzen),  син.  BME  (Brett  mit  Erbsen),  flaches  Hemd;  дискотекаға үнемі баратын қыз  —  Disco-Torte;  шатақшыл,  ұнамсыз әйел  —  Giftspritze,  син.  Giftschlange;  дидарлы, сүйкімді қыз  —  Braut,  син.  Mieze,  Perlhuhn,  Schnecke,  Schnitte,  Blume,  Biene;  есімін білмейтін кез келген қыз  —  Inge;  ақылсыз қыз —  Tussi;  семіз, әдемі емес қыз  —  Minipanzer;  қарт әйел  —  Schrumpelrose;  жеңіл жүрісті қыз  —  Lewinsky;  асықпай сөйлейтін,тар ойлайтын қыз —  Blondie,  die  nicht  checkt  және т.б. Жоғарыда аталған мысалдардан басқа, әйелдерді және қыздарды әртүрлі өмірлік жағдайларда бейнелейтін басқа да көптеген жастар қолданатын жаргондық лексика көп. Ары қарай біздер жаргондық сөздердің дәлме дәл аудармасын және олардың қолданылу аясын қарастыратын боламыз. Әйелдар мен қыздардың жағымды және жағымсыз жақтарын бейнелейтін жаргонизмдерді екі топқа бөлеміз:

Flamme  —  (сөзбе сөз.)  от,  жалын;  жастар лексикасында бұл сөздің мағынасы  «махаббат, ғашықтық»,  мысалы:  “Seine  alte  Flamme”  —  Оның ескі махаббаты.

Süße  —  (сөзбе сөз.)  тәттілік. Бұл сөздің жаргондық мағынасы —  сүйкімді бойжеткен,  мысалы:  “Welch  eine  Süße”!!  — Қандай сүйкімді бойжеткен.

Ische  —  жас қыздос қызмысалы:  “Er  geht  heute  in  die  Disko  mit  seiner  Ische”  —  Ол бүгін дискотекаға дос қызымен барады.

«Сүйкімді, тартымды қызды» деген ұғымды бейнелейтін мынадай сөздер бар:

Puppe  —  (сөзбе сөз.  қуыршақ)  ауызекі.  әдемі қыз,  мысалы:  “Sie  ist  eine 

echte  Puppe”  — Ол кәдімгідей әдемі қыз; Perle  —  (сөзбе сөз.  меруерт)  ауызекі.  асыл қазына,  мысалы:  “Meine Perle”  —  менің асылым; Hase  —  (сөзбе сөз.  қоян)  ауызекі.  Сүйкімді қыз,  көжек; Biene  —  (сөзбе сөз. ара)  ауызекі.  балақай  мысалы:  “Eine  dufte  Biene”  —  сұлу қыз; Torte  —  (сөзбе сөз.  торт)  ауызекі.  Әдемі қыз,  мысалы:  “Ich  möchte  mit  dieser  Torte  wieder  treffen”  —  Мен мына әдемі қызбен тағы да кездескім келеді;  Kirsche  —  (сөзбе сөз.  шие)  разг.  сылқым;Schnitte  —  (сөзбе сөз.  тілім,үзім)  ауызекі.  Шырайлы қыз;Blume  —  (сөзбе сөз.  гүл)  ауызекі. көз тартатын, қызықтыратын қыз

Екінші топқа жататын, яғни әйелдердің жағымсыз жақтарын бейнелейтін сөздерді қарастырайық:

Schabracke  —  сөзбе сөз.  тебінгі, тоқым;  ауызекі. мәстек, қарт әйел

Тартымсыз, сүйкімсіз әйелдерге байланысты жаргонизмдер:

Horrorbraut  —  (сөзбе сөз. қорқынышты қалыңдық )  ауызекі.  тартымсыз қыз; Spinatwachtel  —  (сөзбе сөз.  Spinat  —  шпинат, саумалдық;  Wachtel  —  қарға)  ауызекі.  сүйкімсіз қыз; Motte  —  (сөзбе сөз.  куйе)  ауызекі.  ажарсыз, келбетсіз,сұр тышқан; Schreckschraube  —  (сөзбе сөз.  Schreck  —  сұмдық;  Schraube  —  бұранда)  ауызекі.  құбыжық; Eule  —  (сөзбе сөз.  үкі)  ауызекі. тартымсыз қыз; Besen  —  (сөзбе сөз.  сыпырғыш)  ауызекі.  құбыжық,  сұлу емес қыз немесе әйел; Gans  —  (сөзбе сөз.  қаз)  ауызекі.  көріксіз қыз; Schrulle  —  (сөзбе сөз.  елес,көрініс)  ауызекі.  ұсқынсыз.

Сүйкімсіз келбетке байланысты мысқыл сөздер: Minipanzer  —  (сөзбе сөз.  кішкене танк)  ауызекі. толық, ажарсыз қыз.

Жасына байланысты айыптаушылық келесі жаргонизмдерде айқындалады: 

Schrumpelrose  —  (сөзбе сөз.  әжім басқан раушан)  —  ауызекі.  қартайған әйел адам. 

Ішімдікке әуес адамдарға байланысты айтылатын сөздер:Schnapsdrossel  —  (сөзбе сөз.  Schnaps  —  шнапс;  Drossel  —  сары шымшық)  —  ауызекі.  маскүнем, ішкіш. Mannweib  немесе  Männerschreck  —  (сөзбе сөз.  «еркекшора» )  ауызекіеркекшора әйел, әйел кейпін жоғалтқан әйелдерге байланысты айтылады.

Мұғалімдерді кемсітетін неміс сөздері, мысалы:Nervensäge  —  сөзбе сөз.  Nerven  —  жүйкелер;  Säge  —  ара,  Schlaftablette  —  сөзбе сөз.  ұйқыдағы дәрі,  Schlafmittel  —  сөзбе сөз.  Ұйықтататын.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары қай тілде болмасын әр түрлі өмірлік жағдаяттарда әйел адамды бейнелейтін жастар сленгі кеңінен тарағандығын көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары әйел адамды жағымды сипаттау жағынан жағымсыз сипаттауы басым екенін байқатты.

  Жоғарыда атап өткендей, неміс тілін оқу үрдісінде жаргондар мен сленгтердің мағынасын білу үлкен қызығушылық тудырады, осыған орай бүгінгі таңдағы неміс жастарының күнделікті сөз арасында сленгті қолдануы қарапайым құбылыс болып табылады.



Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Вальтер  Х.  Большой  русско-немецкий  словарь  жаргона  и  просторечий/  Х.  Вальтер,  В.М.  Мокиенко.  М.:  АСТ:  Восток-Запад  2007.  —  832  с. 

2.Горкин  А.П.  Литература  и  язык.  Современная  иллюстрированная  энциклопедия.  М.:  Росмэн.  2006.  —  1

680  с.  [Электронный  ресурс]  —  Режим  доступа.  —  URL: http://book.tr200.net/v.php?id=99068  (дата  обращения  09.12.13)  Коломиец  Е.А.  Русско-немецкий  словарь  современного  молодежного  жаргона.  М.:  Восток-Запад.  2005.  —  336  с.

3.Шестикрылов П. Аmerican slang. – Москва, 2006.
4. В.Н. Крупнов. В творческой лаборатории переводчика. Издательство: «Международные отношения». – Москва, 1976.
5. Г.А. Судзиловский. Сленг – что это такое? – Москва: Воениздат, 1973.
6. И.В. Арнольд. Лексикология современного английского языка. Издательство: Литературы на иностранных языках. – Москва, 1959. 


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров211
Номер материала ДВ-378969
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх