Инфоурок География Рабочие программыНоменклатура Физическая география Казахстана 8 класс

Номенклтура Казахстана 8 класс

Скачать материал

НОМЕНКЛАТУРА  8 сынып

 

«Қазақстанның географиялық орны»

Қазақстан аумағы 2724,2 мың км2- ге тең. Ресей, Канада,Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9- орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен.Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км- ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі  Қызылқұм шөлі мен Тянь – Шань тау жүйесіне дейін 1650 км – ге созылып жатыр. 

Мемлекеттер: Әзербайджан, Өзбекстан (2354 км), Қырғызстан ( 1241 км), Түркіменстан (426 км), Монғолия, Қытай Халық Республикасы ( 1782 км), Тәжікістан, Ресей Федерациясы (7591 км).

 

ТАҚЫРЫП

 « ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ»

Жазықтар: Шығыс- Еуропа, Батыс Сібір және Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран жазығы, Құлынды жазығы , Барабы жазығы,

Шөлдер: Сарыесік – Атырау, Тауқұм, Іріжар құмы,  Бестас құмы, Жаманқұм, Мойынқұм, Үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмы, Баршақұм, Нарын құмы, Тайсойған құмы, Сам құмы,  Қарынжарық құмдары

Үстірттер мен қыраттар: Үстірт,  Шағырай үстірті, Маңғыстау үстірті, Кендірлі -Қиясан,

Көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Қамыстыбас көлі, Жақсықылыш көлі, Ақжайқын,Қарақойын көлі, Индер көлі, Аралсор көлі, Шалқар көлі, Теке, Сілеті, Қызылқақ, Жалаулы, Шүрексор, Үлкен Әжіболат көлі, Қалибек, Шағалалытеңіз, Қойбағар, Құсмұрын,  Сарықопа, Әйке, Теңіз,

Таулар: Алтай (Мұзтау шыңы 4506 м), Сауыр (Мұзтау 3816 м),  Тарбағатай                  (Тастау 2992 м), Жетісу Алатауы (Бесбақан шыңы 4622 м), Тянь-Шань, Сарыарқа (Ақсораң 1565 м), Мұғалжар Үлкен Боқтыбай 657 м), Көкше тауы, Күнгей Алатауы, Қырғыз Алатауы,Ұзынқара, Шу-Іле таулары, Талас Алатауы, Қаратау жотасы 

Биік шыңдар: Белуха ( 4506 м ), Ақсораң (1565 м), Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м), Бесбақан ( 4464 м), Мұзтау (3816 м), Тастау ( 2991 м)

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИІК ТАУ ШЫҢДАРЫ

Хантәңірі (Сарыжаз жотасы) – 6995 м

Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы (Меридиандық жота) – 6276 м

Талғар шыңы (Іле Алатауы) - 4973 м

Шоқтал тауы (Күнгей Алатауы) - 4770 м

Бесбақан тауы (Жетісу Алатауы) - 4622 м

Металлургтер тауы (Іле Алатауы) – 4600 м

Мұзтау шыңы (Алтай, Қатын жотасы)- 4506 м

Манас шыңы (Талас Алатауы) - 4482 м

Ашутор тауы (Теріскей Алатауы) - 4427 м

Мұзтау тауы (Жетісу Алатауы) – 4370 м

Комсомол шыңы (Іле Алатауы) – 4376 м

 

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ:

Мұнай-газ  бассейндері: Каспий маңы мұнайлы-газды аймағы, Маңғыстау-Үстірт мұнайлы газды аймағы, Шу-Сарысу газды аймағы,Теңге, Жетібай, Жаңаөзен, Қаражанбас, Қаламқас,  Теңіз, Қарашаған, Құлсары, Қосшағыл, Мақат (1915 ж), Доссор (1911 ж), Кеңкияқ, Жаңажол, Қарашығанақ (1979ж)

Көмір бассейндері: Жайық–Каспий (Жайық-Жем) қоңыр көмір алабы, Жыланшық қоңыр көмір алабы, Қаратау қоңыр көмір алабы, Шу қоңыр көмір алабы, Оңтүстік Балқаш  қоңыр көмір алабы, Іле қоңыр көмір алабы,  Торғай (Обаған) қоңыр көмір алабы, Теңіз-Қоржынкөл тас көмір алабы, Екібастұз тас көмір алабы, Майкүбі қоңыр көмір алабы, Оңтүстік Жайсан қоңыр көмір алабы.

 

РУДАЛЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Темір:Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков, Кентөбе, Қаратас, Атансор

Марганец: ( 11 кен орны бар, дүние жүзі бойынша 2- ші орында): Атасу, Жезді, Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау.

Хром:  (21 кен орны бар)  Мұғалжар тауы, Кемпірсай, Дөң т.б

Никель: Мұғалжар тауы, Бұрақтал, Аққара т.б

Алюминий: (200 кен орны бар), Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы- Ақмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы).

Мыс:Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл т.б

Полиметалдар ( қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс жатады): Кенді Алтай, Риддер мен Зырян, Жетісу Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсай

 

 РУДАСЫЗ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Асбест: Қостанай (Жітіқара), Қарағанды (Жезқазған), Мұғалжар (Бөгетсай), Шу- Іле таулары, Хантау кен орындары.

Фосфорит: Қаратау (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас т.б)

 Тұз: Каспий маңы ойпаты мен Батыс Сібір жазығы

 

Қазақстанның ішкі сулары

«Өзендер»:

Қазақстан аумағында ірілі – ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км- ден асады.

Каспий теңіз алабы: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен т.б жатады.

Арал теңізі алабы: Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері.

Балқаш-Алакөл алабы: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б

 

Өзендер

Жалпы ұзындығы

Қазақстандағы ұзындығы

Ертіс

                 4248 км

                 1700 км

Есіл

                  2450 км

                  1400 км

Жайық

                  2428 км

                  1082 км

Сырдария

                  2219 км

                  1400 км

Тобыл

                  1591 км

                  800 км

Іле

                  1439 км

                   815 км

Шу

                  1186 км

                   800 км

Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Жем, Сағыз, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Бақанас, Шу, Іле, Аягөз, Сырдария, Әмудария, Арыс, Шарын,Сарысу,Торғай, Ырғыз, Жыланшық

 

 

«Көлдер және бөгендер»

Қазақстанның кең – байтақ аумағында ірілі – ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар.Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар.Олар республикадағы көлдердің  бүкіл ауданының 60 % - ын алып жатыр.

Қазақстанның аса ірі көлдері: Арал, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз, Сасықкөл,  Құсмұрын, Марқакөл, Сарықопа, Қорғалжың, Үлкенқараой, Шағалалытеңіз,  Теке (37- жуық атаусыз құрғап қалған өзен салалары құяды), Қамыстыбас, Қызылқақ, Жалаулы, Қарасор,  Арыс, Аралсор, Ұялы.

Тектоникалық көлдер: Марқакөл, Қарасор, Теңіз – Қорғалжан тобы, Көкшетау көлі (Бурабай, Зеренді, т.б)

Реликті (қалдық көл): Каспий, Арал

Мұздық көлдер типі.Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі.Оларға мореналық көлдер жатады.Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б мұздық көлдер жатады.

Кар көлдері.Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Кар ойыстардың пішіні көбіне дөңгелек  болып келеді, олар суға толғанда кар көлдері  құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер.Оларды дала табақшалары деп те атайды.Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс – Сібір жазығнда мұндай көлдер көп.

Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нәтижесінде  негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер.

Су бөгендері:

Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, олард тоған деп атайды.Елімізде қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда  90 км3 тұщы су жиналған.

 

Бөгендер

Орналасқан жері

Іске қосылған жылы

Ауданы

Бұқтырма

Ертіс, ШҚО

1967

5500

Қапшағай

Іле, алматы обл.

1970

1847

Шардара

Сырдария, ОҚО

1966

900

Сергеев

Есіл, СҚО

1969

117

Қаратомар

Тобыл, Қостанай обл

1965

92

Самарқан

Нұра, Қарағанды обл

1941

82

Бөген

Бөген, ОҚО

1967

65

Вячеслав

Есіл, Ақмола обл

1969

61

Киров

Көшім, БҚО

1967

39

Шерубай – Нұра

(Топар)

Нұра, Қарағанды обл

1960

39

Кеңгір

Кеңгір, Қарағанды обл

1952

37

Өскемен

Ертіс, ШҚО

1963

37


 

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.Аты  XYI  ғасырдың аяғында  осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты  қалыптасқан.Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуін Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады.            Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Ең терең жері 1025 м.

Шығанақтар: Қазақ, Маңғыстау,  Комсомолец, Өлі қолтық, Қарабұғазкөл

Түбектер: Бозащы, Түпқараған, Маңғыстау, Апшерон.

Аралдар: Төленді арх. Құлалы (73 км2), Морской (65 мың км2), Дурнева аралдары

Мүйістер: Түпқараған, Сағындық, Меловой, Песчанный, Ракушечный, Тоқмақ , Суэ

Өзендері:  Еділ, Жайық, Терек, Сулак, Самур, Кура.

Жер бедері (орографиясы): Нарын кұмы, Каспий маңы ойпаты,  Сам құмы,  Маңғыстау таулары, Қарақия (Батыр) ойысы, Қауынды ойысы, Кендірлі – Қиясан үстірті, Қарынжарық құмдары, Қарабауыр жоны, Үстірт, Үстірт қорығы, Сарыкеткен төбесі.

Қалалар: Атырау, Форт- Шевченко, Ақтау, Құрық,  Жаңаөзен.

 

АРАЛ ТЕҢІЗІ

АРАЛ ТЕҢІЗІжас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл.Геологиялық тарихына қарағанда Каспий теңізінен едәуір жас. Сөйтіп, қазіргі арал теңізінің жасы 8 – 10 мың жыл шамасында.

Ауданы 66 мың км2, суының көлемі 1064 км 3, орташа тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67м) . Ұзындығы 428 км, ені 235 км. Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м – ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер – Сырдария 1974 жылдан  және Әмудария 1982 жылдан сарқылды.

Өзендері: Сырдария, Әмудария

Түбектер: Возрождения, Мойнақ, Құланды, Барсакелмес, Қаратүп, Көкарал, Шұбартарауыз, Көктырнақ.

Жер бедері (орографиясы): Үлкен Борсық құмы, Кіші Борсық, Баршықұм кұмдары, Арал маңы Қарақұмы, Тұран жазығы.

 

БАЛҚАШ КӨЛІ

БАЛҚАШ — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды  облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 — 22 мың км2, ұзындығы 600 км- ден астам,ені шығыс бөлігінде  9 — 19 км, батыс бөлігінде: 74 км-ге жетеді. Суының көл шамамен 100—110 км3, Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық, Орташа тереңдігі 6 м. ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімделген, жыра-жылғамен тілімделген, ал  оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз.

Шығанақтар:Алакөл, Қарақамыс, Бертіс, Қашқан теңіз, Сарышаған, Балықты көл, Қарашаған және басқалары.

             Түбектер: Қоржын түбек, Қарағаш, Бертіс, Байғабыл, Шауқар, Кеңтүбек, Сары есік, т.б.

      Сары есік түбегі Балқаш көлін Батыс және Шығысқа бөліп жатыр, ол Ұзынарал бұғазы

    арқылы түйіседі.

              Шөлдер: Сарыесік Атырау, Тауқұм, Бестас, Люкқұм, Ирижар, Жаманқұм.

 

 

 

ТАБИҒАТ КЕШЕНДЕРІ:

Орманды дала (1 млн. га немесе 0,4 %)  және дала 77 млн. га немесе

27 % (Солтүстік Қазақстан, Ертіс бойы)

Шөлейт (10,8 %) және шөл (44%) ( Каспий тенізінің солтүстік және шығыс жағалаулары,  Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш  пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалаулары, Үстірт);

Таулы аймақтар: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа

 

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫН ФИЗИКАЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ

 

Ø Шығыс Еуропа жазығы

 

Географиялық орны. Қазақстан аумағында Шығыс Еуропа жазығының тек оңтүстік-шығыс бөлігі ғана орналасқан. Бұл аумақ шығысында Мұғалжар 19тауларымен, ал оңтүстік-шығысында Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстау тауларымен шектеседі. Щығыс Еуропа жазығының Қазақстандық бөлігіне Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий маңы ойпаты жатады.

Жер бедерінің сипаты. Шығыс Еуропа жазығының Қазақстандық бөлігіне енетін аумақтардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері судан босағаннан кейін қалыптасқан

Каспий маңы ойпаты кейбір бөліктерінде кішігірім төбелер мен тұзды көлдері бар кең-байтақ жазық болып табылады. Ойпаттың солтүстік бөлігі теңіз деңгейінен жоғары орналасқан. Ал оңтүстігіндегі жазықты бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Мұнда тұзды күмбездер де кездеседі. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде жалпы аумағы 60 мың км2 болатын құмды алаптар — Тайсойған, Қосдәулет, Мыңтеке, Нарын, Бозанай және басқалары орналасқан. Ойпаттағы құмды төбешіктер Бэр төбешіктері деп аталады.

Жалпы СыртЖайық өзенінің төменгі ағысы мен Еділ аралығында орналасқан, енді келген жазықты қырат. Жер бедері Жайық өзеніне құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошь өзендерінің арналарымен тілімделген. Бұл төбелі жазық негізінен бір-бірімен байланысқан қатпарлардан тұрады. Олар солтүстіктен оңтүстікке қарай аласара береді

Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар таулары аралығындағы  аумақты алып жатыр. Оның солтүстік-шығыс жағы 400-450 м-ге дейін көтеріледі. Осы жерден Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Үлкен Қобда өзендері бастау алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай 100-150 м-ге дейін төмендейді.

Жер бедерінің қалыптасуы. Жазықтың Қазақстандық бөлігі жер бедерінің сипаты әртүрлі болатын Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты, Оарл алды үстіртінен тұрады. Олардың фундаменті палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Судан босағаннан соң бұл аумақтар біртіндеп көтеріліп, қазіргі жағдайына жетт. Конттиненттік даму кезеңінде олардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері қалыптасты. Орал алды үстірті жоғары бор кезеңінен соң, ал Жалпы Сырт палеогенде теңіз қайтқаннан соң пайда болды. Каспий маңы ойпатының қазіргі жер бедері палеогеннің соңында Каспий трансгрессиясының құмды-сазды және сазды шөгінділерінің жиналуынан қалыптасқан.

Геологиялық жыныстары. Ежелгі платформаның фундаменті кембрийге дейінгі метафорттық түзінділерден тұрады. Фундамент бетін қалыңдығы 20-30 км-ге жететін палеозой, мезозой, кайнозойдың шөгінді жыныстарының қалың қабаты жауып жатыр. Палеозой жыныстары негізінен сазды, құмды-тақтатасты, тұзды шөгінділерден тұрады. Ал мезозой мен кайнозойдың жыныстары теңіздік және mor.1континентті шөгінділері түрінде болады.

Ішкі сулары. Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі арқылы Жайық, Жем, Ойыл және басқа да өзендер ағып Aralөтеді. Жайықтың саласы Ойыл өзенінің ұзындығы 800 км, ол Орал тауынан басталып, Жайық өзеніне құяды. Соңғы жылдары бұл өзеннің суы жазда тартылып, кеуіп қалатын болған, сондықтан Жайық өзеніне жетпей қалады. Суы ауыл шаруашылық алқаптарды суаруға пайдаланылады. Жем өзені (ұзындығы 712 км) Мұғалжар тауының солтүстік-батысынан бастау алады. Соңғы жылдары өзен теңізге жетпей, кеуіп қалып жүр. Бұл аумақта жер шарындағы ең үлкен ағынсыз көл – Каспий теңізі орналасқан.

Ø 2.Тұран жазығы (ойпаты);

 

Географиялық жағдайы. Тұран ойпаты — Оңтүстік Қазақстандағы батыстан шығысқа қарай созылып жатқан кең жазық. Оның аумағында Балқаш пен Алакөл, Маңғыстау үстірті, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария өзені аңғары, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм орналасқан.

51Жер бедерінің сипаты. Ойпаттың жер бедеріне қарап, оның қалыптасу тарихының күрделі және алуан түрлі болғандығын байауға болады.

Маңғыстау аласа таулы өңірінің ең биік жерлері Қаратау жотасында (350-450 м) орналасқан, ұзындығы 130 км. Қаратаудың ең биік нүктесі — Бесшоқы (555 м). Қаратау беткейлері аңғарлар мен төбелі қыраттармен тілімделген. Тек тау жотасы ғана жалаңаштанған, жартасты жарқабақ тәрізді сипат алған. Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде биіктігі 300 м. болатын Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен төмен жатқан бірнеше тұйық қазаншұңқырлар орналасқан. Олардың ең тереңі — теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарагие ойысы.

1risМаңғыстау түбегі мен Арал теңізі аралығында Үстірт төбелі жазығы орналасқан. Қазақстан жеріне Үстірттің солтүстік-батыс бөлігі ғана енеді, оның жер бедері тегіс. Оның биіктігі — 200-300 м. ауданы — 170 мың км2, ал ұзындығы — 300-400 м.

Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан Торғай үстіртінің орташа биіктігі — 200-300 м. Орталық бөлігіңде солтүстіктен оңтүстікке қарай 750 км-ге созылып, Торғай бұғазы деп аталатын кең ойыс орналасқан.

Арал теңізінің маңында бірнеше ірі құмды аумақтар орналасқан. Арал маңы Қарақұмы Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатыр, ол биіктігі 100 м-ге дейінгі аласа төбешікті жазық болып табылады. Салыстырмалы түрде ежелгі болып саналатын бұл жазық жел әрекетінен өте күшті өзгерген. Арал теңізінен солтүстікке қарай орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жөнінен Арал маңы Қарақұмына ұқсас келеді. Арал теңізіне қарай көлбеу орналасқан жазық пен Сырдария өзенінің аңғары Сырдария аллювиалды жазығы деп аталады.

19Қызылқұм Орта Азияның ең ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағында оның тек солтүстік бөлігі ғана жатыр. Қызылқұм құрғақ арналармен, алаңғайлармен кезектесіп келетін құмды шағылдардан, төбелер мен қырқалардан тұрады. МойынқұмШу және Сарысу өзеңдерінің төменгі ағысында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай еңкіш келген құмды жазық. Аллювиалды эолдық құмдардан түзілген бұл жазықтың биіктігі оңтүстігінде 500-600 м, орталығында — 400 м, ал солтүстігінде 300 м болады.

Бетпақдала көтеріңкі жазығы батысында Сарысу өзені, шығысында Балқаш көлі мен оңтүстігінде Шу өзені аралығында орналасқан. Оның орташа биіктігі 300-350 м. Жер бедерінің сипатына қарай ол оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерге ажыратылады. Оңтүстік-батысы — беті жарылып кеткен тегіс жазық. Солтүстік-шығыс бөлігінің жер бедері төбелі-жонды ұсақ шоқылар және ежелгі кішігірім қалдық таулар түрінде болады.

Балқаш-Алакөл ойысының қазаншұңқыры Балқаш көлінің оңтүстігі мен Алакөл тобындағы көлдерді, Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань жоталары аралығындағы құмды жазықтарды қамтиды.

сред теч р_СырдарьиІшкі сулары. Табиғи – климаттық жағдайларына байланысты Тұран ойпатында өзен торы нашар дамыған. Ойпаттың қазақстандық бөлігіндегі ең ірі өзен – Сырдария. Суы көп мөлшерде ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланатындықтан, соңғы жылдары Сырдария теңізге мүлде жетпей қалды. Шу мен Талас өзендерінің жай-күйі де Сырдарияға ұқсас, сондықтан Мойынқұм мен Бетпақдаланың суға сұранысын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Торғай үстіртіндегі Торғай, Ырғыз, Ұлыжыланшық жазда кеуіп қалып, өзектерге, көлшіктерге айналады немесе құмға сіңіп жоқ болады.

Тұран ойпатында жер асты сулары 20-50 м тереңдікте жатыр, ал артезиан сулары одан да тереңде орналасқан. Соған қарамастан олар ауыз су ретінде де, шаруашылық мақсатта да кеңінен пайдаланылады.

Өсімдік жамылғысы. Тұран ойпатының солтүстігіндегі Торғай үстірті ғана құрғақ дала мен шөлейтті зонаға жатады, ал қалған бөлігі түгелімен шөл 1зонасында орналасқан. Торғайда бетеге мен ақ селеу өседі. Оңтүстікке қарай орналасқан шөлейтке жусан мен изеннен тұратын өсімдік жамылғысы сәйкес келеді.

Тұранның шөлді аумақтары шөлдердің солтүстік және оңтүстік типтеріне жатады. Шөлдің солтүстік типі Солтүстік Арал маңында, Бетпақдалада, Мойынқұм мен Балқаш-Алакөл ойысында таралған. Мұнда жусан мен сор өсімдіктері өседі. Оларға Орта және Орталық Азияның шөлдеріне тән тұрандылық өсімдік түрлері (қызыл жусан, теріскен, бидайық, жүзгін, жыңғыл, мия, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан) араласады. Бұл өсімдіктер шөлдің басқа өсімдіктеріне қарағнда құмды шағылдарда жақсырақ өседі. Тұзды көлдердің сазды жағаларында және тақырларда көбінесе өсімдік жамылғысы мүлде болмайды өзен аңғарларында аздаған шалғындар бар. Шөлдердің оңтүстік типіне жататын Маңғыстау мен Сырдария бойында эфемерлер мен жусан, сор өсімдіктері өседі. 

 

 

Þ   3.Солтүстік Қазақ  жазығы

Географиялық орны. Батыс Сібір жазығы Қазақстанның солтүстігінің едәуір бөлігін алып жатыр. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі, батысында жіңішке жолақ түрінде Орал сырты үстіртіне тіреледі. Шығысында ені 200-250 км-ге жететін алап ретінде Алтай тауларына дейін созылып жатыр.

КонЖер бедерінің сипаты. Жазық оңтүстіктен солтүстікке қарай 200 м-ден 100 м-ге дейін аласарады. Жер беті негізінен тегіс, құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген. Ағынды өзендер өте сирек. Ондаған ағынсыз қазаншұңқырлар кездеседі. Кейбір жерлерде биіктігі 10-15 м болатын жалдар кездеседі. Жер бедерінің сипатына қарай Есіл, Тобыл-Обаған, Есіл-Ертіс және Ертіс-Құлынды жазықтарына бөлінеді.

Есіл жазығы Қазақстанның солтүстігінде Есіл өзенінің екі жақ жағалауын алып жатыр. Жазықтың ең биік бөлігі 130-140 м. Мұнда көптеген көлдер мен сазды тұзды көлдер бар.

Тобыл-Обаған жазығы батысында Орал сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Жазықтың биіктігі оңтүстігінде 250 м, солтүстікке қарай біртіндеп төмендейді.

Есіл-Ертіс жазығы батысында Есіл-Қамысты даласы мен оңтүстігінде Сарыарқа, шығысында Павлодар өңірінің көлді жазығы аралығында орналасқан. Биіктігі 100-120 м, батыс бөлігінде көлдер көп. Көкшетаудың солтүстік бөлігіндегі жазықты далада ұзындығы 24 км, ені 0,5-1 км, ал биіктігі 15 м болатын үлкен жал созылып жатыр.

Ертіс-Құлынды жазығының жер бедері күрделі. Ертістің жағалауы бірнеше террасалардан тұрады. Ертістің сол жақ жағалауында бірінші және екінші террасалар өзен деңгейінен 4-6, кейде 15-18 м биікте орналасқан, жайылма 20-25 км-ге дейін созылып жатыр. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м. Ертістің оң жақ жағалауы биіктігі 40-45 м болатын 4 террасадан құралған. Сипаты жағынан олар жел әрекетінен қалыптасқан алювиалды жазық болып табылады.

Жер бедерінің қалыптасуы. Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігінің жер бедері палеозойлық қатпарлы-жақпарлы фундамент бетінде көлденең жатқан палеогеннің теңіздік шөгінді жыныстарынан және неогеннің континенттік шөгінділерден құралған. Кайнозой эрасында теңіздің кері шегінуі нәтижесінде оның табаны құрлыққа айналып, жазықтың қазіргі жер бедері қалыптасты. Жер беті негізінен тегіс,  бірақ құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген.

Kaar 1Пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығы пайдалы қазбаларға бай. Соколов-Сарыбай, Кашар кен орындарында темір кенін өндіреді. Аят, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің бай кен орындары табылған. Хромит, бокист, кобальттың кен орындары барланған. Құрылыс материалдары көптеп кездеседі.

Климаты. Климат шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Қыста слтүстіктен арктикалық, жазда Орта Азиядан құрғақ континентті ауа массалары еркін еніп кетеді. Қыста бұл аймақтың климатына сібір антициклонының әсері де айқын байқалады. Сондықтан жылдық жауын-шашынның 60%-ға жуығы (350 мм) жаз айларында түседі. Шілденің  орташа температурасы +180+200С, қаңтардың орташа температурасы -170-190С. Аязды күндер жиі байқалады (-300-350С). Қар қалың түседі (30-50 см).

11Ішкі сулары. Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігіндегі ең ірі өзен Ертіс пен оның салалары Есіл мен Тобыл. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1400 км болатын Есіл өзені Орталық Қазақстанда бастау алып, Ертіске құяды. Суы шаруашылыққа пайдаланылады. Қыста өзен қатып қалады. Көктемде арнасынан асып, кең жайылмасын су басады. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 800 км болатын Тобыл өзені Орал тауының оңтүстігінде басталып, Қазақстан аумағы арқылы ағып өтіп, Ресей жерінде Ертіске құяды.

Жазық арқылы Үй, Тоғызақ, Аят, Обаған, Шағалалы, Селеті, Өлеңті, Шідерті сияқты кішігірім өзендер де ағып өтеді. Олардың көпшілігі қар суымен қоректеніп, жазда кеуіп қалады. Бұл өңірдегі ең ірі көлдер –Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Селетітеңіз, Қызылқақ, Теке, Ұсақ көлдердің суы тұзды келеді.

2Топырағы. Батыс Сібір жазығының топырақ жамылғысында лесс тәрізді саздақтарда қалыптасқан қара топырақтар мен күңгірт күрең топырақтар басым. Оңтүстікке қарай күрең және ашық күрең топырақтар таралған өзен аңғарларында аллювиалды-сортаңды және сор топырақтар, шалғынды күрең топырақ кездеседі.

Өсімдік жамылғысы. Батыс Сібір жазығында орманды дала және дала зоналары қалыптасқан. Өсімдік жамылғысында әр түрлі шөптер, селеу мен бетеге басым тараған. Атқонақ, арпабас және басқалар өседі. Өзен аңғарларында құрақ және басқа да ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі. Ормандар негізінен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Мұнда ауданы кішігірім далалы ормандар басым болады. Қайың мен көктерек шоқтар түрінде өседі. 

Þ  4.Сарыарқа

Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан ұсақ шоқылы аймақ, оны қазақтар ежелден Сарыарқа деп атайды. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін созылып, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, оңтүстігінде Балқаш және Бетпақдаламен, ал солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектеседі. Сарыарқа батыстан шығысқа қарай 1200 км-ге созылып жатыр. Батыста оның ені 900 км-ге, шығыста 350 км-ге жетеді.

Каргалинские горыЕжелгі таулар күшті мүжілуге ұшыраған, сондықтан орташа абсолютті биіктігі 500-600 м. болады. Батыс бөлігі шығысымен салыстырғанда неғұрлым аласа келеді. Батысында Ұлытау (1133 м.), Көкшетау (887 м) таулары орналасқан. Шығыс бөлігінде қалдық таулар жиірек кездеседі. Оларға Ақсораң (1565 м), Қарқаралы (1403 м), Шыңғыстау (1305 м.) жатады. Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау тауларының табиғаты өте көркем. Жел мен жаңбыр мүжіп, мүсіндеген жартастар өзінің ғажайып пішіндерімен таңғалдырады.

Сарыарқаның солтүстік бөлігі болып табылатын бұл қырат солтүстік-батыстан шығысқа қарай 400-450 км-ге созылып жатыр, ені 200 км-ге жетеді. Орташа биіктігі 350-400 м шамасында, биік нүктесі - Көкше тауы (947 м). Көкшетау қыраты ежелгі кристалды жыныстардан тұрады, шығысы палеозойдың жыныстарымен көмкерілген. Қырат аумағында алтынның темір кенінің, көмірдің кен орындары бар.

Равнин часть КокчетавҚазіргі жер бедері ұзақ уақытқа созылған үгілу әсерінен қалыптасқан. Онша биік емес, бірақ құзды-жарлы, қырқалы және қарағайлы-қайыңды ормандармен көмкерілген қырат әсем суретке ұқсайды. Мұнда жел мен жаңбыр әрекетінен жасалған таңғажайып тас бейнелер кездеседі. Олар пішініне қарай халық арасында "Түйе", "Ұйқыдағы батыр", "Жұмбақтас", "Бүркіт", "Оқжетпес" деп аталып кеткен.

Климаты шұғыл континентті, жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-350 мм. шамасында. Көкшетау қыратындағы сфагнумды батпақтарда реликтілі қарағай шоқтары өседі. Қырат аумағы арқылы Есіл және одан басқа кішігірім өзендер ағып өтеді. Көкше өңірі Сәкен әнге қосқан әдемі көлдерімен де әйгілі. Ірі көлдері - Имантау, Бурабай, Шортанды және т.б. Қыраттың едәуір бөлігі Көкшетау ұлттық саябағының аумағына енеді.

 

Баянаула тауы

6Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тау. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен оңтустікке 20-25 км-ге созылып жатыр. Баянауланың абсолютті биіктігі 600-1000 м. аралығында, ал ең биік бөлігі — Ақбет тауы (1026 м.). Тау силур мен девон дәуірлерінің кристалды жыныстарынан түзілген. Мезозой эрасында сыртқы күштер әрекетінен мүжіліп, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Тау басы қия, жартасты келеді. Таңғажайып пішіндерге ие алып жартастар, үңгірлер мен сарқыраған бұлақтар айналаға ерекше көрік береді. Тауды орман көмкеріп жатыр, ал тау аралық ойыстарда суы тұщы Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдері орналасқан. 1988 жылы Баянаула тауы мен оның айналасының қайталанбас көркем табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды.

Өзендері мен көлдері: Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын, Ертіс – Қарағанды каналы.Тұщы көлдер Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды және Қорғалжын.

 

Þ  5. Орал

7Орал тауының Қазақстан аумағындағы жалғасы болып табылады, ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылып жатыр. Мұғалжардың шығыс беткейі көлбеу, ал батыс беткейі тік келеді. Таудың Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км болатын Бершоғыр ойысы орналасқан. Кейбір бөліктерінде ұсақ шоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстігінде төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Ең биік нүктесі - Үлкен Боқтыбай (657 м).

Орографиясы: Мұғалжар тауы, Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м), Шошқакөл қырқасы, Шағырай үстірті, Доңызтау (209 м).

Þ  6.Алтай

Географиялық орны. Алтай — Зайсан және Байкал көлдері арасында созылып жатқан Алтай-Саян деп аталатын ірі тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс шеті ғана енеді. Оңтүстік шекарасы Қара Ертіс өзенінің алабы мен Зайсан көлі арқылы өтеді, ал батысында Қалба жотасы жатыр.

23Жер бедерінің сипаты. Жер бедерінің ерекшеліктері бойынша Қазақстандық Алтай үш ауданға: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасына бөлінеді.

Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Зайсан көлі, Қара Ертіс өзені аралығында орналасқан. Ертіс аңғары оны Қалба жотасының батысынан бөлініп тұр. Шығысында Укок таулы үстіртімен шектеседі. Бұл жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай екі тау тізбегі өтеді. Оларды Күршім және Қарақаба өзендері бөліп жатыр. Сарымсақты (3373 м), Нарын (2400 м) таудың солтүстік бөлігіне жатады, ал Оңтүстік Алтай (3483 м), Сарытау (3300 м), Күршім (2644 м) оңтүстік бөлігін құрайды. Азутау мен Сарытау жоталары аралығында 1449 м биіктікте Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Бұл аумақтың биік бөлігі шығыста орналасқан, батысқа қарай біртіндеп аласарып, төбелі өңірге ұласады. Оңтүстік Алтайдың батыс шекарасы Холзун тау тізбегі арқылы өтеді. Оның жер бедері төбелі. Жоғарғы бөлігі шоқылы кең қыраттардан тұрады. Одан биікте жалаңаш тау шыңдары жатыр. Тау алды салыстырмалы түрде тегіс.

Кенді Алтай Оңтүстік Алтайдың солтүстік-батысында орналасқан Үлбі (2300 м), Иванов (2775 м), Үбі (2100 м) тау жоталарынан тұрады. Олар Катун тау жотасы мен Укок - қыратынан басталады, жер бедері алуан түрлі. Кенді Алтайдың жекелеген бөліктері күшті тілімделген және биік таулы жер бедері тән болады. Тау беткейлері көбінесе қылқан жапырақты ормандармен жабылған, тегіс тау төбелері дога тәрізді пішінге ие. Кейбір бөліктерінде 9тегістелген таулы үстірттер кездеседі.

Қалба жотасы Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Оның ең биік нүктесі — Сарышоқы (1608 м). Жота батысында Сарыарқамен шектеседі. Тау шындары жұмыр, беткейлері күшті тілімделген, кейбір жерлері жазық болып келеді.

Жер бедерінің қалыптасуы. Қазақстандағы Алтай таулары герцин қатпарлығы нәтижесінде қалыптасты. Бірнеше рет қайталанған көтерілулер үгілу процестерімен кезектесіп жүрді. Мезозой эрасының соңына қарай жазыққа айналған бұл өңір неоген мен антропогенде жаңа тектоникалық көтерілулерге ұшырады. Соның нәтижесінде Алтайдың қазіргі таулы жер бедері қалыптасты. Тау аңғарларының дамуына антропоген дәуірінде кеңінен таралған өзен эрозиясы (негізінен мұздықтық) ықпал етті. Ежелгі мұздықтардың әсері жер бедерінің цирктік және аралас пішіндерінде, тегістелген жазықтар мен тау шыңдарында кездеседі. Геологиялық құрылысы бойынша олар палеозойдың метаморфтық сазды кремнийлі тақтатастарынан, әктастан, гранитті және гранитоидты атпа жыныстардан, жанартаулық 18жыныстардан тұрады.

19Өзендері, көлдері және мұздықтары. Алтайдада өзендер көп. Олар басын таудағы қарлар мен мұздықтардан алады. Ең ірі өзені - Ертіс. Ол Қытайдан басталып, Қалба және Нарын жоталары аралығымен ағып өтеді. Ертіске Бұқтырма, Күршім, Үбі, Үлбі және т.б. өзендер қүяды. Ертіс өзенінде Өскемен, Бұқтырма, Шульба СЭС-тері салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанды және республиканың басқа да аймақтарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Ұсақ өзендер де көп. Олардың қатарында Ақ Берел, Тұрғысын, Білезікті, Қайыңды, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Аблайкетті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Бөкен және т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендеріне және кішігірім көлдерге құяды.

Алтай көлдерге де бай. Олардың көпшілігінің ауданы 1 км2-ден асады (Язеро, Чернове, Бұқтырма, Тораңғыкөл жөне т.б.). Ең ірі көлдері — Зайсан (ауданы 5000 км2) мен Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Мұнда қорық ұйымдастырылған.

Қазақстандық Алтайда 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 мың км2, мұздықтар негізінен 2600 м-ден биікте орналасқан. Мұздықтардың көпшілігі Катунь, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты

 

Þ  7.Жетісу Алатауы

Географиялық орны. Жоңғар Алатауы — Қазақстанның шығыс бөлігіндегі тау, Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы болып табылады. Ол солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені арнасы аралығында ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 450 км, ені 100-200 км. Жоңғар Алатауын батыста Көксу өзені, шығыста Буратал өзені кесіп өтеді. Бұл екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы деп аталатын екі үлкен тау жотасын құрайды.

58Жер бедерінің сипаты. Қазақстан шекарасы маңында Қытай аумағында жатқан Үрқашар Барлықтау тауына (3300 м, Жайыр және Майлы деп аталатын аласа тауларға ауысады. Бұл тау жоталары аралығында кең аңғарлы ойыс орналасқан. Тау аңғарларында кішігірім тас үйінділері (қорымдар) көп. Ойыс Ебінұр көлін Алакөл қазаншұңқырымен жалғастырып жатыр, бұл табиғи асуды Жоңғар қақпасы деп атайды. Жоңғар Алатауының Қазақстандық бөлігі Жоңғар қақпасынан батысқа қарай басталады. Бұл бөлігінде Жоңғар Алатауы ассиметриялық құрылымы бар алып тау жотасына айналады.

Þ           Жоңғар Алатауы қатар жатқан екі басты жотадан (Солтүстік және Оңтүстік) тұрады, оларды Көксу өзені бөліп жатыр. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі — Бесбақан (4622 м). Солтүстік тау жотасы солтүстік-шығысқа қарай баспалдақ тәрізді аласара отырып, біртіндеп кең жазыққа ұласады. Оның жоғарғы сатысында Тастау, Ақанжайлау, Қотыртас, Мыңшұқыр (2800-3000 м) орналасқан. Олардың аралығында кішігірім тау аралық қазаншұңқырлар жатыр. Екінші саты  - Күңгей, Ешкіөлмес, Суықтау, Қарашоқы, Желдіқарағай (2000 м) тау жоталары. Үшінші саты — Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл тау алды аңғарлары (1500-1600 м), олардан солтүстік-шығысқа қарай Текелі және Сайқан таулары (1100 м) орналасқан.

Оңтүстік жотаның ең биік нүктесі — Мұзтау (4370м). Оңтүстік тау жотасының жер бедері де сатылы, бірақ солтүстік жотамен салыстырғанда күшті тілімделген. Оның батысында және оңтүстік-батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Олар Іле өзені аңғарына жақындап келеді.

Солтүстік беткейдің жер бедері тегіс, көлбеу болады, тау төбелері тегіс. Тау қыраттарын бөліп жатқан аңғарларының беткейлері тік жарқабақты, тілімделген. Оңтүстік беткейлері жарлы болып келеді. Тау шыңдары солтүстікпен салыстырғанда тегіс емес, көтеріңкі болады.

58Өзендері мен көлдері. Жоңғар Алатауында мол су қоры бар. Мұндағы өзендер жергілікті көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, тентек Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көпшілігі (Лепсі, Қаратал, Сарқан, Бүйен, Ақсу) Балқаш көліне құяды.

Оңтүстік жотада су қоры едәуір. Қытай шекарасы бойымен ағатын Қорғас өзені Іле өзеніне құяды. Ілеге солтүстігінде Өсек өзені құяды. Бурақожыр өзені де Ілеге бағытталады, бірақ өте ыстық болғандықтан кеуіп қалып, суы жетпейді.

Жоңғар Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталары аралығында Қаратал өзені ағып жатыр. Ол Көксу, Биже (оның Мақаншы, Қарабұлақ, Сарыбұлақ, Құсақ салаларымен бірге) өзендерімен бірге Балқашқа құяды.

Тау шындарында мұздықтар бар, олардан Жоңғар Алатауының ірілі-ұсақты өзендері бастау алады. Олардың көпшілігі солтүстік жоталардан басталады. Мұнда жалпы ауданы 1000 км2 болатын 1369 мұздық бар. Ең ірі мұздықтар Лепсі өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Жоңғар Алатауының мұздықтары жеті топқа белінеді: Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен.

Þ  8.Тянь –Шань

Географиялық орны. Тянь-Шань — Азиядағы аса ірі тау жүйелерінің бірі. Тянь-Шань атауы қытай тілінен аударғанда "Аспан таулары" дегенді білдіреді. Қазақстан аумағына Солтүстік Тянь-Шань түгелімен, Орталық және Батыс Тянь-Шаньнің біраз бөліктері енеді. Тянь-Шаньнің қазақстандық бөлігіндегі ең биік нүкте — Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Орталық Тянь-Шаньнің басты жотасының бірі — Теріскей Алатаудың оңтүстігінде орналасқан.

Жер бедерінің сипаты. Тянь-Шаньнің солтүстігіндегі биік тау жотасы — Іле Алатауы, оның ұзындығы 350 км, ені 30-40 км, орташа биіктігі 4000 м. Іле Алатауы Талғар,  Шелек-Кемін тауларына қарай биіктейді (Талғар шыңы — 4973 м), шығыс бағытта едәуір аласарады (3300—3400 м). Тау беткейлері көптеген құрғақ арналармен тілімделген. Тау төбелерінде жер бедерінің альпілік типі басым. Мұнда үшкір шыңдар тау аралық жазықтармен кезектесіп келеді. Таудың жекелеген бөліктері біртіндеп сатыланып аласарады.

Иле АлатауКетпенТянь-Шаньнің шығыс жағында орналасқан орташа тау жоталарының бірі. Оның Қазақстан аумағындағы ұзындығы 300 км, ені 50 км, биіктігі 3500 м. Кетпен жотасының беткейлері Іле өзені алабының арналарымен тілімделіп жатыр.   Кетпен Құлақтау арқылы Күнгей Алатаумен түйіседі. Күнгей Алатау — Іле Алатауымен қатарлас, ендік бағытта 280 км-ге созылып жатқан биік таулы жота. Қазақстан аумағына шығыс бөлігінің солтүстік беткейі енеді. Бұл тау жотасының орташа биіктігі 3800-4200 м. Кетпен жотасының беткейлері тегіс, төбелері тегістелген. Шу-Іле таулары Іле Алатауының солтүстік-батысында орналасқан. Олар күшті бұзылу мен мүжілуге ұшыраған жеке қырқалардан (Доланқара, Кұлжабас, Кіндіктас, Хантау, Алаайғыр жөне т.б.) тұрады. Орташа биіктігі 1000-1200 м. Ең биік нүктесі — Айтау (1900 м). Тау беткейлері құрғақ, терең аңғарлармен тілімделген жазық түрінде, ол Бепақдала үстіртіне ұласады.

Қырғыз Алатауыірі тау жүйесі. Оның ең биік нүктесі — Батыс Аламедин шыңы (4875 м). Қазақстан аумағында таудың биіктігі 4500 м-ден аспайды. Тау батысқа қарай аласарады. Жотаның беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қырғыз Алатауының Қазақстан жағындағы бөлігіне альпілік жер бедері тән.

Батыс Тянь-Шаньнің қазақстандық бөлігі Талас Алатауынан (Тараз қаласы маңында) басталады. Одан әрі қарай Өгем жотасының солтүстік-батыс беткейлері, Манас тауының солтүстік беткейі (мұның барлығы еліміз аумағына енеді) созылып жатыр. Талас Алатауының қазақстандық бөлігі — Жабағылы таулары екі жотаға тармақталып, Ақсу-Жабағылы өзендерінің алабын құрайды (солтүстік жотаның биіктігі 2600-2800 м, оңтүстік жотада - 3500 м). Тау беткейлері тілімделген, ежелгі мұз басудың іздері бар, альпілік жер бедерімен сипатталады.

КаратауТалас Алатауынан оңтүстік-батысқа қарай Сайрам (ең биік нүктесі 4220 м), Кексу (ең биік нүктесі 3468 м), Өгем (ең биік нүктесі 3560 м), Қоржынтау (2800 м), Қазыкұрт (1700 м) таулары тарамдалған. Олардың тау беткейлері тік, жер бедері тілімделген. Батыс Тянь-Шаньнің батыс шетінде Қаратау жотасы орналасқан. Ол солтүстік-батыс бағытта 400 км-ге созылып жатыр, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі — Мыңжылқы, биіктігі 2176 м. Ол аласарып, мүжілуде, кейбір бөліктері тегістелген. Қаратаудың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батыс қырқалары тау аралық аңғарлармен бөлінген.

 

Þ  9.Сауыр - Тарбағатай

Географиялық орны. Сауыр тауы Қытайдағы Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, шығыстан батысқа қарай терең тілімделген үлкен қазаншұңқырлар аралығында созылып жатыр. Қазаншұңқырлар Зайсан көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан, Шілікті қазаншұңқырымен шектеседі. Тарбағатай бірнеше аласа таулар түрінде Сауыр жотасымен көршілес орналасқан. Оларды Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай аумағында) бөліп жатыр.

9Жер бедерінің сипаты. Сауыр тау жотасы — бұл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі — Мұзтау шыңы (3816 м). Тау жотасының Қазақстан аумағындағы ұзындығы 60-65 км ғана. Батысқа қарай аласарып, Маңырақ жотасына жалғасады. Зайсанның ойпатты даласында биік Сауыр таулары мен Маңырақ алыстан көрінеді. Сауырдың солтүстік беткейлері өзінің құрылымы бойынша Алтайға ұқсас. Ал тік және жартасты болып келетін оңтүстік беткейлері Орталық Азия тауларына ұқсайды.  Қазақстан аумағына Тарбағатайдың батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзеніне дейін) және шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана енеді. Тарбағатай жотасының жалпы ұзындығы 300 км ені 30-50 км. Ол батысында ұзындығы 250 км болатын Шыңғыстаумен жалғасады. Тау шыңдары күшті тегістелген. Оларға тегістелген жайпақ бөліктер тән. Тау беткейлері терең аңғарлармен тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 2000-2200 м. Ең биік нүктесі — Тастаудың биіктігі 2992 м-ге жетеді.

Пайдалы қазбалары. Сауыр тауында Кендірлік көмір кен орны ашылған. Мұнай қабаттары барлануда. Жанғыш тақтастардың мол қоры табылған.

5Климаты. Сауыр-Тарбағатай аумағының климаты Оңтүстік Алтайға үқсас, континентті. Айырмашылығы, Алтаймен салыстырғанда мүнда жауын-шашын аз. Табиғи ерекшеліктері мен климаты бойынша Оңтүстік Сібір мен Орталық Азия таулары арасындағы аралық зона болып табылады. Қаңтардың орташа температурасы -20°С, шілдеде +22°С. Кейде температура өзгереді. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 350-500 мм, тауда ұдайы ылғалды, ал жазықта әдетте құрғақ, ыстық болады.

Ішкі сулары. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті өзендері кезінде Зайсан көліне құйған, қазіргі кезде олар көлге жетпей қалды. Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұта, Базар тау арасымен ғана ағады, жазыққа шыққан соң кеуіп қалады. Тарбағатйдың оңтүстік беткейімен ағатын Үржар, Қатынсу, Еміл өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне құяды.

 

ҚР ТАБИҒАТ КОМПЛЕКСТЕРІ

Қорықтар: Ақсу-Жабағылы (1923 ж.), Алматы (1964 ж.), Наурызым 1934 ж.), Барсакелмес (1939 ж.), Қорғалжың (1968 ж.), Марқакөл 1976 ж.), Үстірт 1984 ж.), Батыс Алтай (1992 ж.),       Алакөл (1998 ж.), Қаратау 2004 ж.).

Ұлттық табиғи саябақтар: Баянауыл, Іле Алатауы, Алтынемел, Көкшетау, Қарқаралы, Бурабай, Қатонқарағай, Шарын, Сайрам-Өтем, Көлсай, Жоңғар Алатауы, Бұйратау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Номенклатура

Қазақстанның физикалық географиясы

8  - сынып

 

Дайындаған:

Озерный орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Магнаев Б.Ж

 

ВВЕДЕНИЕ

Изучение   географической   номенклатуры    –   важная   часть процесса постижения  любого  географического  учебного  курса.  В учебно-методическом     пособии     содержится     список     названий  географических   объектов,   обязательных   для   изучения   в   курсе  «Физическая  география  Казахстана».  Ученики  должны  знать  названия этих   географических   объектов,   уметь   показать   их   на   карте, правильно назвать и написать.  Называть объекты следует, соблюдая

правильное произношение и ударения

         При   изучении   географической   номенклатуры   необходимо  обратить внимание на правильность показа географических объектов.

Следует соблюдать следующие правила:

1.   Показывать объекты так, чтобы не закрывать их рукой. Если Вы  стоите  слева  от  карты,  показывайте  левой  рукой,  если  справа  – правой.

2.   Площадные   объекты   (озера,   равнины,   моря,   острова   и   т.д.) показывают, обводя их по границе.

3.   Заливы и полуострова показывают по береговой линии.

4.   Реки показывают от истока до устья, вдоль их течения. Сначала показывают  главную  реку,  затем  ее  притоки:  правые  и  левые, начиная с верховьев.  

5.   Горные хребты показывают линией, по оси хребта.

6.   Мелкие объекты  на карте (горные вершины, вулканы, перевалы, мысы) показывают точкой.

Типичные ошибки, которых следует избегать:

1.   Показывают не объект, а подпись к нему. Особенно это касается горных вершин, перевалов, мелких островов.

2.   Площадной объект показывают не полностью, а только его часть (как правило, центральную).

3.   Показывают  реку  не  полностью  (от  истока  до  устья),  а  лишь  ее отрезок в месте подписи.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Номенклатура Физическая география Казахстана 8 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 191 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2015 10674
    • DOCX 5.8 мбайт
    • 74 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магнаев Бахытжан Жанбырбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магнаев Бахытжан Жанбырбаевич
    Магнаев Бахытжан Жанбырбаевич
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 82122
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 289 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 39 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 22 регионов

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона