Инфоурок Музыка Рабочие программы“Әнім сен едің” Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші

“Әнім сен едің” Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші

Скачать материал

         Атырау облысы,Дамба селосы

                                                                                  Амангелді орта мектебі.      

                                                                                    Музыка пәнінің мұғалімі

                                                                                  Бултакова Гулзира Идеятовна

                                                                                  Тақырыбы: “Әнім сен едің”

                                                                             Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші                                 

Ән кешінің мақсаты: Эстетикалық тәрбие беру аясында композитордың асыл мұраларына тоқтала отырып, оқушыларды Ш.Қалдаяқовтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Шәмші сияқты бір-ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйретту. Ғажайып сазды, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырлы, лирикалық наздылығымен ерекшеленетін әндерін кейінгі жас ұрпақтарға таныту, және кеңінен уағыздау.

Кешке дайындық: Дайындық барысында оқушыларға Шәмші туралы мәліметтерді таныстыру. Әндерін үйрету, бір-екі әніне би шығару. Күнілгері композитордың өмірі және шығармашылығы туралы әртүрлі әдебиеттер мен ақпарат құралдарын жинақтай отырып, кештің сценариін жасау және жүргізуші оқушыларды дайындау.

Жүргізілу бағдарламасы:      

1-жүргізуші                                                                                                                                                       Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,                                                                                                     Ардақтап сен жырлаған анаға біз.                                                                                                        Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,                                                                                                                 Алдымен қазақ деген-данаға біз

2-жүргізуші: Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана.

                   Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,

    Әлемде ән өлуі мүмкін емес,

         Өлмейді сен туралы қалған аңыз

1-жүргізуші: Әлем жұртшылығын мөлдіреген лирикалық сазға бай, қайталанбас әндерімен тамсандырған Қазақстан Республикасының халық әртісі, қазақ ән әлемінің падишасы, вальс королі- Ш.Қалдаяқовтың әндеріне деген халық махаббаты күннен күнге арта түсуде.

2-жүргізуші: Олай болса, осылай ән әлеміне мәңгілік таза да пәк махаббат сыйлаған ән мұрасын орнатып, еліне “Вальс королі” атанған Ш.Қалдаяқовқа арналған “Әнім сен едің” атты ән кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Әйгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әкесінің шын аты Әнәпия екен. Бірақ жеңгелері есімін атамай, аяғындағы кішкене қалды көріп “Қалдаяқ”деп кетсе керек.

Татарлардың гармоны, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаятың Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасындағы қамыс күресінде 1930 жылы қол басындай тәмпіш қара, қалқан құлақ нәресте дүнеге келді. Ол Шәмші болатын.

2- жүргізуші:Шәмшит-шығыс әлемінің асыл қазынасы “Мың бір түндегі” алды кең, әділетті, ақылды ханның есімі. Мына жарық дүниеге келіп, ес біліп, етек жапқалы әділетті күндіз қолына шам алып іздеп таппаған, кедейшіліктен сіңірі тартылып, титықтаған, тағдырына өкпесі қара қазандай Қалдаяқовтың зайыбы ұл тапқанда әуелі аузына түскен сөз:

“Шәмшит-әділетті хан еді, соның есімін қоямын”,- дегені. Шәмшит деген аталған сол бала жылдар өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп-жетіліп, “вальс королі”атанатын, “Король” деген аты дардай болғанымен, бұл өмірдегі басқа бақыттан қажу көріп өтетінін білген жок еді.

Көркем сөз.

Қойшығұл Жылқышиев «Шәмші әндері»

Оқитын: Жабас Р.

1-жүргізуші: Өз ойымен өзі оңаша қалып, қиал әлімін аралауды Шәмші жас күнінен әдет қылған. Әлде жолбарыс жонды Отырардың кейіпі мен қасиеті. Әлде арғы атасынан қалмай қанына ілесіп келе жатқан сазгерлік, әууеншілік мінез көтерді ме, балаң шақтан саз аспаптарына үйір болды. Жасынан ыңылдап ән айтуға қызықты.

Ән «Кешікпей келем деп ең» сөзі М.Шаханов, Орындайтын: Байырханов Э.

1-жүргізуші: Тірісінде мадаққа құмар болмаған, шатақтан аулақ жүретін Шәкеңнің аруағы бүгінде атаққа зар емес. Оның өлмейтін шығармалары эстрадамен концерт ғимараттарына асып төгіліп қазақтың кеі сахарасын кезіп жүр.

2-жүргізушы: Шәмші ағамыз шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан. 1956-1962 жылдары Алматы консерваториясында оқыған. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші 300 ге жуық музыкалық туындылар жазды. Оның шығармашылығында қыздарға арналған әсем әндерінің бірі «Ақ бантик» әні.

1-жүргізуші: Әуелден әнге әуес әнші жанның

                         Түн қатып той-топырдан үн аңғардым.

                         Сағынған сүйгенімнің сазы ма деп

                          Құмартып, құлағымды түре қалдым.

Ән «Ақ бантик» сөзі: М.Шаханов.

2-жүргізуші:  Шәмші,  Шәмші болғалы өтті небір замандар,

                         Бірін-бірі күндеумен өтіп жатыр адамдар.

                          Қулары менен зұлымдар өмір сүре біледі.

                           Қай заманда болса да солар ғана күледі.

                          Мұқағали, Шәмшілер тірі шақта шіркін ай!

                         Қошеметін Қазақтың көрмеді ғой бір күн-ай!

                          «Ештен-дағы кеш жақсы» деді қазақ бабамыз

                         Егемендік алып ап, гүлдеп жатыр даламыз!

1-жүргізуші: Жамбыл қаласының түбінде дүңгендер колхозында Шәмші үй салуды бастайды. Бірақ не дұрысырақ жалақысы, не қаламақысы жоқ Шәмшінің жинаған тергені болашақ үйінің қаңқасына жетіп құрылыс тоқтап қалды. Әй, қу дүние-ай десеңші!... Соның бір бұрышында өз мекен жайып, тіпті өз достарына да бүлдіруге намыстанып, өмірі рахат емес мехнат болған қазақтың аяулы азаматы, таршылық пен жоқшылықты басынан өткеріпті. «Арқалағаны алтын болса да, түйенің тамағы - тікен» деп атам қазақ қалай біліп айтқан! Енді сол кездерде жазылған «Дөңгең қызы» әнін тыңдаңыздар.

Ән «Дөңгең қызы» Сөзі: С.Асанов

1-жүргізуші: Әуенің толқынымен араласып,

                         Асқақтапәсерлі үн асып-тасып.

                        Әсем ән әркімді де аң-таң етіп,

                        Дүрсілін жүректерлің кетер басып.

2-жүргізуші: Шәмші консерватория қабырғасында жүріп, Ұлы Октябрь революциясының 40 жылдық мерекесіне арналған әндердің жабық конкурсында «Қайықта»,  «Жүрек сыры», «Арман» әндерімен 1-ші орынды иеленді. Бұл әндер кейін студент жастар арасында кең тарап, кеудеде осы өнерге деген шын сенім ынта пайда болады.

Ән «Қайықта» сөзі:  Н.Әлімқұлов.

1-жүргізуші: Композитор шығармашылығы тек қана жалаң махаббат пен нәзік лирикаға арналып қана қойған жоқ. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінің ішінде ол Қазақстанның қай жеріне сапар шекпесін, ата-ана , жер-су, мекен-қоныс, туған жер тақырыбына ән жазып өзіндік қолтаңбасын қалдырған композитор.

2-жүргізуші: Дарын елдің алдына жан салмаган,

                       Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.

                       Отырардың еңкеймеген рухын,

                       Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.

Ән « Отырардағы той».

1-жүргізуші: Бір күні Шәмшіге қара торы жігіт келеді де: «Мен Қалқожа Жолдықожаевпын»-дейді.

- Е, болсаң бол. Оны маған несіне айтып тұрсың?

- Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең адал нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?

- Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиалымда осы арыстың бойында туды.

- Олай болса әндеріңізде неге Арыс жоқ?

- Ерке өзенінің аруларын неге әнге арқаулы етпедіңіз?

- Ей, бала, сен қалай-қалай сөйлейсің? Менің кімді ән қылатынымды сенің не шаруаң бар?

- Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен соны айтуға келдім, - дейді де кетіп қалады.

- Ой, мынау не деп кетті?-  дейді жолдастары.

- Ол менің нағыз ауру түртіп кетті, - дейді Шәмші.

Шәмшінің «Арыс жағасында» әнінің жазылуына әлге жігіт себеп болыпты.

Ән «Арыс жағасында» сөзі Мұхтар Шаханов.

2-жүргізуші: Шәмші өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол «Ана туралы жыр» осы әннің шығу тарихы туралыкомпозитор естелігіне көз жүгіртсек: Шәмші атанып, композиторлық атағы елді шарлап кеткенде, оның Ғазиз анасы жазылмастай науқасқа шалдыққанын біліп, Алматыдан баласын шақыртады.

«Балам,-дейді, көзіне жас алып, - жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақыл бол балам.

-Апа, қарыздармын саған...Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын.»- делінген. Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 1961 жылы орындады. Осы жылы онын «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келеді.

Ән «Ана туралы жыр» Сөзі: Ғ. Қайырбек.

1-жүргізуші: Жұмекен Нажмеденовтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әні қазақ елінің айбының асқақтататын, айдынын шалқытты. Бұл әнді «Елімнің әнұраны болады» деп Шәмші біліп акан екен. 1986 жылы 16 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика алаңына «Елім-аймен» бірге осы әнді айтып шықты.

«Менің Қазақстаным» деп шырқаған жастардың арманы орындалып, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқының 300 жылға созылған бодандықтап босауына Шәмшінің әні осылайша септігін тигізді.

Ән «Менің Қазақстаным»

2-жүргізуші: Шәмші ағаның әндері,

                       Жүректерді тербеді.

                      Көңілдегі жақсы үміт,

                      Әнмен бірге жаңғырып,

                      Болашаққа беттеді                       

1-жүргізуші: Сонымен  «Әнім сен едің» атты Шәмші әндеріне арналған кешіміз аяқтала келді.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың да бір рахмет айтамыз! Көріскенше күн жақсы болсын ағайын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "“Әнім сен едің” Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2015 3608
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бултакова Гулзира Идеятовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бултакова Гулзира Идеятовна
    Бултакова Гулзира Идеятовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8920
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Преподавание музыки в дополнительном образовании: методы и приемы обучения и воспитания детей

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования

Учитель музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 373 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 097 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на баяне, аккордеоне

Преподаватель игры на баяне, аккордеоне

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек