Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / «Ән-күй шежіресі» оқу қызметі

«Ән-күй шежіресі» оқу қызметі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ән-күй шежіресі»



Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас
Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Ән, күй, шежіре»
Мақсаты:
білімділігі: Музыканың мәнерлеу құралдарын қабылдап, ажырата білуге үйрету. Ән, әнші, күй, күйші, сазгер, ақын сөздерінің мағынасын түсіндіру, меңгерту.
дамытушылығы: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту, дауысын жетілдіру.
тәрбиелілігі: Ән тыңдау арқылы, ән айту арқылы музыканы сүюге тәрбиелеу
Методикалық әдіс тәсілі:
Ән тыңдау: Жаяу Мұса «Ақ сиса» әні, Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі
Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән»
Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі
Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет» ойыны
Музыкалық аспапта ойнау: Даңғыра аспабы
Көрнекілік құралдары: Әнші, ақын, сазгерлер, күйшілер туралы дайындалған слайд. Күй үнтаспасы, ойын атрибуттары. даңғыра аспабы.

Әрекет кезеңдері: І Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру
Саз жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады, амандасады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(Шаттық шеңберіне шақырады.)
(Балалар музыка залына көңілді келіп, әдемі шеңбер құрады.)
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
Саз жетекшісі: Балалар, орнымызға отырмас бұрын қазақтың қасиетті домбырасымен әдемі би билеп алайық.

Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі.
(Балалар саз жетекшісінің көрсеткен би қимылын қайталап, музыка ырғағымен билейді.)
Әрекет кезеңдері: ІІ. Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Саз жетекшісі: Балалар, үнтаспаға құлақ салайықшы.
Ән тыңдау: Жаяу Мұса«Ақ сиса» әні
(Манарбек Ержановтың орындауында Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»)
Саз жетекшісі: Балалар, сендер не тыңдадыңдар?
Балалар: Ән тыңдадық
Саз жетекшісі: Бұл әннің аты «Ақ сиса». «Ақ сиса» әнін жазған, яғни шығарған әнші, сазгер Жаяу Мұса Байжанұлы. Қане, қайдалап айтайықшы.
Балалар: Жаяу Мұса Байжанұлы
Саз жетекшісі: Балалар, экранға назар аударайық.
(тақырыпқа сай дайындалған слайд көрсетіледі.)

Жаяу Мұса Байжанұлы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Ақшоқы деген жерде 1835 жылы кедей малшының отбасында туған. Жас кезінен өзі қатарлы балалардың арасында өнер - білімге құштарлығымен, ән - күйге әуестігімен көзге түседі. Ол домбырамен ән салып, қиссалар айтып, ел назарын өзіне аударады. Мұса өнерге, музыкаға жақын болды. Оқу орындарының жанында хор, драма, музыка үйірмелеріне қатысты.
Балалар, жаңа сендер тыңдаған «Ақ сиса»әнін орындаған әнші термеші Манарбек Ержанов.
Ән дегеніміз, балалар, сөзі бар, мәтіні бар музыкалық шығарма.
Әннің сөзін кім жазады?
Балалар: Ақын жазады.
Саз жетекшісі: Әннің музыкасын кім жазады?
Балалар: Сазгер жазады.
Саз жетекшісі: Ал, әнді орындайтын адамды әнші дейміз.
Балалар, тағы үнтаспаға құлақ салайықшы.
Күй тыңдау: Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі
Саз жетекшісі: Балалар, сендер енді не тыңдадыңдар?
Балалар: Күй тыңдадық.
Саз жетекшісі: Иә біз, күй анасы Дина Нұрпейсованың «Бұлбұл» күйін тыңдадық.
тағы экранға назар аударайық.

Дина Нұрпейсова 1861 ж Орал облысы, Жаңақала ауданы, Бекет айқұм ауылында дүниеге келген.
1870ж Құрманғазы Сағырбайұлы Динаны көріп, күйлерін тыңдайды. Сөйтіп, Дина әжей Құрманғазы атадан күй өнерін үйренеді. Күй атасы Құрманғазы, күй анасы Дина деп айтамыз.
Күй дегеніміз сөзі жоқ, яғни, мәтіні жоқ, әртүрлі тақырыпта шығарылатын музыкалық шығарма. Күйді жазатын, орындайтын адамды күйші деп атаймыз.
Ал, шежіре деген ата бабаларымыздан бізге аманат етіп қалдырылған әндер, күйлер, аңыздар.
Балалар жаңа ән үйренейік. Жаңа әнді әдемі таза айту үшін, дауысымызға жаттығу жасайық.
Да де ди да ду
ма ме ми ма му
Балалар экраннан көріп отырған, біздің Атырау жерінде туып өскен сазгер Болат Ғизатовтың «Біздің ән» әнін үйренейік.
Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән»
Саз жетекшісі: Балалар, менде әдемі ғажайып қорап бар оның ішінде не бар екен. Ойлап көріңдерші.
(балалар қызығушылықпен қарайды.)
(саз жетекшісі қорап ішінен музыкалық аспаптар шығарады)
Балалар, музыкалық аспаптардың аттарын атайықшы.
Балалар біз бүгін даңғыра аспабымен танысамыз. Экранға назар аударайық.
Музыкалық аспаппен танысу: Даңғыра аспабы
Даңғыра - қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл - бір жағы тері мен қапталған ішкі жағынан темір алқалар, сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек пішінді музыкалық аспап. Қане, балалар, аспаптың атын қайталап айтайықшы.
Балалар: Даңғыра
Балалар, ғажайып қораптан шыққан музыкалық аспаптардан ансамбль құрайықшы. Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен Б Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз»әнін орындайық.
(Балалар музыкалық аспаптарда ырғақты сезініп ән шырқайды.)
Саз жетекшісі: Балалар, ортаға әдемі шеңбер құрайық, көңілді ойын ойнайық.
Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет»
Саз жетекшісі: Балалар, кім санамақ айтады?
(Бір бала санамақ арқылы ойынға досын шығарады.)
Ойынның шарты: Даңғыра ұстап тұрған баланың екі жағындағы бала қарама қарсы шеңбер сыртымен айналып, жүгіріп тез даңғыраға жетуі тиіс. Даңғыраға тез жеткен бала ортада билейді.
Әрекет кезеңдері: Рефлексия(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
Саз жетекшісі: Балалар, сендердің орындықтарыңның артында қызықты бір нәрсе жапсырып қойдым. Қараңдаршы, не бар екен?
(балалар қызығушылықпен қарайды.)
Балалар, осы жүрекшелерді бүгін не үйренгендеріңді айтып тұрып, менің үлкен сиқырлы жүрегіме салыңдар. Сендердің кішкентай жүрекшелерің тәтті жүрекке айналады.
(Балалар бүгін не үйренгендерін айтып, сыйлыққа тәттілер алады.)
Балалар, рахмет сендерге. Сау болыңдар!













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.11.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров5
Номер материала ДБ-362074
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх