698627
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеКонспекты«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» (жеңгелер мен арулар сайысы)

«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» (жеңгелер мен арулар сайысы)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы

                  1-жүргізуші:      Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

                                               Көрермендер көңілге көп ой түйген.

                                               Құттықтаймыз арулар, аналарды,

                                               Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

 

                  2-жүргізуші:      Жыр арнайық оларға жігері ассын,

                                               Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

                                               Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

                                               Нұр арнайық қуатын беріп жастың.

 

                  1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, аналар, қыз-келіншектер және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.       

 

                  2-жүргізуші:  Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың жеңгелеріне арналған  «Өнерлі  қыз,  өнегелі  жеңге»  атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста  қыздар мен жеңгелер өз  өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

 

                  1-жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

                                                           1. 5а Мариям жеңгесімен

                                                           2. 5ә Нұрсезім анасымен

                                                           3. 6 Жансая жеңгесімен

                                                           4. 7 Арайлым жеңгесімен

                                                           5. 9 Ақбота жеңгесімен

                                                          

 

                  Алдымен  сайыскер ару, жеңгелеріміздің ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасымен таныстырып алайық:

1. Бергалиева Шынар Маратқызы – оқу ісі жөніндегі орынбасары

2. Мендыбаева Рабиға Зайтунқызы Жаратылыстану бірлестік жетекшісі

3. Еслямова Айжан Бақтыгалиевна – Сынып жетекшілер бірлестігі

                 

                  2-жүргізуші: Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

 

1.  «Сәлем – сөздің атасы»  (өз тобын  таныстыру)

2.  «Сен салт – дәстүрді білесің бе?»   (сұрақ-жауап)

3.  «Шебердің  қолы  алтын»  (ою өрнек)

4.  «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)

5.  Сұлулық  сыры  (шаш үлгісі)

 

                   1-жүргізуші:  Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,

                                           Осы салтты ұстанады халқымыз.

                                           Сайыскерлер  өнерді сал ендеше,

                                           Амандасып көріңіздер өзгеше, - дей келе сайысымыздың алғашқы шарты «Сәлем – сөздің атасы» бөлімінекезек береміз.

 

                   1-жүргізуші:  Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.

 

                   2-жүргізуші:  Көзінің оттарын ұғындырып,

                                            Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

                                           Келесі бұл сайыстың жоспарында,

                                           Түседі бәсекеге білімділік.

                  Сайыстың екінші  бөлімі «Салт –дәстүр – асыл қазынам» деп аталады. Екінші шарт бойынша сіздер кеспе қағазда  жасырылған ата салтымызға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

                  Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік», - деген. Демек салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел.  Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

                  Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты, ендеше арулар мен жеңгелерімізді бұл қырынан да сынап көрелік.

 

                   1-жүргізуші: Енді сайыскерлеріміздің бұл сында қаншалықты шымыр болғанын білсек, қазылар алқасы.

 

                  2-жүргізуші:  Сайыстың үшінші бөліміне өтейік. «Шебердің – қолы алтын» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша жеңгелер мен аруларымыз ою ояды. Күрделі әрі ұқыпты ойылған ою жоғары бағаланады.

                  Сайыскерлер ою ойып болғанша, алдарыңызда Муканова Маншук әнімен тамашалаңыздар.

 

 

                   2-жүргізуші:    Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

                                              Өнер деген мол қазына, кең екен.

                                              Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

                                              Өнерсіз қазақ кем де кем.

                                              Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,

                                              Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.

                                              Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,

                                              Өнерлерін көрсетеді сіздерге,-

Келесі  4 - бөлім  «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып сынға түседі.

                 1-жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлім бойынша жеңгелер қыздарының  немесе қыздар жеңгелерінің шаштарын сәндеп беруі керек.

                  Сайыскерлеріміз дайын болғанша, музыкалық сәлемдеме. 9 – сынып оқушысы Орынова Ақбота «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

                  1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

2-жүргізуші:  Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

                                          Барымен шат-шадымен болыңыздар.

                                          Қоштасайық, келесі кездескенше,

                                          Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

                  Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше!                                                                                                                                                                                



Общая информация

Номер материала: ДБ-049233

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Мерчендайзинг»
Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.