Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Өнер әлеміне саяхат (1 класс арасындағы байқау)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Өнер әлеміне саяхат (1 класс арасындағы байқау)

библиотека
материалов

Өнер әлеміне саяхат

(1 бөлім)

І жүрзіуші:

Армысыздар, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

ІІ жүрзіуші:

Бүгінгі "Өнер әлеміне саяхат" атты 1 кластар арасындағы байқауға қош келдіңіздер!

І жүрзіуші:

Өнер менің – бар өмірім, шындығым,

Көкте самғап қыран құсы сындымын.

Шын тұлпарлар оза шауып бәйгеде,

Шын дарындар сынға  түсер күн бүгін!..

ІІ жүрзіуші:

Ең айшықты әлеміндей үлгінің,

Өнерлі жан жеңе алады бірді мың..,

Дән – қауызы бүршік жарып дарынның..,

Үздіктерден үздік шығар күн бүгін!..

І жүрзіуші:

Бүгін кішкентай бүлдіршіндеріміз алғаш рет мектеп сахнасына шығып, өз өнерін ортаға салып, бәрімізді таңқалдырмақ.

ІІ жүрзіуші:

Демек, бүгінгі күн түрлі ерекшеліктер мен сынақтарға толы күн болғалы отыр.

Ең алдымен, өнегелі оқушылардың өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

І.

ІІ.

ІІІ.

Сонымен қатар бүгінгі байқауымыздың шарттарымен таныс болайық.

  1. «Өнерліміз бәріміз», кластан екі жүргізуші тағайындау

  2. «Менің сыныбым-менің ұжымым» бөлімі бойынша класты таныстыру мақсатында шағын бейнеролик немесе слайд көрсету

  3. «Ертегілер елінде» бөлімі бойынша бір ертегіні таңдап, көрініс көрсету

  4. «Өнерлі бала сүйкімді» бөлімі бойынша өз өнерін көрсету қажет.

Қатысушы топтарға тек сәттілік тілейміз!

І жүрзіуші:

Болу керек өнер- мықты, жыр егей,

Өнерліге мол табысты тілегей!..

Таңдандырып, тамсандырып баршаны

Таңқалатын сәттер келді, мінекей!..

ІІ жүрзіуші:

Бұл өнерден жібермеңдер енді есе,

Өнерлімен қатар жүрің теңдесе..,

Қабыл алың көрермендер қол соғып,

1 «А» класын ендеше!..


-Алдарыңызда бірінші болып, сегіз қырлы, бір сырлы 1 «А» класс оқушылары өнер көрсетеді.


(1«А» КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ, ЖЕТЕКШІСІ: ДОЩАНОВА ГҮЛДАНА)

І жүрзіуші:

-Қазылар алқасының бағасына назар аударайық!

1. Екі жүргізушіге берер бағаларыңыз

2. «Менің сыныбым- менің ұжымым» бөлімі бойынша

3. «Ертегілер елінде» бөлімі бойынша

4. «Өнерлі бала сүйкімді» бөлімі бойынша


І жүрзіуші:

Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсың?


ІІ жүрзіуші:

Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір  құдірет күші секілді. Өнер – бұл өмірдің үлкен бір бөлігі іспеттес. «Өнерлі адам- өрге  жүзеді», - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ.

І жүрзіуші:

Қарсы алатын арайы мол таңдарды..,

Өмір сүйген өлең бар-ды, ән-барды!..

Сахнаға шақырамыз ендеше,

1 «Ж» класындағы жандарды!..

-1 «Ж» класс оқушылары ортада өз өнерлерімен баршамызды таң қалдырмақ. Қарсы алыңыздар!

(1 «Ж» КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ, ЖЕТ.: ХАБИБУЛЛИНА ЖАННА БАХТИЯРОВНА)

ІІ жүрзіуші:

-Қазылар алқасының бағасына назар аударайық!

1. Екі жүргізушіге берер бағаларыңыз

2. «Менің сыныбым- менің ұжымым» бөлімі бойынша

3. «Ертегілер елінде» бөлімі бойынша

4. «Өнерлі бала сүйкімді» бөлімі бойынша


ІІ жүрзіуші:

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.


І жүрзіуші:

Өнер десе тысқары һәм шет тұрман,

Әдемі боп өсетұғын бек тұлғаң..,

Қолды соғып қарсы алайық ендеше,

1 «Е» класын кеп тұрған.

-Алдарыңызда, өз өнерін ортаға салушы 1 «Е» класы. Қарсы алыңыздар!


(1 «Е» КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ, ЖЕТ.: КУШЕКБАЕВА ЗЕЙНЕТ БАЛГАЛИЕВНА)

ІІ жүрзіуші:

-Қазылар алқасының бағасына назар аударайық!

1. Екі жүргізушіге берер бағаларыңыз

2. «Менің сыныбым- менің ұжымым» бөлімі бойынша

3. «Ертегілер елінде» бөлімі бойынша

4. «Өнерлі бала сүйкімді» бөлімі бойынша


І жүрзіуші:

Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлері жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер ортада
Өнерлерін көрсетіп өтсе дейміз.

ІІ жүрзіуші:

Кездеседі өнер –еңбек жиі бұл,

Талғампаздық, әсемдіктің иі бұл!..

Қараңыздар мың ұғынып ендеше,

1 «З» класының сыйы бұл!..

1 «З» класының өнеріне назар аударайық! Қол соғып, қошеметтеп отырайық!


(1 «З» КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ, ЖЕТ.: ҚОЖАБЕК МЕЙРАМГУЛ ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ)

І жүрзіуші:

-Қазылар алқасының бағасына назар аударайық!

1. Екі жүргізушіге берер бағаларыңыз

2. «Менің сыныбым- менің ұжымым» бөлімі бойынша

3. «Ертегілер елінде» бөлімі бойынша

4. «Өнерлі бала сүйкімді» бөлімі бойынша


ІІ жүрзіуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті.

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,


І жүрзіуші:

Осымен, шын дарындылар танылып, талаптың тұлпарын мінген өнерлі шәкірттер бәйгесінің 1 бөлімі өз мәресіне жетті. Біз сіздермен қоштаспаймыз. Ертең дәл осы уақытта мәжіліс залында қайта қауышамыз.

-Келесі кездескенше

Бірге: Сау болыңыздар!

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров89
Номер материала ДВ-573631
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх