Инфоурок Другое Другие методич. материалыНиет тазалығы – имандылық мұраты сабақ жоспары

Ниет тазалығы – имандылық мұраты сабақ жоспары

Скачать материал

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары

Мектеп: №20 лицей – мектебі                Мұғалім: Баильдинова Д.С.

Сынып: 10К      Оқушылар саны: 18

Тақырып: Ниет тазалығы – имандылық мұраты

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, құрмет, адамгершілік, таза ниет, жақсы ой.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларға өмірде дұрыс мақсатқа жетуде жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы адалдық, құрмет, адамгершілік қасиеттеріне түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылар бойында шығармашылық тапсырмалар арқылы адалдық, құрмет, адамгершілік, таза ниет қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, құрметке, адамгершілікке, таза ниетке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Баяу әуен «Орманың дауысы»

 

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

Тыныштық сәті. Балалар, жаттығу барысында не сездіңдер?

«Орманға ойша серуен»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

·        Қандай күйде болдыңдар?

·        Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?

 

 

2. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 19 бетіндегі «Болады деп арманда » өлеңді оқып келу

Сұрақтар:

1.     Өлеңнен кандай ой түйдіңіздер?

2.     Адам кай уакытта арманына жетеді?

3.     Армандаушы адамның бойында қандай қасиеттер мен құндылықты байқауға болады?

4.     Сен өмірінде ниеті  таза адамды кездестірдің бе?

 

3. Дәйек сөз. 

Назары мен ниеті әдемінің ой-санасы әдемі, ой-санасы әдемінің өмірі рахатқа кенеледі.       

   Халық нақылы

Қыздар екі рет қайталайды, ұлдар екі рет қайталайды. Сосын барлығы хормен айтады. Дәптерге көшіріп жазып алады.

 

 

5.     Әңгімелесу.Өсиет әңгіме.

Жаңғырық заңы

Бір кісі баласымен тауда серуендеп жүр еді, баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан «А-а-а!» деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан «А-а-а!» деген дауыс естілгенінде бала таң қалады.

Ешнәрсені түсінбеген бала: «Сен кімсің?» деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да: «Сен кімсің?» болып келеді.

Бұл жауапқа ашуланып: «Сен қорқақсың!..» деп айқайлайды. Таудан келген дауыс «Сен қорқақсың!» деп жауап береді.

Бала әкесінен: «Әке бұл не?» - деп сұрайды. Әкесі: «Балам тыңда да, үйрен!» деді де, тауға қарап: «Мен саған қайран қалдым!» деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да: «Мен саған қайран қалдым!» деп келеді.

Әкесі қайтадан айқайлайды: «Сен өте әдемісің!..» Жауапта: «Сен өте әдемісің» болып келеді. Бала қатты таң қалады, бірақ әлі не болғанын түсінбейді.

Әкесі оған: «Балам, адамдар мұны «жаңғырық» деп атайды, бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – жасаған ісіміздің айнасы. Өзіңді өзгелер жақсы көрсің десең, алдымен өзің жақсы көр! Саған өзгелер жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды өзің құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен!»

Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей.

Өмір кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы ғана.

Сұрақтар:

1.      «Өмір – жасаған ісіміздің айнасы» дегенді қалай түсінесіздер?

2.      Ниетіміз дұрыс болуы үшін біз не істеуіміз керек?

3.      Әкенің бойында қандай қасиеттерді байқауға болады?

4.      Өмірде қандай әрекет үшін өзіңді құрметтейсін?

Оқу

Талдау

5.      Шығармашылық жұмыс.

Сынып геометриялык фигуралар арқылы  топқа бөлінеді.

1 – топ «Ниетім- өмірімнің айнасы» эссе жазу

2 – топ  Адамның ниеті неліктен бұзылады деп ойлайсыз постер жасау?

3 – топ Ісіңіз жүзеге ассын десеңіз ереже құрастыру.

 

 

6. Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар»

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

 

7. Үй тапсырмасы.

Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» өлеңін оқып, мазмұнын айтып келу.

 

8. Соңғы тыныштық сәті. Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл -  күйін естеріңізге  алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ниет тазалығы – имандылық мұраты сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 789 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2017 4014
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баильдинова Динара Сарсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 114899
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе