Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі" хип-хоп би байқауы сценарийі

"Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі" хип-хоп би байқауы сценарийі

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» атты хип-хоп би байқауының сценарийі  

Жүргізуші 1: - Армысыздар, құрметті көрермендер! Мектебімізде  өткізілгелі отырған «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» хип-хоп би байқауына қош келдіңіздер.

«Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» - талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз. Ендеше, бұл байқаудың қазылар алқасымен таныс болайық.


1.Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі: Жилкибаева Людмила Жомартовна

2. Мектеп психологы: Дуйсенбаев Манат Арыстанғалиевич

3.   Би үйірмесі жетекшісі: Жанар Мырзатай

Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Мектебімізде би билеуге деген балалардың ынта – ықыласы, құштарлықтары өте жоғары. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» дегендей, бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік,  ағайын.

Мың бұралу  аз екен бұл өнерде,

Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.

Бар сезімді көрерменге жеткізу,

Мақсат екен орындалған әр биде.

деген өлең шумақтарымен байқаудың алғашқы қатысушыларын сахна төріне шақырайық. Мектебіміздің белсенді, әрі сүйікті бишілері 5 «А» сыныбының биші қыздарының орындауында «Таңғы айым» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші 1:  

Біз бақытты балдырған.

Әлемді бимен құлпыртқан – деп көңілденген бишілеріміз 5 Ә сыныбының

« » тобының биші қыздарының орындауындағы « » биін назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші 1: Барлық әлемнің балалары сияқты жер бетінде тек қана бейбіт-шілік болуын тілейтін келесі 6 «А» сынып оқушыларының « » тобы-ның талантты бишілерімен таныс болыңыздар. « » тобын « » биімен сахна төріне қошеметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

Жүргізуші : Сонымен келесі үміткеріміз 6 «Ә» сыныбының үміткерлері

« » тобы. (Экран) Топ мүшелері ән салып би билеуді ұнатады. Сонымен қатар мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Бүгінгі байқауға  « »  биімен келген топты қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1: Он саусағы майысқан, 7 «А» сыныбының биші қыздарынан құралған «Түлектер» тобының бишілеріне сәттілік тілей отырып, бүгінгі байқауға дайындаған « » атты билерімен сахна төріне шақырамыз!

Жүргізуші 1:  Ал  біздің келесі байқауға қатысушы үміткерлеріміз  би билеуге біраз шыңдалып қалды. Бүгінгі өздері қойған « »  биімен ортаға 7 «Ә» сыныбының бишілері Ищанова Дарина мен Таспаева Айнураны

ду қол шапалақпен сахна төріне шақырайық, қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1:  Құрметті көрермендер, келесі кезекте өнер көрсеткелі тұрған 8 «А» сыныбының бишілері танымал би тобы болуды армандайды. Қоғамдық жұмыстарға әркез атсалысады. Ендеше « » би тобының « » биімен сахна төріне шақырайық,  ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1:  Ендігі кезек 8 «Ә» сынып бишісі Жақсылық Ақмаралдың жеке орындауындағы « » биіне беріледі. Биші қыздың жұртшылықтың көңілін бір серпілтер тамаша биін назарларыңызға ұсынамыз. Қошеметтеріңіз!

Жүргізуші 1:  Би билеп сахнаның үлкен төрінде өнер көрсетіп жүрген байқауымыздың келесі қатысушылары 9 «А» сыныптың « » би тобының тұрақты бишілерінің орындауындағы « » биін назарларыңызға ұсынамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1: Келесі үміткерлеріміз биылғы жылы көркемөнерпаздар байқауында өз өнерлерін сынап көрген еді. Олар бүгінгі байқауға да белсене қатысуда. 9 «Ә» сыныбының « » тобын заманауи биімен сахна төріне шақырамыз.

Жүргізуші 1: Қалалық «Қазақстан-менің Отаным» ән байқауының жүлдегері мектебіміздің жұлдызды әншілерінің бірі Жунусова Камила. « » әнімен сахна төріне шығатын Камилаға бұл жолы да сәттілік тілейміз. Ду қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 2: Мінеки, жас таланттарға жол ашатын «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» хип-хоп би байқауы өз мәресіне келіп жетті. Қошеметпен сахна төріне бишілерімізді шақырайық.

Жүргізуші 1: «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» би байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін құрметпен әділқазылар алқасына береміз.

Қазылар алқасы жеңімпаздарға марапаттаулар береді.

Жүргізуші 2: Құрметті қатысушылар, сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші 1: Осымен бүгінгі тартысқа толы «Өнер әлемі-мәңгі жастық әлемі» би байқауы өз мәресіне жетті. Құрметті көрермендер, жас талантарымызға қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп рақмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров386
Номер материала ДВ-466404
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх