Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨнер алды - қызыл тіл. 5-сынып. Сайыс жоспары.

Өнер алды - қызыл тіл. 5-сынып. Сайыс жоспары.

Скачать материал

«Өнер алды-қызыл тіл» интеллектуалды сайыс

 

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау,тілдерін дамыту. Мемлекеттік тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: 
интерактивтік такта.

 

Мұғалімнің сөзі: -Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Өнер алды-қызыл тіл»  атты интеллектуалды  сайысымызға қош келдіңіздер!  

 1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сайысымыз 8 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2.  "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша)
3. «Өнерлі өрге жүзеді»

4. "Жеті жұрттың тілін біл"
5 . «Кім көп сөз біледі?»  
6. «Қатесі болса түзе»

7.  «Шешендік өнер» 

Сайысқа 5 «д» сынып оқушылары 2 топқа бөлініп  қатысады.
"Сайысымыздың беташарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.
Бүгінгі сабаққа қатысатын «Көкпар» тобы мен «Тұлпар» тобы.


1 кезең   Таныстыру, сәлемдесу.
Топтар өздерін таныстырады.
1 - топ: Топтың аты - «Сұңқар». Ұранымыз: «Талапты болсаң, нұр жауар».
2 - топ: Топтың аты -«Тұлпар». Ұранымыз: «Хас жүйрікте мін болмас!»


2 кезең : "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1 топтың сұрақтары
1. Аптаның бірінші күні? (дүйсенбі)
2. «Ұстаз» сөзінің синонимі (мұғалім, оқытушы)
3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қазақ тілі ҚР қандай тілі (мемлекеттік)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Абай Құнанбаев кім? (ұлы ақын)
8. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
2 топтың сұрақтары

1. Қазір қандай жыл мезгілі? (күз)
2. Дауыссыз дыбыстардың түрлері атаңыз (қатаң, ұяң, үнді)
3. Төрт түлік малға нелер жатады (қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе)
4. Дауысты дыбыстардың түрлерін атаңыз (жуан, жіңішке)
5. Ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады? (мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, ертегілер)
6. Қазір қандай ай? (қыркүйек)
7. 22 қыркүйек қандай мереке? (тілдер күні)
8.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз: (Ту, Елтаңба, Әнұран)
9. Септіктердің саны неше? (7)

10. 137 кабинет нешінші қабатты? (1)

3 кезең «Өнерлі өрге жүзеді» әр топ өзінің өнерлерін ортаға салады.

4 кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Мұнда сендерге жұмбақтар беріледі, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз топтан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1топтың жұмбақтары
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)

2 топтың жұмбақтары

1. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
3. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
4. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
5. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

5 кезең «Кім көп сөз біледі?»  Бұл кезеңде әрбір команда берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөздегі әріптерінен сөздерді құрастырады. (көп сөз құрастырған команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі)

Берілетін сөз:«Тәуелсіздігіміз»

6 кезең «Қатесі болса түзе». Топ ойыншылары қима қағаздарда  жазылған сөздердің қатесін  тауып жазу керек.

Мысалы:Айақ, қойан, баиандауыш, ойу, хайуан, айаз, қариа, тайақ, қою, айуан, тақиа, байандама, бойа

Дұрысы: Аяқ, қоян, баяндауыш, ою, хайуан, аяз, қария, таяқ, қою, айуан, тақия, баяндама, боя.

7 кезең «Шешендік өнер» 

 Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі, бірінші бағанада мақалдың жалғасы берілген. Команда мақал-мәтелді дұрыс құрастыруы тиіс. (дұрыс құрастырылған мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі)

1 Туған жердей жер болмас,            бірлігі күшті ел озар.

2 Әкені көріп ұл өсер,                       жалқаудың жаны тәтті.

3 Еңбектің наны тәтті,                      туған елдей ел болмас.

4 Бірлігі жоқ ел тозар,                       білім-теңіз.

5 Мектеп-кеме,                                  тұзы жоқ тағам.

6 Адам досымен,                               ананы көріп қыз өсер.

7 Досы жоқ адам-                              ағаш тамырымен мықты.

8 Байлық байлық емес,                      досы жоқпен сырлас.

9 Өнер алды                                        оттан да ыстық                                         

10 Отан                                                 қызыл тіл

 

 

 

 

Мұғалім : -Құрметті ұстаздар! «Өнер алды – қызыл тіл» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.  Тіл – басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық ағайын!

 

Қорытынды:

         Әділ қазылардың шешімі бойынша жеңімпаз топты анықтап, мақтау қағазымен марапаттау.Қатысқан оқушыларға алғыс айта отырып,сыйлықтар ұсыну.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өнер алды - қызыл тіл. 5-сынып. Сайыс жоспары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2015 2008
    • DOCX 21.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Алия Кожахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Алия Кожахметовна
    Казиева Алия Кожахметовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15014
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека