Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" тәрбие сағаты

"Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойына дарыту, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, көбелектер.
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.

Барысы:

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. 3-жүргізуші: Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!  

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (шашу шашылады)

4 «Б» сынып оқушысы Зәбираның орындауында «Мереке» әні.

2-жүргізуші:

Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

3-жүргізуші:

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

1-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызымыз армысың!

4 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Наурыз – жыл басы» әні.

Айым: «Аққу» биі.

2 - жүргізуші: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
3 - жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
1 - жүргізуші: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
2 - жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.

3 - жүргізуші: Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, жан – жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
1 – жүргізуші: Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге:
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!

Би: «Қамажай»

Наурыз - қыз:
Сәлем Ата - аналар!
Айналайын Балалар!
Халқым менің аман ба?
Жаса жайлы заманда,
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу шықты.
Ұлыс күнге бүгін мен,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
2 - жүргізуші: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен адамдар татуласқан.
3 - жүргізуші: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қыдыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қыдыр ата!
Тақпақтар.

Қыдыр ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.

1 - жүргізуші:
Тамашаға толтырып тұнық төрді,
Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,
Барша үйге бақыт боп, береке боп,
Жанарынан нұр шашып күліп келді.
Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қыдыр бабамыздың ақ батасын алайық.
(Қыдыр ата бата береді).
Қыдыр атаның батасы:
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды
 болып ержетіңдер
Азамат
 болыңдар көрікті,
Ғұмырың
 болсын берікті
Азамат
 болыңдар ардақты
Мінездерің
 болсын салмақты
Өнерлі
 болыңдар жан  жақты
Осы
 айтқанның бәрі қабыл болып
Алла
 берсін сендерге зор бақты! Әумин.

Би: «Өзбек» биі
2 - жүргізуші: Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар.

Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға 3  ұлдарымызды шақырайық.

3 - жүргізуші: Наурызда ойналатын ойындарды жалғастырып 2 сынып ұлдары арасында «Қол күшін күрестіру» ойындарын көреміз.

1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

4 «Б» сынып оқушыларының орындауындағы «Наурыз - көктем» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:
Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Салт – дәстүр («Қырқынан шығару» салт – дәстүрі көрсетіледі).

Аягоз: қазақша би.

3 - жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Жігіттердің орындауындағы «Толғау» биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қазақтың дастарханы наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз ұлыстың ұлы күні ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қояды. 

2-жүргізуші: Ендеше балалардан сұрап көрейікші дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

3 - жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Наргиза мен Ақбілектің орындауындағы «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

Альбинаның орындауында «Наурыз» әні.

2 - жүргізуші:

Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық қона берсін.
3-жүргізуші:
Береке күннен - күнге тола берсін,
Ырыс - құт басыңыздан аса берсін.
1-жүргізуші:
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Еліміз ілгері аяқ баса берсін.

Ақбілектің орындауында «Мен қазақтың қызымын» әні.

2 - жүргізуші: Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге Алла нәсіп етсін.

Бірге: Қош сау болыңыздар!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауға арналған. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған тәрбие сағаты қызықты тапсырмаларымен, оқушыларға қажетті, түсінікті мағлұматтармен, ойындарымен ерекшеленеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 094 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2019 1120
    • DOCX 19.5 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбаева Гульзат Сапарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26029
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 517 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов