Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ" АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ 9 СЫНЫП
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ" АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ 9 СЫНЫП

библиотека
материалов

1-Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ауыл тұрғындары!

2-Жүргізуші: Бармысыздар бай-қуатты аналар, қырмызыдай құлпырған жеңгейлер, сымбатты-сұлу арулар!

1-Жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің –гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таң мен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де мейірімді аналарға, көрікті жеңгейлерге, сұлу аруларға арналады. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

2-Жүргізуші: Әйел –ана, әйел –өмір, әйел –тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі –өсиет, тұғыры –биік.Алтын құрсағынан адам заттың алыбы жаратылған, асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағынан мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі –алтын босағасы мен сүйкімді жемісі болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың »Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.Ана болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.

1-Жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар! Олай болса, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді ауыл әкімі Қибатұлы Жарқын мырзаға береміз.

2-Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Бейсенбеков Асыланбек мырзаға және тәрбие жөніндегі орынбасар Сүлейменұлы Серік мырзаға беріледі.

1-Жүргізуші:

Аяулысың ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары!

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай!

2-Жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы ана қолымен қаланады. «Жәннат аналардың аяғының астында» деп , ислам діні әйел-аналарды ерекше құрметтейді. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән: « » Орындайтын:________________________________


1-Жүргізуші: Ару! Ана! Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тірліктің мәні осы екі ұғыммен өзектесе жатады екен. Ару деген сөз адалдық, арлылық, асқақтық атты қасиеттермен қабысып жатса, Ана сөзінің аясында асыл, аяулы, ардақты, құдіретті сезімдері тоғысары ақиқат. Ендеше ,осы залда отырған аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, ұстаз-аналарымызға ең жақсы деген құттықтауларымызды, ең ізгі тілектерімізді арнай келе баршаңызды «Өнерліге өріс кең» атты байқауды тамашалауға шақырамыз!

2-Жүргізуші: Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл мен қыз –ертеңгі ұлт болашағы, ел тірегі! Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз.Біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған, қызын қырық үйден тыя отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен, жастайынан ісмерлікке, шеберлікке баулыған.

1-Жүргізуші: Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі –біздің қолымызда. Демек, ата-тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар. «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел мен жер намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің санасына зерделеп жеткізу мақсатында , Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ » өсіру үшін бүгінгі байқауды өткізгелі отырмыз. 2-Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың үміткерлері 8,9,10 сырып оқушылары. Олар 10-шы сыныптан екі ер бала, екі қыз бала, 9-шы сыныптан екі ер бала, екі қыз бала ,8-ші сыныптан бір ер бала, бір қыз бала болып жұптасып шығып отыр.

1-Жүргізуші: « Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай» демекші сахнаға мектебіміздің жүзден жүйрік шығар сайыскерлерін қол соғып қошеметпен шақырайық.

2-Жүргізуші: Иә, құрметті халайық, мінекей алдарыңызда әр сыныптың үкілеген үміткерлері .Олай болса, байқауға қатысқалы отырған аруларымыз бен жігіттің сұлтандарына бәріміз бір ауыздан сәттілік тілейік.

1-Жүргізуші: Әрі қарай, әр жұптан бір сайыскерден шығып жеребе алуларыңыз сұралады. Және осы жеребе бойынша кезекпен сайысқа түсесіздер. Мұнда қол саусақтарының атаулары жазылған, сол атаулар сіздердің жұптарыңыздың аты болып, сіздер сол бойынша нөмірленесіздер.

Бас бармақ –бірінші нөмір Ұл да,қыз да.

Балаң үйрек –екінші нөмір Ұл да, қыз да.

Ортан терек –үшінші нөмір Ұл да, қыз да. Шылдыр шүмек –төртінші нөмір Ұл да, қыз да. Кішкене бөбек –бесінші нөмір Ұл да, қыз да.

2-Жүргізуші: (Жеребе алып болғаннан кейін. ) Жұптардың аттарын хабарлап өту керек:

10 сынып Ізтелеу Жасұлан, Баймырза Әйгерім –

10 сынып Қабен Қалдыбай, Әбсалық Нұрайлым –

9 сынып Кеңес Бекнұр, Жақсыбай Мөлдір –

9 сынып Ермұхан Бекзат, Сапабек Әйгерім –

8 сынып Ермекбай Мұхтар, Кәдір Жанерке –

1-Жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нақ сын айтар. Бүгінгі сайысқа әділ баға айтар қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

4.

2-Жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек. Сайыс кезеңдері:

  1. «Өнерлі өрге жүзер» Бұл кезеңде ер балалар өз өнерлерін көрсетеді, 3 минут. Сол уақытта қыз балалар өз шеберліктерін тез дайындалар тағамнан көрсетеді. Әр қатысушының өнерлері мен шеберліктері жеке-жеке бағаланғанымен, ұпайлар жұптарға бірге жазылады.

Мысалы: 1-нөмірлі ұлдың өз өнері 10 ұпай деп бағаланса, ал 1-нөмірлі қыз баланың салат дайындау шеберлігі 10 ұпай деп бағаланса Екі ондық та 10+10 болып «Бас бармақ» жұбына жазылады.

  1. «Біле білген білімді» Бұл кезеңде жұптар бірлесіп халқымыздың салт-дәстүрі негізінде дайындалған сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді. 5минут

  2. «Шеберлік шыңға жеткізер» Бұл кезеңде жігіттеріміз «Асық ату» ойынында мергендіктерін сынаса, аруларымыз қол өнер шеберлігі бойынша тігіс түрлерінен сынға түседі.10минут

  3. «Асыл сөзді ардақтаймыз» әдеби бөлім кезеңі Бұл кезеңнің тапсырмаларын жұптар алдын-ала жеребе бойынша үй тапсырмасы ретінде алған болатын, сондықтан да сол әдеби шығармаларды өз қалауларын бойынша сахналайды. 10 минут

  4. «Ұлттық киім –менің мақтанышым» Бұл кезеңде сұлтандарымыз бен аруларымыз өздері киіп шыққан ұлттық киімдерін мен сәндік бұйымдарына жеке-жеке тоқталып таныстырып өтеді. 5минут





Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров209
Номер материала ДБ-032499
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх