Инфоурок Другое Научные работы"Өнер мен білім-егіз" қайырымдылық концерт

"Өнер мен білім-егіз" қайырымдылық концерт

Скачать материал

  №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

 

«Өнер мен білім - егіз»

(концерттік  бағдарлама)

 

 

 

 

Дайындаған: аға тәлімгер М.А.Нәлібаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы

2015-2016 оқу жылы

 

 

1. Жүргізуші:     Армысыздар,  ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар және де жиналған қауым!  №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернатының талантты да , білімді оқушылары мен және оларды  білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздардың өнерлерін тамашалауға қош келдіңіздер! «Өнер мен білім - егіз» атты концерттік бағдарламамызды ашу үшін мектеп-интернат директоры Шакетова Гүлшат Хасенқызын сахна төріне шақырамыз.

 

2Жүргізуші:       Армысыздар, еліміздің асылдары,

                            Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

                            Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

                            Сіздер   үшін өнердің шашулары.

                            Өнерпаздар жарысып, сан-салалы,

                            Жиын десе, той десе жан салады.

                            Кешіміздің ашылу құрметіне,

                            Әуеленген әсем ән жолданады-дей отырып - ақын Рахат Наурызбаеваның «Жанарымда жыр тұнған » атты 70-жылдық мерейтойына арналған мүшайрада бас жүлде иегері, 2013 жылы «Жүрек жылуы» облыстық  «Көркем сөз» байқауының 2-ші орын жеңімпазы және де мектебіміздің сегіз қырлы бір сырлы озат оқушысы Дүйсенбеков Бекзатханның орындауында «Жаным қазақ » әнін қабыл алыңыздар .

 

1Жүргізуші:  Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,

                   Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.

                   Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,

                   Биші қыздар бұрала билейді би деп ортаға мектебіміздің «Жауқазын» бишілер тобын  «Оймақтар»  биімен  қарсы алыңыздар.

2.Жүргізуші:     

                            Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

                            Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

                            Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

                             Қандай жүрек қалады қанат қақпай – деп , мектебіміздің жезтаңдай әншісі, «Жұлдызай»  республикалық фестивалінде екі рет 3-ші орын,  «Ән бізді біріктірді» республикалық  фестивалінде 2-ші орын, «Жүрек жылуы» , «Бозторғай», «Біз  жұлдыз болып жанамыз»  облыстық байқауларына қатысып 1-ші орын жеңімпазы және де өнер мен білімді қатар алып жүрген  талантты да үздік  оқушысы Хабибуллаева Дүрдананың  орындауында «Туған жер» әнін  қабыл  алыңыздар.

 

1.Жүргізуші:      Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,

                            Жанымның жайып салып, тылсымдарын.

                            Махаббат боп маздаған мына ғалам,

                            Бақытты мектебімнің білсін бәрін -дей келе «Жүрек жылуы» облыстық  «Көркем сөз» байқауының бас жүлде иегері Құлдүйсенова Меруерт және «Тағдыр түрлі, өмір бір» облыстық «Көркем сөз» байқауының 1-ші орын иегері Рыскелдіқызы Айдананы қарсы  

алыңыздар.

 

2-жүргізуші: Қазақта бір даналық сөз бар «Күле білу - бақыт, күлдіре білу-өнер» дейді. Ендеше отырған аяулы ата-апаларымыз бен ағаларымыздың бал-бұл жанған жүздерінен ешқашан күлкі кетпесін деген тілекпен ортаға мектебіміздің «                  » әзіл-сықақ театрының   «Ерке бала» атты көріністі қабыл алыңыздар.

 

 

2. Жүргізуші:     Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,

                            Артық пейіл табылмас Отанымнан.

                            Олжалап орын алу мақсатым бар,

                            Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе «Жұлдызай» республикалық фестивальінің лауреаты,  мектепшілік іс-шараларға белсене қатысушы  4 «А»  сыныбының өнерлі де білімді  оқушысы

Мақсұт Лаураның орындауында «Толғау» әнін қабыл алыңыздар. 

 

1.Жүргізуші:      Өнер қуған жасынан

                            Өнері судай тасыған

                            Келесі біздің бишілер

                            Көрінген көштің басынан деп, мектебіміздің «Ұландар» би тобын  «Батырлар» биімен қарсы алыңыздар.

 

2. Жүргізуші:              Құлақтан кіріп, бойды алар
                                      Жақсы ән мен тәтті күй.
                                      Көңілге түрлі ой салар,
                                      Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз жырлағандай мектебіміздің өнерлі оқушысы Сайлау Нұртөрені халық әні «Көкайдай» әнімен сахна төріне шақырамыз.

2. Жүргізуші: «Тракторист Коля»

2. Жүргізуші:         Ән тыңдасаң қалатын жаны байып,

                            Ата-баба салтынан айнымайық

                            Қонақтардың көңілі көтерілсін,

                            Кәнекей әуелеген ән тыңдайық деп мектебіміздің жезтаңдай әншісі Тұрсынбек Аружанның орындауында халық әні «Құрбылар» әнімен қарсы алыңыздар.

 

1жүргізуші:  Қастерлеймін әке даңқын, ана салтын,

                   Ұмытпайды ұрпағың, дархан халқың.

                   Қабыл ал, ұрпағыңның аманатын,

                   Жыр боп келді, саған деген махаббатым.

                   Не деген атам қазақ - ойшыл адам!

                   Бұлбұлдай құйқылжытып, күй шығарған.

                   Ауылдың алты ауызын өзі шырқап,

                   Мейманнан дүнме емес, ән сұраған.- дей келе ортаға Искендирова Зәмзәуре Орынтөлепқызының орындауында «Ағалар» әнін қабыл алыңыздар.

 

2 жүргізуші:       Ақсақалдар сарқылмас дариялар,

                            Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.

                            Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз

                            Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар

                            Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар

                            Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

                            Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.

                            Алдында ақыл бере қария ғой,

                            Жақсылар жақсылыққа жария ғой.

                            Жастарға ол парасатты кеңес берер,

                            Сөзге бай ағып тұрған дария ғой – деп  «Күнім-ау»  әнімен Устемирова Ізетті сахна төріне шақырамыз.

 

Хор:  «Атамекен»

        

1 Жүргізуші:      Абырой амандығың арта берсін

                            Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

                            Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

                            Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

                            Тыныштық елімізге бере берсін.

                            Молшылық жерімізге ене берсін.

                            Осылай ел жұртымыз аман болып,

                            Қызығын бейбіт өмір көре берсін

                            Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

                            Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

                            Тап-таза абыройлы болғаныңды

                            Қазіргі ел билеген жастар көрсін- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді  аяқтаймыз.Құрметті қонақтар, біздің мектебіміздегі оқушылардың барлығы да өнерлі, талантты, білімді. Бүгін сіздер оқушылардың өнерлерінің бір бөлігін ғана тамашаладыңыздар.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өнер мен білім-егіз" қайырымдылық концерт"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 402 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 2172
    • DOCX 429.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Налибаева Макпал Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Налибаева Макпал Аманжоловна
    Налибаева Макпал Аманжоловна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5713
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой