Инфоурок Музыка Статьи"Өнерге өз басыңды ерте баулы"

"Өнерге өз басыңды ерте баулы"

Скачать материал

                                                                    «Өнерге өз басыңды ерте баулы»

                                                                                      

  Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.

 

        Эстетикалық тәрбие- кең ұғым. Ол әсемдікті  сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық  тәрбие  көркемөнер  құралдары  арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің , табиғаттың  әсемдігін  тану  кезінде, адамдармен  қарым- қатынас   үстінде тәрбиеленеді.Эстетикалық  даму дегеніміз  жас ұрпақтың  эстетикалық  нәр алуға  мүмкіндік   тудыратын  сезім мүшелері  мен  шығармашылық  қабілетін   ұштау,  өмірдегі, көркем өнердегі  әсемдікті  түсінуіне, оны  қабылдауына   педагогикалық  жағынан  ықпал ету  арқылы  адамның  эстетикалық  сезімін дамыту. Эстетикалық  сезім- дегеніміз өмірдегі  көркемөнердегі әсемдікті  қабылдаудан туатын  эстетикалық  нәр алу, толқу, рахаттану.  Ол – адам  табиғатына  ғана тән жоғары  сезім.

          Ғалымдар эстетикалық тәрбиені қоғамдық  -   мәдени  өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен  дәуірдің  алдыңғы  қатарлы  дәстүрі  мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің  шығармашылық  қызметінде өмірді  және оның  әсемдігіні сәулелендіреді. Адамның   әсемдікті  сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы  мен эстетикалық  мәденитінің  даму  дәрежесіне байланысты.

         Эстетикалық тәрбие өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал  етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін

( қуану, қобалжу,  қайғыру) тереңдетеді.  Эстетикалық  әсерлену әсемдікті  қабылдауға   ғана негізделіп қоймайды, өнер    шығармасының мазмұны  мен идеясын терең  түсінуге де  негізделеді.  Бұл эстетикалық  тәрбиенің  ақыл- ой,  адамгершілік, еңбек, тән тәрбиесімен тығыз байланыстылығын   байқатады.  Көркем шығарманы,  табиғат әсемдігін, адамның  жақсы  тәртібін, тамаша мінез- құлқын көріп  сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен әсер етеді.  Әсемдікті   сезіну адамның   өмірін байытып, бір- біріне  достық қарым- қатынасын, жақсылық  істеуге  талпынысын, белсенділігін тудырады.  Эстетикалық тәрбиені  бала  дамуының алғашқы  сатысынан  бастау жан- жақты  жарасымды  дамыған  ұрпақ  тәрбиелеудің алғы  шарты. . Әдемілікті сезу үшін,оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір оқушыда білім болуы қажет. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық эстетикалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.» Оқушыларға музыкалық эстетикалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, музыкалық үйірме жұмыстарында іске асырылады.

         Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдында негізгі төрт міндет қойылады.

Бірінші міндет: музыкалық әртүрлі іс- әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;

Екінші міндет: музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;

Үшінші міндет: музыклық мәлімет беру;

Төртінші міндет: музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту;

        Музыка пәні өз ерекшелігіне байланысты өз принциптерін көтермелейді.

1. Саналық принцип. Егер оқушы үйретілген әннің мазмұнын терең саналы түрде түсінсе,ол ән айту дағдыларын тезірек меңгереді. Ноталарды үйрену керек екенін түсінеді.Саналық- принцип оқушының сезімін, рухани байлығын байытады.

2.Көрнекілік принцип. Әнді орындап көрсету, дирижёрлық сермеу құралдарды пайдалану.

3.Қызығушылық. Белсенділік принциптері оқушы  сабаққа  қызықса, белсенділігі артады.Ол үшін сабақты тартымды, қызықты, әр-түрлі тәсілдерді қолдануын қадағалау керек.

Тәрбиенің аса маңызды құрамы -өнер.Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын-музыка өнерін айтамыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, оардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық , этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыкалық тәрбие беру- музыкалық құралдар қолдану арқылы өмірді бейнелейтін тіршілік айқындамалары. Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.Өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы –музыкалық  өнер . Музыка өнері өзінің табиғи күшімен бейнелі ойлау мен қиялды қалыптастыруға шығармашылық іс-әрекетінің белсендіруге қолайлы жағдай тудырады.Соның ішіндегі бастауыш мектеп  оқушыларының бастапқы музыкалық  мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуде. Музыка өнері- әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамы бір арнаға құйылып, асқақты күймен дамып отыратын көптеген ғасырлық үннің жемісі. Музыка өнері арқылы оқушылардың музыкалық білім  берудегі мол   мүмкіндіктерді   және оларды мектептердің оқу- тәрбие үрдісінде толық     пайдалануы, музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми –педагогикалық негізін жасау қажеттілігі педагогика ғылымында бұл мәселенің белгілі деңгейдегі  тиімді әдістемелермен қамтамасыз ету мен оның іс-тәжірибе жүзінде іске асырылуы айқын байқалады.Музыкалық тәрбие негізінен жалпы білім беретін мектепте  сыныптық- сабақ жүйесі бойынша іске асады. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін және әдіс-тәсілдері, соңғы технологияларды шебер қолдану ең қажет нәрсе болып табылады. Сонымен қатар сабақты дидактикалық  ойындар,өзіндік жұмыс , ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату , музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттер болып табылады.Музыка сабағында оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.Сонымен бірге,музыка пәні арқылы мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру  ғылыи-педагогикалық тұрғыда негізделеді;

-мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;

-музыка пәні арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қаыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді.

Музыканы үйрету, есту, тыңдау барысында оқушының ой- толғанысын жандандырады, ой-қиялын өсіреді.Оқушылардың шығармашылық қабілетіне импровизация да жатады.Импровизация-музыканы түрлендіре білу қабілеті.Бұл  тапсырмалар оқушының ой-өрісін ұштайды.Балалардың қиялдай білуінің мәні айрықша.Оқушыны музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып,өмірге дайындаймыз.Бұл проблема ізденуге жағдай тудыру әдісі арқылы жүргізіледі.Ол төмендегі жолмен саналы түрде жүзеге асады:

-оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты;

-мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әркеті;

-толық жан- жақты жасалған соңғы қорытынды;

Музыка пәнін түсініп қабылдау үшін өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтіндігіне ой жүгірткен тиімді. Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл.Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі.

      Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді.

 Тәрбие-бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқылы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызумәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира байтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік ерекшелікткрімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасаған.Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін  және сенімін тәрбиелеу  мұғалімнің алға  бағытталған іс-әрекетіне байланысты.Тәрбиенің негізгі міндеті –қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борышы, намысы, ар-ождан, қадір-қасиеттегі сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.Мектептегі оқушыларға беретін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие.Эстетикалық тәрбие өнер құралдары арқылы  ,яғни музыкада-дыбыс арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытады.  Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні , мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметті, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңіру  қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы   өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»Ұлттық рухани  тәрбие мәдениетімізді өркендетудің қайнар көзі болып табылады.

Музыка - өнердің басқа салаларын түсіндіруге тілі мен күші жетпейтін күрделі образдарды адамның сана сезіміне құйып ой-өрістің дамуына әсерін тигізіп тәрбиелейтін құдіретті құрал. Музыканы  тек қана  құлақпен  тыңдап , көркемдік  бұйымдарды  тек қана  көзбен  көріп,  тамашалау  арқылы  өнерге  баулуға  болмайды.Шәкіртті өнер саласында дамыту арқылы,халқымыздың өнерін өркендетуге,шыңдауға бағытталуда. «Музыка – таусылмас азық жұтамас байлық», - деген екен біздің халық. Музыка адам баласын сан түрлі біліммен қаруландырады адам жанын нәзік сезімге бөлейді. Музыканы түсіне білген адам, бөтен біреудің жанына жара салғысы келмейді. Музыканы сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достықпен махаббатты әсем мінез – қылықты қастерлейді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өнерге өз басыңды ерте баулы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 979
    • DOCX 169.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашимова Дина Жалбыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашимова Дина Жалбыровна
    Ашимова Дина Жалбыровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55786
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 133 человека

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания музыкальной литературы в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек